3-тапсырма. Мына сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар. Сөйлемдерден мәтін құрастырыңдар.
Тірек сөздерге: жуа, қуан, тор, жет,жу сөздері іріктеліп алынды, Оқушылар осы сөздерді қатыстырып мынадай сөз тіркестерін құрады. Жуаны көрді, ерекше қуанды, торға салды, үйге жетті, жақсылап жуды.
Бұл сөз тіркестерінен оқушылар төмендегідей мазмұнда сөйлемдер құрады. Балалар қырдан енді өсіп тұрған жуаны көрді. Тапқан олжаларына олар ерекше қуанды. Жуаны теріп өздерінің торларына салды. Кеш қарайғанда шаршап-шалдығып үйлеріне жетті, Алып келген жуаларын жақсылап жуды.
Бұл сөйлемдерден оқушылар төмендегідей мәтін құрастырды:
Қыр басында
Балалар қырдан енді өсіп тұрған жуаны көрді. Тапқан олжаларына олар ерекше қуанды. Жуаны теріп өздерінің торлрына салды. Кеш қарайғанда шаршап-шалдығып үйлеріне жетті, Алып келген жуаларын жақсылап жуды
Мұндай тапсырмалар оқушылардың сөздердің мағыналарын жете түсінуіне, сөздерден сөз тіркестерін құрауға дағдыландырады.
Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда олардың айтатын ойларын жинақы әрi толық жеткiзуi үшін деңгейлік тапсырмалар маңызды рөл атқарады. Бұл үшiн мынадай мәселелер ескерiлуi керек:
Оқушыдан өз ойын шашыратпай, жинақы айтып беруi талап етiледі.
2.Сұрақ-жауап әдiсi арқылы шағын диалог немесе монолог құрғызу жолдары;
3. Қазақ тiлiнен алған бiлiмдерiн мен бiлiктерiн пайдалана алуы.
4.Бесінші сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың сапалы әдiс-тәсiлдерi және оларды қолдану жүйесін анықтау;
5.Оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру жаттығулары мен тапсырмаларының оқу бағдарламасымен сәйкес болуы;
6.Оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру тапсырмаларының тәрбиелiк, бiлiмдiк және дамытушылық мақсатта болуы және оларды қолдану жолдарын анықтау;
1) Сөздің көп мағыналығын түсіндіру тәсілі.
Оқушыларға сөздердің көп мағыналығын түсіндіру қажеттілігі ұғым қалыптастыруды жеңілдетуден туады. Ұғым белгілі бір құбылыс, оқиғалардың т.б. ұқсас белгілері мен айырым белгілері негізінде қалыптасады. Оқушылар сөздің көп мағыналығын ұғынған жағдайда ғана образды сөйлей алатын-болады. Ол үшін мынадай тапсырмалар беріледі:
1-тапсырма. "Сыртқа шықсақ даланы қараңғылық басыпты". "Көңіл қараңғылығын кім ашады, кім сәуле шашар екен" деген сөйлемдердегі "қараңғылық" сөзінің мағынасын ажыратыңдар.
2-тапсырма. Қараңғылық басыпты деген сөз тіркесіндегі "қараңғылық" сөзінің қандай мағыналық жағы "көңіл қараңғылығы" сөз тіркесінде қолданылып тұр.
3-тапсырма Қараңғылық сөзі мына сөздердің қайсысымен тіркесе алады: тау, жолдас, жануар, түн. Себебін түсіндір.
Достарыңызбен бөлісу: |