«Dream Wiver және Front Page негізінде желілік ресурстар жасау»



бет21/26
Дата12.03.2018
өлшемі4,55 Mb.
#38728
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

Ұсынылатын әдебиеттер:

[1]/[1,3,11]



Бақылау сұрақтары

  1. РМ-де мәтінді калай енгізеді?

  2. Мәтінді өңдеу РМ-де қалай іске асырылады?

  3. Қаріптің қандай сипаттамалары бар?


Зертханалық жұмыс № 10
Тақырыбы: PageMaker-де мәтіндік блоктармен жұмыс істеу

Мақсаты: PageMaker-де мәтіндік блоктармен жұмыс жасау, мәтіндік блоктарды форматтап үйрену.
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

ДК, Adobe PageMaker


Қысқаша теориялық нұсқау:

Мәтіндік блокты екі әдіспен: пернетақтадан тікелей жарияланымға енгізу; мәтін редакторында жасалған дайын мәтінді импорттау арқылы алуға болады.

Мәтінді енгізгенде мына ережелерді сақтаңдар:



    • жолдардың соңына көңіл аудармаңдар, PageMaker мәтінді бір жолдан бір жолға қалай көшіретінін өзі шешеді;

    • абзацты аяқтау үшін оның соңында ENTER пернесін басыңдар.


Тапсырма:

Әдістемелік нұсқауларға сүйене отырып, тапсырманы қадам бойынша орындап шығыңыз.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

  1. ВИРУС басылымын ашыңыз. Өздеріңізге ыңғайлы көлемді таңдаңыз. Қол құралы көмегімен бетті мәтін толық көрінетіндей етіп орналастырыңыз.

  2. Бағыттауыш құралы көмегімен мәтіндік блокты көлденең шектеуші сызықтар тұсынан емесе бөлек жерден басыңыздар. Тышқан батырмасын босатпай блокты беттің жоғары жағына апарып қойыңыздар. Осы әрекетті пернетақта көмегімен де орындауға болады. Ол үшін ерекшеленген блокты бағыттауыш пернелері арқылы жылжыту керек.

  3. Көлденең сызықтары тұсынан мәтіндік блокты тышқан курсорымен белгілеп тұрып, жартысына дейін ығыстырыңдар. Нәтижесінде болк қысқарып, жолдардағы сөздер орны ауысқанын көресіздер. Көлденең сызықтардың соңында қызыл белгі пайда болады. Ол мәтіннің сыймай тұрғанын білдіреді (Сурет 26). Қалпына келтірңідер.




Сурет 26. Мәтіннің сыймай тұрған түрі


  1. Мәтіндік блокты екіге бөлуге болады. Мәтіндік блокты қайтадан екі азат жолға дейін ығыстырыңдар. Тышқанды босатыңдар.

  2. Төмен жақта пайда болған қызыл түсті белгіні тышқанмен шертіңдер. Тышқанның бағыттауышына көрінбей тұрған екі азат жол көшеді (Сурет 27).





Сурет 27. Мәтіндік блокты екіге бөлу


  1. Алғашқы мәтіндік блоктың төменгі көлденең сызығын төмен тартқан сайын екінші блок мәтіндері бірінші блокқа көшеді. Осылайша екі блокты біріктіріңдер.

  2. Осы мәтіннің тақырыбын ерекшелеп алыңыздар. Келесі параметрлерді орнатыңыздар:

    • Қаріп аты (Шрифт) - KZ Bookman Old Style ;

    • Өлшемі – 48;

    • Түрі –қарайтылған;

    • Абзац – 0.




  1. Терезе (Окно) – Түстерді көрсету (Показать цвета) командасын орындаңыз. Ашылған түстер тақтасынан Gyan түсін таңдап, оның өңділігін 50% деп бекітіңіздер.

  2. Түстер тақтасын жабыңыздар.

  3. Осы мәтіннің төменгі жағына барып ИНФОРМАТИКА сөзін теріңіз.

  4. Осы мәтінді ерекшелеп алыңыздар. Келесі параметрлерді орнатыңыздар:

    • Қаріп аты (Шрифт) - Comic Sans MS;

    • Өлшемі – 36;

    • Түрі –асты сызылған;

  1. Мәтін (Текст) – Параграф командасын орындаңыз. Келесі сұхбат терезесі ашылады (Сурет 28). Шегініс сол жақтан өрісіне 5 деп жазыңыз. Осы терезедегі Аралықтар (Интервалы) батырмасын басыңыз. Аралықтар терезесі ашылады. Әріптер арасындағы аралықты 2 деп беріңіз.



Сурет 28. Шегініс терезесі


Сурет 29. Аралықтар терезесі

  1. Мәтінді бағыттауыш құралымен белгілеп алып, жоғары жаққа орналастырыңыз.

  2. Мәтінді ерекшелеп алып, түстер тақтасынан MAGENTA түсін, өңділігін - 70% деп беріңіз.

  3. Құралдар тақтасындағы бұру құралы көмегімен 45о-қа бұрыңыздар.

  4. Мәтінді мәтіндік блоктың ар жағына орналастыру үшін Элемент – Рет (Порядок) – Арт жағына (На задний план) командасын таңдаңыз.

  5. Басылымдағы өзгерістерді сақтаңыздар.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет