Дуйсебекова Жайнагул Мураткызы Ауызша тілдің жүйесі мен құрылымын меңгерту арқылы филолог-студенттердің сөз мәдениетін қалыптастыру әдістемесі


-  ауызша  тілдің  жүйесі  мен  құрылымын  түрлі  жағдаяттағы  қолданысына  қарай, тілдік және прагматикалық қырынан анықтау;  -



Pdf көрінісі
бет2/19
Дата10.04.2020
өлшемі4,55 Mb.
#62177
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
disert-duysebekova Ауызша тил мен жуйеси


-  ауызша  тілдің  жүйесі  мен  құрылымын  түрлі  жағдаяттағы  қолданысына 
қарай, тілдік және прагматикалық қырынан анықтау
-  филолог-студенттердің  ауызша  сөз  мәдениетінің  педагогикалық 
дискурстағы  алатын  орны  мен  ауызша  сөз  мәдениетін  қалыптастырудың 
когнитивтік және лингвоәлеуметтік тұжырымдамаларын белгілеу; 
-  жоғары  білім  беру  жүйесінде  филолог-студенттердің  ауызша  сөз 
мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін анықтау; 
-  ауызша  сөз  мәдениетін  оқытудың  жаңаша  әдістері  мен  оқу  құралдарын 
айқындап,  ұсынылған  «Риторика  және  педагогтың  сөйлеу  мәдениеті»  таңдау 
пәнінің әдістемелік жүйесінің оқыту тәжірибесінде тиімділігін дәлелдеу. 
Зерттеудің  ғылыми  болжамы.  Егер  ауызша  тілдің  ерекшеліктерін 
меңгертудің  негізінде  сөз  мәдениетін  қалыптастырып,  дамытудың  әдістемелік 
жүйесі әзірленіп, оны оқыту кезінде білім алушылармен арнайы құрастырылған 
оқу-әдістемелік  кешен  бойынша  дәрісханалық  және  одан  тыс  жұмыстар 
жүргізілсе; оқыту формасы филологияның басқа да туыстас салаларымен (атап 
айтар  болсақ,  шешендіктану,  әдебиет  т.б.)  байланыстырылса,  ауызша  тілдегі 
уәжді,  уәжсіз  ауытқушылықтар  анықталып,  уәжді  ауытқудан  дұрыс  бағытта 
пайдаланудың 
жолдары 
қарастырылып, 
уәжсіз 
ауытқушылықтарды 
болдырмауға,  керісінше  әдеби  тілдің  сипаттарын  түсініп,  қолдануға 
бағытталған  жұмыстар  жүргізілсе;  ауызша  сөз  мәдениетін  меңгертудің  тиімді 
әдісі ретінде үлгісөздер моделі пайдаланылса, ауызша тілдің құрылымы ретінде 
шешен  сөйлеуге  машықтанса,  онда  білім  алушының  ауызша  сөз  мәдениетін 
жетілдіруге, кәсіби тілдік тұлғасын дамытуға болады. 
Зерттеудің  жетекші  идеясы:  ауызша  тілді  ғылыми-теориялық  зерттеу 
және оның жүйесі мен құрылымын меңгертуге негізделген әдістемелік жүйесін 
ұсыну ауызша сөйлеу мәнері дамыған, бәсекеге қабілетті, өз бойында ұстаздық 
қабілетін дамытуға даяр маман дайындауға жол ашады.  
Зерттеудің  әдіснамалық  негізі.  Зерттеудің  әдіснамалық  негізін  тіл,  сөз, 
сөйлеу арақатынасын ажырату, тіл мен сөйлеуге ықпал ететін лингвистикалық 
және 
экстралингвистикалық 
факторлар, 
сөз 
мәдениетін 
жетілдіру, 
шешендіктану, 
лингвоэкологиялық 
құзыреттіліктерін 
қалыптастыру 
мәселелеріне  қатысты  жалпы  тіл  біліміндегі,  қазақ  тіл  біліміндегі, 
педагогикадағы, 
білім 
беру 
философиясындағы, 
психологиядағы, 
лингводидактикадағы  зерттеулер,  ғылыми  пікір-көзқарастар  мен  тұжырымдар 
құрады. 
Зерттеу  әдістері.  Қойылған  мақсатқа  сәйкес  міндеттерді  шешу  және 
зерттеу болжамын тексеру үшін төмендегідей әдістер қолданылды: 

теориялық әдістер: талдау, сараптау, ой қорыту, салыстыру, жалпылау, 

11 
 
педагогикалық үдерістерді жүйелеу жәнежобалау; 

эмпирикалық  әдістер:  сауалнама,  сұхбаттасу,  тікелей,  қосалқы  қысқа 
мерзімді  бақылау,  педагогикалық  тестілеу,  эксперттік  бағалау,  оқу 
эксперименті,  эксперимент  мәліметтерін  статистикалық-сапалық  өңдеу  және 
т.б. 
Эксперименттік  база.  Сулейман  Демирель  атындағы  университет  пен 
Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті базасында құрылды. 
 
Зерттеудің негізгі кезеңдері 
1.  Бірінші  кезеңде  (2016-2017  жж.)  жоғары  оқу  орнында  білім 
алушылардың  ауызша  сөз  мәдениеті  деңгейін,  оны  оқытудың  іске  асырылуын 
анықтау  мақсатында  студенттермен  сауалнама,  сабақтарға,  қоғамдық-мәдени 
іс-шараларға  қатысу  жұмыстары  жүргізілді,  тақырыпқа  қатысты  нормативтік 
құжаттарталданды. 
Сөз  мәдениеті  мәселелерін  оқытудың  ғылыми-теориялық,  әдістемелік 
негіздері бойынша зерттеу үшін отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеу 
тақырыбына сәйкес еңбектеріне талдау жасалып, зерттеудің басым бағыттары, 
болжамы айқындалды. 
2.  Екінші  кезеңде  (2017-2018  жж.)  зерттеу  жұмысының  жетекші  идеясы 
анықталды;  оқыту  үдерісіне  «Риторика  және  педагогтың  сөйлеу  мәдениеті» 
таңдау  пәні  енгізілді;  ауызша  сөз  мәдениеті  мәселелерін  оқытудың 
дидактикалық ұстанымдары сараланды және оны оқытудың кешенді әдістемесі 
әзірленді;  филолог-студенттердің  ауызша  сөз  мәдениетін  қалыптастыратын 
жаттығу-тапсырмалар  жүйесі  жасалды;  ауызша  сөз  мәдениеті  мәселелерін 
меңгертудің  тиімді  оқыту  әдіс-тәсілдері,  оқу  құралдары,  қалыптастырушы 
эксперимент арқылы сынақтан өткізілді. 
3.  Үшінші  кезеңде  (2018-2019  жж.)  зерттеу  нәтижелері  жүйеленіп, 
қорытындыланды;  филолог-студенттердің  сөз  мәдениетін  қалыптастырудың 
құрылымдық-мазмұндық  моделі  жасалды;  оны  оқыту  әдістемесі  жетілдірілді; 
бақылау  және  қалыптастыру  эксперименттерінің  нәтижелеріне  сандық  және 
сапалық  талдау  жасалды;  ауызша  сөз  мәдениетін  оқытудың  қазақ  тілінің 
өміршеңдігін қамтамасыз етудегі, білікті  маманның қалыптасуындағы  маңызы 
дәйектелді; әдістемелік тиімділігі дәлелденді.
 
 
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: 

ауызша  сөз  мәдениетінің  тілбілімдік  негіздері  (тіл,  сөз,  сөйлеу 
арақатынасы,  ауызша  тілдің  ерекшеліктері  мен  ауызша  тілдің  негізгі  түрлері, 
сөздің қатысымдық сапалары) айқындалды; 

ауызша  сөз  мәдениеті  және  педагогикалық  дискурстың  өзекті 
мәселелері анықталды; 

филолог-студенттердің  ауызша  сөз  мәдениетін  қалыптастырудың 
когнитивтік және лингвоәлеуметтік тұжырымдамасы танытылды; 

сөз мәдениеті мен оған жақын пәндердің оқытылу жайы және оқыту 
барысында қолданылатын оқу-әдістемелік құралдардың мазмұны талданды; 

ауызша  тілдің  жүйесі  мен  құрылымын  меңгерту  арқылы  сөз 
мәдениетін  қалыптастырудың  құрылымдық-мазмұндық  моделі  жасалып, 
оқытудың жаңаша әдістері мен жаңа оқыту құралдары сараланды; 

12 
 

оқу  үдерісінде  «Риторика  және  педагогтың  сөйлеу  мәдениеті»  атты 
таңдау  пәні  енгізіліп,  оның  әдістемелік  жүйесімен  бағдарламасы  түзіліп, 
тиімділігі тәжірибеде дәйектелді. 
Жұмыстың  теориялық  маңызы  тіл,  сөз,  сөйлеу  ұғымдарының 
арақатынасы  тілдік,  психолингвистикалық  қырынан  ажыратылуымен;  қазақ 
ауызша тілі мәселелерінің зерттелу тарихына шолу жасалып, оны зерттеу мен 
оқытудың  маңызы  көрсетілуімен;  ауызша  тілдің  түрлі  жағдаяттағы  көрінісі 
арқылы  оның  тілдің  құрылысы  лингвистикалық  және  экстралингвистикалық 
факторларды  ескере  отырып,  талдануымен  айқындалады.  «Қазақ  тілін  оқыту 
әдістемесі»,  «Шешендіктану»,  «Сөз  мәдениеті»  т.б.  пәндерді  оқытудың 
мазмұнын жетілдіруге мүмкіндік береді.  
Жұмыстың  практикалық  маңызы  кәсіби  біліктілікті  дамытуға 
бағытталған  бағдарлама  және  ұсынылған  жаттығулар  жүйесінен  тұратын  оқу-
әдістемелік 
кешеннің 
болуымен; 
сөз 
мәдениетін 
оқытудың 
жаңа 
технологиялары, 
соның 
ішінде 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялардың көмегіне жүгінуге қадам жасалуымен айқындалады. Зерттеу 
жұмысын тіл білімі, әдістеме, дидактика саласында зерттеулер жүргізіп жүрген 
барлық  ізденушілер  мен  мектеп  мұғалімдері,  жоғары  оқу  орындары 
оқытушылары  пайдалана  алады.  Сондай-ақ  ауызша  сөз  мәдениетін  жетілдіру, 
шаршытопта  сөйлеу  мәнерін  жетілдіру  мәселесімен  айналысып,  өз  бетінше 
ізденіп жүргендер үшінтиімді болмақ. 
Алынған ғылыми нәтижелердің сенімділігі мен нақтылығы тіл білімі, 
педагогика,  психология,  оқыту  әдістемесі  ғылымдарының  жетістіктеріне, 
жүргізілген  эксперимент  нәтижелеріне,  қойылған  мақсатқа  жетудегі  тиімді 
оқыту 
әдіс-тәсілдері 
мен 
дидактикалық 
ұстанымдардың 
болуымен 
айқындалады. 
 
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар: 

ауызша  тіл  –  жазба  тілмен  қатар  зерттеу  нысаны  бола  алады,  оны 
ауызша тілдің өзіндік жүйесі мен құрылымының болуы дәлелдейді; 

филолог-студенттердің  ауызша  сөз  мәдениетін  қалыптастыру,  қайта 
қалпына келтіру және дамыту – қазіргі үштілділік саясаты жағдайында ұлттық 
тілді сақтап қалу үшін аса қажет; 

қазақ  ауызша  тілі  тұрмыстық  тіл  деңгейінде  қалып  қоймас  үшін, 
оның барлық функционалдық стильдер аясындағы қолданысын жақсарту керек; 

ауызша  сөз  мәдениетінің  дамуы  коммуниканттардың  сөйлеу 
жағдаятына тікелей байланысты

ауызша тілдің жүйесі мен құрылымын меңгеру филолог-студенттерге 
болашақта педагогикалық дискурсты еркін меңгеруге мүмкіндік береді; 

ауызша  сөз  мәдениеті  тұлғаның  когнитивтік-танымдық,  тәрбиелік 
негіздерін қалыптастыруға септігін тигізеді; 

жоғары  оқу  орындарында  сөз  мәдениетін  филологияның  өзге 
салаларымен байланыстыра оқыту оң нәтиже береді; 

ауызша  сөз  мәдениетін  оқытуда  ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялардықолданудың мағызы зор; 

білім  алушыларға  ауызша  тілдің  жүйесі  мен  құрылымы  арқылы  сөз 

13 
 
мәдениетін дамытуда арнайы жасалған оқу-әдістемелік кешен білім сапасының 
кепілі болып табылады. 
Зерттеу  нәтижелерінің  жариялануы  мен  мақұлдануы.  Зерттеу 
жұмысының негізгі мазмұны, тұжырымдары мен нәтижелері бойынша барлығы 
27  мақала,  1  оқу  құралы,  1  оқу-әдістемелік  құрал  және  1  практикалық 
тапсырмалар мен жаттығулар жинағы жарық көрді. Олар:  
1. Rhetoric as art of eloquence in the ancient greek culture// Bolivarian Republic 
of Venezuela, University of Zulia, Experimental Faculty of Science, Journal Option. 
ISSN:  1012-1587/Legal  Deposit  pp  198402ZU45;  ISSNe  2477-9385.  Vol.  34.  No. 
85. April, Maracaibo, Venezuela, 2018. – Р. 374-393. 
2.  The  Theory  of  Phoneme  in  Kazakh  Linguistics
  // 
Journal  of  Language  and 
Literature, ISSN: 2078-0303, Vol. 7. No. 4. November, 2016. – Р. 285-290. 
3. Тұлғаның бойында сөйлеу әрекеті арқылы тіл мәдениетін қалыптастыру 
сатылары  мен  әдістемесі  //  Ш.Уәлиханов  атындағы  ҚМУ  Хабаршысы, 
Филология сериясы, №4, 2017. – 58-62 бб. 
4.  «Ауызша  дамыған  әдеби  тілдің  озық  үлгісін»  оқыту  арқылы  филолог-
студенттердің  тіл  мәдениетін  жетілдіру  (Б.Майлиннің  «Шұғаның  белгісі» 
әңгімесі негізінде)//«Қазақстанның ғылымы мен өмірі», Филология сериясы, №4 
(60), 2018ж.– 74-79 бб. 
5.  Ауызекі  сөйлеу  тілінің  өзіндік  ерекшеліктері  //  «Қазақстанның  ғылымы 
мен өмірі», Филология сериясы, №4 (62), 2018ж. – 250-254 бб. 
6.  Linguodidactic  basis  for  teaching  culture  of  speech  to  foreign  students  // 
«ВестникАкадемииПедагогическихНаукКазахстана» №4, 2019 г.– С. 89-96. 
7.  The  specificity  of  popular  science  oral  speech  //  Абай  атындағы  Қазақ 
ұлттық  педагогикалық  университеті  Хабаршысы.  «Филология  ғылымдары» 
сериясы №2(68), 2019. – 71-75 бб. 
8. Using internet testing in evaluating the culture of speech of future teachers // 
Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық  университеті  Хабаршысы. 
«Филология ғылымдары» сериясы №2(68), 2019. – Р. 385-391. 
9.  Ауызекі  сөйлеу  тілінің  жалпы  сипаттамасы  //  Сулейман  Демирель 
атындағы университет Хабаршысы №2, 2016 ж. – 28-34 бб. 
10. Тіл мәдениетін үйрету әдістемесінің шешендіктану негіздері // «Қазіргі 
қазақ    тіл  білімінің  инновациялық  әлеуеті»  атты  халықаралық  ғылыми-
теориялық конференция материалдары. Алматы, 2017 жыл, 26-27 қазан. – 356-
359 бб. 
11.  Шәкәрім  Құдайбердіұлының  шығармашылығына  қазақ  әдеби  тілінің 
тарихи  парадигмасынан  орын  берген  ғалым  //  «Қазіргі  қазақ    тіл  білімінің 
инновациялық  әлеуеті»  атты  халықаралық  ғылыми-теориялық  конференция 
материалдары. Алматы, 2017 жыл, 26-27 қазан. – 42-45 беттер. – 42-45 бб. 
12. 
Педагогикалық  дискурстан  шығатын  құндылықтар:  «тізімді» 
толықтыру  (В.И.Карасиктің  еңбегі  негізінде)//IV  Жаһандық  ғылым  және 
инновациялар  2019:  Орталық  Азия  халықаралық-ғылыми  практикалық 
конференция матриалдары. – Астана 21 қаңтар, 2019 жыл. – 182-185 бб. 
13.  «Тіл  мәдениеті»,  «Риторика»  және  «Қазақ  әдеби  тілінің  тарихы» 
пәндерінің жоғары оқу орындарында оқытылуы туралы // «Педагог кәсібилігі: 

14 
 
білім  берудегі  құзыреттілік  тәсіл»  атты  Халықаралық  ғылыми-тәжірибелік 
конференция  еңбектері  Жинағы.  –  Silkway  International  University,  Шымкент, 
2019 жыл.– І-том. – 359-363 бб. 
14.  Устная  речь  как  ключевой  фактор  развития  ораторских  способностей 
школьников  //  «Образовательная  система:  новации  в  сфере  современного 
научного 
знания». 
Материалы 
Международных 
научно-практических 
мероприятий  Общества  Науки  и  творчества  /  Под  общ.  ред.  С.В.Кузьмина.  – 
Казань, 2019. – С. 157-163. 
15.  Влияние  устной  литературы  на  развитие  детской  речи  // 
«ScienceTime»международный научный журнал. Выпуск №2. – Казань, 2019. – 
С. 28-31. 
16.  How  to  develop  a  culture  of  speech  under  the  conditions  of  general 
educational  standards  //  Материалы  Международной  научно-практической 
интернет-конференции  «Тенденции  и  перспективы  развитиянауки  и 
образования  в  условиях  глобализации».–  Переяслав-Хмельницький,  Украина, 
2019 года. – С. 181-183. 
17.  Controversial  issues  of  teaching  speech  culture  disciplines  //  Актуальные 
проблемы  социально-экономического  развития  общества:  взгляд  молодежи»: 
Сборник  конференции.  –  Астана:  ТОО  «Астанинский  учебно-методический 
центр», 2019. – С. 73-76. 
18.  Spaces  and  fire  vocabulary  in  modern  household  dialogical  discourse  // 
Actual Problems of the Theory and Practice of Philological Researches. Materials of 
the IX International Scientific Conference on March 25–26, 2019. Prague 2019. – Р. 
47-50. 
19. "First impression" as the defining phase of communicative discourse // Жас 
ғалымдар,  докторанттар,  магистранттар  және  студенттердің  ғылыми 
еңбектерінің  халықаралық  жинағы  /  Ш.А.  Құрманбаева  ғыл.  ред.  негізінде  – 
Семей: ҚазИГЗУ, №6, 2019.  – 148-149 бб. 
20.  “Communicative  culture”  –  definition  of  concept  //  «Global  Science  and 
Innovations 2019: Central Asia» атты V Халықар. ғыл.-тәж. конф. материалдары 
(IX том)/ Құраст.: Е. Ешім, Е. Абиев т.б. – Астана, 2019. – Р. 97-99. 
21.  The  culture  of  human  speech  is  the  mirror  of  his  soul  //  L  International 
Correspondence Scientific and Practical Conference «European Research: Innovation 
in  Science,  Education  and  Technology».  March  25-26,  2019,  London,  United 
Kingdom. – Р. 18-22. 
22. 
Elimination 
of 
communicative 
barriers 
in 
oral 
speech– 
as  a  way  to  increase  the  quality  of  education  //  The  7th  International 
conference“Science  and  society  –  Methodsandproblemsofpractical  application” 
(February  15,  2019)  Accent  Graphics  Communications  &  Publishing,  Vancouver, 
Canada. 2019. – Р. 41-43. 
23.  Сөз  мәдениетіне  қатысты  ұғымдарды  нақтылау  және  олардың  ішкі 
мазмұны  туралы  //  «Инновационные  методы,  средства  и  приемы  повышения 
эффективности  образовательной  деятельности»:  Сборник  конференции. 
Астана: ТОО «Астанинский учебно-методический центр», 2019. – С. 45-47. 
24.  Effectiveness  of  formative  assessment  of  formation  of  speech  culture  of 

15 
 
students // Problems and prospects of professional education development in the 21
st
 
century: materials of the IX international scientific conference. – Prague,  April 10-
11, 2019. – Р. 5-12. 
25.  Communicative  circle,  matrix:  the  concept  of  terms  //  М.Қозыбаев 
атындағы Солтүстік-Қазақстан мемлекеттік университет Хабаршысы. №2 (43), 
2019 ж. – Р. 61-67. 
26.  Шешендік  өнердің  болашақ  тілші  тұлғасының  қалыптасуына  тигізер 
әсері //  Сулейман Демирель атындағы университет Хабаршысы №2, 2019 ж. – 
31-37 бб. 
27.  Speech  situation  and  case-study  method:  Different  methods  or  merging  or 
terms?  //  The  6
th
  Eurasian  Conference  on  Language&Social  (ECLSS2019b), 
organized  by  Samarkand  State  University,  Daugavpils  University,  Kazakh  National 
Pedagogical  University  named  after  Abay  Kunanbayev,  University  of  Roehampton, 
Yenilikci  Adimlar  dernegi,  Ural  federal  University,  Busan  University  of  Foreign 
Studies  and  Vytautas  Magnus  University  on  April  30-May1,  2019,  in  Samarkand, 
Uzbekistan. – Р. 265-269 
Диссертацияның  құрылымы:  Диссертациялық  жұмыс  кіріспеден,  екі 
тараудан,  қорытындыдан  және  пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі  мен 
қосымшалардан тұрады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

16 
 
   
1  ФИЛОЛОГ-СТУДЕНТТЕРДІҢ  АУЫЗША  СӨЗ  МӘДЕНИЕТІН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
   
1.1  Филолог-студенттердің  ауызша  сөз  мәдениетін  қалыптастырудың 
тілбілімдік негіздері 
Қазіргі кезде тілді қатысымдық тұрғыдан зерттеуде көптеген ұғымдар бір-
бірімен  тығыз  байланыста  қарастырылуда.  Сол  себепті  зерттеу  жұмысын 
қарапайым  «тіл»,  «сөз»,  «сөйлеу»  арасындағы  ұғымдық  ерекшеліктер  мен 
ұқсастықтарды  ажыратып  алудан  бастаған  дұрыс.  Аталмыш  ұғымдарды 
салыстыра  қарау  тіл  білімі  саласындағы  ертеден  қалыптасқан  үрдіс  десек 
болады.  Алғаш  рет  лингвистикаға  мұндай  салыстыруды  ғалым  Фердинанд  де 
Соссюр  алып  келген  болатын.  Ол  тіл  мен  сөзді  ортақ  құбылыс  –  сөйлеу 
әрекетінің  екі  жағы  деп  есептеген.  Яғни  олар  өзара  тығыз  байланыста 
болғанымен,  өзіндік  ерекшеліктері  де  жоқ  емес.  Бұл  салыстыруларды  тіл 
білімінің негізін қалаушы Вильгельм фон Гумбольдттың зерттеулерінен де таба 
аламыз.  Ол  алғаш  рет  тілді  дайын  өнім  (Ergon)  және  сөйлеу  әрекеті 
ретінде(Energeia)  бөліп  көрсеткен.  Соның  ішінде  біз  «тіл»  мен  «сөз» 
ұғымдарын жеке-жеке алып қарастырайық. 
Тіл – тылсымға толы адамзат жұмбақтарының бірі. Оның сырларын ашуға 
ғалымдар әлі күнге дейін аз күш жұмсап жатқан жоқ. Ғылымның қалыптасуына 
дейін  де  тіл  мифтік,  діни  көзқарастарға,  аңыз-әпсаналарға  да  арқау  болған. 
Демек,  тіл  ежелден  бері  қоғамдық  өмірдің бастауы,  жалпы  мәдениеттің  бөлігі 
ретінде  қарастырылып  келеді.  Ғылыми  әдебиеттерде  тілге  қатысты  көптеген 
анықтамалар  мен  түсініктемелерді  кездестіре  аламыз.  Бұл  өз  кезегінде  тілдің 
лингвистика,  психология,  логика,  философия,  әдебиеттану,  мәдениеттану, 
антропология,  семиотика  секілді  ғылым  салаларының  да  нысаны  болатынын 
дәлелдейді. Тілге анықтама беруде ғалым В.М.Солнцев тілді әр тұрғыдан қарау 
керектігін айтады: 1) қызметі тұрғысынан: тіл – адамдардың бір-бірімен қарым-
қатынас  жасау  құралы,  ойды  білдіру  құралы;  2)  құрылым  тұрғысынан:  тіл  – 
тілдік  бірліктер  мен  ережелердің  жиынтығы;  3)  өмір  сүруі  тұрғысынан:  тіл  – 
қоғамдық,  ұжымдық  дағдының  нәтижесі;  4)  семиотикалық  тұрғыдан:  тіл  – 
таңбалар  жүйесі;  5)  ақпараттық  тұрғыдан:  тіл  –  ақпараттық  мағынаның  коды. 
Тілдің  қатысымдық  қызметі  басым  болғандықтан,  оның  өзі  мақсатына  қарай 
фатикалық  (әңгімелесушімен  тығыз  байланыс  орнату),  эмотивті  (сөйлеушінің 
өз  сөзінің  мазмұнына  субъективті-психологиялық  қатынасы),  конативті 
(ақпаратты  екінші  адамның  қабылдауы),  аппелятивті  (белгілі  бір  әрекетке 
шақыру),  куммулятивті  (ұлттық  сана  мен  мәдени  дәстүрді,  халық  тарихын 
сақтап  жеткізу),  эстетикалық  (пікірлесушінің  сезіміне  әсер  ету)  түрлерге 
бөлінеді. Ғалым Н.Уәли де аталған қызметтерін жинақтай келе: «Тілдің қарым-
қатынас  құралы  болу  қызметі  оның  коммуникативтік  функциясы,  ой  мен 
дүниетанымды  қалыптастыруы  конструктивтік  функциясы,  рухани  мәдениетті 
жасау  қызметі  эстетикалық  функциясы,  ұжымдық  тәжірибе,  ғылым-білімнің 
табыстарын жинақтауы куммулятивтік функциясы»,– деп көрсетеді [6, б.10-11]. 
Тіл – белгілі бір таңбалар жүйесі ретінде және белгілі бір әлеуметтік топта 
қолданылатын нақты құрал ретінде жұмсалады [7, б.341]. 

17 
 
Тіл  дегеніміз  –  жұрттың  барлығына  ортақ  мағыналары  бар,  шартты 
жалпыға  бірдей  дыбыстар  жүйесі  болып  табылады  [8,  б.8].  Демек,  тіл  – 
көпқызметті  құбылыс.  Тіл  арқылы  адам  қоршаған  ортаны,  оның  ғажайып 
сырларын  танып  біледі,  өткенін  сүзгіден  өткізеді,  келешегін  болжайды, 
қиялдайды,  көңіл-күйін  жеткізеді,  оқуға,  еңбек  етуге,  адамдармен  қарым-
қатынас жасауға үйренеді. Тілдің аталған  қызметтерінің іске асуы сөз арқылы 
болатыны  белгілі  [6,  б.11].  Енді  сөйлеудің  екінші  қыры  –  сөзге  кеңірек 
тоқталсақ. 
«Сөз» (речь) терминін тұңғыш рет функционалдық стилистиканың нысаны 
ретінде  Пермь  мектебінің  өкілдері  ұсынған  болатын.  Бұл  термин  ең  алдымен 
жеке  ғылыми  мақалаларда,  баяндамаларда  айтылып,  кейіннен  ғалымдардың 
қызығушылығын  тудырып,  ғылыми-зерттеу  нысанына  айнала  бастады.  Яғни 
«сөз» термині толықтай ғылыми айналымға ХХ ғасырдың 60-жылдарында енді 
десек болады. Дегенмен ғылымға енбес бұрын «сөз» атауы тұрмыстық қарым-
қатынас деңгейінде кеңінен қолданылып келді. Қазіргі  кезде «сөз» терминімен 
тіркесіп,  басқа  да  көптеген  терминдік  мағынадағы  сөздер  жасалуда:  сөз 
мәдениеті,  сөз  актісі,  сөз  әдебі,  сөз  сапасы,  сөз  экологиясы,  сөз  жанрлары, 
сөздік қатынас, сөз орамдары т.б. Ол өз кезегінде сөздің де зерттеуге тұрарлық 
нысан екенін дәлелдейді [9, б.341].  
Қазақ тіл білімінде «сөзге» ерекше тоқталып, оның мағыналарын дәл ашқан 
академик  Р.Сыздық  болатын.  Ғалым  еңбектерінде:  «Сөз  деген  сөздің  өзі  – 
мағыналық  өрісі  кең  дүние.  Тіл  жеке  сөздерден  тұрады,  яғни  сөз  –  тілдің  бір 
элементі.  Бұл  –  оның  түпкі  мәні.  Ал  қазақ  тілінде  «сөз»  сөзінің  қосалқы, 
ауыспалы мағыналары және бар. Мысалы, ақындар «сөз» деп поэзияны, өлеңді 
ұғынған.  Ұлы  Абай  «Сөз  айттым  Әзірет  Әлі  айдаһарсыз»,  «Көп  топта  сөз 
танырлық кісі де аз-ақ, ондай жерде сөз айтып болма мазақ», «Қуатты, күшті, 
нұрлы  сөз,  қуатын  білген  абайлар...  Жалын  мен  оттан  жаралған  сөз  ұғатын 
қайсың  бар»  немесе  «Сөз  түзелді,  тыңдаушы  сен  де  түзел»  десе,  айтпағы  – 
өзінің  жаңа  мазмұндағы,  өзгеше  сападағы  поэзиясы  жайында.  Сонымен  қатар 
қазақ «сөз» деп адамның ой-пікірін, көзқарасын, идеясын да атайды. Мысалы, 
біреу  туралы  «ол  артында  сөз  қалдырды»  десек,  оның  кейінгі  ұрпаққа  белгілі 
бір  ой-пікір,  идея  қалдыруы  деп  ұғамыз.  «Сөзі  өтімді»  дегенде  де  әңгіме 
біреудің  көзқарасы,  пікірі  туралы  екені  аян.  «Сөз»  деп  әңгіме,  хабарды  да 
айтады. Қысқасы, санай берсек, «сөз» сөзінің беретін ұғымы көп», –  деп «сөз» 
ұғымын өте ұтымды ашқан [10, б.3]. Қазақ танымындағы «сөз» ұғымының аясы 
кең  екендігін  төмендегі  «сөз»  атауына  қатысты  «сөз»  тіркестерінің  өзі  мысал 
бола алады: 
 
Кесте 1 – Қазақ тілінің көп томдық түсіндірме сөздігін құрастыруға дайындық 
барысында  ғалым  Ә.Болғанбаевтың  бастауымен  бөлім  қызметкерлерінің  бір 
ғана «сөз» атауына қатысты жинаған сөз тіркестері 
 
Жағымды сөздер 
Жағымсыз сөздер 
Аталы  сөз,  арналы  сөз,  аманат  сөз,  нұрлы  сөз, 
шұрайлы  сөз,  өрелі  сөз, жүйелі  сөз, орынды  сөз, 
қолайлы сөз, ұшқыр сөз, өтімді сөз, ұтымды сөз, 
Лепірме  сөз,  көпірме  сөз,  көп  сөз,  даурықпа 
сөз, қызыл сөз, сылдыр сөз, сыпсың сөз, сумаң 
сөз, қотыр сөз, сөз, күйдіргі сөз, нәрсіз сөз

18 
 
1-кестенің жалғасы 
 
Жағымды сөздер 
Жағымсыз сөздер 
өткір  сөз,  жылы  сөз,  ғибрат  сөз,  салауатты 
сөз, өнегелі (үлгілі) сөз, зерделі сөз, ұлы сөз, 
алтын сөз, асыл сөз, базына сөз, басалқы сөз, 
парасатты  сөз,  қалжың  (ойын,  әзіл)  сөз, 
төрелік  сөз,  әділ  сөз,  жөнтекі  сөз,  жөн  сөз, 
жанашыр сөз, жағымды сөз, оң сөз, мәнді сөз
күлдіргі сөз, қуақы сөз, қисынды сөз, орамды 
сөз,  салмақты  сөз,  салиқалы  сөз,  тартымды 
сөз,  үйлесімді  сөз,  әрлі  сөз,  нәрлі  сөз,  адал 
сөз,  ақ  сөз,  тілек  сөз,  алғыс  сөз,  өнімді  сөз, 
тиімді  сөз,  жайлы  сөз,  көңілді  сөз,  ұнамды 
сөз,  әдемі  сөз,  мәнерлі  сөз,  сыпайы  сөз, 
сынық сөз, тәтті сөз, түйінді сөз, берекелі сөз, 
жалынды  сөз,  отты  сөз,  қалаулы  сөз,  тиісті 
сөз,  ұлағатты  сөз,  ереже  сөз,  байлаулы  сөз, 
ойлы сөз, ұйғарым сөз, ишарат сөз, қошемет 
сөз, кесімді сөз, жанды сөз, уәделі сөз, түгел 
сөз,  мінәжат  сөз,  кезекті  сөз,  мазмұнды  сөз, 
дәлелді сөз, кісілік сөз, көсем сөз, ашық сөз, 
рас  сөз,  жұғымды  сөз,  шын  сөз,  дұрыс  сөз, 
батыл  сөз,  июі  қанған  сөз,  жүрек  сөзі,  көңіл 
сөзі,  құнарлы  сөз,  дәнекер  сөз,  мардымды 
сөз,  жұбату  сөз,  түзу  (тура)  сөз,  достық  сөз, 
әкелік  сөз,  ағалық  (үлкендік)  сөз,  ұстаздық 
сөз,  киелі  сөз,  қарымта  сөз,  сырлы  сөз,  сұлу 
сөз, жұмсақ сөз, майда сөз, мөлдір сөз, тұнық 
сөз, жатық сөз, зілсіз сөз, бағалы сөз, тың сөз, 
құнды  сөз,  айшықты  сөз,  бедерлі  сөз,  ақтық 
сөз,  сүйікті  сөз,  қадірлі  сөз,  қасиетті  сөз, 
танымал  сөз,  мақтау  сөз,  тоқтау  сөз,  семіз 
сөз,  құлаққа  сіңген  сөз,  қолқа  сөз,  тірі  сөз, 
сүйекке сіңген сөз. 
шымшыма  сөз,  шаншу  сөз,  шанышқы  сөз,  қаңқу 
сөз,  дықты  сөз,  қыздырма  сөз,  құлық  сөз,  қу  сөз, 
жел сөз, бөспе сөз, ғайбат сөз, қырсық сөз, қыңыр 
сөз, қиқу сөз, қысыр сөз, қышыма сөз, қағажу сөз, 
өгей  сөз,  шиқан  сөз,  бықсық  сөз,  былжыр  сөз, 
қоқырсық  сөз,  сілімтік  сөз,  былапыт  сөз, 
жылымшы  сөз,  бейпіл  сөз,  көлденең  сөз,  бұралқы 
сөз,  кесір  сөз,  бос  сөз,  жиіркенішті  сөз, 
қорқынышты  сөз,  суық  сөз,  азалы  сөз,  оспақ  сөз, 
кекетінді сөз, мысқыл сөз, әжуа сөз, пасық сөз, ұсақ 
сөз, шайпау сөз, шақпа сөз, құрғақ сөз, күңкіл сөз, 
шырмау сөз, шығарып салма сөз, шәлкеу сөз, алып 
қашпа  сөз,  іліп-тартпа  (қақпа)  сөз,  лақап  сөз, 
ілмелі-шалмалы  сөз,  арзан  сөз,  ащы  сөз,  ауыр  сөз, 
зілді сөз, ереуіл сөз, жауыр сөз, тосын сөз, егеу сөз, 
жылтыр  сөз,  пәлелі  сөз,  жүйесіз  сөз,  боқтық  сөз, 
өрескел  сөз,  боғауыз  сөз,  ұят  сөз,  анайы  сөз, 
тұрпайы  сөз,  оғаш  сөз,  дөрекі  сөз,  қияңқы  сөз, 
жүгірінді  сөз,  жегінді  сөз,  үлгісіз  сөз,  әдепсіз  сөз, 
қоқан-лоқы  сөз,  жағымсыз  сөз,  мәнсіз  сөз, 
кесапатты  сөз,  өтірік  сөз,  орынсыз  сөз,  домбытпа 
сөз,  бұлдыр  сөз,  көмескі  сөз,  қағытпа  сөз, 
жарымжан  сөз,  жартыкеш  сөз,  несие  сөз,  жайсыз 
сөз,  бөгде  сөз,  сүмелек  сөз,  шала  сөз,  қарғыс  сөз, 
бұрыс  сөз,  күмәнді  сөз,  өлі  сөз,  жансыз  сөз, 
екіұшты  сөз,  қашыртқы  сөз,  жат  сөз,  өсек  сөз, 
жалған  сөз,  дүдәмал  сөз,  жаттанды  сөз,  сырғытпа 
сөз, жылжытпа сөз, қисық сөз, керіс сөз, қисынсыз 
сөз,  жайсыз  сөз,  жеңіл-желпі  сөз,  секіртпелі  сөз, 
мардымсыз сөз, өкінішті сөз, қоспа сөз, дұшпандық 
сөз,  тұлдыр  сөз,  улы  сөз,  ұры  сөз,  берекесіз  сөз, 
құнарсыз сөз, шірік сөз, қосалқы сөз, байбалам сөз, 
өксікті сөз, су татитын сөз, дәмі жоқ сөз, қатты сөз, 
қиғаш  сөз,  жайдақ  сөз,  жылмағай  сөз,  жарамсақ 
сөз, шикі сөз, жалған сөз, бөтен сөз. 
 
Келтірілген  сөз  тіркестерінен  қазақ  халқының  сөзге  қаншалықты  мән-
мағына  бергенін,  әрбір  сөзді  ұтымды  жұмсай  білгендігін  көреміз.  Сөз 
тіркестерінен  «сөздің»  айтылу  мақсатына,  сапасына,  мазмұнына  қатысты 
сипатын да байқай аламыз. 
Термин болудың басты шарттарының бірі –  ұғымның бір ғана мағынаға ие 
болуы. Алайда сөз қазіргі кезде үш түрлі мағынада жұмсалып жүр:  
1) сөз – адамның әрекеті, тілдесім үрдісі; 
2) сөз – сөйлеу әрекетінің нәтижесі; 
3) сөз – шешендік жанр [6, б.12]. 
   
Енді әр мағынасына қысқаша тоқталайық. 
   
Сөздің бірінші мағынасына сөйлеу әрекеті, сөйлеу актісі секілді ұғымдар 
жақын  келеді.  Сондай-ақ  сөзді  зерттеудің  психологиялық  негіздемесі  де  осы 
мағынасынан  келіп  туындайды.  Сөз  –  адамдар  арасындағы  қарым-қатынас, 

19 
 
ақпарат,  оймен,  сезімдерімен  бөлісу.  Сөз  –  тілдік  бірліктер  арқылы  жүзеге 
асатын  қарым-қатынастың  түрі.  Мұнда  бейвербалды  амалдардың  да  өзіндік 
орны бар.  
   
Сонымен,  сөздің  бірінші  мағынасы  аясында  төмендегідей  мәселелер 
қаралады: 
 
а) сөйлеу әрекетінің физиологиялық негіздері
 
ә) сөйлеу әрекеті түрлерінің механизмдері (айтылым, тыңдалым, оқылым, 
жазылым); 
 
б) сөйлеу мен ойдың арақатынасы, ойдың дыбыстық кодқа айналуы; 
 
в) тіл функцияларының сөйлеуде жүзеге асуы; 
 
г) адамның әр жасындағы тілдік құзыреттілігінің дамуы; 
 
ғ) тілдік сезімнің қалыптасуы. 
   
Аталмыш  мәселелер  психолингвистика,  жалпы  тіл  білімі,  сөйлеу  актісі 
теориясы сияқты салалардың негізінде қарастырылып, зерттелуде. 
   
Сөздің  екінші  мағынасы,  яғни  сөйлеу  әрекетінің  нәтижесі  ретінде  мәтін 
ұғымына  синонимдес  қолданылады.  Біз  мәтінді,  әдетте,  санамызда  жазылған 
өнім  деп  қабылдаймыз.  Бірақ  мәтіннің  жазба  түрі  ғана  емес,  сонымен  қатар 
ауызша,  тіпті  ойша  түрі  де  (ішкі  сөзде)  болуы  мүмкін.  Тіпті  ХХ  ғасырдың 
ортасына  дейін  мәтін  тіл  категориясы  ретінде  саналмай,  тек  әдебиеттану, 
логика, мәтінтануда зерттеліп келген. ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап 
қана тіл білімінің мәтін лингвистикасы атты жаңа саласы пайда болды. 
   
Оқулықтарда  мәтінге  «өзара  мағыналық  байланысы  бар,  бірнеше 
сөйлемдердің  жүйесі»  деген  анықтама  беріліп  жүреді.  Алайда  бұл  мәтіннің 
беретін  мағынасын  едәуір  тарылтады.  Қазір  дискурс  аясында  қарастырылып 
жүрген «мәтін» ұғымы сөздің осы екінші мағынасын дәл ашады. Яғни бір ғана 
мақалдың  да,  әңгіме,  өлең,  мақала,  хаттама,  заңды  құжат,  ауызша  диалог, 
әскери  бұйрық,  ғылыми  монографияның  т.б.  да  өзіндік  мәтіні  болады  дей 
аламыз.  
   
Сөздің екінші терминдік мағынасының аясында мынадай сөйлеу әрекетінің 
нәтижелері зерттеледі: 
 
а) мәтін құрылымы, оның компоненттері, мәтін ішіндегі байланыс; 
 
ә) фунционалды стильтүрлері; 
 
б) сөз жанрлары; 
 
в)  мәтін  негізінде  тілдік  бірліктердің  (лексикалық,  грамматикалық  т.б) 
қолданылуы; 
 
г) тілдік норма және оның сөзжасамдық, грамматикалық, орфоэпиялық, сөз 
тіркесімділігі деңгейінде бұзылуы, ауытқуы; 
 
ғ) сөзде көркемдеуіш құралдардың пайдаланылуы. 
   
Олар  мәтін  лингвистикасы,  поэтика,  сөз  мәдениеті,  герменевтика  т.б. 
ғылымдарының негізінде кеңірек қаралады. 
   
Сөздің  үшінші  мағынасы  шешендік  өнердің  жанры  ретінде  танылады. 
Мысалы: «Қорғаушы сотта қысқа, бірақ өте әсерлі сөз сөйледі» деген сөйлем 
сөздің осы үшінші мағынасын ашады. Шешендік сөздердің өзі айтылу мақсаты 
мен  қолданылу  аясына  қарай  түрлерге  бөлінеді.  Аталған  сөздің  мағынасы 
шешендіктану,  сөз  мәдениеті  және  әдебиеттанудың  нысаны  болып  табылады. 

20 
 
Жалпы,  тіл,  сөз,  сөйлеуді  қарастыратын  негізгі  ғылым  салаларының  тоғысын 
төмендегідей беруді жөн көрдік: 
 
 
Сурет 1 – Тіл, сөз, сөйлеуді зерттейтін ғылым салаларының тоғысы 
 
   
Зерттеу  жұмысына  сөздің  үш  мағынасы  да  белгілі  бір  аспектілерде 
қарастырылады. Оның өзіндік себептері бар. Мысалы, зерттеу жұмысына арқау 
болған  ұғымдар:  «тіл  мәдениеті»,  «сөз  мәдениеті»,  «сөйлеу  мәдениеті»  және 
«ауызша  тіл»,  «ауызша  сөз»  деп  жарыспалы  қолданыста  жүр.  Академик 
Р.Сыздықтың  айтуынша,  орыс  тілінде  көбінесе  «культура  речи»  деген  термин 
қолданылып  жүр.  Себебі  орыс  тіл  білімінде  «язык»  және  «речь»  деген 
терминдер  –  дербес  атаулар:  «язык»    –  тілдің  өзі  («таңбалар  жүйесі»)  болса, 
«речь»  –    сол  тілдің  қолданыстағы  күйі  (көрінісі).  Тіл  мәдениеті,  яғни  тілдік 
элементтердің  дұрыс  қолданысы,  сол  тілді  жұмсау  барысында  талап  етіледі, 
Демек, бұған «культура речи» деген термин дәлірек келеді [11, б.21]. Ағылшын 
тілінде  де  «language»  (язык)  және«speech»  (речь)  ұғымдарының  аражігі 
ажыратылып,сөз  (тіл)  мәдениеті  «culture  of  speech»  деген  түсінікті  терминмен 
аталады [12]. Ойын жалғастыра келе, Р.Сыздық: «Ал қазақ тіл білімінде «язык» 
пен  «речь»-ті  айырып  атайтын  терминдер  әлі  қалыптаспай  келеді.  «Язык» 
дегенді  «тіл»  делік,  ал  «речь»-ті  қалай  атауымыз  керек.  Оны  «тіл»,  «сөз», 
«сөйлеу», «тіл қолданысы», «қолданыс» деп әрқайсымыз әртүрлі беріп жүрміз. 
«Культура речи» деген сияқты білім-ғылымның жалпы бір саласын атау керек 
болғанда  «сөз  мәдениеті»  деп  алған  дұрыс  сияқты,  ал  баяндау  барысында, 
контексте «қолданыс», «тіл», «тіл қолданысы», «сөйлеу» деген сөздер де «речь» 

21 
 
мағынасын  бере  алады  (мен  өз  еңбектерімде  тығырықтан  осылайша  шығып 
жүрмін). Сірә, жалпы пәндік термин ретінде «сөз мәдениеті» дегенді таңдаған 
дұрыс  болар.  Өйткені  бұл  жерде  әңгіме  ойымызды  ауызша  да,  жазбаша  да 
дұрыс  («мәдениетті»)  білдіру  туралы  болмақ.  Ал  «ой»  дегеніміздің  өзі  –  сөз» 
деп  көрсеткен  [11,  б.21-22].  Өз  жұмысымызда  ауызша  тіл,  сөз  мәдениеті 
терминдік ұғымдарын тірек етіп алуымыздың себебі осы болмақ. Яғни «ауызша 
тілдің жүйесі мен құрылымы» дегенде, оның астарында «ауызша сөздің жүйесі 
мен құрылымы»  ұғымы тұрады. 
   
Сонымен,  сөз  әрі  үдеріс,  әрі  сөйлеу  әрекетінің  нәтижесін  білдіреді.  Сөз 
бағытталуына  қарай  сыртқы  және  ішкі  сөз  болып  бөлінеді.  Екеуі  келесідей 
сипаттамаларының негізінде бір-біріне қарама-қарсы қою арқылы зерттеледі: 
 
1)  мақсатына  қарай:  сыртқы  сөз  тұлғаны  әлеуметтік  жүйенің  бір  бөлшегі 
етіп  қояды,  ал  ішкі  сөз  бұл  функцияны  атқармайды,  онымен  қоса  ол  сыртқы 
факторлардан өзін мықтап қорғайды, тек субъектінің өзіне ғана бағынады
 
2)  сыртқы  сөздің  өзіндік  акустикалық,  графикалық,  дене  қимылдары, 
интонация  секілді  басқаларға  қолжетімді  кодтары  болса,  ішкі  сөз  аталған 
кодтардың  қолжетімсіздігімен  ерекшеленеді.  Ішкі  сөздің  түпкі  деңгейлерінде 
түрлі образдар, елестер, түсініктер т.б. қолданылады. Әдетте мұның бәрі «ой» 
атты  психологиялық  ұғымның  аясында  қалып  қояды.  Ішкі  сөз  сыртқы  сөздің 
жүзеге  асуына  қызмет  етеді  десек  болады.  Себебі  кез  келген  сыртқы  сөз  бен 
жазу  ішкі  сөзден  басталары  анық.  Күнделікті  өмірде  сыртқы  сөз  адамның 
мұғалімдік, тілші секілді кейбір мамандық иелерінен басқа күніне екі-үш сағат 
уақытын ғана алады, ал ішкі сөз адамға тәулік бойы қызмет етеді [13, б.38-39]. 
Болашақ  мұғалімдерге  сыртқы  мен  ішкі  сөздің  екеуі  де  аса  маңызды  рөл 
атқарады. 
   
«Сөз»  ұғымына  қатысты  тағы  бір  мәселелердің  бірі  –  сөз  жанрлары.  Сөз 
жанрлары қарым-қатынастың белгілі жағдаяттарында пайда болған тілдің өмір 
сүруінің  алғашқы  түрі  болып  табылады.  Сөз  жанрлары  қазірге  дейін 
лингвистикалық, 
мәтін 
ерекшеліктері 
тұрғысынан, 
стилистикалық, 
психолингвистикалық,  концептілік,  шешендіктану,  педагогика,  тарих  және 
гендерлік  аспектіде  зерттеліп  келген.  Аталған  зерттеулерді  В.Дементьев  [14], 
Б.Норман [15], Л.Балашова [16], Я.Анушевич [17], Б.Балмер [18], А.Вежбицкая 
[19], Ж.Милованова [20], Т.Ладыженская [21], С.Хэрринг [22], Д.Шифрин [23], 
Д.Уилсон [24] т.б. ғалымдар жүргізген болатын. Сондай-ақ сөз жанрларын жан-
жақты  қарастырған  М.Бахтинді  [25]  атап  өтпеске  болмайды.  Аталған 
ғалымдардың  көзқарастарының  негізінде  сөз  жанрлары  дегеніміз:  «Тақырып 
жағынан  тұрақты,  айтылымның  композициялық,  стилистикалық,  біртектілік 
түрлерінің  негізгі  критерийлері»  [9,  б.48]  деп  қорытуымызға  болады. 
Зерттеушілер  жанрдың  түр-түрін  зерттеу  үстінде.  Мысалы,  қазір  өсек-аяң, 
өтірік  айту,  электронды  коммуникацияның  кейбір  түрлерін  (чат  (chat)
электронды  пошта  (E-mail)  хаттары)  де  сөз  жанрларына  жатқызып  жүр.  Кей 
ғалымдар (А.Вежбицкая) сөйлеу актісін сөз жанрлары деп қолдануды ұсынады. 
Олай  деуінің  де  өзіндік  орны  бар.  Себебі  сөз  жанрлары  функционалды 
стильдердің  жіктелуімен  тікелей  байланысты.  Сондықтан  жанр  –  ауызша 
айтылған  немесе  жазбаша  жазылған  сөз  өндірісінің  жиынтығы  іспеттес. 

22 
 
Мәселен,  ауызша  сөз  сөйлеудегі  сөздің  өзіне  тән  жанрлары  болады.  Бір  ғана 
өтініш сияқты сөз жанрында айтушының прагматикасы бойынша стратегия мен 
тактикасы  қоса  жүреді  [9,  б.51].  Яғни  кез  келген  тұлғаның  сөз  мәдениетін 
дамытуда сөз жанрлары туралы түсініктің болуы аса маңызды болмақ. 
   
Ендігі  кезекте  зерттеуіміздің  үшінші  тірек  ұғымы  –  сөйлеуге  келейік. 
Дәлірек  айтар  болсақ,  сөйлеу  актісі.  Аталған  терминдерді  (сөйлеу  мен  сөйлеу 
актісі) бір деуге келмейді. Өйткені олардың өзіндік ерекшеліктері бар.  
   
Сөйлеу – тілдің коммуникативті қызметінің жүзеге асуы. Сөйлеу – әрекет. 
Ол  адамдардың  бір-біріне  тіл  арқылы  ықпал,  әсер  етуін,  әрекетке 
жұмылдыруын жүзеге асырады. «Әрекет» ұғымы лингвистикалық әдебиеттерде 
кеңінен 
қолданылады. 
Ол 
философия, 
логика, 
психологиядағы 
түсініктемелермен  қатар  алына  отырып  анықталады.  Мысалы,  А.Леонтьевтің 
«Основы  речевой  деятельности»  еңбегі  сөйлеу  әрекетін  әрекеттің  басқа 
түрлерінен ерекшелігі мен арақатынасы, оның екі түрлі ұғынылуы тұрғысынан 
анықтайды. Сөйлеу әрекеті өзін меңгертуді мақсат етпейді, ол – әрекеттің басқа 
түрлерін реттеуші, орындаушы  қызметін  атқарады.  Яғни  сөйлеу  әрекеті  еңбек 
үстіндегі  жай  қарым-қатынас  жасаудың  түрі  емес,  керісінше,  сол  еңбек  үшін 
қажетті нәрсе. Әрекет етудің қарапайым бірлігі ретінде сөйлеу өзін тудырушы 
сөйлеу жағдаятымен байланысты. Сөйлеу әрекетінің жүзеге асуы өзінен кейінгі 
сөйлеу  жағдаятын  қалыптастырады.  Ал  сөйлеу  актісі  дегеніміз  –  белгілі  бір 
қоғамда қалыптасқан сөйлеу әрекеттерінің негізгі қағидаттары мен ережелеріне 
сәйкес  пайда  болатын  мақсатты  сөйлеу  болып  табылады  [26, б.46-52].  Сөйлеу 
актісінің  өзіндік  кезеңдері  де  бар:  коммуникацияға  дейінгі  кезең,  мұнда 
жағдаяттық және уәждемелік факторлар үлкен рөл ойнайды; коммуникацияның 
өзі  (ойдың  немесе  ішкі  сөздің  акустикалық  я  графикалық  кодтарға  өтуі)  және 
коммуникациядан  кейінгі  кезең.  Ол  сөйлеу  актісіне  қатысушының  жауабы 
ретінде вербалды немесе бейвербалды амалдың негізінде болуы мүмкін. 
   
Кез  келген  сөйлеу  актісі  белгілі  бір  жағдаяттың  негізінде  туындайды.  Ол 
жағдаяттардың  өзі  табиғи  және  жасанды  болады.  Соңғысына  театр 
қойылымдары,  педагогикалық  технологияларда  қолданылатын  жағдаяттар  т.б. 
жатады. Жағдаяттардың да тууына көптеген факторлар әсер етеді.  
   
Сөйлеу  актісі  туындауының  уәжі  (сөйлеу  ниеті)  мәселесінің  де  аясы  кең. 
Жалпы сөйлеу актісін тудырушы уәждің биологиялық және әлеуметтік, рухани-
танымдық,  жеке  қызығушылықтарға,  эмоцияларға  байланысты  түрлері  бар. 
Уәждемелік  кезеңнің  созылу  уақыты  да  әртүрлі  болады.  Мысалы,  мақаланың 
немесе романның авторына өз ойын сыртқа шығару үшін апта, ай, тіпті жылдар 
қажет болса, пікірталас кезінде адамның өз ойын жинақтап, айтуы үшін небәрі 
2-3  секунд  берілуі  мүмкін.  Ол  сол  уақыттың  ішінде  жағдайды  барлап,  өзінің 
«қорынан»  қажетті  аргументтерді  таңдап,  келесі  туындайтын  жағдаяттың 
бөлігін  болжап  үлгеруі  керек.  Осындай  жағдаят  көбінесе  мұғалімдік  кәсіпке 
тән. Мәселен, мынандай бір көріністі елестетейік.  
   
Мұғалім  оқушыларға  сабақ  түсіндіріп  жатыр.  Оның  түсіндіруі 
бірқалыпты. Дегенмен мұғалімнің ойы үш бөлікке бөлініп жатады: 
 
а) іштей айтылып жатқан мәтінді құрады, тек құрып қана қоймай, оның 
жеткізілуі үшін қажетті сөздер таңдалып, ол сөздерден үйлесімді сөйлемдер 

23 
 
жасап,  оларды  интонация,  логикалық  екпін  секілді  көмекші  құралдармен 
толықтырып үлгереді; 
 
ә)  сонымен  қатар,  айтқанын  бағалап,  өз  сөзінің  алдына  түсіп,  келесі 
айтар сөзін дайындап жатады; 
 
б)  үшіншіден,  мұғалім  аудиториямен  байланыс  орнатады,  әр  оқушыны 
бақылап, қажет болғанда жоспардан тыс мысалдар келтіреді. 
   
Бұлардан  басқа  ойының  бөлінуіне  әкелетін  сәттер  де  болуы  мүмкін: 
дәлізден  кенеттен  шыққан  дауыс,  ұялы  телефонның  шырылдауы  т.б.  Алайда 
бір қызығы, мұғалімнің санасында болып жатқан ой арпалыстары оқушыларға 
еш  әсерін  тигізбейді:  олар  оқытушының  айтқандарын  қиындықсыз  түсініп 
отыра береді. 
   
Айтылған  жағдаяттың  сәтті  өтуі  мұғалімнің  сөйлеу  актісін  дұрыс  құруы, 
соның  ішінде  уәждемелік  кезеңін  орнымен  жүзеге  асыруымен  байланысты 
болып отыр. Бұл, оқытушы тарапынан үлкен шеберлікті қажет етеді. Осы ретте 
филолог-студенттердің,  яғни  болашақ  мұғалімдердің  бойында  аталмыш 
біліктілікті  дамыту  біздің  зерттеу  жұмысымыздың  бір  міндеті  екенін  атап 
кеткіміз келеді. 
   
Кейбір  ғалымдар  сөйлеу  актісінің  коммуникацияға  дейінгі  кезеңіне 
интенцияны  қосады.  Адам  тілдік  жағдаятқа  тап  болып,  уәждемелік  кезеңін 
жүзеге  асырғаннан  кейін,  өз  ішкі  сөзін  сыртқа  шығару  үшін  қажетті  тілді 
таңдауы,  таңдалған  тілдің  деңгейін  белгілеуі,  функционалды-стильдік  әрлеуі 
(бұл  адресатқа байланысты)  қажет.  Міне,  осыларды  интенция  деп  атайды.  Бір 
ғалымдар  интенцияны  коммуникативтік  ниет  (сөйлеу  интенциясы)  ретінде 
таниды [9, б.63]. 
   
Сөйлеу актісінің коммуникация кезеңінің өзі екі бөліктен тұрады:  
 
1) сөйлеушінің ойын акустикалық (ауызша) немесе графикалық (жазбаша) 
кодтарға өткізуі; 
 
2) тыңдаушының аталған кодтарды қабылдауы. 
   
Алғашқы бөлігін қысқаша төмендегідей сипаттасақ болады: 
 
 
Сурет 2 – Сөйлеу актісінің коммуникация кезеңінің акустикалық және 
графикалық кодқа өтуі
 
 
   
Ал  сөйлеушінің  аталған  кодтарды  қабылдауының  өзі  іштей  бірнеше 
кезеңдерден тұрады:  
 

24 
 
 
 
Сурет 3 – Адресаттың адресант жіберген кодтарды қабылдау сатылары
 
 
 
Демек, тыңдаушының сөйлеуші жіберген ақпараттың қабылдауының өзі – 
бір  күрделі  үдеріс. Осы  жерде  сөзді  қабылдауға дайындық  сатысына  қысқаша 
тоқталып өткіміз келіп тұр. Сөзді қабылдауға дайындық адресаттың ауызша сөз 
жағдайында  есту  мүшелерін  іске  қосуы,  тыңдауға  деген  қызығушылықтың 
туындауы,  сөйлеушінің  сыртқы  бейнесін  қабылдауы  секілді  факторларды 
қамтиды. Бұл мұғалімнің оқушының өз сөзін қабылдауда осы бір сатысының да 
дұрыс орындалуын қадағалау керектігін аңғартады. 
  Сөйлеу  актісінің  коммуникациядан  кейінгі  кезеңі  жауап  немесе  әрекет 
формасында  жүзеге  асуы  мүмкін.  Айтылғандарды  мысалдардың  негізінде 
талдап көрейік. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет