Джаншанло Р. Е


Т Тарифтік коэффициент –



бет72/73
Дата26.02.2023
өлшемі0,77 Mb.
#170245
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73
Байланысты:
treatise101973
111
Т
Тарифтік коэффициент бұл разрядтың еңбекақыны төлеу көлемінің бірінші разрядты төлеу көлеміне қатынасы.
Айналымдағы қаржының ағымдағы өндірістік қорлары келесі жеткізілімдер арасындағы өнеркәсіптің жұмысына қажетті қорлар.
Өсім қарқыны –көрсеткіштің ағымдағы (базисті) әдетте пайызбен көрсетілетін мәніне өзгеру қатынасы.
Өсу қарқыны – көрсеткіштің есепті мәнінің әдетте пайызбен көрсетілетін базисті мәніне қатынасы.
Тауарлы өнім– аяқталмаған өндірістің және ішкі шаруашылық айналым қалдықтарын шегеріп тастағандағы барлық өндірілген өнімнің (жұмыстың, қызметтің) құны.
Еңбек сыйымдылығы–өнімнің бір данасын шығаруға кеткен (табиғи көріністе немесе өндірілетін өнімнің бір теңгесіне) адам еңбегінің шығындары (адам-күнмен немесе адам-сағатпен).


У
Капиталдың тереңдеуі–халық санының немесе жұмыс күшінің өсуіне қарағанда капиталдың заттанған түрінің жылдам қарқынмен өсуі.
Салыстырмалы маржиналды пайда– өнімнің бір данасына есептегенде маржиналды пайда
Шектеулер бойынша басқару –бөлім немесе менеджерлердің алға қойылған мақсаттар мен тапсырмаларды ерекше жақсы немесе ерекше нашар орындау салаларын ғана бөліп көрсету және талдау.
Басқарушылық талдау– оның (сыртқы қаржылық талдауға қарағанда) негізгі мақсаттары нарықта ұйымды жайғастыру, өндіріс пен пайданың көлемін өсірудің қорларын анықтау, өндірілетін өнімнің сапасы мен ассортиментін талдау, шығындарды жүргізуді талдау, шығындар мен айналым, пайда арасындағы байланысты талдау, өндірістің ырғақтылығын талдау болып табылатын ішкі экономикалық талдау.
Қаржылық қауіп деңгейі – қауіптің пайда болу ықтималдығын қауіпті жағдай орын алғанда орын алуы мүмкін қаржылық шығындардың көлеміне көбейтіндісі.
Экономикалық талдау деңгейі –елдің қоғамдық өндірісінің даму көрсеткіші, оған келесі мәліметтер кіреді: 1) жиынтық қоғамдық өнім туралы; 2) жан басына шаққандағы ұлттық табыс; 3) табиғат ресурстарын пайдалану туралы; 4) өндірістің тиімділігін ұйымдастыру туралы.
Тұрақты даму – 1)болашақ ұрпаққа олардың қажеттіліктерін қанағаттандыруларына мұра болып қалдырылатын мүмкіндіктерге нұқсан келтірмей, қазіргі буынның қажеттеліктерін қанағаттандыра отырып қоғамның дамуы; 2) адамның мүмкіндіктерін сақтау мен көбейту мүддесінде қоғамның жиынтық капиталын басқару; 3) болашақ адамдарды өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндік қалдыра отырып өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандыруға қол жеткізілетін қоғамның ілгері даму моделі; 4) өндірістің, әлеуметтік саланың, халықтың және қоршаған табиғи ортаның үйлесімді дамуы.
Тұрақты экономикалық даму –ұзақ уақыт ішінде ұстап тұруға болатын өсім.
Нұқсанды өсім–дамушы ел қосымша шетелдік валюта алу мақсатында шикізат экспортын көбейтетін, ал ол нәтижесінде бұл елдің экономикалық дамуының нашарлауына әкелетін жағдай.
Ф
Факторлы экономикалық талдау –факторлы экономикалық көрсеткіштердің өзгеруінің нәтижелі экономикалық көрсеткіштің өзгеруіне әсерін анықтауға мүмкіндік беретін талдау.
Қаржылық есеп –есепті кезең нәтижелері және белгіленген формалар бойынша есепті күнге жағдайы бойынша бухгалтерлік есеп мәліметтері негізінде жасалатын, экономикалық субъектінің қаржылық және мүліктік жағдайын және оның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін көрсететін жалғыз көрсеткіштер жүйесі.
Қаржылық активтер қаржы қаражаты, дебиторлық қарыз, ұйымның қаржы жұмсауы.
Қаржылық инвестициялар (қаржы жұмсаулар) бағалы қағаздарға, жарғылық капиталға, несиелер мен заемдарға (мемлекеттік және корпоративті) инвестициялар.
Қаржылық коэффициенттер–қаржылық жағдайдың немесе олардың сызықтық комбинацияларының абсолютті көрсеткіштері ретінде есептелетін ұйымның қаржылық жағдайының қатысты көрсеткіштері.
Қаржылық леверидж өзіндік және заемдік капиталдың көлемі мен құрылымын өзгерту арқылы пайдаға әсер ету мүмкіндігі.
Қаржылық менеджмент–кәсіпорында инвестицияларды қоса алғанда барлық қаржылық процесстерді қалыптастыру және реттеу.
Қаржылық тетік пайда салығын және несиелер бойынша орташа пайызды, кәсіпорын тапқан пайданы есептеуге дейінгі активтердің рентабельдігі мен заемді қаржының өз қаржысына қатынасы сияқты екі көбейткіштің көбейтіндісі.
Қаржылық цикл шикізат пен материалдарды төлеуден өткізілген өнімнің пайдасы түріндегі қаржыны қайтаруға дейінгі уақыт аралығы.
Қордың жарақтанғандығы жұмыс күшінің еңбек құралдарымен қамтамасыз етілуін сипаттайтын және мекеменің негізгі құралдарының жылдық орташа құнының қызметкерлердің жылдық орташа тізіміне қатынасын сипаттайтын көрсеткіш.
Өнімнің қорының жарақтанғандығы–өнімнің бір данасына келетін өндірістік қорлардың көлемі.
Қордың қайтымы– өндірістік қорлардың бір данасына келетін өнім көлемі.
«Дюпон» фирмасының формуласы– экономикалық рентабельдік (таза өнімнің активтерге қатынасы) коммерциялық маржаның (таза пайданың айналымға қатынасының) өзгеру коэффициентіне (активтердің айналымға қатынасына) көбейтіндісі түрінде ұсынылған формула.
Экономикалық өсімнің есептелуінде іргелі тәуелділік – өнім көлемінің өсуінің еңбектің (еңбек күшінің), капиталдың өсуіне және технологиялық прогресске тәуелділігін көрсететін теңдеу.
Іргелі-құндық талдау –өнімді өндіру шығындарын оған қажетті функцияларды орындаудың арзандау жолдарын іздеу және артық функцияларды алып тастау арқылы азайту қорларын анықтау әдістері.
Қызмет– қызмет өрісі, мәні, рөлі.


Х
Шаруашылық тәуекелі - бұл шешім қабылдау мақсатымен немесе стратегия нұсқасымен нақты алынатын экономикалық нәтижесімен сәйкес келмеген мүмкіндігі.


Ц
Капитал бағасы - белгілі көзден капитал бірлігің тарту үшін төленетін сома. Көрсеткіш пайызбен есептелінеді.
Баға тәуекелі - өнімге немесе қаржы құралдарына баға деңгейінің өзгеруі салдарына негізделген қаржылық шығындар мүмкіндігінің тәуекелділігі.
Жауапкершілік орталығы - қажетті ресурстар мен өкілеттіктермен жүктелген, белгілі бір жоспарлы тапсырмаларды орындауға жауапты болған ұйымның бөлімшесі.


Ч
Таза пайда - кәдімгі қызмет түрлері бойынша кірістер мен шығыстар сальдосына тең, басқа да кірістер мен шығыстар сальдосы қосылған, табыс салығы шегерілген ұйымның пайдасы.
Таза ағымдағы құн (таза дисконтталған табыс)- жобадан түскен пайданың дисконтталған сомасы мен дисконтталған капитал салымдарының арасындағы айырма.


Э
Эконометрика - экономикалық теориялық модельдердің дұрыстығын тексеру мен экономикалық проблемаларды шешу тәсілдері үшін экономикалық талдауда статистикалық және математикалық әдістерді қолдану туралы ғылым.
Экономикалық-математикалық моделі- экономикалық сипаттамалар мен жүйе параметрлері байланысының математикалық моделі.
Экономикалық кибернетика - экономикалық және әлеуметтік жүйелерге кибернетика әдістерінің қосымшаларымен айналысатын ғылым саласы.
Экономикалық пайда - есепті кезеңде меншік иесі капиталының өсімі.
Экономикалық тиімділік - барлық пайдаланылатын капиталға деген таза пайданың қатынасы.
Сыртқы экономикалық операциялардың экономикалық тиімділігі - айырмасы немесе бөлімі ретінде алынатын нәтижелер мен оларды іске асыру шығындары арасындағы табыстың өсу дәрежесі.
Экономикалық талдау - экономикалық шындық фактілерінен экономикалық заңдылықтарды анықтау.
Экономикалық көрсеткіш - экономиканың әр түрлі деңгейлеріне жататын экономикалық құбылыстардың, процестердің және күйлердің сандық сипаттамасы.
Экономикалық өсу - макроэкономикалық саясатының негізгі мақсаттарының бірі, өмір сүру деңгейін арттыру үшін халықтың өсуін салыстырғандағы нақты өнім көлемінің (ЖІӨ) асырымды өсуін қамтамасыз етеді.
Экономикалық эксперимент - жекелеген ұйымдар немесе ұлттық экономика салаларында теориялық ережелер, экономикалық іс-шаралар мен шаруашылық тетіктерінің тиімділігін ғылыми зерттеулік тексеруі.
Экономикалық даму - технологиялық және әлеуметтік прогресстің қажеттіліктеріне сәйкес экономиканы құрылымдық қайта құру.
Экономикалық басқару - қызметті қамтитын: 1) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік; 2) смета жасау және есептеу; 3) қаржылық жоспарлау және реттеу.
Шығындарды үнемдеу - шаруашылықты ұқыпты жүргізу, еңбекті ұтымды ұйымдастыру және ресурс үнемдейтін технологиялар пайдалану кезінде жетілетін тиімділік.
Экстенсивті шаруашылық - жаңа құрылыс жолымен, жаңа жерлерді игерумен, қолданбаған табиғи ресурстарды пайдаланумен, жұмысшылар санының артуымен дамыған шаруашылық.
Экстенсивті экономикалық өсу - өндіріске қосымша ресурстарды тарту есебінен болған экономикалық өсу.
Еңбекті энергиямен қаруландыру - бір орташа тізімдік қызметкерге (жұмысшыға) келетін энергия көздерінің қуаты.
Инвестициялардың тиімділігі - сол тиімділікті туғызған капиталсалымдарына деген тиімділіктің қатынасы.
Ұйымның шаруа қызметінің тиімділігі - сол нәтижеде пайда болған нәтиже мен шығындар ара қатынасы. Бұл көрсеткіш көптеген аспектілерде өндіріс тиімділігінің көрсеткішіне ұқсас.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет