Дипломдық ЖҰмыс «5В020500- «Филология»


РЕФЕРАТ Жұмысының тақырыбы: Қазақ прозасындағы түс көру тәсілінің ерекшелігі (ХХ ғ. ІІ жартысы)



бет2/12
Дата16.12.2022
өлшемі125,75 Kb.
#163032
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
stud.kz-92858
1242759829 (копия), ответы, Документ Microsoft Word, Антонимдер. 5 сыныпқа арналған сабақ жоспары., Т2 4 СЫНЫП 1-апта ОҚУШЫҒА, 1-тақырып
РЕФЕРАТ


Жұмысының тақырыбы: Қазақ прозасындағы түс көру тәсілінің ерекшелігі (ХХ ғ. ІІ жартысы)
Жұмысының көлемі: 62 бет
Жұмысының құрылымы: «Көркем прозадағы түс көру тәсілінің сипаттамасы», «XX ғасырдың II жартысындағы қазақ прозасындағы түс көру тәсілінің көркемдік табиғаты» деп аталатын екі тараудан, тараулардың мәнін ашатын алты тараушадан және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Дипломдық жұмыстың мақсаты - XX ғасырдың II жартысындағы қазақ прозасындағы түс көру тәсілінің көркемдік табиғатын анықтау.Аталмыш мақсатқа сәйкес төмендегідей міндеттерді шешу жоспарланады:
- Түс көру тәсілінің теориясы және әдебиеттану ғылымында зерттелуін қарастыру;
- XX ғасырдың II жартысындағы қазақ прозасындағы түс көру тәсілінің көркемдік табиғатын анықтау;
- О. Бөкей повестеріндегі түс көрудің көркемдік ерекшелігін айқындау;
- Ә.Кекілбаев прозасындағы түс көру тәсілін талдау;
- М.Мағауин шығармаларындағы түс көру сарынын анықтау;
- Т.Әбдіков прозасындағы түс көру тәсілінің ерекшеліктерін зерттеу.
Жұмыстың өзектілігі: Адам өмірі сөз болған жерде оның табиғи жаратылысы, оған тән сезім-эмоциялар міндетті түрде суреттелері хақ. Психологиялық прозаның жанрлық, стильдік, көркемдік ерекшеліктеріне сай кейіпкердің психологиялық үдерістері әр алуан тәсілде динамикалық түрде зерттеліп, зерделенеді.
Негізі, көркем шығармада үздіксіз психологиялық талдау жасалынбаса, «адамның ойына өң беріліп, көңіліне күй түсірілмейді». Және адамның жан құбылыстарын, ең бастысы өзімізді-өзіміз танып білмей, өмірді де, өнерді де тану, білу екіталай.
Қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымында психологиялық прозаның поэтикасы, оның көркемдік бейнелеу тәсілдері соңғы жылдары зерттеу нысанына алынып жүр. Көркем прозадағы психологизм табиғаты кейіпкердің жан сырына тереңдей еніп, оларды егжей-тегжей талдап, көркемдік жүйеде сараланғанда ғана жан-жақты ашылып
Жұмыстың зерттеу әдісі: Жұмыста қазақ прозасындағы түс көру тәсілі кездесетін шығармаларды талдау, сипаттама беру, салыстыру, ой қорыту әдісі қолданылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет