Дипломдық ЖҰмыс «5В020500- «Филология»


М.Мағауин шығармаларындағы түс көру сарыны



бет9/12
Дата16.12.2022
өлшемі125,75 Kb.
#163032
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
stud.kz-92858
1242759829 (копия), ответы, Документ Microsoft Word, Антонимдер. 5 сыныпқа арналған сабақ жоспары., Т2 4 СЫНЫП 1-апта ОҚУШЫҒА, 1-тақырып
2.3 М.Мағауин шығармаларындағы түс көру сарыны
XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап әдебиетке келіп, біразы бүгінгі қазақ әдебиетінің классигі дәрежесіне көтерілген бір шоғыр қаламгерлердің ішіндегі өзіндік стилі мен қалам қарымының қуатымен танылған жазушының бірі – Мұхтар Мағауин. Әдебиеттану ғылымының кемелденуіне, қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеу ісіне де айтарлықтай үлес қосып, ғылыми тұжырымдарымен де танылған оның әдебиет айдынындағы үлкен есімі тарихи тақырыпқа жазылған, коммунистік қоғамның әлеуметтік мәселелерін көтерген, ғасырлар тоғысындағы қазақ халқының күйін суреттеген көлемді туындылары мен әр түрлі тақырыпта жазған әңгімелерімен танылды.
Қазақ әдебиеттану ғылымы кеңестік билік тұсында өз нысанасын негізінен саяси идеология өлшемімен қарадыы. Кез келген мұра таптық қалыпқа салынып, социалистік мұраттарға қатысы барлығы, әлде жоқтығы жағынан қарастырылды. Сол қоғамның эстетикалық бейнесінің өлшеміне айналған социалистік реализм қағидасы кез келген көркем туындының негізгі қалыбын қалыптастырды. Сол себепті де, қаламының желі бар, көркем ойлау қарымы өзгеден артық тұрған көптеген сөз зергерлері өз кезеңінің шындығын айтуға құрылған шығармалар жазудан қашқақтап, аз да болса шығармашылық тақырыпқа еркіндікке мүмкіндік беретін тарихи тақырыптарға ойысты. Қазақ әдебиетіндегі, жалпы кеңес әдебиетіндегі бұл үрдіс әдебиеттің тақырыптық, көркемдік тұрғыда дамуына айтарлықтай әсер еткені де белгілі.
Тырнақалды туындыларымен-ақ әдебиеттанушылар, сыншылар мен қалың оқырманды елең еткізген М.Мағауин де осы үрдістен ауытқып кете алмады. Қайта оның қаламынан туған тарихи тақырыптағы көркем дүниелер қазақ әдебиетінің жауһарлары қатарына қосылып, кейінгі әдебиеттің даму барысында бағдар болатындай деңгейге көтерілді.
Жалпы, М.Мағауиннің шығармашылығы туралы әр кезеңдерде әр түрлі мазмұндағы бағалар берген сыншы, зерттеушілер баршылық. Оның сыртында ол ең әділ сыншы – оқырманның оң бағасын алған бүгінгі қазақ әдебиетінің ақсақалы дәрежесіне жеткен дегдар мінезді жазушы.
М.Мағауин шығармаларындағы түс көру сарыны ерекше. Мысалы, «Қыпшақ аруындағы» Саржанның өң мен түс арасындағы сәтіне назар аударып көрейік: « - Ал, енді, Мұха, - деді содан соң еңсесін жазып, көзі жарқ етіп. – Сен – жазушысың. Қиялың бай. Тарихты ғана емес, тағы қаншама пәлені білесің. Мені алжасты деп, шалықтап отыр деп ойлама. Ойласаң тағы өзің біл. Әуелде бар әңгіме өзіңнен басталған соң айтып отырмын. Және... осының бәрі кездейсоқ болмаса керек. Сен мені өткен өміріме қайта жалғадың. Иә. Бірден-ақ жүйке жүрегіммен сезініп едім. Әуелгі күні-ақ ешқандай күмәнім қалмаған. Бірақ бәрі бұлдыр болатын. Рас, түсімде келді. Алғаш көрген соң... сен әкелген альбомнан қайта көрген соң, үшінші күні. Келді. Осы шеберханаға. Мен мына, жоғарғы сәкіде жатқам. Дәл осы жерде баспалдақ етегінде тұрды. Үнсіз, қимылсыз. Мүсін емес, өзі. Ай сәулелі ару кейпінде. Маған мөлдірей қарап, аз ғана тұрды да, ғайып болды. Түсімде. Мүмкін, өңім шығар» [35, 40-41]. Өң мен түстің арасында жатқан Саржанның түсіне кірген Қыпшақ аруы Айсұлу болатын. Бірнеше мыңжылдықтар өтіп кеткеннен кейін ғашығының мүсінін жасамақ болған кезде түсіне кірген еді. «Ертеңіне. Тағы да үнсіз, тағы да мұңды. Жаудырап, қарады да тұрды. Бұл жолы өңім екенін анық аңдадым. Бірақ қимылдауға, тіпті, тіл қатуға дәрмен жоқ. Көз алдымда тұрса дағы...
- Кәдімгі, тірі кісі ретінде, нақты бейнеде ме?
- Сәл буалдыр. Бар тұлғасы. Бірақ бет-бейнесі айқын. Толық, пісіп тұрған ерні. Балғын иек, жазық маңдайы... Ең кереметі – көзі! Мейірлі, мұңды, бота көз. Тұңғиық қара көз. Көрдің ғой өзің де суретін. Бірақ ол – тас. Тастың таңбасы. Ал мынау – тірі дене. Елес емес, нақ өзі. Өзі!..
- Иә, ғажап, - деді Саржан жүзі бал-бұл жанып. – Келісі, көрінісі ғана емес, өзгеше сымбаты. Бұл жолы екінші мәртеде, айқынырақ танылса да, көп бөгелмеді. Әлденеге өкпелі. Мен сонда ғана ұқтым. Бір заманда өзім мүсіндеген, көк тасқа барып көруім қажет екен... Көрдім. Түнде, мейманханада, әлі ұйықтағам жоқ, суретіне қарап, болашақ жаңа мүсін кейпінде тұлғалап отыр едім, түн ортасы ауған, тағы келді. Осымен үшінші мәрте. Және қаз-қалпында. Қаз-қалпында болғанда, кешір, мына суретіндей, көз сүйінер, жан баурар, есіңнен тандырар... нақсүйер қосағымен жұптасар алдындағы, ашық, лыпасыз қалпында емес, өзінің барлық қымбат киімін киген, назды, ерке, бірақ байсалды, бекзат кейіпте» [35, 41]. Саржанға ең алғаш түсінде келген қыпшақ аруы енді өңіне айналып бара жатыр еді.
Ал, «Жармақ» романында түс былайша беріледі: «Көз ілдім, тарс ұйықтадым, аз ба, көп пе уақыт өткенде қайтадан жайсыз күйге түстім. Қолқа-жүрегім сыздап, өкпе-бауырым суырылып, бір басым екіге жарылғандай, өте жайсыз ахуал. Кетем бе, қалам ба деймін дөңбекшіп. Қалам. Жоқ, кетем. Содан соң қызық түс көрдім. Тура өңімдегідей. Ұйқылы-ояу жатыр екем. Әуелі бөлмелес серігім Құлашбек тұрды. Жуынды, киінді, жұқа портфелін алды. Академияның ядролық физика институтына, күнделікті тәжірибе үстінде жұмыс жасайтын лабораториясына бармақ. Маған ойлана қарап тұрды да, ояуға тақау екенімді аңдап, бас изеп қоштасты. «Жол болсын, енді жуық арада көрісеміз бе, жоқ па, Алматыға келе қалсаң, хабарлас... Әйткенмен...» – Арғы жағын айтпады, қайыр, есен-сау бол дегендей ишарат жасады да, шығып жүре берді. Маужырап, еріне тұрсам да, бірден сергідім. Ұйқы қанып қалыпты. Тезінен жуынып, әтір себініп, сәнімен киініп, дайын тұрған екі түйнешектің біреуін ғана – кітап салынған қатырма қорап емес, киім-кешекті сумканы жеңіл ұстап, жоғарғы қабаттағы Балжанға барыппын. Бұдан соң... мейір қанған, сағынышты, сәулелі сәттер... Міне, ес жидық. Әлі ерте. Қайтадан... айқаласып кеттік... Балжан мүлде басқаша. Ақыры тұрдық. Уақыт өтіп барады екен. Тым асықпасақ та тезінен жиналдық. Жиналғанда, бәрі дайын. Өзімнің жеңіл сумкамды қызға беріп, қыздың жуан, бума қапшығын арқама салып, тырсылдап тұрған екі шабаданды екі қолыма ұстап, төменге түстік, тура босағада, бірінші қабаттағы буфеттен шығып келе жатқан тағы бір аспирантқа кездестік, ол да физик еді, қарсы бөлмеде тұратын, маған таңырқай қарап, Құлашбекті сұрады, лабораториясына бағана, таң сәріде кеткен дедім, мені күтуі керек еді ғой деп, есен-сау айтпастан тұра жөнелді, ұйқысы қанбаған кісіні түске дейін күту керек екен ғой деп, Балжан екеуіміз оған сырттай тағы күліп алдық. Артынған-тартынған беті көшеге шықтық, қол көтеріп, жол тостық. Сол сәтінде әлдебір ескі машинаның ұшыраса кеткені. Вокзал. Пойыз. Жұмсақ вагон, тиесілі купе. Екеуіміз ғана. Кіре сала есікті тарс жауып алдық. Әуелгі, ортақ үйіміз сияқты. Балжан маған сүйіне қарап, мойныма асылды. Ал менің жүрегімде ауыр салмақ, әлденендей қайғы бар. Купенің ашық, кең терезесінен сыртқа қараймын. Жылжи жүріп кеттік. Қош, ару Алматы!.. Қош бол, менің басталмай жатып тәмам болған ғылыми қызметім... Бірақ уақа емес деп, өзімді жұбатам. Балжан бар. Өмірлік қосағым. Ал ғылым деген... Көкірегімді қайтадан мұң басты. Алматыға ғылым ғана қалмаған. Жан-жүрегім, ой-санам да қақ жарылып, амалсыз тәрік болғандай... Екі иінім – зіл. Таңертеңнен бері бұрынғыдан ашылған, мені біржола иемденген Балжан еркелей қарап, жеңіл күрсінді де, жаймасын жазып, жастығын тыстап, екеуімізге төсек салуға кірісті. "Енді біреуін кейін саларсың...» – деймін, дегбірім таусылып; көңілім шалқып, бірден жеңілейдім» [35, 28]. Бұл романның бас кейіпкері Мұраттың жаңа өмір бастағалы тұрған сәтіндегі, екіұдай шешімде жатқанда көрген түсі еді. Бірақ, түсі рас болып жатқан оқиға болатын. Ғылым жолы ма, әлде болашақ жар ма, таңдау жасауға қиналып жатқан кезде әлдебір сиқыр күшімен Мұрат екіге бөлінеді. Ал, мына көрген түсі сол өзінен бөлініп шығып бара жатқан жармақтың іс-әрекеті еді. Мұраттың бойындағы қасиеттер, түгелімен тепе-тең екіге бөлінді. Екінші жармағы Марат өзінше өмір сүре бастаған екен. Өзінің жеке шаруашылығы, жеке жұмысы бар ауқатты, мәртебелі адамға айналған. Ал, ғылым жолын қумақ болған ниеті басым түскен Мұрат қайда барса да жолы болмай, шарасыз, сарсаң күйге түскен. Екеуі бастапқыда бүтін адам болғаннан кейін сыңарының, тіпті сыңары емес, бір жаралған жармағының кейбір істері оған түс арқылы келіп отыратын. Сондай түстің бірінде: «Түнде тағы да түс көрдім. Ұйықтап жатсам да, өңімдегідей көрініс сияқты. Біз Балжан екеуіміз бірге аттанғамыз. Қыз – қалыңдығымның ауылына. Той өткен, енді біржола қосылған екенбіз. Тау етегіндегі әлдебір сәнді санаторийде демалып жатырмыз. Түннің бір уағы, жарқырай төгілген үш бөлмелі люкс-номер, қонақжайда дастарқан үсті толған жеміс, жас келіншегім теледидар көріп отыр, мен Марко Полоны оқығым келеді, бірақ кітабым жоқ, Алматыда қалыпты. Оның есесіне Балжан бар. Менің әлденеге алаңдаған көңілсіздеу кейпімді байқады да, орнынан тұрып келіп, мойныма асылады. Теледидарды өшірдік. Жатын бөлмеге келдік. Түнгі шам; Балжан жаға бере қайта сөндірді. Алакөлеңкеде жеңіл шешініп, сыр толқынды, жайлы, кең төсекке жаттық. Мен Балжанды аймалап, құшақтай бере, қайтадан басымды көтеріп, шам жағам. Түнгі, әлсіз жарық емес, аппақ люстраны. Осы аппақ жарықта жас келіншегімнің сымбатты, сұлу денесін көргім келген. Балжан күліп, ашыла бере, қымсынып, қайтадан көрпесіне тығылады. Сол кезде... дәл қыр арқамда, төбеден төніп, жоқ, тура қасымда, жоқ... төсектің арғы жағы, тура терезе алдында, жабық пердені тасаланып, тағы біреудің сұқтана қарап тұрғанын аңдадым. Қалт бөгелдім. Сөйтсем... бөтен біреу емес, өзім екем деймін. Оңаша бөлмедегі өзіме қарап тұрмын. Өзіме емес, енді қызара, сықылықтай күлсе де, мені мазақтап, әлде ынтықтырып, жартылай ашылған Балжанға. Балжан жымиған қалпы, көзінің қиығымен маған қарайды. Содан соң, мойнын оқыс бұрып, арғы жағына... Онда тағы мен. Қайтадан бері қарады – маған. Ары қарады – әрине, мен. Бірақ Балжанның өңі бұзылып кетті. Иегіне дейін көміліп, көрпе астына тығылған. «Сен... сен... – дейді дір-дір етіп. – Сен... екеу екенсің ғой!». «Балжан, Балжан... қорықпа, бұл мен ғой!» – дейді тіпті де мен емес, тек маған егіздің сыңарындай ұқсайтын біреу. «Балым, бұл – мен емес, мен – мына мен...» – деймін, емініп жақындай бере. Балжан естіген жоқ. Анау, маған ұқсастан пана тілегендей, сол, бөтен жігіттің бауырына тығылды. Маған тиесілі қазынаға қол салған сұмырайға қарай ұмтыла бере, оянып кетіппін» [35, 34].
Жазушы бұл шығармасында түс көру тәсілін шебер пайдаланған. Екіге бөлінген жармақтың іс-әрекетін екіншісіне түс ретінде беріп, оны хабардар етіп отырады. Екінші жармағы өзінің жас кезіндегі сүйген аруы Балжанды алып кетіп қалады. Тұрмыстары жақсарып, үлкен лауазымды қызметке орналасады. Ал, бастапқы бүтін адам Мұрат қайда барса да тауы шағылып, сәтсіздікте күн кешіп жатады. Бұл жердегі түстің негізгі мәні – бүтін адамның екіге бөлінген жармағының өмірін, хал-ахуалын бір-біріне хабардар ету, жеткізу болып отыр. Жазушының қиялынан туған, және ерекше астарлап жеткізген бұл шығармасында түс те ерекше көркемдік шеберлікпен, айрықша тәсілмен орын алған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет