«Dream Wiver және Front Page негізінде желілік ресурстар жасау»



бет20/26
Дата12.03.2018
өлшемі4,55 Mb.
#38728
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26

Ұсынылатын әдебиеттер:

[1]/[1,3,11]


Бақылау сұрақтары

  1. Page Maker программасының атқаратын қызметі қандай?

  2. Page Maker программасын қалай жүктейді?

  3. «Басу жолағы» мен «құрастыру орны» арасындағы
    айырмашылықты түсіндіріңдер.



Зертханалық жұмыс №8
Тақырыбы: PageMaker –де графикалық элементтермен жұмыс істеу

Мақсаты: PageMaker-де графикалық элементтермен танысу, жұмыс істеп үйрену

Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

ДК, Adobe PageMaker


Қысқаша теориялық нұсқау:

Графикалық элементтер дегеніміз — неше түрлі сызықтар, тікбұрыштар, сопақшалар және көпбұрыштар. Олардың бәрі PageMaker жүйесінде құралдар тақтасы көмегімен жасалады.



Егер экранда Құралдар тақтасы жоқ болса, онда Терезе (Окно) – Құралдарды көрсету (Показатъ ипструменты) командасын орындаңдар (Сурет 24). Керек құралды таңдау үшін сол құралды тақтадан таңдаймыз. Таңдалған құрал батырмасы «басулы» қалады, ал тышқанның меңзері осы құралға тән қалыпқа түседі.

Сурет 24. Құралдар тақтасы

Тапсырма:

Осы құралдар тақтасының құралдарын пайдаланып Қосымша №11 схемасын салыңыз.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:


  1. Осы құралдар тақтасының құралдарын пайдаланып Қосымша №11 схемасын салыңыз.

  2. Ол үшін public1 басылымын ашыңыз.

  3. Құралдар тақтасынан эллипс құралын белгілеп алып, эллипсті салыңыз.

  4. Бағыттауыш құралын таңдаңыз. Кез келген объектіні ерекшелеу үшін бағыттауыш құралын таңдау керек. Эллипсті бағыттауыш көмегімен ерекшелеңіз.

  5. Ctrl+Alt пернелерін басып тұрып, эллипстің көшірмесін алыңыз. Осы әдіспен енді 8 рет көшірмесін алыңыз.

  6. Ортадағы эллипстің көлемін өзгертіңіз. Ол үшін эллипсті тышқанмен ерекшелейміз, пайда болған маркерлердің көмегімен көлемін үлкейтіңіз.

  7. Құралдар тақтасындағы түзу құралын алып эллипстер араларын байланыстыратын түзулерді салыңыз.

  8. Бағыттауыш құралы көмегімен барлық объектілерді белгілеңіз.

  9. Элемент – Топтау (Группировать) командасын орындаңыз.

  10. Элемент – Шекаралар және бояу (Границы и заливка) командасын орындаңыз. Осы команданы объектінің жанама мәзірінен де таңдауға болады. Келесі сұхбат терезе шығады (Сурет 25):



Сурет 25. Шекаралар және бояу терезесі

  1. Осы терезеде келесі параметрлерді беріңіз: Бояу өрісі – Біртекті (Сплошной), Түс (Цвет) өрісі – Cyan, Бояу өрісі – 4 pt, Түс – Blue.

  2. Құралдар тақтасындағы қол құралын таңдап, бетті құрастыру орнында орнын ауыстырып көріңіз.

  3. Бетті қарау немесе Лупа құралы көмегімен басылым көлемін өзгертіп қарап шығыңыз.

  4. Басылымды БАСПА деген атпен қайта сақтаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

[1]/[1,3,11]


Бақылау сұрақтары

  1. Объектілердің қандай түрлерін білесіздер?

  2. Қандай графикалық элементтер бар?

  3. Графикалық құралдарды атаңыздар және сипаттап шығыңыздар.


Зертханалық жұмыс № 9
Тақырыбы: PageMaker-де мәтінді енгізу
Мақсаты: PageMaker-де мәтін енгізіп, форматтап үйрену
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

ДК, Adobe PageMaker


Қысқаша теориялық нұсқау:

PageMaker-де мәтіндік блоктар негізгі объектілердің бірі болып табылады. Мәтінді екі тәсілмен алуға болады. Пернетақтадан тікелей басылым бетінде мәтін теруге және құралдар тақтасындағы Т (Мәтін енгізу) құралы көмегімен енгізуге болады.


Тапсырма:

Әдістемелік нұсқауларға сүйене отырып, тапсырманы қадам бойынша орындап шығыңыз.



Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

    1. Файл – Жаңа (Новый) командасын орындаңыз. Беттің параметрлері келесі:

      • Бет пішіні (Формат бумаги) – А4;

      • Бет түрі (Ориентация) – кітап түрі (книжная);

      • Нұсқалар (Варианттар) – бірбетті (одностороняя) ;

      • Өрістер (Поля): сол жақтан (левое) – 25, оң жақтан (правое) - 20, жоғары жақ (верхнее) – 20, төмен жақ (нижнее) – 12.

ОК батырмасын шертіңіз.

    1. Беттің ортасына бағыттауышты апарып, тышқанның сол жақ батырмасын басыңыз. Ашылған жанама мәзірден Шынайы өлшем (Реальный размер) командасын таңдаңыз.

    2. Т (Мәтін енгізу) құралын таңдап кез келген жерге орналастырыңыз. Келесі мәтінді теріңіздер:

    3. Үшінші сөйлемдегі «ауру жұққан» сөзінің соңына курсорды апарып, BackSpace батырмасы арқылы осы сөздерді жойыңыз.

    4. Бесінші сөйлемді Del батырмасы арқылы жойыңыз.

    5. Енді мәтінді азат жолға бөлуді орындайық. Ол үшін төртінші сөйлем басына курсорды апарып, Enter батырмасын басыңыз. Мәтін екі азат жолға бөлінеді.

    6. Алғашқы сөйлем мәтіннің тақырыбы болғандықтан осы сөйлем соңына курсорды апарып, Enter батырмасын басыңыз.





    1. Басылымды Файл – Сақтау (Сохранить) командасы арқылы ВИРУС деген атпен сақтаңыз.

    2. Өздеріңізге ыңғайлы көлемді (масштабты) таңдаңыз. Мәтін толық көрінетін және жеңіл оқылатын болсын.

    3. Құралдар тақтасындағы Т (Мәтін енгізу) құралын таңдап, курсорды мәтіннің бірінші әріпінің алдына апарып қойыңыз. Тышқанның сол жақ батырмасын басуыл ұстап тұрып мәтінді ерекшелеңіз. Мәтіндік блок енді ерекшеленіп, қара түске боялды.

    4. Мәтін (Текст) – Қаріп (Шрифт) командасын орындаңыз. Қаріп аты – Arial Cyr; өлшемі – 12 пт.

    5. Пернетақтадағы оңға солға бағыттауыштарын бассаңыз, мәтіннің ерекшеленгені кетеді. (Правка) – Барлығын ерекшелеу (Выделить все) командасы арқыыл мәтінді ерекшелеуге де болады.

    6. Тақырыпты ерекшелеңіз. Осы сөйлемді форматтау үшін Басқару тақтасын қолданамыз. Егер ол экранның төменгі жағында жоқ болса, Терезе (Окно) – Басқару тақтасын көрсету (Показать набор управления) командасы арқылы шығарып алыңыз. Осы тақтадағы В таңбасына шертіңіз. Қаріп өлшемін 14 пт деп өзгертіңіз.

    7. Соңғы төрт сөйлемді ерекшелеп алып, осы тақтадағы B, I таңбаларына шертіңіз. Мәтін тек қана қоюланып қойған жоқ, ол көлбеу түрге келді.

    8. Басылымдағы өзгерістерді сақтаңыз.

    9. Жүйеден шығамыз.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет