Дипломдық жоба тақырыбының өзектілігі



бет8/9
Дата06.12.2019
өлшемі402,3 Kb.
#53123
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Қазіргі жасөспірімдердің денсаулығы және денсаулық сақтау бағытындағы технологиялар
9 сынып 2 Жб (1), Биология 7 Тыныс алу Өсімдіктердің тыныс алуы, Қазіргі жасөспірімдердің денсаулығы және денсаулық сақтау бағытындағы технологиялар, Сапа, Сапа, Сапа, Сенімділік

График 1. 6 «А» сыныбының оқу жүктемесі


График 2. 7 «А» сыныбының оқу жүктемесі

График 3. 8 «А» сыныбының оқу жүктемесі

График 4. 9 «А» сыныбының оқу жүктемесі
Қаралып отырған 6–9 сынып оқушыларының жүктеме графигін негізге ала отырып, нормативке сәйкестігін талдау нәтиже мынаны көрсетті: 6 сыныпта дүйсенбі күні оқу жүктемесі өте жоғары, сәрсенбі күні төмен, бұл ережеге сәйкес келмейді. Ал ереже бойынша дүйсенбі, яғни оқудың алғашқы күнінде жүктеме төмен, сейсенбі, сәрсенбі күндері жоғары, бейсенбі күні орташа және аптаның соңына қарай азая түсуі керек. Сонымен қатар, 7 сыныптарда сейсенбі, сәрсенбі күні оқу жүктемесі төмен, жұмада жоғары. 8 сыныптарда дүйсенбі күнді жоғары, сейсенбі күні төмен. 9 сыныпта дүйсенбі күні жүктеме жоғары. Қорытынды, 6–9 сыныптардың сабақ кестесі нормативке сәйкес келмейді. Яғни, бұл оқушылардың денсаулықтарына зиян келтіріп отырған себептердің бірі болып табылады.

Бір сабақта қос тақырыпты өту де оқушыларға жүктеме түсіреді. Білім беру процесін ұйымдастыру үшін басқа да талаптар бар. Сабақ ұзақтығы 40 минуттан аспауы тиіс және бұл барлық мектептерде жүргізіледі.

Сабақтардың арасындағы сабақ аяқталғанға дейін демалыс үшін үзіліс–қоңырау беріледі. Шағын үзілістер 10 минуттан кем емес болуы тиіс, үлкені 1 рет 30 минуттан немесе 2 рет 20 минуттан болуы тиіс. Зерттеу бойынша, № 28 жалпы білім беру орта мектебінің шағын үзілістері–5 минут, үлкені 2 сабақтан кейін–15 минут, 4 сабақтан кейін–15 минут (қосымша 3). Қорытынды, қоңырау кестесі нормативке сәйкес келмейді. Бұл қорытынды 6,7,8,9 сыныптардың сабақ кестесімен салыстыра отырып талданды.

Балалар денсаулығына тек бұлар ғана зиян келтірмейді, тағы да сыныптағы жарықтың қолайсыздығына оқушылардың көру мүшесінің төмендеуі өте көп кездеседі. Зерттеген мектептің де осы себебтерінен көз аурулары, оның ішінде миопия кең тараған. Денсаулыққа зиян келтіретін тағы бір фактор мектеп жиһаздарының, яғни отыратын парталарының ережеге сай кұрастырылмауы. Осы жағынан сараптау нәтижесінде парталарының ережеге сай кұрастырылмауы–орташа деңгейде. Себебі, жасөспірімдерде бастапқы медициналық құжаттар арқылы сколиоз, мүсін бұзылысы аурулары жоғары екені анықталды.

Осы жылға дейінгі көптеген зерттеулер алғаш бірінші сыныпқа келген оқушылардың 20%-ның денсаулықтарында ауытқулар болады, ал бітіруші сыныптағылардың 80% жақсы деп айта алмаймыз, енді осы ауруларға жол бермеу және денсаулыұты сақтау үшін мыналарды ұсынамыз:

-оқушыларды бойларына сәйкес, қолайлы парталармен қамтамасыз ету;

-нормативке сай өте тиімді жабдықталған білім беру сыныптарына көшуді қарастыру;

-санитарлық нормаларына сәйкес жасанды жарық деңгейін келтіру;

-оқу–тәрбие үрдісінің ұйымдастырылуын гигиеналық нормаларды сақтаумен қамтамасыз ету;

-мектептегі білім жүйесін оқу–әдіснемелік жүктеме нормаларына сәйкестендіру.



4.2 Медициналық деректемелерді талдап қарау

Жасөспірімдердің денсаулық жағдайын зерттеу материалдарын қамтиды: медициналық тексеруге байланысты сырқаттанушылықты талдау; дене дамуы. Ақтау қаласы «Мектепке дейінгі шағын орталығы мен гимназия сыныптары бар №28 жалпы білім беру орта мектебінің» 6-9 сынып оқушылары медициналық сараптама талдау нәтижесінен 158 жасөспірімнің басым көпшілігінің дені сау екені анықталды (64,75%). Алайда, талдау қорытындысы 86 жасөспірімнен ауру белгілері анықталды (35,2%) (қосымша 4).



Жалпы сырқаттанушылықтың құрылымы бойынша бірінші орында көз аурулары–51%-ын алып отыр. Бұл миопия, спазм аккомодации, гиперметро–пия сияқты аурулар. Екінші орында ас қорыту және зат алмасу бұзылуларының аурулары (16,3%). Бұған мына аурулар жатады: панкреатит, созылмалы гастрит, өт жолдарының дискинезиясы, алиментарлы семіздік. Үшінші орында ұлдардан да, қыздардан да анықталған тыныс алу органдарының аурулары (13,95%). Ал бұл аурудың тобына бронхит, бронхиалдық астма, гипергиялық реакция жатады. Жасөспірімдердің сырқаттанушылық құрылымында төртінші орын сүйек–бұлшықет жүйесінің аурулары болып табылады (9,3%). Осы топтың ауруларының арасында аз мөлшерде жасөспірімдерден мүсіннің бұзылуы және жалпақ табандылық аурулары белгіленді. Ұлдар мен қыздарда да ортақ қан және қан айналымы жүйесі аурулары бесінші орынды иеленді (4,65%). Бұлардың ішіне, мысалы, темір тапшылығы анемиясы,митральді клапанның пролапс ауруларын атап өткен жөн (диаграмма 5).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет