Дуйсебекова Жайнагул Мураткызы Ауызша тілдің жүйесі мен құрылымын меңгерту арқылы филолог-студенттердің сөз мәдениетін қалыптастыру әдістемесі


  минуттық  үгіттеу  сөзін  дайындаңыз.  Сөздің  тақырыбын  таңдаңыз



Pdf көрінісі
бет12/19
Дата10.04.2020
өлшемі4,55 Mb.
#62177
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
Байланысты:
disert-duysebekova Ауызша тил мен жуйеси


5  минуттық  үгіттеу  сөзін  дайындаңыз.  Сөздің  тақырыбын  таңдаңыз. 
Оны  тұжырымдаңыз.  Сөздеріңізді  арнайтын  аудиторияны  белгілеңіз. 
Логикалық және психологиялық дәлелдердің жүйесін ойластырыңыз. 
   
Тапсырмаға қажетті материалдар: 
   
Үгіттеу  сөзінің  жоспары:  1)  көңіл  аударту,  қызықтыру;  2)  сөз  болатын 
мәселені сипаттау, оның негізгі тезисін тұжырымдау; 3) тезисті дәлелдеу үшін 
айғақтар келтіру; 4) қорытынды жасау, тұжырымдау. 
   
Үгіттеу сөзі үшін үлгі тақырыптар: 1) Отандық өнімді сатып алыңыздар! 
2)  Бізге  оқуға  келіңіздер!  3)  Берілген  кітапты,  мақаланы  оқыңыз.  4) 
Кинофильмнің  немесе  қойылымның  тұсаукесеріне  келіңіз.  5)  Ауызша  сөз 
мәдениетіңізді дамытыңыз! 
   
Үгіт  сөзді  бағалау  сызбасы:  1)  Тақырыбы  мен  мақсаты:  аудиторияға 
сәйкес келе ме? 2) Кіріспе: – қызықты ма? – тиісті дәрежеде әсер ете алды ма? 
3) Негізгі бөлім: – дәлелдемелері жеткілікті ме? – мысалдары орынды келтірілді 
ме? 4)  Қорытынды:  –  сөзінде  әрекетке  түрткі  жасау  болды  ма?  –  сізді  сендіре 
немесе көндіре алды ма? 5) Сөйлеуі: – сөз сенімді түрде айтылды ма? – жүріс-
тұрысы  дұрыс  болды  ма?  –  қол  қимылдары  орынды  болды  ма?  –  сөйлеу 
қарқыны сәтті болды ма? т.б. [8, б.237].
 
   
Берілген  тапсырма  ауызша  сөздің  құрылымын  меңгеру  мен  оны  талдап 
үйренуде  өте  тиімді  болмақ.  «Тілімізді  шұбарлап  жүрген  тағы  бір  кесел  – 
канцеляриттерді,  яғни  кеңсе  қағаздарында  пайдаланылатын  сөздерді  орынсыз 
қолдану. Мұндай  жасанды да жансызтіркестер шешен сөзінің сұрқын кетіріп 
қана қоймай, мағынасына да күңгірт реңк дарытады» [164, б.39]. Осыған орай, 
оқулықта төмендегідей тапсырма берілген: 
   
Сөйлемдерден  тілдік  штамптарды,  қажетсіз  құрылымдарды,  кеңсе 
сөздері (канцелярит) мен тіркестерін табыңыз: 
   
1. Ағымдағы бағалардың артық екендігі дәлелденді. 2. Бар тәжірибелерді 
алмасу  өте  пайдалы  болды.  3.  Кейбір  басшылар  қажетті  және  толғағы 
жеткен мәселелерге көңіл аудармауда. 4. Басқарудың ескі әдістері дұрыс емес, 
қате деп табылды. 5. Біз сағат кешкі алтының о жақ, бұ жағында кездесуді 
ойлап  отырмыз.  6.  Өткен  жылы  жүгерінің  будандастырылған  тұқымының 
жеткіліксіздігінен оның өнімділігі биылғы жылмен салыстырғанда, анағұрлым 
төмен болды [8, б.43]. 
   
Көрсетілгендей,  тапсырмаларды  орындау  арқылы  білім  алушы  ауызша 
сөзінде  жасандылықтан  аулақ  болады.  Сондай-ақ  оқулықта  білім  алушының 
ауызша сөз мәдениеті деңгейін анықтауға септігін тигізетін тест сұрақтары да 
берілген.  
   
Б.Қапасованың  «Тіл  мәдениеті:  шешендік  өнер»  атты  оқулығында  сөз 

111 
 
мәдениеті  мен  шешендік  мәселелері  қарастырылған.  «Оқулық  сөз  мәдениеті 
мен  шешендік  өнердің  тілдік  ерекшеліктерін  қоғам  дамуымен  қарастырады. 
Аталған  нысанның  негізгі  теориялық  мәселелерін  түсіндіре  отырып, 
практикалық  тапсырма  мен  жаттығу  жұмыстарымен  бекітіледі.  Осы  тұрғыдан 
алғанда, оқулықтың тәжірибелік сипаты басым. Қазіргі қоғамға қажет іскерлік 
тіл  оралымдары  мен  құрылымдарының  ауызша  үлгілерін  қалыптастыруға 
арналған  жұмыс  түрлері  мен  пікірталас  мәдениетін  игертуге  бағытталған 
сұрақтар  мен  тапсырмалар  студенттердің  өз  бетімен  дайындалуына  мүмкіндік 
береді» [199, б.2]. 
 
Кесте  23  –  Б.Қапасованың  «Тіл  мәдениеті:  шешендік  өнер»  оқулығының 
тақырыптық-мазмұндық қамтылуы
 
 
Бөлім атауы 
Қамтылатын тақырыптар 
І бөлім. Қазақ тілі – ұлт тілі
 
1.1 Тіл мәдениеті және ұлттық мұрат 
1.2 Ұлт тілі тарихының деректері 
1.3 Тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметтері 
1.4 Қоғамдық қатынастағы ұлттық тілдің мәні 
1.5 Әлеуметтік-тұрмыстық қатынас тілі 
ІІ бөлім. Сөз мәдениеті 
2.1 Ауызекі сөйлеу тілі 
2.2 Жұрт алдында сөйлеу 
2.3 Сөз қолдану мәдениеті 
2.4 Сөз дәлдігі және тұрақты тіркестер 
2.5 Сөйлеудегі сөз бен мағына бірлігі 
2.6 Сөйлеудегі қосымша құралдар 
2.7 Сөздің түсініктілігі, әсерлілігі, байлығы, тазалығы, сөз 
әдебі  
ІІІ бөлім. Іскерлік қарым-
қатынас тілі 
3.1 Іскерлік қарым-қатынастағы ауызша сөйлеу тілі 
3.2 Іскерлік қарым-қатынастағы жазба тіл үлгілері 
3.3 Жеке адамға қатысты іс-қағаздар 
IVбөлім. Шешендік өнер 
4.1 Шешендік сөз түрлері 
4.2 Шешен. Шешенге қойылатын талаптар 
4.3 Шешендік сөздегі әдеби-эстетикалық ғибрат 
Vбөлім. Қазақ ұлттық 
шешендік өнер 
ерекшеліктері 
5.1 Қазақ қоғамындағы белгілі шешендер мен билер 
5.2 Мақал-мәтел. Нақыл сөздер 
5.3 Шешендік толғау, терме 
VІ бөлім. Пікірталас 
мәдениеті 
6.1 Пікірталасқа дайындық. Пікірталасты жоспарлау 
6.2 Пікіралмасу және оның ерекшеліктері 
6.3 Ойталқы 
6.4 Пікірсайыс 
6.5 Жарнама 
6.6 Айтыс 
6.7 Пікірталасқа қажет білім мен білік негіздері 
   
 
   
Оқулықта  берілген  тапсырмалар  жүйелілігімен  ерекшеленеді.  Атап 

112 
 
көрсеткенде,  сөздің  түсініктілігі  тақырыбын  бекіту  мақсатында  мынадай 
тапсырма берілген: 
   
Мәтінді  5-сыныптың  оқушысына  түсінікті  тілде  қалай  айтуға 
болады? Өз нұсқаңызды ұсыныңыз. 
   
Дербес  лексикалық  мағыналарын  жоғалтқан  түбірлерден  жасалған  аң-
құс,  жануарлар  мен  жәндіктер,  сондай-ақ  өсімдік  атаулары  біріктіріліп 
жазылады. Осы қатарға екінші сыңары ағаш (ағашы), бақа, балық, бүлдірген, 
гүл,  жапырақ,  жеміс,  жидек,  көк,  қат,  қурай,  құрт,  құс,  от  (оты),  тамыр, 
томар,  шешек  деген  сөздер  болып  келген  өсімдік,  аң-құс  аттары  да 
жатқызылды, өйткені жоғарыда көрсетілген сөздер нақты бір өсімдіктің, аң-
құстың,  жәндіктің  атаулары  емес,  жалпы  атаулар,  сондықтан  өзінің 
алдындағы сөзбен бірігіп қана белгілі бір нақты атауға айналып тұр: қарағаш, 
барқытағаш,  қойбүлдірген,  қарақат,  тасбақа,  қазоты  т.б.  Ал  ағаш,  гүл 
сияқты  сөздермен  келген  күрделі  атаулардың  бірінші  сыңары  сол  өсімдіктің, 
ағаштың  атауын  жеке  тұрып  та  білдіретін  болса,  бөлек  жазылады.  Бұл 
ретте  ағаш,  гүл  сөздері  көбінесе  тәуелдік  жалғаулы  болып  келеді.  Мысалы: 
алма  ағашы,  жаңғақ  ағашы,  астра  гүлі  т.б.  (Қазақ  тілінің  орфографиялық 
сөздігі) [199, б.93-94]. 
   
Cөздің қатысымдық сапаларын меңгертуде олар туралы білім алушыларға 
тек  теориялық  мағлұмат  беріп  қоймай,  оның  іс  жүзінде  жүзеге  асырылуын 
сезініп  көрулері  керек.Сонымен  қатар  олар  өздерінің  мұғалімдік  кәсіби 
шеберліктерін де шыңдауға мүмкіндік бар. 
   
Ауызша сөз мәдениеті мәселелерін қамтитын әдістемелік еңбектердің бірі 
–  С.Медеубекұлының «Шешенсөз» атты оқу құралы. Автор өз еңбегі туралы: 
«Оқу  құралында  Ахмет  Байтұрсынов  айқындамасын  жазып  кеткен  ауызша 
ақпарат  айту  арқылы  қоғамдық  санаға  қозғау  салу  өнері  –  шешенсөздің 
зерттелуі,  туу,  қалыптасу  сатылары  тұңғыш  рет  сараланады,  зерделенеді. 
Шешенсөздің  анықтамасы  және  оған  қатысты  ұғымдар  мен  түсініктердің 
ғылыми қорытындылары жасалады», – деп сипаттама берген [133, б.2].  
   
Автор еңбегінде А.Байтұрсынұлының терминдік ұғымдарын пайдаланады. 
Ол А.Байтұрсынұлының терминжасамдағы шеберлігін ерекше атап, дәлелдейді. 
Автордың  әрбір  теориялық  тақырыптан  кейін  міндетті  түрде  пысықтау 
сұрақтарын,  бекітуге  арналған  тапсырма,  «Жадыңда  жүрсін  жақсы  сөз», 
«Оңашада  ой  жүгірте  оқуға»  деген  айдармен  тақырыптың  мазмұнын  ашатын 
ақпараттарды  беріп  отыруы  оқулықтың  ерекшелігін  көрсетеді.  «Ауызша 
әдебиет  жанрлары  мен  шешенсөз  айтындарының  сабақтастығы  қандай?», 
«Дүниеге ауызша әдебиет туындысы бірінші келе ме, әлде шешенсөз айтыны 
бірінші  келе  ме?»,  «Қимылсөздің  тарихи  тамырының  бүгінгі  күнмен 
сабақтастығы  бар  ма?»,  «Ақпарат  алу  және  ақпарат  таратудың  алғашқы 
тәсілдері  және  шешенсөз  қажеттілігі»,  «Дәріс,  ақыл,  кеңес,  сабақ,  пікір, 
жарыссөз  шешенсөздің  қай  түріне  жатады?»  деген  тәрізді  пысықтау 
сұрақтары  білім  алушылардың  ауызша  сөз  мәдениеті  жайлы  білімдерін 
толықтыра түседі. 
   
Ж.Молдабековтың «Шешендік» атты оқу құралы – соңғы жылдары жарық 
көрген,  жаңа  ғылыми-әдістемелік  еңбектердің  бірі.  Авторға  осы  еңбегі  үшін 

113 
 
«Ы.Алтынсарин  атындағы  сыйлығы»  берілді.  «Оқу  құралында  шешендік 
сөздің,  өзін  танытудың  өрнегі,  тарихи-идеялық  негіздері,  оның  шығыстық, 
батыстық,  өлкелік,  ұлттық  түрлері  қарастырылған.  Шешендікке  арнайы 
танымдық-философиялық  және  қолтаңбалы  тұрғыдан  талдау  жасалынған. 
Шешендік пен тіл, діл, дін арақатынасы, қазақ шешендігіндегі идеялық айтыс-
тартыстар, тұлғалық ой жарысы, тілдесудің қиысыны, сұхбаттасу және үнқату 
мәселелері  де  зерделенген»  [180,  б.2].  Сондай-ақ  ғалым  шешендікті  асқан 
«шешендікпен»  сипаттайды.  Солардың  бірқатарын  ұсынсақ:  «Шешендік  – 
ойлаудың шығыстық желісі», «Шешендік – жарыстағы күштілік», «Шешендік – 
шындыққа жету», «Шешендік – өзімен жұмыс істеу», «Шешендік – адамдықты 
ардақтау»,  «Шешендік  –  хаққа  жол»,  «Шешендік  –  рухани  кемелдік,  рухани 
кемелдену», «Шешендік – жүрек ережесі», «Шешендік – өнер өрнегі мен өрісі» 
т.б.[180].  Осы  сипаттаулар  арқылы  автор  педагогикалық  шешендіктің 
болмысын анықтаған деп түйіндеуге болады. 
   
Зерттеуші Д.Әлкебаеваның «Сөз мәдениеті» оқу құралы жайында алдыңғы 
бөлімдерде  баяндалған.  Жалпы,  еңбекте:  «Бұл  оқу  құралы  –  тіл  мамандарына 
арналған  еңбек  деп  қана  тұжырым  жасауға  болмайды.  Себебі  сөз  мәдениеті  – 
ұлттық  мәдениеттің  биік  тұғыры,  ұлт  мәдениетінің  негізгі  өлшемі,  басты 
критерийі  болғандықтан,  барша  көпшілік  қауымға  арналады.  Қазақ  сөз 
мәдениетінің  ғылыми-теориялық  базасы  мен  тәжірибелік  ұстанымдарын 
меңгертуге  арналған  әрі  ғылыми-танымдық  құрал  ретінде  ғылым-білім 
саласының  қызметкерлеріне,  қалың  қазақ  жұртшылығына,  Қазақстанда  өмір 
сүріп жатқан кез келген ұлт өкіліне арналған»,  – деп көрсетілген [9, б.8]. Оқу 
құралының  болашақ  ұстаздар  үшін  теориялық  және  практикалық  құндылығы 
жоғары.  Еңбекте  ауызша  сөз  мәдениеті  аспектісін  де  қамтитын,  арнайы 
зерттелмеген, басы ашылып айтылмаған тың тұжырымдар да бар. 
 
Кесте  23  –  Д.Әлкебаеваның  «Сөз  мәдениеті»  оқу  құралының  тақырыптық-
мазмұндық қамтылуы
 
 
Бөлім атауы 
Қамтылатын тақырыптар 


І бөлім. Қазіргі сөз мәдениеті, оның тарихи 
тағдыры
 
1.1 Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі 
1.2 Сөз мәдениетінің теориялық негізі – 
сөзтану саласы 
1.3 Сөз және прагматика 
1.4 Сөзтану ғылымының терминологиялық 
аппараты 
ІІ бөлім. Қазіргі сөзтану ғылымының 
ғылыми-теориялық мәселелері 
2.1 Сөз және оның әлеуметтік рөлі 
2.2 Сөз жанрлары 
2.3 Сөйлеу стратегиясы мен тактикасы 
2.4 Сөйлеу ситуациялары 
2.5 Сөздің коммуникативтік сапалары  
 
 

114 
 
23-кестенің жалғасы  
 


ІІІ бөлім. Сөйлеу қызметі 
3.1 Сөз сөйлеу процесі 
3.2 Сөйлеу актілері 
3.3 Сөйлеу стереотипі 
3.4 Сөйлеу этикасы 
3.5 Сөйлеу әрекетіндегі бейвербалды амалдар туралы 
3.6 Сөз және фоника 
3.7 Сөз мәдениеті 
IV бөлім. Сөз мәдениетінің 
құрамдас бөлігі. Сөз 
экологиясы 
4.1 Сөз мәдениетіндегі экологиялық мәселелер 
4.2 Сөз экологиясы, оның кейбір аспектілері 
4.3 Тіл саясаты 
4.4 Мемлекеттік тіл саясатының өзегі – заңдарға 
лингвистикалық сараптама жүргізу 
4.5 Тілдік сана 
4.6 Жеке тұлғаның сөйлеу мәдениеті 
V бөлім. Сөйлеу қателіктері 
5.1 Сөйлеу қателіктерінің түрлері 
5.2 Орфографиялық қателіктер 
5.3 Орфоэпиялық қателіктер 
5.4 Грамматика-морфологиялық қателіктер 
5.5 Пунктуациялық қателіктер 
5.6 Коммуникативтік норма қателіктері 
5.7 Сөйлеу этикасы нормаларының бұзылуы 
5.8 Логикалық қателіктер 
 
   
Аталған  тақырыптардың  ішінде  сөйлеудегі  орын  алатын  қателіктердің 
дәлелді  мысалдармен  қамтылуы  оқу  құралының  артықшылығы  ретінде  атап 
көрсетуге болады. 
   
Ауызша  тілді  дамытуға  қатысты  мәселелер  тек  сөз  мәдениетіне 
байланысты  әдістемелік  еңбектерде  ғана  емес,  сонымен  қатар  «Жалпы  білім 
беретін  пәндер»  цикліндегі  «Практикалық  қазақ  тілі»  пәні  аясында  жүргізіліп 
жүрген  жұмыстардан  да  кездестіруге  болады.  Сондай  оқу  құралдарының 
бірінен үзінді келтіре кетейік: 
   
Мына  сөйлемдерді  өз  ойыңызбен  (ауызша)  аяқтаңыз.  Әрбір  сөйлемге 
бірнеше нұсқа ұсынсаңыз болады. 
   
«Кең байтақ даланы көргенімде ...................................... 
   
Бүршік атқан талдарды көргенімде .............................. 
   
Жаңа шыққан көк шөпті көргенімде ............................. 
   
Жайнаған гүлдерді көргенімде ..................................... 
   
Жануарды көздеген аңшыны көргенімде ..................... 
   
Бұтағы сынған ағашты көргенімде ............................... 
   
Суы тартылған теңізді көргенімде ...............................» [200, б.110]. 
 
   
Нобель  сыйлығына  лайықты  қазақ  ғұламаларының  тізімін  көрсетілім 

115 
 
түрінде әзірлеңіздер. Неге сол адамдарды таңдадыңыздар? Дәлелдеңіздер [200, 
б.145]. 
 
   
Мына  төмендегі  мақал-мәтелдерден  шылауларды  тауып,  беріп  тұрған 
мағыналарын ажыратыңыздар. 
   
1) Арамзаның құйрығы бір-ақ тұтам. 
   
2) Ит иесі үшін жүгіреді, 
   
    Құс тамағы үшін ұшады. 
   
3) «Көктемде бір тойдым, 
   
     Көбік қарда бір тойдым» депті-міс тоқты. 
   
4) Ет жақсысы қарта-ды, 
   
    Ол да нәсіліне тартады. 
   
5) Жарлы болсаң да, арлы бол [201, б.143-144].
 
   
Берілген тапсырмалар білім алушылардың сөйлеуін дамытуға бағытталған. 
Мысалы,  бірінші  тапсырмада  сөздің  логикалық  құрылымын  сақтауға, 
тапқырлыққа  үйретсе,  екіншісінде  шаршытоп  алдында  сөйлеу  өнерін 
қалыптастырады.  Ал  үшінші  тапсырма  тек  шылауларды  ғана  тауып  қоймай, 
сондай-ақ мақал-мәтелдердің мағынасын ашып, оны есте сақтайды. Осы тектес 
жаттығуларды  қазақ  тіл  білімінің  басқа  да  салаларын  меңгертетін  пән  оқу 
құралдарынан  табуға  болады.  Айталық,  М.Жолшаеваның  «Функционалды 
грамматика» оқу құралында мынадай пысықтау сұрақтарының үлгісі бар: 
   
1)  «Жағдаят»  дегенді  қалай  түсінесіз?  2)  Сөйлеу  жағдаяты  деген  не 
және оған нелер жатады? 3) «Категориалдық жағдаят» терминін ғалымдар 
қалай анықтайды? [104, б.60]. 
   
Берілген  сұрақтар  білім  алушыларға  сөйлеу  әрекетін  функционалдылық 
аспектісінен тануға мүмкіндік береді. 
   
Қорыта  айтқанда,  ауызша  сөз  мәдениеті  «Сөз  мәдениеті»  немесе 
«Шешендік»  пәндерінің  аясында  ғанаоқытылмауы  тиіс.  Ол  –  үздіксіз  үдеріс 
болғандықтан,  оны  әр  оқытушы  өз  пәнінің  негізінде  кешенді  түрде  жүргізуі 
керек деп есептейміз. 
 
   
2.2  Филолог-студенттердің  ауызша  сөз  мәдениетін  қалыптастырудың 
құрылымдық-мазмұндық моделі 
 
   
Қазіргі  кезде  психология  мен  педагогика  ғылымдарында  жасалынған 
жұмыстың  нәтижесін  көрсету  үшін  модельдеу  әдісі  жиі  қолданылып  келеді. 
Модельдеу  әдісінің  өзегі  болып  тұрған  «модель»  ұғымы  ғылым  саласының 
барлығында қолданылады. Модель – сызба, таңбалық форма немесе физикалық 
конструкция  жүзінде  жасалынған  жасанды  нысан.  Басқаша  айтқанда,  біздің 
көздеп отырған мақсатқа жету жолымызға қысқаша беретін сипаттама. 
   
Білім  саласындағы  модельдерді  зерттеуші  В.Ильин  модельге  деген 
бірнеше  талаптар  қояды:  біріншіден,  модель  зерттелетін  құбылыс  немесе 
үдерістің бүтіндігін көрсетуі керек; екіншіден, оның жүзеге асу шарттары мен 
пайдаланылатын  құралдарына  сипаттама  беруі  тиіс;  үшіншіден,  ол  жүйелі 
түрде құрылуы қажет [202, б.76].     

116 
 
   
Зерттеулерде  модельдерді  шартты  түрде  үш  түрге  бөлу  ұсынылған: 
физикалық  (моделі  жасалынып  отырған  нысанға  өте  жақын),  математикалық 
(нысаннан  гөрі  оған  әсер  етуші  ішкі  және  сыртқы  факторларға  көбірек  мән 
беріледі)  және  логика-семиотикалық  (нысан  мен  оның  құрамдас  бөліктерін 
сызба  арқылы  беру)  [203,  б.217].  Сондай-ақ  ғылыми  зерттеу  тұрғысынан 
модельдеу  қарапайым  және  күрделі  болады.  Қарапайым  түрі  арнайы  дәлелді 
зерттеуді  қажет  етпейтін,  тек  нысанның  ерекшелігін  көрсету  үшін  түрлі 
сызбалар,  кестелер  т.б.  арқылы  беріледі.  Күрделі  модельдеу  нысанды 
толыққанды  зерттеп,  оның  басқа  белгілерімен  өзара  салыстыра    жасалады. 
Аталған модель типтерінің арасында қатаң тәртіп жоқ, яғни бір мақсатқа жету 
үшін  екі  модель  типтерін  де  қосып  пайдалануға  болады.  Педагогикалық 
модельлогика-семиотикалық модельге және зерттеу тұрғысынан қарапайым да, 
күрделі түріне де жатуы мүмкін.  
   
«Педагогикалық  модель  –  зерттеу  нысанының  сапаларын,  белгісін, 
сипаттамасын,  тәжірибеге  негізделген  оның  жұмыс  істеуін  ұйымдастыру 
ұстанымдарын  қамтып  көрсететін  мазмұндық  жүйе.  Педагогикалық 
модельдердің өзі мазмұндық және құрылымдық түрлерге бөлінеді. Мазмұндық 
модельдер – зерттелетін педагогикалық нысанның мазмұны ретінде танылатын 
педагогикалық  модельдің  түрі.  Ал  құрылымдық  модельдер  зерттелінетін 
педагогикалық  нысанның  құрылымы  ретінде  танылады»  [204,  б.84-85]. 
Педагогикалық  модельдеу  мәселесіне  көптеген  ғалымдар  зерттеу  жүргізуде. 
Олардың  түпкі  мақсаты  –  педагогикалық  модель  мазмұнын,  оның  құрамдас 
бөліктерін,  модельдеу  кезіндегі  қиындықтарды  анықтау.  Біз  өз  зерттеу 
жұмысымызда,  яғни  филолог-студенттердің  ауызша  сөз  мәдениетін 
қалыптастыру  үдерісін  модельдеу  барысында  П.Балабанов  [205],  Н.Борытко 
[206],  А.Дахин  [207],  Д.Джонс  [208],  Я.Дитрих  [209],  Е.Заир-Бек  [210], 
Д.Крамер  [211],  Е.Кручай  [212],  М.Невзоров  [213],  В.Радионов  [214], 
С.Суворова  [215],  Н.Яковлева  [216]  т.б.  зерттеушілердің  еңбектерін  негізге 
алдық.  Аталған  ғалымдардыңзерттеулерін  саралай  келе,  педагогикалық 
модельдеу үдерісінің төмендегідей кезеңдері болатыны анықталды: 
 
24-кесте. Педагогикалық модельдеу кезеңдері 
 
Кезеңдер 
Мазмұны 
Дайындық  
1) модельдеудің мақсаты мен міндеттерін айқындау; 
2) мақсатқа жетуге қажетті факторларды нақтылау; 
3) жетекші ойдың құрылымын түзу. 
Зерттеу  
модельдеу нәтижесін жобалау 
Технологиялық  
1) педагогикалық нысанның нақты моделін құрастыру; 
2) педагогикалық нысанға қажет әдіс-тәсілдерді таңдау
3) міндеттерді шешуге бағытталған бағдарлама жасау. 
Жүзеге асыру 
1) модельді толығымен құрастыру; 
2) шынайы нәтижені күтілетін нәтижемен салыстыру; 
3) модельдеу барысында жүргізілген жұмыстарды қорытындылау. 
   
 

117 
 
   
Филолог-студенттердің  ауызша  сөз  мәдениетін  қалыптастыру  мен 
дамытудың  құрылымдық-мазмұндық  моделін  жасауда  қазіргі  таңда 
оқытушыларға қойылатын төмендегідей талаптарда ескерілуі қажет.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 22 – Жаңа заман ұстазына қойылатын талаптар [217, б.22] 
 
 
Оқытушының 
коммуникативті 
құзырлығы 
(құзыреттілігі) 
басқа 
құзыреттіліктерінің  жүзеге  асуына  қызмет  етуі  қажет.  Сондықтан  ауызша  сөз 
мәдениетін  оқытуды  педагогикалық  модельдеуде  аталған  қағидалар 
басшылыққа алынады. 
 
Әрбір  педагогикалық  модель  бір  мақсатты  көздегеніндей,  әрқайсысының 
өзіндік  жасалу  тұжырымдамасы  болады.  Бірқатар  философия  және 
Заман ұстазы 
 
Өзіндік білім алу 
 
Кәсіби деңгейдің 
артуы 
 
Тұлғаға бағдарлық 
 
Құзырлық  
✓  озық технологияларды оқып білу; 
✓  өз бетінше білім алу; 
✓  біліктілігін көтеретін курстарда оқу; 
✓  психологиялық-педагогикалық 
әдебиеттерді оқу; 
✓  әріптестер сабағына қатысу; 
✓  тақырыптық  педкеңестерге  қатысу, 
тәжірибе жинау; 
✓  әдістемелік күндер ұйымдастру; 
✓  өзіндік  әдістемелік  технологиясын 
жасау.  
 
        Алдымен баланың қызығушылығы мен 
мотивациясын  арттыратын  оқыту  мен 
тәрбиелеуде 
дәстүрлі 
емес, 
жаңаша, 
интербелсенді  әдістерді  пайдалану,  ұстаз-
оқушы  ынтымақтастық  шығармашылығын 
ұйымдастыру.  Өзін-өзі  оқыту  біліктілігінің 
мотивациясын тұрақты ету. 
✓  оқытатын  пәніне  қосымша  ғылыми 
материалдар, 
педагогикалық 
әдебиеттердегі жаңалықтарды оқу; 
✓  жаңа 
бағдарламаларды 
зерделеу, 
олардың 
талаптары 
мен 
ерекшеліктерін түсіну; 
✓  сабақта 
АКТ-ны 
қолдану, 
компьютермен 
жұмыс 
істеу 
біліктілігін пайдалану; 
✓  ғылыми-зерттеу  тақырыбы  бойынша 
жұмыс  
 
 
✓  рухани-адамгершілік 
құзырлық; 
✓  құқықтық құзырлық; 
✓  зияткерлік құзырлық; 
✓  коммуникативті құзырлық; 
✓  мәдени-әлеуметтік құзырлық. 

118 
 
педагогикалық әдебиеттерді саралау барысында «тұжырымдама» ұғымының екі 
мағынасы  бары  анықталды.  Біріншісі  –  тұжырымдаманы  педагогикалық 
зерттеудің  базалық  идеясы  дегенді  айтса,  екінші  мағынасы  ғылыми-зерттеу 
жұмысының 
нәтижесін 
ұсынуды 
қамтиды. 
Зерттеу 
жұмысымызда 
тұжырымдаманы  зерттеліп  отырған  нысанды  жан-жақты  ашатындай  маңызды 
тұжырымдардың  жиынтығы  деп  есептеп,  филолог-студенттердің  ауызша  сөз 
мәдениетін қалыптастырудың төмендегідей тұжырымдамасын ұсынамыз: 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 23 – Филолог-студенттердің ауызша сөз мәдениетін қалыптастыру 
тұжырымдамасы
 
 
 
Ауызша сөз мәдениетін қалыптастыру тұжырымдамасының басты мақсаты 
әрбір  білім  алушының  танымдық  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  болашақ 
мамандардың, алдымен ауызша сөз дағдысын, содан соң ауызша сөз жүйесі мен 
құрылымын  дамыту  болып  табылады.  Ол  үшін  тұжырымдамаға  жүйе, 
педагогикалық әрекет, үдеріс және кәсіби-педагогикалық дайындық компоненті 
тұрғысынан қарастырудың маңызы зор. 
 
Аталған 
тұжырымдаманың 
негізінде 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет