Дуйсебекова Жайнагул Мураткызы Ауызша тілдің жүйесі мен құрылымын меңгерту арқылы филолог-студенттердің сөз мәдениетін қалыптастыру әдістемесі



Pdf көрінісі
бет16/19
Дата10.04.2020
өлшемі4,55 Mb.
#62177
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
disert-duysebekova Ауызша тил мен жуйеси


Екінші  блок  сұрақтары  студенттердің  өзін-өзі  бағалау  мақсатында  сөз 
мәдениеті  деңгейлерін  анықтауға  бағытталғандықтан,  олартөмендегідей 
мазмұнда  ұйымдастырылды  (алынған  нәтижелер  пайыздық  көрсеткіш 
түріндежанына берілді) : 
 
 
1) Ауызша сөз саптау білігіңізді сипаттаңыз (бірнеше нұсқаны көрсетуге 
болады): 
 
 
Кесте 29 – 1-сұрақ бойынша бақылау және эксперимент тобының көрсеткіштері 
 
Нұсқа 
Бақылау тобы 
Эксперимент тобы 
анық 
15,5% 
17% 
түсініксіз 
20% 
12,5% 
бірқалыпты 
10% 
7% 
байланыссыз 
7% 
7,8% 
мәнерлі 
10,1% 
13,1% 
еркін 
30% 
24% 
түсінуге қиын 
23% 
19,8% 
қызықты 
19% 
20,6% 
эмоционалды 
55% 
61,9% 
нақты 
16% 
14,6% 
сенімсіз 
40% 
48,7% 
сенімді 
32,3% 
29% 
 
 
2)  Қай  әрекетті  дұрыс  және  барлық  ережелерге  сай  жасаймын  деп 
ойлайсыз? (бірнеше нұсқаны көрсетуге болады) 
 
Кесте 30 – 2-сұрақ бойынша бақылау және эксперимент тобының көрсеткіштері 
 
Нұсқа 
Бақылау тобы 
Эксперимент тобы 
тыңдау 
43% 
35% 

146 
 
30-кестенің жалғасы 
 
әңгімелесу 
64% 
72,6% 
амандасу 
93% 
81,5% 
өтіну 
31,3% 
29% 
бас тарту 
28% 
18,4% 
ризашылығымды 
білдіру 
42,4% 
25,3% 
кешірім сұрау 
20% 
16,9% 
қоштасy 
53% 
45,3% 
наразылық білдіру 
18,9% 
32% 
 
 
3) Адамдармен ауызша қарым-қатынаста сіз үшін ең қиыны не? 
 
Кесте 31 – 3-сұрақ бойынша бақылау және эксперимент тобының көрсеткіштері 
 
Нұсқа 
Бақылау тобы 
Эксперимент тобы 
сөз бастау 
31% 
23% 
сөз өрбіту 
15% 
11% 
ойымды  толық,  дұрыс 
жеткізу 
54% 
66% 
 
 
4) Көшеде бейтаныс адаммен сөйлесіп кетуіңіз мүмкін бе? 
 
Кесте 32 – 4-сұрақ бойынша бақылау және эксперимент тобының көрсеткіштері 
 
Нұсқа 
Бақылау тобы 
Эксперимент тобы 
иә, мүмкін 
35% 
43% 
мүмкін емес 
13% 
7% 
жағдайға қарай 
62% 
50% 
 
 
5)  Оқытушы  сізден  сабақ  айтуыңызды  сұрады.  Сіз...  (екі  нұсқаны 
белгілеуіңіз керек): 
 
Кесте 33 – 5-сұрақ бойынша бақылау және эксперимент тобының көрсеткіштері 
 
Нұсқа 
Бақылау тобы 
Эксперимент тобы 
аудиторияның 
алдына 
шығып 
сөйлегенді ұнатасыз 
24% 
36% 
орныңызда тұрып айтқанды ұнатасыз 
68% 
57% 
оқытушының 
жетекші 
сұрақтар 
қоюын өтінесіз 
9,8% 
15% 
өз 
сөзіңізді 
монолог 
ретінде 
айтқанды қалайсыз 
74% 
85% 

147 
 
 
Екіншіден,  анықтау  экспериментінде  педагогокалық  жағдаят  негізінде 
топтық  жұмыс  жүргізілді.Топтық  жұмыстың  басында  қазіргі  кезде  қоғамда 
қолданыста  дау  тудырып  жүрген  клише-мысалдар  беріліп,  олардың  негізінде 
тест 
сұрақтары 
алынды. 
Сұрақтардың 
мазмұны 
мен 
нәтиже 
көрсеткіштерітөмендегідей болды: 
 
 
Дұрыс жауаптарын таңдаңыз
 
Кесте 34 – Топтық жұмыс негізінде алынған тест сұрақтарының жауаптары 
 
Клише-мысалдар 
Бақылау тобы 
Эксперимент тобы 
а)  –Анашым,  сізді  шайға  шақырып 
жатыр.  
24% 
36% 
ә)  –  Анашым,  сізді  шәйге  шақырып 
жатыр. 
68% 
57% 
 
 
 
а) – Туған күніңмен құттықтаймын! 
62% 
71% 
ә) – Туылған күніңмен құттықтаймын! 
38% 
29% 
 
 
 
а) – Ертең көріскенше! 
44% 
32% 
ә) – Ертең кездескенше! 
56% 
68% 
 
 
 
а)  –  Өкінішке  орай,  сабағым  ойдағыдай 
өтпеді. 
75% 
73% 
ә)  –  Сабағымның  ойдағыдай  өтпегені 
өкінішті. 
25% 
27% 
 
 
 
а)  –  Мен  барлығы  жақсы  болады  деп 
ойлаймын. 
59% 
62% 
ә) – Мен ойлаймын, бәрі жақсы болады. 
41% 
28% 
 
 
 
а) – Ешқашан қартаймаңыз! 
34% 
25% 
ә) – Өмір жасыңыз ұзақ болсын! 
66% 
75% 
 
 
 
а)  –  Барлығы  саламатты  өмір  салтын 
насихаттап жүр. 
3% 
0,6% 
ә)  –  Барлығы  салауатты  өмір  салтын 
насихаттап жүр. 
97% 
99,4% 
 
 
 
а)  –  Автобуста  адам  көп  болғаны 
соншалық, әрең шықтым. 
32% 
46% 
ә)  –  Автобуста  адам  көп  болғаны 
соншалық, әрең түстім. 
68% 
54% 
 
 
 
а)  –  Маған  жанашыр  болғаныңызға  көп 
рақмет! 
47% 
38% 
ә) – Маған жанашыр болғаныңызға үлкен 
рақмет! 
53% 
62% 
 
 

148 
 
 
Тест  сұрақтары  алынған  соң,  олардың  дұрыс  жауаптары  студенттерге 
айтылып,  талқыланды.  Кейін  әрқайсысы  7-10  минут  аралығындағы  мектептегі 
қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәні  мұғалімдерінің  сабақ  үзінділерінің 
бейнежазбалары  тыңдатылды.  Тыңдалым  алдында  студенттердің  жалпы 
тыңдау  мәдениетінің  деңгейін  білу  мақсатында  олардан  төмендегідей 
сұрақтарға жауап алынды: 
 
 
1) Алдыңызда тұрған адамның сөзін бөлмей тыңдауға тырысасыз ба? 
 
2) Әңгімелісуші адамның ойын еркін жеткізуіне мүмкіндік жасайсыз ба? 
 
3) Диалогта келіспейтін пікіріңіз болса, бірден айтасыз ба? 
 
4)  Адамдармен  сөйлесу  барысында  орын  алатын  қалыптасып  кеткен 
әдетіңіз (шашыңызды түзете беру, қолыңызды орынсыз сермеу т.б.) бар ма? 
 
5) Әңгімелесуші адамның жағдайын барынша түсінуге тырысасыз ба? 
 
6) Әңгімелесуді тезірек бітіруге әрекет жасайсыз ба? 
 
7)Пікір таластырғанды ұнатасыз ба? 
 
8) Тыңдап отырғанда, қосымша сұрақтар қоясыз ба? 
 
 
Cұрақтар  бойынша  студенттердің  жауаптары  сараланып,  бірнеше 
нұсқаларға топтастырылды: 
 
Кесте 35 – Студенттердің дұрыс тыңдай білу шарттарын меңгеру көрсеткіштері 
 
Дұрыс тыңдай білудің шарттары 
Бақылау тобы 
Эксперимент тобы 
Сөзін бөлмеу 
87% 
83% 
Жағымды ахуал туғызу 
64% 
59% 
Қызығушылық таныту 
94% 
92% 
Бейвербалды амалдарға мән беру 
36% 
23% 
Пікірталасқа түсуді қаламау 
36% 
25% 
Сұрақтар қоя білу 
17% 
21% 
 
 
Тәжірибеде  тыңдалым  бойынша  екі  дәріс  мазмұнынан  үзінді  берілді. 
Біріншісі  –  үздік  педагогикалық  сөйленіс  үлгісінен  үзінді,  екіншісі  –  сәтсіз 
шыққан  педагогикалық  сөйленіс  үзіндісі.  Оларды  тыңдағаннан  кейін 
студенттерге  төмендегідей  формадағы  кестелер  беріліп,  әр  үзіндінің  әсер  ету 
факторларына талдау жүргізілді. 
 
Кесте 36 – Студенттердің үздік дәріс үзіндісін талдауы мен олардың нәтижелері
 
 
Факторлар 
Бақылау тобы 
Эксперимент тобы 



1. Дұрыс артикуляция 
75% 
80,5% 
2. Сөздің логикалық 
құрылымының (басы, негізгі  
62,5% 
55,5% 
 

149 
 
36-кестенің жалғасы 
 



бөлімі, қорытындысы) сақталуы 
 
 
3. Сөйлеудің бірқалыпты 
қарқыны 
21% 
38,8% 
4. Интонацияның дұрыс қойылуы 
42,8% 
31,9% 
5. Дауыс тембрінің жағымды 
болуы 
39% 
29,1% 
6. Кідірістердің аз болуы немесе 
кідірістің орынды қолданылуы 
30% 
26,4% 
7. Сөз экспрессивтілігі 
41% 
23,6% 
8. Екпіннің дұрыс қолданылуы 
54% 
19,4% 
9. Сөзге сәйкес ым-ишаралардың 
қолданылуы 
43,1% 
13,8% 
10. Cөзіне сендіре білу деңгейі 
92% 
12,5% 
 
Кесте  37  –  Студенттердіңcәтсіз  шыққан  дәріс  үзіндісін  талдауы  мен  олардың 
нәтижелері
 
 
Факторлар 
Бақылау тобы 
Эксперимент тобы 
1. Сөйлеу қарқынының тым баяу 
болуы 
81% 
70,8% 
2. Сөздің логикалық 
құрылымының дұрыс сақталмауы 
56% 
45,8% 
3. Артикуляцияның дұрыс 
болмауы 
44% 
36,1% 
4. Ым-ишараның мүлдем 
қолданылмауы 
35,5% 
29,2% 
5. Дауыс тембрінің тым төмен 
болуы 
23,8% 
20,8% 
6. Кідірістердің көп қолданылуы 
17% 
19,5% 
7. Сөз экспрессивтілігінің төмен 
болуы 
26% 
18,1% 
 
 
Топтық жұмыстың соңында студенттерден оқытушы үшінқолданылуы тиіс 
сөздің қатысымдық сапасын көрсету ұсынылды. Мәселені алға қою барысында 
филолог-студенттердің  сөздің  қатысымдық  сапалары  туралы  көп  естігенімен, 
нақты  түсініктерінің  болмағаны  анықталды.  Кейбір  қатысымдық  сапалардың 
(сөз  дұрыстығы  мен  дәлдігі)  білім  алушылар  санасында  аражігі 
ажыратылмағаны  да  дәлелденді.  Нәтижесінде  мынадай  көрсеткіштер 
анықталды: 

150 
 
 
Сурет 38 –  Студенттердің оқытушы үшін қолданылуы тиіс сөздің қатысымдық 
сапасының көрсеткіші
 
 
 
  Сондай-ақ «Тілдік тұлға тұрғысынан оқытушының үлгі сөзін сипаттаңыз» 
деген  тапсырмаға  студенттер:  «материалды  жеңіл  әрі  түсінікті  тілде 
түсіндіреді»,  «сөзді  шұбыртпайды»,  «түсініксіз  болуы  мүмкін  жерлерін 
нақты  мысалдармен  дәйектеп  береді»,  «сөйлеген  сөзінен  оқытушының  жан-
жақтылығы  байқалады»,  «сұрақтар  қояды,  пікірталастарға  жағдай 
жасайды»,  «өзара  әрекеттік  байланысты  сақтап  отырады»,  «тілінің 
тазалығына  мән  береді»,  «сыртқы  келбетіне  мән  береді»,  «өз  пәніне 
қызығушылық  тудыра  біледі»,  «сөйлеуі  (дикциясы  тұрғысынан)  түсінікті», 
«тыңдармандарын  қажет  кезде  серпілтіп,  сергітіп  алады»  тәрізді  жауаптар 
берген. 
 
Екінші  кезеңде  Оқыту  қалыптастыру  эксперименті  жүргізілді. 
Қалыптастыру экспериментінің басты мақсаты – зерттеу тарапынан ұсынылған 
жаңа  «Риторика  және  педагогтың  сөйлеу  мәдениеті»  таңдау  пәнінің  аясында 
құрастырылған  әдістемелік  жүйенің  тиімділігін  оқыту  тәжірибесімен  жүзеге 
асыру. 
 
Қалыптастыру экспериментінің басты міндеттері: 
 
-  студенттердің  ауызша  тіл,  ауызша  сөз  мәдениеті  және  педагогикалық 
дискурстың негізгі тірек ұғымдары туралы түсініктерін қалыптастыру
 
-  жалпы  мәдениеттілікке  баулу,  соның  ішінде  сөз  мәдениетіне 
жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру
 
- 
студенттердің 
ауызша 
сөйлеу 
мәдениеті 
құзыреттіліктерін 
қалыптастырумен  қатар,  ойлау,  пайымдау,  шығармашылық,  эстетикалық 
қабілеттерін дамыту, тілдік сезімін шыңдау; 
 
-  кез  келген  коммуникативтік  және  педагогикалық  жағдаяттарда  ауызша 
тілдің прагматикалық қолданысын меңгерту. 
 
Оқыту  эксперименті  кезеңінде  төмендегідей  оқу  материалдары 
14%
10%
4%
25%
42%
5%
cөз дұрыстығы
сөз дәлдігі
сөздің логикалылығы
сөз байлығы
сөз тазалығы
сөз мәнерлілігі

151 
 
қолданылды: 
 
көрнекіліктер: суреттер, фотосуреттер, диаграммалар, кестелер, сызбалар, 
карикатуралар, шаршытоп алдында сөз сөйлеудің құрылымдық сызбалары т.б.; 
 
сөздік материалдар: мәтіндер мен сауалнамалар, жоспар, қанатты сөздер, 
мақал-мәтелдер, өлең үлгілері т.б.; 
 
-  аудиоматериалдар  (үлгісөздер,  түрлі  коммуникативтік  жағдаяттар 
үзінділері т.б.); 
 
-  көрнекілік-сөздік  материалдар:  дыбыстық  жазбалар,  кинофильмдер, 
бейнебаяндар т.б. 
 
Эксперимент  аталған  пәннің  білім  мазмұны  мен  ұсынылған  әдістемелік 
кешен  (оқу  әдістемелік  құрал  мен  жаттығулар  жинағы)  негізінде  жүргізілді. 
Ұсынылған  «Риторика  және  педагогтың  сөйлеу  мәдениеті»  таңдау  пәнінің 
негізгі  мақсаты  –  филолог-студенттерге  қазақ  ауызша  тілінің  жүйесі  мен 
құрылымын  меңгерту  арқылы  ауызша  сөйлеуге  тән  ғылыми  түсініктер  мен 
ұғымдарды  қалыптастыру,  олардың  ауызша  дұрыс  сөйлеу  құзыреттіліктерін 
дамыту. Осыған сәйкес, пән төмендегідей міндеттерді көздейді: 
-  тілдің  жалпы  адамзаттық  құндылық  ретіндегі  рөлі  туралы  ғылыми 
түсінік қалыптастыру;  
-  ауызша сөз мәдениетінің сатыларын игерту; 
-  тілдің эстетикалық табиғаты туралы ұғымдарды меңгерту; 
-  жаңа 
тілдік 
жағдаяттарда 
ауызша 
қарым-қатынас 
жасау 
құзыреттіліктерін қалыптастыру; 
-  стиль түрлеріне сай тілдік талғамдарын  жетілдіру; 
-  шаршытоп  алдында  сөйлеуге  төселдіру,  көпшілік  алдында  сөз 
мәдениетінің құрылымын меңгерту; 
-  педагогикалық  шешендіктің  мәні  мен  тарихы,  оның  мазмұны, 
компоненттері туралы түсінік қалыптастыру. 
 
Осыдан келіп, пәннен төмендегідей нәтижелер күтіледі:  
-  ауызша сөз мәдениетінің сатыларын меңгереді; 
-  ауызша сөйлеу тілінің ерекшелігі мен стильдік бедерін ажырата алады; 
-  сөйлеу әрекеті түрлеріне қатысты сөз мәдениеті дағдыларын біледі; 
-  ауызша  сөйлеу  тіліндегі  ықшамдылық,  үнемділік  қағидаларын  қолдана 
алады; 
-  шаршытоп алдында сөйлеуге дайындық сатыларын меңгереді; 
-  көпшілік алдында ауызша сөйлеу мәдениеті құрылымын меңгереді; 
-  пікірталас түрлерін игереді; 
-  ғылыми  көпшілік  алдында  сөйлеудің  шарттары  мен  міндеттерін  жүзеге 
асыра алады; 
-  әлеуметтік-тұрмыстық, 
әлеуметтік-саяси, 
ғылым-білім 
мазмұны 
тәріздіауызша мәтіндерді құрайды; 
-  жаңа тілдік жағдаяттарда таңдаған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 
мамандығына байланысты тілдік құралдарды орынды пайдалана алады; 
-  сөйлеуде    көріктеу  құралдары  мен  айшықтау  тәсілдерін,  сөздің 
қатысымдық сапаларын ұтымды қолдана алады; 
-  пікіралмасуда  этикеттік  орамдарды  пайдаланып,  сөйлесушілердің 

152 
 
әлеуметтік белгілеріне қарай қарым-қатынас жасайды;  
-  ғылыми,  ресми  стиль  түрлерінде  тілдік  талғамға  сай  ауызша  формада 
ойын жеткізе алады. 
 
Пәннің  аясында  оқыту  ұстанымдары  басшылыққа  алынып,  тиімді  деп 
табылған әдіс-тәсілдер қолданылды.  Мысалы, «Сөз мәдениеті және шешендік. 
Қазіргі  теориялық  концепциясы.  Пәнге  қойылатын  мақсаттар  мен  міндеттер» 
тақырыбын  меңгерудеге  байланыста  Шығармашылық  дәріс  сабағында  пәннің 
теориялық  концепциясын  білім  алушылар  ПОПС  формуласы  арқылы  бірге 
жасап  шығарды.  Пән  аясында  жасалатын  электронды  портфолио  жайлы 
түсінік берілді.  
 
Квест  семинар  сабағында  ауызша  сөз  мәдениеті  мен  шешендікті 
дамытуға арналған веб-сайттар тізімі жасалды. 
 
«Тіл,  сөз,  сөйлеу  туралы  ғалымдардың  тұжырымдамалары.  Олардың 
халық  және  ұлт  зиялыларының  санасындағы  көрінісі.  Ауызша  тіл  мен  жазба 
тілдің тілдік және тілдік емес белгілері. Ауызша тілдің ауызекі, бейтарап және 
әдеби  түрлері»  көрнекілік  дәрісі  барысында  тіл,  сөз,  сөйлеу  туралы 
ғалымдардың  тұжырымдамалары  бойынша  5  минуттық  демо-баяндама 
жасалып,  ауызша  тіл  мен  жазба  тілдің  айырмашылықтары  көрінетін 
салыстырмалы  кесте  түзілді.  Ауызша  тілдің  ауызекі,  бейтарап  және  әдеби 
түрлеріне  мысал  ретінде  дыбыстық  жазбалар  жиналды.  Орфоэпиялық 
сөздікті  пайдаланып,  сөздің  айтылуы  мен  жазылуына  байланысты  талдау 
жасалды. 
Тіл, 
сөз, 
сөйлеуге 
қатысты 
мақал-мәтелдер 
жарысы 
ұйымдастырылды.  
 
Ауызша  сөз  мәдениеті  және  оның  нормалық,  қатысымдық,  этикалық 
аспектілері  тұрғысынан  қаралуын,  сөздің  қатысымдық  сапаларын  ауызша  тіл 
мысалдарының  негізінде  норма  мен  жүйе  түсінігінің  аражігін  ажырату  үшін 
түрлі  педагогикалық  жағдаяттар  аясында  кейс  әдісі  бойынша  рөлдік  ойындар 
жүзеге  асырылды.  Ауызша  сөз  мәдениетінің  прагматикалық  қыры; 
коммуникативтік  мақсат  түсінігі,  оны  жүзеге  асыруда  қолданылатын 
стратегиялар  мен  тактика  түрлері;  дискурс  ұғымы,  оның  түрлері; 
педагогикалық  дискурстың  негізгі  тіректерін  меңгертуге  байланысты 
семинарда  аудио  және  бейнежазбалар  арқылы  педагогикалық  дискурстағы 
түрлі  жағдаяттарға  SWOT  талдау  жүргізілді.  Тіл  табысудағы  сәтсіздіктердің 
себептерін айқындау мақсатында түрлі жанрдағы тыңдалым мәтіндерін тыңдап, 
ассоциограмма жасау арқылы тыңдаушы мен сөйлеуші мәдениеті талқыланды. 
Іскерлік  ойындар  арқылы  сөзді  диалогтендіру  жолдары  меңгертілді.  Қазақ 
шешендігінің  қалыптасу  кезеңдеріне  хронологиялық  кесте  түзіліп,  «Үздік 
педагогикалық 
сөйленіс» 
жарысыұйымдастырылды.Сөйлеу 
техникасы, 
артикуляция  мен  дикцияны  жетілдіруге  бағытталған  кешенді  жаттығу 
жұмыстарыжүргізілді.  Білім  алушылардың  өлеңді  жатқа,  мәнерлеп 
оқу(мысалы,  кез  келген  бір  өлеңді  әртүрлі  эмоциямен  оқыту)  дағдысы 
жетілдірілді.Әртүрлі  ойындар  («Қолтырауын»,  «Сымсыз  телефон»  т.б.) 
арқылы бейвербалды амалдардың түрлері меңгертілді.  
 
«Әлеуметтік-тұрмыстық қатынастағы сөз әдебі. Қаратпа сөз әдебі. Қазақы 
қаратпалар»  тақырыбына  құрылған  бейне-дәрісте  әлем  халықтарының 

153 
 
сәлемдесу  әдебінің  сыртқы  және  ішкі  мазмұнын  ашатындай  көріністер 
қойылды.  
 
Тілдік  орта  мен  тілдік  тұлға  ұғымдарын  түсіндіру  бойынша  пресс-
конференция  семинарында  қостілділік пен үштілділіктің  адамның  когнитивтік 
санасына  әсер  ететін  ықпалына  байланысты  пікірталас  жағдаяттары 
ұйымдастырылды.  
 
Сондай-ақ  сабаққа  басқа  пән  оқытушыларын  (психология,  әлеуметтану 
т.б.)  шақырып,  бинарлы  дәріс  сабағында  «Уәжді  және  уәжсіз  ауытқулар. 
Ауызша  сөздің  дайындықты  және  дайындықсыз  типтері.  Әсіре  ресмилік» 
тақырыбын  меңгертуде  әлеуметтік  желілерді  пайдалану  арқылы  студент 
ауызша  сөздің  дайындықты  типін  жүзеге  асырып,  өз  сөйлеу  мәдениетін 
бағалады.  
 
Өзге  функционалды  стильдердің  ауызша  тілдегі  көрінісін  көрсету 
мақсатында  әртүрлі  автордың  бір  тақырыпта,  бірақ  әр  стильде  сөйлеген 
сөздерінен  үлгілер  келтіру  тапсырмасы  берілді.  БАҚ  ауызша  тіліндегі  сәтті 
және  сәтсіз  қолданыстарға  үлгілер  келтіріп,  ғылыми  стильде  жазылған 
мақаланы  ауызша  баяндауды  қосымша  тапсырма  ретінде  ұсындық.  Сонымен 
қатарқоғамда  үздік  деп  танылған  үлгі  сөздер  арнайы  дискіге  жинақталып, 
тыңдатылды және олар құрылымдық тұрғыдан талданды. 
 
 
 
Сурет 39 – Студенттерге тыңдатып, талдату мақсатында арнайы жинақталған  
авторлық бағдарлама 
 
 
Сондай-ақ  ауызша тілдің  қатысымдық сапаларын  студенттерге меңгерту 
үшін  нақты  коммуникативтік  жағдаяттарға  негізделген  оқыту-үйрету 
бейнежазбалары жинақталды. 
 

154 
 
 
 
Сурет 40 – Ауызша сөздің қатысымдық сапаларын меңгертуге бағытталған 
оқыту-үйрету бейнежазбалары бойынша даярланған авторлық бағдарлама  
 
 
Аталған бейнежазбалар жалпы көпшілік қауымға да бағытталғандықтан, 
олар Youtube желісінде арнайы канал ашылып, қойылды: 
 
 
 
Сурет 41 – Ауызша сөздің қатысымдық сапаларын меңгертуге бағытталған 
Youtube желісіндегі авторлық оқыту-үйрету бейнежазбаларынан көрініс 
 

155 
 
 
Семинар  сабақтарында  жазба  сөз  мәдениетіне  қойылатын  талаптар  мен 
үздік  жазба  сөздің  құрылымын  модельдеуде  студенттерге белгілі  бір  тақырып 
аясында  жазба  риториканың  үлгісі  болатындай  эссе  немесе  басқа  да  жазба 
жұмыстың  түрлерін  орындаутапсырылды.  Сонымен  қатар  оқытушының 
алдын  ала  даярлаған  материалдары  негізінде  ең  үздік  эссе  құрылымдарына 
талдау  жасалды.  Жазу  мәдениетіндегі  орфографиялық  норманы,  сөздердің 
бірге/бөлек  жазылуын  меңгертуде  өздік  жұмыстар  орындалды.  Атап  айтар 
болсақ,  студенттерді  «Бірге»  және  «Бөлек»  топтарына  бөліп,  әрқайсысы  бір-
біріне  өз  топтарының  мазмұнын  тірек-сызбалар  негізінде  түсіндірді.  Бірге-
бөлек  жазылатын  сөздер  ауызша  айтылу  нұсқаларымен  салыстырмалы  түрде 
талданып, сараланды. 
 
Жалпы  алғанда,  оқу  үдерісінде  дәріс  немесе  семинар  сабақтарында 
ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар  тиімді  қолданылды.  Осы 
мақсатта  қазіргі  кезде  білім  беру  саласындағы  танымал  компьютерлік 
бағдарламалар пайдаланылды. Солардың бірі – LearningApps бағдарламасы. 
 
 
 
 
Сурет 42 – LearningApps бағдарламасы (https://learningapps.org/) арқылы 
жасалған тапсырма үлгісі 
 
 
Көрсетілген  компьютерлік  оқыту  тәжірибесінде  бағдарламаны  жаңа 
сабақты  бекіту  кезеңінде  қолданған  өте  тиімді  екені  дәлелденді.  Жоғарыда 
берілген  тапсырма  ауызша  сөздің  қатысымдық  сапаларының  бірі  –  сөз 
байлығына қатысты ұғымдарды өткен кезде жасалған. Тұрақты сөз тіркестері – 
сөз байлығының бірден бір көрсеткіші. Тапсырманың берілгені бойынша, яғни 
фразеологизмдерді  мағынасымен  сәйкестендіру  арқылы  білім  жадында  берік 
сақталады. Бұдан басқа бағдарламаның көмегімен «жұбын табу», «бос орынды 
толтыру»,  «суреттермен  жұмыс»,  «ретімен  орналастыру»  секілді  тапсырма 
түрлері оырндалды. 
 
Одан  басқа  да  дәріс  және  семинар  сабақтарында  көптеген  жаңа 

156 
 
компьютерлік  бағдарламалар  қолданылды.  Олардың  кейбіреуімен  төмендегі 
берілген суреттерден көруге болады: 
 
 
 
Сурет 43 – «Vimeo» бейнежазбалар жасауға арналған бағдарламасымен 
(https://vimeo.com/)жасалған дәріс үзіндісі 
 
 
 
 
Сурет 44 – «Moodle» бағдарламасы арқылы жасалған пәннің оқу-әдістемелік 
кешені (https://moodle.org/?lang=kk) 
 
 
Дәріс  және  семинар  сабақтарынан  басқастуденттің  өздік  жұмысы  (СӨЖ), 
студенттің  оқытушымен  орындайтын  жұмыстары  (СОӨЖ)  өз  деңгейінде 
өткізілді.  Студенттің  өздік  жұмыстарының  мақсаты  –  өз  бетіншебілім  алуға, 

157 
 
өзіндік  ой  қорытулар  жасауға  баулу.  Төменде  «Риторика  және  педагогтың 
сөйлеу  мәдениеті»  пәні  аясында  орындалған  СӨЖ  тақырыптары  ұсынылады. 
Студенттер  осы  тақырыптар  бойынша  шығармашылық  деңгейдегі  менталді 
кестелер  мен  постерлер  жасады,  бибилиографиялық  көрсеткіштер  мен 
альбомдар  даярлады,  сондай-ақ  бейнероликтері  бар  көрсетілімдер,  слайдтар 
түріндегі презентациялар, ауызша сөз мәдениетіне қатысты жинаған сөздерден 
әртүрлі сөздіктер құрастырды, шаршысөз алдында сөйлеу мәдениетіне қатысты 
модельдер  даярлап,  ашық,  жабық  тестер  мен  сөзжұмбақ  т.б.  өздік  жұмыс 
түрлерін орындады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет