Джаншанло Р. Е



бет69/73
Дата26.02.2023
өлшемі0,77 Mb.
#170245
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73
Байланысты:
treatise101973
111
Өндірістің критикалық көлемі(рентабельдік шек,кемшіліксіз істеу нүтесі,тоқырау нүктесі) - бизнестің жағдайы бұл кезде пайда да әкелмейді,кему де жоқ-кемшіліксіз жұмыс істеу.
Л
Лаг-екі немесе бірнеше амал істер арасындағы себебті тексеруден болған уақыт аралығы.
Лаг-капиталдық салымдар - капиталдық салымның өндіріске жіберуі мен одан экономикалық эффект көру арасындағы көру аралығы.
Леверидж  елеусіз ғана өзгерісі бір не бірнеше нәтижелік көрсеткішті елеулі өзгеріске ұшырататын фактор.
Активтердің өтімділігі – активтердің ақшалай қаражатқа айналу жылдамдығы (уақыты).
Теңгерімнің өтімділігі – ұйым міндеттемелерінің оның өз міндеттемелерін өтеу мерзіміне сәйкес мерзімде ақшалай нысанға айналатын активтерімен өтелу дәрежесі.
Сызықтық бағдарламалау – қолданыстағы шектеулер жағдайында ресурстарды үлестіру міндетін шешудің оңтайлы жолын табу үшін қолданылатын әдіс.
Бағалы қағаздардың табыстылығы сызығы тәуекел үшін тағайындалатын сыйлықақыны есепке ала отырып, бағалы қағаздың тәуекел деңгейіне қарай табысты болуының қажетті деңгейі нүктелер арқылы сипатталатын график.
М
Макроэкономикалық талдау – 1) елдің немесе бүкіл әлемнің шаруашылық салаларын, әлеуметтік саласын ғылыми тұрғыда зерттеу әдісі; 2) біріктірме көрсеткіштерді бағалауға негізделген экономикалық талдау әдісі.
Маржиналдық талдау – белгілі бір шекті көрсеткіштер орын алған жағдайда өндіріс (өнім шығару) көлемінің, өзіндік құнның және алынатын пайданың болжалды деңгейлері негізінде осы шамалардың ара қатынасын талдау.
Маржиналдық пайда – сатылым көлемі мен ауыспалы шығындардың айырмасы.
Математикалық экономика – теориялық экономиканың экономикалық үдерістерді сипаттау және экономикалық көрсеткіштерді талдау, болжау, жоспарлау және бағдарлау барысында математикалық әдістер мен үлгілер (модельдер) қолданылатын бағыты.
Өнімнің материалды қажетсінуі жұмсалатын материалдық шығындардың өнім шығару көлеміне қатынасы.
Материал қайтарымдылығы – өнім шығару көлемінің материалдық шығынға қатынасы.
Менеджмент – өндірісті басқару: өндіріс тиімділігін арттыру және пайданы көбейту мақсатында әзірленіп, қолданылатын басқару қағидалары, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы.
Метод – табиғат, қоғамдық өмір құбылыстарын тану, зерттеу тәсілі.
Монте-Карло әдісі – статистикалық модельдеу (үлгілеу) әдістерінің бірі.
Ең кіші квадраттар әдісі – бастапқы деректерді білдіретін нүктелер мен сызық арасындағы қашықтықтар квадраттарының қосындысы ең кіші шамада болатындай етіп көптеген нүктелер бойынша түзу сызық сызудың статистикалық тәсілі.
Экономикалық талдау әдісі – шаруашылық құбылыстар мен үдерістерді зерттеудің амал тәсілі.
Факторлық талдаудағы аластау (есептен шығару) әдістері – факторлық көрсеткіштердің нәтижелік көрсеткіш өзгерісіне ықпалын бағалауда барлық факторлар нәтижелік көрсеткішіне оқшау, яғни жеке өздері ғана әсер етеді деген болжамға негізделу тәсілі.
Әдістеме – қандай да бір жұмысты мақсатқа сай жүргізу әдістерінің, тәсілдерінің жиынтығы.
Экономикалық талдау әдістемесі – ұйымдардың жұмысы туралы экономикалық ақпаратты өңдеу үшін қолданылатын арнайы амалдар (әдістер) жиынтығы.
Экономикалық өсу модельдері (үлгілері) жалпы экономиканың, оның әртүрлі салаларының, жекелеген экономикалық объектілердің (нысандардың) өсуін сипаттайтын экономикалық көрсеткіштердің уақыт барысында өзгеруін сипаттайтын экономикалық-математикалық модельдер (үлгілер).
Модельдеу (үлгілеу) – модель құру, атап айтқанда, зерттелетін көрсеткіштердің бір-біріне тәуелділігінің талдамалық көрсеткішін жасау.
Анықталған факторлар жүйесін модельдеу (үлгілеу) – басқа көрсеткіш факторлармен теориялық тұрғыда болжалды тікелей байланыстары бойынша белгілі бір экономикалық көрсеткіштің бастапқы формуласының бара-бар өзгерісін жасау мүмкіндігін қамтамасыз ететін үдеріс.
Стохастикалық факторлық жүйе үлгісін жасау - талқылау объектісінің функциялық қатынастарын құруға мүмкіндік беретін процесс,шаруашылық істер көрсеткіштері өзгерістерінің статистикалық жалпылама заңдылықтарының негізінді.
Факторлық жүйе үлгісін жасау - экономикалық критерий бойынша жүйе элементтерін:себебшілік,толықтай спецификациялық ,өздігінен жұмыс істеу,есептік мүмкіншілік-фактор ретінде бөліп қарау негізіндегі процесс.
Аддитивттік үлгі - қатаң детерминдік факторлық үлгі,үлгіде факторлар алгебралық соммалар түрімен кіреді.
Алтьман үлгісі - ұйымның банкроттық жабылуын оның қаржылық есеп беруінен салыстырмалы түрде бағалауға болады деген үлгі.
Баумоль үлгісі - ұймның ақшалай активтерінің оптимизациялық алгоритмі,бұл жерде ұйымның айналымдағы төлем көлемі,қысқа мерзімідік қаржылай инвестицияларының кірісі,қысқа мерзімдік инвестицияларынң шығыны есепке алынады.
Дескретивтік үлгі - жалпылама ретіндегі үлгі.
Реттіктік үлгі - қатаң детерминдік үлгі,факторлардың пайда болуынан
Миллер-Орра үлгісі - фирманың орташа және жоғарға деңгейдегі ақша түрлерінің сомасының оптимизациялық алгоритмі,бұл жерде фирманың айналымдағы төлемдері,қысқа мерзімдік қаржы салудағы қызмет ету бағасы, оның орташа проценттік кірісі есепке алынады.
Мультипликативтік үлгі - қатаң детерминдік факторлық үлгі,оған факторлар өнім ретінде кіреді.
Нормативтік үлгі - ұйымның жұмыс істеуінің нақты нәтижелерін бюджет бойынша есептелген көсрсеткіштер мен салысытруға мүмкіндік беретін үлгі.
Предикативтік үлгі - алдын ала айту,болжай түріндегә үлгі.
Аралас үлгі - қатаң детерминдің факторлық үлгі,оған факторлар кез келген түрде кіреді.
Уиллсон үлгісі - формула,ол мынандай параметрлер бойынша ыңғайлы мөлшерде қабылау үлгілерін анықтай алады,параметрлер-тапсырысты орналастыруға кететін күнделікті шығындар,материалдық құндылықтарды жеткізу мен оларды қабылдауға кететін шығындар,қор сақтауға кет етін,шикізат пен өнімдер мөлшерін бір уақыт ішінде сатып алуға кететін шығындар.
Факторлық жүйе үлгісі - талқылау көрсеткіштерінің арасындағы себебті-тексеру байланыстарын сипаттайтын математикалық формула.
Факторлық талқылаудағы мультипликативтік үлгі - қатаң детерминдік үлгі,онда факторлар өнім ретінде көрсетеді.
Н
Қосымша шығындар - қндіріс процессіндегі шаруашылыққа жұмсалаған жіне ұйымды басқаруға кетен шығындар.
Салықтық тәуекелдік - жаңадан енгізілген салықтардыңсалықтық төлемдер мен салықтық негіз мөлшерінің өсуінен ,салықтық жеңілдіктердің алып тастауынан салық төлеудің тәртібі мен мерзімінің өзеруінен келетін,алдын-ала болжамаған қаржылық шығындардың болу қаурі тәуекелділігі.
Материалдық емес акивтер - ұйымның акивтерінң бір бөлімі,ол активтерге мынандай шарттар бір уақытта қойылады:сезілмейтін;идентификациялау мүмкіншілігі бар(басқа нәрселерден бөлініп шығу)өнім өндіруде пайдалану(жұмыс,қызмет),және де басқару жүйесіне керекті;ұзақ мерзімде тиімді пайдалану;ұйымның бұл активтерді сатып жіберу жоспарының жоқтығы;келешекте кіріс алып келу мүмкіншілігі бар;бұл активтердің бар екендігін растайтын құжаттардың болуы және де ұйымынң илтелетуалдық жұмыстардың нәтижелеріне тек өзіндік құқығы бары.
Жүйелі емес тәуелсіздік - ішкі инвестициялық тәуекелділік топтамасы осы және басқа инвестициялық салымдарының нақты балама -сипаттамаларына тәуелді.
Тұрақсыз экономикалық өсу - ресурстардың азаюына алып келетін ресурстарды жедел түрде игеруден туатын өсу.
Мөлшер(Норма) - бір дана өнім (бұйым,түйін,бөлшек)шығаруға жұмсалатын шикізат,материалдар,отын,энергия және басқа материалдық құндылықтар мен еңбек шығынының ең жоғары жұмсалатын абсолюттік мөлшері.
Дисконт нормасы(мөлшерлемесі) әр уақытттардағы шығындарды, ықпалдарды және нәтижелерді осы сәттегі уақытқа келтіруге мүмкіндік беретін көрсеткіш.
Маржиналдық табыс нормасы – маржиналдық табыстың жалпы сатылым көлеміне қатынасының құндық көрсеткіші.
Норматив – өндірістік ресурстардың пайдаланылуының салыстырмалы шамасы (дәрежесі), олардың аудан, салмақ, көлемнің бір бірлігіне шаққандағы шығысы.
Нормативтік калькуляция – баптар бойынша нормалар мен нормативтерді есепке алып, кәсіпорынның шығаратын өнімнің бір бірлігіне жұмсайтын шығындар шамасы. Нормативтік калькуляциялар өндірістің техникалық деңгейі мен қолданыстағы технологияға сүйеніп, есептік кезеңнің басында есептеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет