Джером Сеймур Брунер



бет3/5
Дата09.10.2023
өлшемі44,06 Kb.
#184246
1   2   3   4   5
Байланысты:
Семинар 5 БОӘ
лек 2, лек 2
Мерсер(2000) сыныпта талқылаудағы дәлелдің 3 түрін анықтаған,олар:1) пікірталастық әңгіме, оқушылар бәсекеге қабілетті, басқа адамдардың көзқарасын қабылдауды қаламайды.2) Кумулятивтік әңгіме, мұнда оқушылар бір-бірінің үлесін сынамайды және сындарлылыққа негізделеді.3) зерттеушілік әңгіме, ұсыныстар жайында күмән туып, қарсы дау айтылып, негізделген дәлел мен сыни тұрғыдан ойлау арқылы жалғасады.
Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде: «Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді». Диалогтік оқыту – мұғалімнің оқу материалын оқушыларға түсіндіріп, оқушылардың сол оқу материалын меңгеруі мақсатында оқу материалын дайындаудың және баяндаушы әңгіме жүргізудің нақтылы реттеуші ережелерін ескере отырып құрылған оқыту мен оқу тәсілі.
Оқушыларды мәселені (проблеманы) анықтап, оны шешуге итермелейді және олардың оқудағы іс-әрекеттерін белсенді етуді көздейді. Сабақ барысында оқудың белсенді әрекет әдістерін қолдануды нәтижелілігін осыдан көруге болады.Оқудың белсенді әдістеріне: пікір-таластар, өзін-өзі бағалау, постер қорғау және бірін – бірін тексеру жатады. Сондықтан баланың білім алуға деген құштарлығын ояту үшін қазіргі заманда мұғалім көп ізденіп, сабақтың тиімді өтуіне жұмыс жасауы қажет.
Білім сапасы оқушының білімге деген құштарлығымен, қызығушылығына тікелей байланысты. Сабақ беруге және оқытуға барынша мақсатқа сай және креативті амалдарды дамытуда орталық аспект мұғалім мен оқушы арасындағы қарым – қатынастардың түсінікті болуы керек. Егер оқытуға белсенділік пен өзара әрекет кіретін болса, ол тиімдірек бола алады. Оқуды белсендіруге және диалог түрінде оқытуды белсендіруге ықпал ететін кез келген тәсілді қолдау мектептің басынан бастап құқықтар тең бөлінген орын екенін білдіретін фактіні растайды.
Сабақ беру мен оқыту талқылау үдерісінде жүзеге асырылуға және ынтымақтастық қолдануға тиіс, сондықтан мұғалімдер оқушыларға өз бетінше орындау құқығын беретін, сыныпта аса демократиялық атмосферасын қалыптастыратын тәсілмен оқыту үдерісін көңіл бөле ұйымдастыруы керектігіне көзім жетті. Қазақстан Республикасы педагогтерінің біліктілігін арттырудың «Тиімді оқыту» білім беру бағдарламасы бойынша курс барысында қазіргі таңдағы оқу барысында жеті модулдің бір-бірімен ықпалдастыра құрған сабақтардың жүйелі, нәтижелі болатыны жаңалық болды.
Оқытудың жаңаша әдісі мен тәсілдері – жеті модульдерін мұғалімдер тәжірибесінде қолдану арқылы оның артықшылықтарына көз жеткізді. Осыған байланысты оқу процесінде жеті модульге қатысты туындаған жаңалықтарды жақсы деңгейді қабылдап, тиімді пайдалана білу керек. Аталмыш бағдарламада орта білім беру жүйесін әлемдік жоғары деңгейге жеткізетін әдіс-тәсілдер берілген.
Бұл бағдарламаны ұсынған ғалымдардың зерттеулері бойынша, оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап ету керек деген. Барн (1976) пен Мерсер (2000) айтқандай оқушыларды әңгімеге тарту кезінде дамыту қажет болатын әңгіменің түрі десе, ол сабақта оқушылардың өзара әрекеттесу дағдыларын дамытуға да әсерін тигізетіні анықталды.
«Диалогтік оқыту» модулі бір жағынан қызықты болса, екінші жағынан барлық мән-жайын түсінуді қажет ететін модульдердің бірі. Оқу үрдісіне оқушылардың барлығы белсенді жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін белсенді оқыту әдістерін кеңінен қолдану керек. Мысалы: рөлдік ойындар, дебат, постер және тағы да басқа. Бұл әдістер сыныптағы барлық оқушыларды әрекетке тартып, ұжымда жұмыс жасауға үйретіп, тілдік қарым-қатынас орнатуға септігін тигізеді.
Оқушылар сабақта жауап беруде дәлелдемелерді ауызша баяндап, талдау кезінде жіберген қателерін өзара әрекетпен түзетеді, іскерлік өзара әрекет дағдылары дамиды.
Диалогтік оқыту барысында оқушылар өздері айтқан мәлімет пен жолдастары бөліскен материалды ұзақ еске сақтап қалатындарын көрсетті. Дайын білімді беру оңай, ал оқушыны ізденуге үйрету қиынырақ, ізденіс барысында түйінді мәселелерді бекітуде сыни ойлауды, өз қызметіне сынмен қарауды үйрету қажет.

Когнитивті дегеніміз не?


«Когнитивтік» термині латынның cognoscere – білу, тану, зерттеу деген сөзінен шыққан. Контекстке қарай бұл сөз білім, сенім, ойлау қабілеті, оқу, білімді сақтау және оны басқалармен бөлісу деген мағыналарды білдіруі мүмкін.
«Когнитивті» термині қазақ тіліне аударғанда «таным» дегенді білдіреді.
Когнитивтік психология ішкі ойлау үдерістерін - мидың ішіндегі барлық нәрселерді, соның ішінде қабылдау, ойлау, есте сақтау, назар аудару, тіл, проблемаларды шешу және оқытуды зерттеуді қамтиды.
Когнитивизм – адамның білімі мен танымы, əлемді қабылдау үдерісіндегі адамның əрекеті туралы ғылым. Когнитология ғылымы – бұл адамның ойөрісі мен тілдің арақатынасын, сонымен қатар, индивидтің санасында жүзеге асатын ұлттық танымдық əрекеттің ерекшеліктерін зерттейді. Қарапайым тілмен айтқанда, когнитивті оқыту ұлттық танымдық тұрғыдан білім беру, тəрбиелеу дегенді білдіреді.
Психологиядағы когнитивті тәсіл (ең жалпы мағынада) - бұл шешім қабылдау немесе өзекті мәселелерді шешу үшін адамның шындық туралы ақпаратты қалай ашатынын және оны қалай ұйымдастыратынын түсінуге ұмтылу. Таным – сыртқы ақпаратты ойша қабылдау және өңдеу қабілеті.
Когнитивті ойлау дегеніміз не?
Ақпаратты қабылдау, деректерді есте сақтау, шешім қабылдау, ойлау және қиялдау қабілеті - мұның барлығына когнитивтік ойлау жауап береді.
огнитивті дағдылар және когнитивті бұзылулар
Жады, оқу немесе осыған байланысты проблемалар туралы мақалаларда «когнитивтік» термині жиі кездеседі. Мәселен, біз когнитивтік дағдылар, когнитивтік қабілет немесе когнитивтік функциялар туралы айтамыз.
Танымдық қабілет және танымдық дағдылар
Танымдық дағдылар немесе когнитивтік қабілет - адамның білім мен ақпаратты қабылдау және оны өңдеу қабілетінің дәрежесі. Ақпаратты өңдеуде әртүрлі психикалық процестер маңызды рөл атқарады. Сонымен, алдыңызда көрген нәрсе туралы пікір қалыптастыру үшін сізге есте сақтау, сөйлеу, бағдарлау, зейін, есептерді шешу және ұғымдарды қалыптастыру қабілеттері қажет болады. Сонымен қатар, когнитивтік функцияларға пайымдау, санау, оқу және жазу, жоспарлау және бастамаларды қабылдау жатады. Яғни, қарапайым өмірде адам өзінің танымдық қабілетін үнемі пайдаланады.
Когнитивтік функциялар біз «интеллект» деп атайтын нәрсеге жақын. Танымдық функциялар балалық шақта дамиды. Олардың даму деңгейі негізінен генетикалық түрде алдын ала анықталған.
Когнитивті бұзылулар
Қартаю кезінде адамның танымдық қызметі төмендей бастайды. Егер бұл өте тез немесе өте күшті болса, когнитивті бұзылулар деп аталады. Осылайша, егде жастағы адамдардың ойлау қабілетінің бұзылуы жеңіл когнитивтік бұзылулар (АЕК) деп те аталады. Жеңіл когнитивті бұзылыстары бар адамдар соңғы оқиғаларды немесе үйренген ақпаратты есте сақтау қиынға соғады. Сондай-ақ оларда сөйлеу, ойлау және шешім қабылдауда қиындықтар болуы мүмкін.

Семинар 5. Лейв жəне Венгер, Джудит Харрис, Арон Самс жəне Джонатан Бергманн, Шульман, Роберт Стернберг , Джером Брунер осы аталған ғалымдардың еңбектеріне талдау жасау. (Google Forms)



«Оқытудағы гуманистік тəсілінің» негізін қалаушылар





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет