Дуйсебекова Жайнагул Мураткызы Ауызша тілдің жүйесі мен құрылымын меңгерту арқылы филолог-студенттердің сөз мәдениетін қалыптастыру әдістемесі



Pdf көрінісі
бет10/19
Дата10.04.2020
өлшемі4,55 Mb.
#62177
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Байланысты:
disert-duysebekova Ауызша тил мен жуйеси


Тіл сезімін дамыту ұстанымы – тілдегі астарлы ойды, мазмұнды дәл тану, 
өз  ойын  түсінікті  жеткізуге үйретуде басшылыққа  алатын ұстаным.  Біз  әдетте 
ойын  жеткізу  үшін  қажетті  сөздерді  дәл  тауып  қолданатын  немесе  сөз 
мағынасын білмесе де, шынайы мағынасына жуығын таба алатын адамға «тілді 
сезінуі жақсы», «тілді сезінеді екен» деп жатамыз. Демек, тіл сезімі дегеніміз – 
стилистикалық,  синтаксистік,  лексикалық  салада  тілдің  сөйлеу  талаптарын 
когнитивтік деңгейде қолдану [126, б.10].   

94 
 
 
Тіл  сезімінің  туа  бітуі  немесе  жүре  қалыптасуы  жөнінде  ғалымдар 
арасында  даулы  пікірлер  көп-ақ.  Дегенмен  зерттеушілердің  басым  бөлігі  тіл 
сезімін  дамытуға  болатындығын  айтады  [178].  Ол  үшін  сөздіктің  түрлерімен 
көбірек  жұмыс  жасауды,  үлгі  сөздерді  тыңдау,  көркем  шығармаларды  оқу 
секілді  әдістер  ұсынылады.  Қазіргі  таңда  тіл  сезімін  «сезінбек»  түгілі,  ол 
туралы  ұғымның  жоқтығы  ауызша  сөз  мәдениеті  әдістемесінде  жасауда 
басшылыққа алынатын маңызды ұстанымдардың бірі екендігін дәлелдейді. 
 
Оқытуда жақсы нәтижеге жетудің бірден-бір кілті – пәнаралық байланыс 
екенін  білеміз.  Әуелі  ауызша  сөз  мәдениеті  қандай  пәндермен  интеграциялық 
байланыста  оқытыла  алады  деген  сұраққа  тоқталайық.  Мысалы,  ауызша  сөз 
мәдениетін  оқытудың  көптеген  аспектілері  «Қазақ  тілінің  стилистикасы» 
пәнімен  шекаралас  келеді.  Тіпті  бір  кездері  «Стилистика  және  сөз  мәдениеті» 
деген  пәннің  аясында  екеуі  қатар  алынып  та  жүрген.  «Стилистика  өзіне  тән 
ұғымдар  мен  категорияларға  ие:  стиль,  функционалды  стиль,  стилистикалық 
бояу,  стилистикалық  құрал,  стилистикалық  белгі,  стилистикалық  мағына, 
стилистикалық  норма,  стиль  құраушы  факторлар,  стильдің  тілдік  жүйелілігі» 
[96,  б.18].  Аталған  ұғымдар  мен  категориялар,  функционалды  стильдерден 
бастап,  ауызша  сөз  мәдениетінің  де  құрамдас  бөлшектеріне  кіреді  деуімізге 
әбден  болады.  Сөзімізді  дәлелдеу  үшін  стилистика  сабақтарында,  оқу 
құралдарында  беріліп  жүрген  бірнеше  жаттығу  мен  тапсырма  үлгілерін 
көрсетіп [96], олардың ауызша сөз мәдениетіне қатыстылығын айтайық: 
 
Берілген  мысалдарды  жақшаның  ішіндегі  сөздердің  тиістісін 
қойыңыз. Сөз таңдауда неге сүйенгеніңізді түсіндіріңіз.
 
 
1.  Біз  Украина  мен  Америка  (ортасындағы,  аралығындағы,  арасындағы) 
қарым-қатынасты  нығайтамыз  деп  хабарлаймыз  (Газеттен).  2.  Әлі  күнге 
дейін  бұл  жақсы  (үрдіс,  үдеріс,  дәстүр)  жалғасып  келеді.  3.  Бес-алты 
шақырым  ат-шанаға  сөз  (болып,  болады,  боп)  па?  4.  Музыка  (ойнап,  естіліп, 
ырғалаңдап),  патша  шатырының  алдында  халық  ойыны  басталды 
(Ғ.Мүсірепов). 5. Отырарда өліммен ұшырасып, ұлын берген сағаттан бастап, 
отыз  жыл  бойы  Темір  бір  рет  (езу  тартқан  емес,  күлген  емес,  езулігін 
тартқан емес) (Ғ.Мүсірепов). 
 
Бұл  жаттығу  сөздің  қатысымдық  сапаларының  бірі  –  сөз  дәлдігін, 
дұрыстығын  меңгертуге  бағытталған.  Мысалы,  жүргізілген  эксперимент 
барысында  филолог-студенттердің  көбісі  «үрдіс»  пен  «үдеріс»  сөздерінің 
қолданысын білмейтіні анықталған. Демек, тапсырманы ауызша сөз мәдениетін 
дамытуға қолдануымызға болады.  
 
Берілген сөйлемдерде жіберілген қатенің себебін түсіндіріп, түзетіңіз. 
 
Орта деңгейде білім беретін оқу орындарының басшылары мұның себебін 
–  жоғары  оқу  орындарында  бәрінің  қолы  жете  бермейтіндігін  көреді.  Бұл 
жолы  «кәрі  болмайтын»  гимнаст  қыз  еліне  күміс  жүлде  иеленеді  деп 
хабарлайды.  Жаңаша  жергілікті  басқару  жүйесін  Кәсіби  Үкімет  жасақтап 
түздік.  Әділетсіздіктің  қанат  жаюы.  Терроризм  айыбымен  жиі-жиі  ұсталу 
фактісі тіркеле бастады. Бұл істен сыртқы күштердің ізі білінеді. Бұл жерде 
де қиыншылықтар болмай қалмады. 
 
Стилистикалық  қате  тек  жазба  мәтіндерде  ғана  емес,  сонымен  қатар 

95 
 
ауызша  тілде  де  орын  алуы  мүмкін.  Әсіресе,  стилистикалық  қатенің  бейтарап 
сөйлеу тілінде, әдеби сөйлеу тілінде орын алуы қауіпті. Себебі біз сол арқылы 
басқа адамның санасында қате қолданысты сіңіреміз. 
 
Ә.Кекілбаев  шығармаларынан  алынған  үзінділердегі  сөздердің 
дыбыстық үйлесімділігіне баға беріңіз. 
 
1.  Қолына  тізгін  тимесе  де,  еліне  елеулі,  халқына  қалаулы  азаматтың 
басы алтын, құйрығы күміс ботаға буаз боз інгендей жапырап отап, сапырып 
суламай,  тыраңдап  аунап,  бұртаңдап  туламай,  өз  қадірін  өзі  біліп  ...  анық 
баспағы шарт. 2. Жайса белге, жапса көлге сыймайтын мал. 3. Азаттықтың 
асқақ болмауға, адалдықтың аңғал болуға қақысы жоқ екен. 4. Қолы ұзындар 
жабылып қалтасына, тілі ұзындар жабылып жағасына жармасып, қадымын 
аштырмай  қармаласып  жатқан  қаршадай  мемлекетіңе  қарлығаштың 
қанатымен  су  сепкендей  болса  да,  болысып  бағу.  5.  Қазақтың  желкөз 
керегесінің ар жағында желбуаз әңгіме жетпей қалушы ма еді? 
 
Ауызша  сөз  мәдениетін оқытудың басты  мақсаты  – білім алушыны  ойын 
еркін, ұғынықты, әсерлі айта алатын дәрежеге жеткізу. Яғни жоғарыда берілген 
тапсырма  сөздердің  үйлесімділігіне  ғана  назар  аудартуды  емес,  сондай-ақ  сөз 
қолданыстағы  шеберлікті  көрсетуді  де  көздейді.  Оның  үстіне  Ә.Кекілбаев  – 
үлгі  сөз  иесі  бола  алатындай  тұлға  екенін  естен  шығармауымыз  керек.  Осы 
орайда  филолог-студенттерге  ауызша  сөз  мәдениетін  меңгертуде  пәнаралық 
байланыс ретінде басшылыққа алатын тағы бір саланың шеті көрінгендей. Ол – 
шешендіктану, нақтырақ айтсақ, педагогикалық шешендіктану.  
 
Шешендіктанудың маңыздылығы, тілдік тұлғаның қалыптасуындағы оның 
рөлі  туралы  көптеген  тілшілер,  философтар  болсын  аз  айтпаған  [179,  б.375]. 
Ауызша  сөз  мәдениетінің  ең  жоғарғы  формасы  –  шешендік.  Алайда  шешен 
сөйлеу  тек  ауызша  әдеби  тілді  меңгергенде  ғана  жүзеге  асады  деген  ұғым 
қалыптаспау  керек.  Себебі  күнделікті  ауызекі  сөйлеу  тілінде  де,  бейтарап 
сөйлеу тілінде де шешендіктің үлгісін көрсетуге болады. Шешендікті риторика, 
риториканы  –  шешендік  деген  түсінік  қалыптасқан  [180,  б.13].  Ал 
шешендіктану  –  дұрыс,  көркем  сөйлеудің  заңдылықтарын  қарастыратын 
ғылым.  «Шешендіктанудың  ғылым  және  оқу  пәні  ретінде  дамуы  мыңдаған 
жылдарды  қамтиды.  Әрбір  кезеңге  сәйкес  оның  мазмұны  да  әрқилы.  Ол 
әдебиеттің  ерекше  жанры  есебінде  де,  сөйлеу  шеберлігінің  белгілі  бір  түрі 
есебінде  де,  ауызша  сөйлеу  ғылымы  әрі  өнері  ретінде  де  қарастырылады. 
Қазіргі  таңдағы  зерттеу  еңбектерінде  шешендіктану  кешенді  пән  ретінде 
қаралып,  құрамына  тілдік  қарым-қатынастың  логикалық,  лингвистикалық, 
психологиялық,  физиологиялық,  көркем  әдеби  және  тағы  басқа  аспектілерін 
қамтиды»  [181,  б.7].  Шешендік,  ең  бастысы,  сөйлеу  актісінің  атауы,  яғни 
шешен сөйлей білу дегенді білдіреді. Оның әлеуметтік қызметі басымырақ. Ал 
шешендік сөз дегеніміз – сол шешендік өнерде пайдаланылатын шикізат, яғни 
шешен сөйлеушінің топ алдында сөйлейтін сөзі  [182, б.356]. Шешендік сөздің 
табиғаты туралы ғалым Р.Әмір нақты пікір берген болатын: «Сөздің мазмұнын 
анықтау, жоспарлау, оны құрау жолымен қатар, шешендік сөздің сөйлем құрау, 
сөз  талғау,  интонациялық  бейнесін  анықтау  сияқты  таза  тіл  қазынасына 
тірелетін  жайлары  тағы  бар.  Тілдік  амалдарға  жататындар  түрлі  экпрессивті, 

96 
 
эмоциялық сөздер, сөйлемдер, мақал-мәтелдер, фразеологизмдер, полемикалық 
пікірді  білдіру  мақсатына  арналған  риторикалық  сөйлемдер,  дауыс  ырғағы, 
сөздерді,  сөйлемдерді  ритмикалық  үндес  етіп  теру,  құру  т.б.  Бұл  амалдар 
ғасырлар  бойы  қалыптасқан.  Сол  амалдарды  дұрыс  біліп,  талғап  жұмсау  – 
шешендік сөздің талабы»[183, б.56]. Сөз – басқару мен ұйымдастырудың басты 
қаруы  болғандықтан,  шешен  сөйлеу   көптеген  қоғамдық  қатынастарды реттей 
алады.  Ежелден  бері  шешендікті  бірі  сендіре  білу  өнері  (Аристотель),  «әдемі, 
әсерлі сөйлей алу» (Квинтилиан), «сөз өнері туралы ғылым» (М.В.Ломоносов), 
«ойды дұрыс жеткізе білу» (Н.Ф.Кошанский) ретінде танып келді. Бұрын қазақ 
тіл білімінде шешендік өнер тек би-шешендердің бізге қалдырған мұрасы мен 
оларды  оқытумен  ғана  шектелген.  Ал  қазір  шешендік  –  қай  салада  болмасын 
ауызша  және  жазбаша  формада  ойды  әсерлі,  сауатты  жеткізе  білу  болып 
саналады.  Басқаша  айтқанда,  шешендік  –  тұлғаны  сөз  арқылы  тәрбиелеудің 
құралы. Яғни бүгіндері шешендіктанудың аясы едәуір кеңейді деп толыққанды 
айтсақ  болады  [184,  б.47].  Оған  дәлел  ретінде  шешендіктің  қамтып  жүрген 
салаларын  көрсетсек  орынды,  олар:  әлеуметтік-саяси  мәнді  шешендік  сөздер, 
академиялық  шешендік  сөздер,  сот  ісінде  қолданылатын  шешендік  сөздер, 
әлеуметтік  тұрмыста  қолданылатын  шешендік  сөздер  және  дін  қызметінде 
қолданылатын  шешендік  сөздер.  Ал  бұл  түрлерінің  ішінара  жіктемесін 
шешендік  сөздердің  идеясы  мен  мазмұнын  зерттеген  Г.Апресянның  еңбегі 
негізінде  [185,  б.62],  өз  тарапымыздан  қосқан  толықтырулармен  төмендегідей 
көрсеткіміз келеді: 
 
Сурет 20 – Шешендік сөздердің тақырыптық-мазмұндық бөлінісі 
 
 
Осы ретте «қазақ тіл білімінің атасы, ғұлама ғалым А.Байтұрсынұлы саясат 

97 
 
шешен  сөз,  билік  шешен  сөз,  білімдар  шешендік  сөз,  қошемет  шешендік  сөз, 
уағыз шешендік сөз деп жарты ғасыр бұрын алғаш рет тақырыптық-мазмұндық 
топтастыру  ұсынып,  олардың  әрқайсысына  жеке-жеке  түсініктеме  бергенін 
зерттеушілердің  біле  бермейтінін»  [115,  б.40]  айта  кеткіміз  келеді.  Сонымен 
қатар  аталған  шешендік  сөздердің  тақырыптық-мазмұндық  түрлерінің  өзіндік 
тән  белгілері  мен  ерекшеліктері  Г.Қосымованың  [112]  еңбектерінде 
толыққанды берілген. Ауызша сөз мәдениетін меңгертуді филолог-студенттерге 
тек  академиялық  және  педагогикалық  шешендік  сөздер  негізінде  жүргізбей, 
шешендік сөздің барлық түрлерімен таныстыру болашақ мұғалімдердің ауызша 
сөз мәдениеті жайлы түсініктерін едәуір кеңейтеді.  
 
Шешендік  –  шаршытоп  алдында  сөйлеудің  негізі.  Шаршытоп  алдында 
сөйлей  білу  қазіргі  таңда  барлық  мамандық  иелеріне  қажет  десек  артық 
айтпаймыз.  «Шаршытоп  алдында  сөз  сөйлеуге  даярланушы  әрбір  адамның 
алдынан  міндетті  түрде  бір  шоғыр  мәселе  бас  көтереді.  Алғашқы  кезекте  сөз 
сөйлеудің  мақсатына  сай  «Кімдерге  сөйлеймін?»,  «Оларға  не  айтамын?», 
«Оларға  мұны  не  үшін  айтамын?»  секілді  сауалдар  туындайды.  Сондай-ақ, 
сөйленер сөздің сыртқы «техникалық» жағын айқындайтын «Қалай дұрыс айту 
керек?»,  «Қалай  түсінікті  айту  керек?»,  «Қалай  қызықты  айту  керек?», 
«Қалай  сендіре  сөйлеу  керек?»сияқты  сұрақтарға  жауап  бере  алатындай  болу 
керек.  Осы  орайда  аудиторияға  көздеген  межеде  әсер  ету  мақсатында 
шаршытоп  алдында  сөйлеуге  әзірлену  және  сөйлеу  заңдылықтары  туралы 
ғылым саласы шешендіктанудың көмекке келуі тән» [181, б.7]. 
 
Шаршысөз  өз  кезегінде  мақсатына  қарай  адресаттың  көңілін  көтеру 
(қызықты  өмірлік  оқиға,  анекдот  т.б.),  ақпарат  беру  (ауызша  түсініктеме, 
хабарландыру,  нұсқаулық,  дәріс,  сабақ,  баяндама,  қойылған  сұраққа  ауызша 
жауап  т.б.),  рухани  қолдау  (жаттықтырушының  ойын  барысындағы, 
кандидаттың өзін қолдаушылар алдындағы, түрлі тренингтердегі спикерлердің 
сөзі  т.б.),  сендіру  (саясаткерлердің,  діни  уағыз  айтушылардың,  митингіге 
шығушылардың,  қандай  да  бір  мәселе  бойынша  атақты  адамдардың  сөзі  т.б.), 
үгіттеу  (жарнама  жасау,  саяси  митингілердегі  кандидатты  қолдауға  шақыру 
т.б.)  үшін  айтылатын  және  этикеттік  мазмұндағы  сөздер(құттықтау  сөз, 
таныстыру,  мадақтау  сөз,  қорытынды  сөз,  жоқтау  т.б.)  деп  бөлінеді  екен[186, 
б.9].  Ал  филолог-студент  өзінің  болашақ  кәсібінде  шаршысөздің  аталған 
түрлерінің  барлығын  қамтиды  десек  болады.  Сондықтан  шешендіктің  осы  бір 
қырын да меңгеру – болашақ ұстаздар үшін аса маңызды. 
 
Шешендік  ғылымын  зерттеушілер  оның  қолданыс  аясына  қарай  жалпы 
және  арнайы  түрлерін  көрсетеді.  Жалпы  шешендік  ауызша  тілдің  түрлі 
жағдаятта  жүзеге  асу  мен  жоғарыда  аталған  шаршытопта  сөйлеудің 
заңдылықтарын зерттейді. Ол төмендегідей бөлімдерді қамтиды екен: 
 
Шешендік  канон  –  ол  шаршытоп  алдында  сөйленер  сөздің  құрылымдық 
жүйесі  деп  айтсақ  болады.  Ол  айтар  ойдың  туындауынан  бастап,  сөз  арқылы 
жарыққа шығу кезеңдерін толығымен қарастырады. 
 
Пікірталасқа түсу мәдениеті – қашан да қоғамда қажетті сұраныстардың 
бірі.  Пікірталаста  тек  сөзбен  «қызыл  кеңірдек»  болмай,  өз  ойын  басқаларға 
сауатты жеткізу білу үшін адам шаршытоп алдындағы ауызша сөз мәдениетін 

98 
 
білуі тиіс. 
 
Этношешендік  әр  ұлттың  шаршытоп  алдында  сөйлеу  ерекшеліктерін 
қамтиды.  Бұлбөлімі  іскерлік  шешендіктің  дамуына  байланысты  көп 
зерттеушілердің зерттеу нысанына айналып келеді.  
 
Жалпы шешендіктің әңгімелесу мәдениеті, күнделікті тұрмыстық қарым-
қатынас  шешендігі  секілді  бөлімдерінің  де  ауызша  сөз  мәдениеті  әдістемесін 
қалыптастыруда ықпалы зор[187, б.11]. 
 
Ал  арнайы  шешендік  белгілі  бір  салаларда  шешендіктің  қолданылу 
ерекшеліктерін  қамтиды.  Ол  салалардың  ішінде  біз  өз  мақсатымызға  сәйкес 
педагогикалық  шешендіктануға  тоқталғымыз  келеді.  Сөз  мәдениеті  мен 
шешендік  өнерді  байланыстыра  зерттеуші  Б.Қалимұқашева  педагогикалық 
шешендіктің  шығу  арнасын  төмендегі  сызба  түрінде  өте  ұғынықты  жеткізіп, 
өзіндік ерекшеліктеріне кеңінен тоқталады [164, б.27]:   
 
 
Сурет 21 – Педагогикалық шешендіктің шығу арнасы (Б.Қалимұқашева 
бойынша) 
 
 
Тәлімдік-педагогикалық 
шешендіктің, 
яғни 
педагогикалық 
шешендіктанудың  ерекшелігі  неде?  Бүгінгі  филолог-студент  (біздің 
жағдайымызда  болашақ  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  мұғалімі)  –  ертеңгі  мектеп 
оқытушысы  екенін  естен  шығармағанымыз  жөн.  Сондықтан  олардың 
шешендікті  игеруге  деген  қажеттіліктері  жоғары  [188,  б.59].  Болашақ 
мұғалімдердің шешендікті қажет ету себебіне тоқталайық. 
 
Біріншіден, педагогикалық шешендік ұстазға өз сөзін нақты, дәл, орынды 
әрі  ұғынықты  етіп  құруға  көмегін  тигізеді  әрі  білім  алушылармен 
шығармашылық,  әріптестік  негізде  ұдайы  қазақ  тілі  немесе  әдебиет 
сабақтарында  пікірталас  ұйымдастыру  арқылы  өз  сабағын  қызықты  көрініске 

99 
 
айналдырып,  берілетін  мағлұмат  көлемін  көбейтуге,  әсерлі,  сапалы  жеткізуге 
мүмкіндік алады. 
 
Екіншіден,  педагогикалық  шешендік  мұғалімге  небір  қиын  деген 
сыныптармен  оңтайлы  байланыс  орнатуға,  терең  қарым-қатынас  жасауға 
мүмкіндік  береді.  Соның  нәтижесінде  бұрын  сөйлесу  мүмкін  болмаған,  ал 
ұстаздың баяндауын білім алушылардың түсінбеуі, ырықсыздық танытуы, тіпті 
қажет етпеуі салдарынан мақсатқа жетпей қалу қаупінен құтқарады. 
 
Үшіншіден,  кез  келген  педагогтік  әсер-ықпал,  яғни  оқытушының  өзін 
шәкірттер алдында айқындауы сөз арқылы іске асады: ол оқытады, тәрбиелейді, 
өз  көзқарасын  ұсынады  және  оған  оқушыны  иліктіреді,  талас  туғызады,  білім 
алушының санасына сыйымды ғажайып көркем бейнелер сыйлайды. 
 
Төртіншіден, педагогикалық шешендік оқу үдерісі барысында туындайтын 
көптеген «Неліктен?» деген сұраққа жауап береді [164, б.28-29]. 
 
Сонымен, ауызша сөз мәдениеті шешендік (риторика) тұрғысынан: 
 
- сөйлеуші санасы қызметінің, ойлануының дара айқындалуын; 
 
- сөйлеушінің не айтпақ, кімге айтпақ мәселесіне бейжай қарамай, ерекше 
ықылас танытуын; 
 
-  сөздің  қатысымдық  сапаларын  игеруі  мен  оның  мүмкіндіктерін  дұрыс 
пайдалана алуын; 
 
- функционалды стильдердің қолданыс ерекшеліктерін толық білуін
 
- сөйлеу қабілеттерін шыңдауға деген талпынысының болуын
 
- сөйлеу техникасын жақсы меңгеруін; 
 
- айтар сөзінің желісі мен жүйесін ойластыруын қамтиды екен [189, б.238]. 
 
Демек,  «шешендік  –1)  көркемдіктегі  құнды  үдеріс,  мәдени-әлеуметтік 
бағдардың  желісі,  зиялылардың  жеңісі;  2)  тұлға  тұғырнамасының,  әлеуметтік 
бітімнің, ел ынтымағының, халық шығармашылығының айғағы; 3) сөз, тіл, ой 
өнері, сөйлесу өнегесі; 4) кісілік мәдениеттің құралы және құрамы. Бәрі де өсер 
елдің,  мәнді  адам  өмірінің  кеңістігін  кеңейтетін,  уақытын  созатын,  өздерін 
оздыратын көп қырлы, алуан сырлы ағым, қозғалыстың жасампаз арнасы. Осы 
сапалық  ерекшеліктер  мен  салиқалы  әрекеттерді  зерттеу,  басшылыққа  алу  – 
әдебиетші,  педагог,  тілші,  философ,  тарихшы,  заңгер,  психолог,  мемлекет 
басқару қызметкерінің, қысқасы кез келген азамат пен іскер жандардың, кәсіби 
мамандардың ортақ мүддесі және нақты міндеті [180, б.11]. 
 
Ауызша сөз мәдениетінің әдістемесін жасауда негізге алынатын пәнаралық 
байланыс ұстанымын сөз еткенде, айтпай кетуге болмайтын тағы бір сала бар. 
Ол – әдебиет саласы. Әдебиетті оқыту әдістемесінде біраз зерттеулер жүргізіп, 
құнды  пікірлер  айтқан  ғалым  Қ.Бітібаева:  «Әдебиеттен  білім  беру 
мақсаттарының  бірі  –  өз  пікірі,  эстетикалық  талғамы  бар  сауатты,  мәдениетті 
тұлға  даярлау.  Яғни  ауызша  да,  жазбаша  да  еркін,  шешен,  көркем  сөйлеуге, 
жаза  білуге  үйрету,  осы  мәселелердегі  машықтарды  дамыту»  [190,  б.7]  деп 
көрсеткен  болатын.Сондықтан  әдебиеттің  тіл  сабақтарымен,  әсіресе  сөз 
мәдениетімен «бауырластығы дәлелдеуді қажет етпейді. Егер әдебиетті көркем 
бір  ғимарат,  ғажайып  мүсін  десек,  соны  құрайтын  заттар  –  тіл,  сөз  байлығы. 
Бұл екі пәнді бір-бірінен бөліп алып қарастыру да қисынсыз» [190, б.10]. 
 
Мейлі  мектеп  те,  мейлі  жоғары  оқу  орнында  болсын,  әдебиет  пәндерінің 

100 
 
ауқымы  да  кең,  маңызы  да  зор,  мүмкіндігі  де  мол  болып  келеді.  Басқа  әдеби 
шығармалардың  түрлерін  былай  қойғанда,  бір  ғана  халық  ауыз  әдебиеті 
үлгілерін  оқытудың  өзі  білім  алушылардың  ауызша  сөйлеу  тілін  дамытатыны 
анық [191, б.28]. Пән аясында қолданылатын түрлі әдіс-тәсілдер білім алушыға 
тек көркем шығармалардың мазмұнына бойлауға емес, сонымен қатар ауызша 
сөз  мәдениетін  жетілдіруге  де  жағдай  жасайды.  Атап  айтатын  болсақ,  көркем 
мәтінді  ауызша  талдау  жұмыстары,  ауызша  суреттемелер,  бейнелемелер, 
кескіндемелер  жасату,  киносценарийлер  құрастыру,  қойылым  қойдыру, 
мәнерлеп оқу, жаттау, ауызша мазмұндау, аудиториядан тыс жүргізілетін әдеби 
жұмыстар 
(әдеби-шығармашылық 
үйірмелер, 
әдеби 
конференциялар, 
кездесулер,  жарыстар,  әдеби  оқулар)  т.б.  білім  алушының  ауызша  сөз 
мәдениетін қалыптастырып, жетілдіруге өзіндік үлесін қосады. 
 
Пәнаралық  байланыс  ұстанымын  қорытындылай  кетсек,  «берілетін  бүкіл 
білім,  ең  алдымен  сөз  арқылы  жүзеге  асырылады.  Сондықтан  білім 
алушылардың ауызша сөйлеу тілін дамыту  – тек тілші, әдебиетшілер мақсаты 
ғана  емес,  ол  бүкіл  оқу  орнының,  барлық  пән  оқытушыларының  да  басты 
міндеті, борышы, барлығына тән бірыңғай талап» [190, б.215] дегіміз келеді. 
 
Ауызша сөз мәдениетін меңгертуде басшылыққа алатын келесі бір арнайы 
ұстанымның түрі – ол қызығушылықты ояту дедік. Жалпы қызығушылықтың 
табиғаты  мен  оның  туындауы  жайлы  біржақты  пікір  жоқтың  қасы  деуге 
болады.  Себебі  қызығушылық  көптеген  ғылым  салаларының  (философия, 
педагогика,  физиология,  әлеуметтану,  психология  т.б.)  зерттеу  нысаны 
болғандықтан,  әр  ғылым  қызығушылыққа  әртүрлі  анықтама  береді.  Тіпті 
ғалымдар  арасында  да  қызығушылыққа  деген  көзқарастар  түрліше.  Мысалы, 
бірқатар  зерттеушілер  қызығушылық  адам  еркінен  тыс  пайда  болады  десе, 
А.Герцен 
Н.Добролюбов, 
К.Ушинский 
тәрізді 
педагог-ғалымдар 
қызығушылықты  бақылауда  ұстауға  болатынын  айтқан.  Яғни  олар 
оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылығының  төмендеуі  жеке  бас 
ерекшеліктеріне  ғана  емес,  сол  пәнді  оқыту  әдіс-тәсілдеріне  де  тікелей 
байланысты дегенді алға тартады [192, б.56]. Осындай бірнеше психологиялық 
және  педагогикалық  еңбектерді  қарастыра  келе,  қызығушылыққа  байланысты 
төмендегідей тұжырымдар жасауға болады екен: 
 
- қызығушылық – адам санасындағы таза психикалық құбылыс; 
 
-  қызығушылық  тіл  секілді  әлеуметтік  сипатқа  ие,  сондықтан  оны 
басқаруға, қалыптастыруға болады; 
 
- қызығушылық – тұлғаның таңдаулы әрекеті; 
 
-  қызығушылық  мақсатына  қарай  бірнеше  түрге  бөліне  алады:  тікелей 
және  жанама,  терең  және  үстірт,  тұрақты  және  тұрақты  емес,  жағымды  және 
жағымсыз т.б.; 
 
-  қызығушылық  «қажеттілік»,  «мотив»,  «құндылық»,  «эмоция»  секілді 
басқа да ұғымдармен астасып жатады. 
 
Ал ауызша сөз мәдениетін дамытуға деген қызығушылық кешенді мәселе 
десек болады. Оны тек мектеп немесе жоғары оқу орнындағы сөз мәдениетіне 
қатысты  пәндердің  аясында  шешу  мүмкін  емес.  Өйткені  ауызша  сөз 
мәдениетіне  қызығушылық  қоғамның  экономикалық,  саяси,  әлеуметтік  және 

101 
 
рухани  өмірлерін  қамтиды.  Сөзімізге  дәлел  ретінде  қала  мектептерінің    9-11 
сыныптар  арасындағы  барлығы  74  оқушыны  құрайтын  сауалнама  жүргізілген 
болатын.  Оларға  «Ауызша  сөз  мәдениетін  дамытуға  қызығушылығыңызды 
қалай  бағалайсыз?»  деген  сұраққа  қойылып,  нәтижесінде  төмендегідей 
көрсеткіштер анықталды: 
 
Кесте  20  –  9-11  сынып  аралығындағы  оқушылардың  ауызша  сөз  мәдениетін 
дамытуға деген қызығушылық деңгейі 
 
Сынып
 
9-сынып
 
10-сынып
 
11-сынып
 
Қызығушылық  
деңгейі
 
 
төмен
 
76,9% 
66,5% 
55,5% 
орташа
 
23,1% 
30% 
37,5% 
жоғары
 

3,5% 
7% 
 
 
Аталған  сауалнамамен  қатар  дәл  осы  респонденттерге  «Қай  өнер  түріне 
қызығушылығыңыз  басым?»  деген  сұрақ  та  қойылған  еді.  Нәтижесінде 
жауаптар мынадай болды: 
 
Кесте  21  –  9-11  сынып  аралығындағы  оқушылардың  өнер  түрлеріне 
қызығушылық көрсеткіштері 
 
Өнер түрлері 
Сынып  

10 
11 
Әдебиет  
9% 
12% 
12,5% 
Музыка  
40% 
45% 
42,5% 
Бейнелеу  
1,5% 
0,1% 
0,5% 
Театр 
0,4% 
0,2% 
1% 
Кино 
45% 
40% 
41% 
Би 
4,1% 
2,7% 
2,5% 
 
 
Осылайша, оқушылардың қызығушылықтары БАҚ тарапынан көбірек мән 
беріліп  жүрген  өнер  түрлеріне  басым  екендігі  анықталды.  Ал  ауызша  сөз 
мәдениетін  дамытуға  тікелей  қатысты  өнер  түрлеріне  деген  қызығушылық 
деңгейі  өте  төмен.  Демек,  ауызша  сөз  мәдениетін  дамыту  әдістемесінде  оған 
деген қызығушылықты біз тек қана жаттығулар мен тапсырмалардың негізінде 
ғана  емес,  білім  алушылардың  жалпы  рухани  дамуына  да  баса  назар  аудару 
керектігі көрінеді. 
 
Жоғарыда  аталған  эксперимент  нәтижесінен  қазіргі  өскелең  ұрпақтың 
санасына БАҚ-тың, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың әсері көп 
екенін  байқадық.  Сондықтан  ауызша  сөз  мәдениеті  үшін  күрес  те  осы 
құралдардың  көмегімен  жүргізілуі  тиіс.  Бұл  өз  кезегінде  әдістемеміздің 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет