Дуйсебекова Жайнагул Мураткызы Ауызша тілдің жүйесі мен құрылымын меңгерту арқылы филолог-студенттердің сөз мәдениетін қалыптастыру әдістемесі



Pdf көрінісі
бет14/19
Дата10.04.2020
өлшемі4,55 Mb.
#62177
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
disert-duysebekova Ауызша тил мен жуйеси


интербелсенді  әдістерауызша  сөз  мәдениетін  оқытуда  аса  тиімді  [224,  б.25]. 
Осыған сәйкес, бағалауда түрлі стратегиялық әдістер («Екі жұлдыз, бір тілек», 
«SWOT талдау» т.б.) пайдаланылады. Білімді бағалауда топ мүшелерінің сөздің 
қатысымдық  сапаларын  сақтап,  сөздерінің  құрылымдық  мазмұнының  дұрыс 
құрылуы секілді талаптарға сай жауап бергендері ескеріледі. 
 
Оқу  барысында  тиімді  қолданылып  жүрген  әдістердің  бірі  –  портфолио
«Портфолио  –  студенттің  семестр  бойы  орындаған  жұмыстары  мен 
жетістіктерінің нәтижесі және оның дәлелі. Аталған әдіс студенттердің білімін 
қорытынды  әрекет  бойынша  бағаламай,  үдеріс  бойынша  бағалауға  мүмкіндік 
береді.  Портфолио  білім  алушы  мен  оқытушының  мақсатына  қарай  меншікті 
(студенттер  өздеріне  құрастырады),  есеп  беру  (студенттер  оқытушы 
бақылауымен  құрастырады)  және  жоба-портфолио  (студенттер өз  әрекеттерін 
ұйымдастыру  үшін  құрастырады)  болып  бөлінсе,  мазмұны  бойынша 
жетістіктер (студенттердің белгілі бір уақыт аралығындағы жұмыстары), ой-
толғаныс  (студенттердің  көзделген  мақсаттарға  жетуін  бағалау),  өзекті 
мәселені  шешуге  бағытталған  (өзекті  мәселені  шешудің  мақсаттарын,  шешу 
үдерісі  мен  нәтижелерін  көрсететін  барлық  материалдар)  және  тақырыптық 
(белгілі  бір  тақырып  аумағында  студенттердің  жұмысын  көрсететін 
материалдар)  портфолиосы  болады»  [225,  б.186-189].  Тәжірибеде  филолог-
студенттерге  өзекті  мәселені  шешуге  бағытталған  портфолионы  жасатуғабаса 
мән  берілді.  Нәтижесінде,  білім  алушылардың  ауызша  сөз  мәдениетін 
қалыптастыруға 
байланысты 
портфолиоларының 
мазмұны 
мынадай 
жұмыстармен толықтырылды: 
 
- топтық жұмыс нәтижелері
 
- шығармашылық жұмыстар; 
 
- ауызша тілге қатысты сауалнамалар мен оларды талдау нәтижелері; 
 
- тақырып бойынша өздік тапсырмалар
 
-  оқытушының  тапсырмасымен  жинақталған  түрлі  аудиожазбалар, 
бейнежазбалар; 
 
- өзін-өзі бағалаулары; 

129 
 
 
- тақырып бойынша ізденіп оқыған еңбектердің тірек жазбалары
 
- пән тақырыптары бойынша жасалған баяндамалар. 
 
Портфолио арқылы студенттің  оқу  материалын  игеріп-игермегенін  ғана 
емес,  оның  пәнді  қалай  игергенін,  қандай  тақырыптар  бойынша  толықтыруды 
қажет ететінін анықтауға болады. 
Білім  алушылардың  ауызша  сөз  мәдениетін  эстетикалық  тұрғыдан 
дамытатын  әдістердің  бірі  –  көркем  мәтін  арқылы  дамыту.  Әдісті  жүзеге 
асыру барысында мәтінді таңдауға ерекше мән берілді. Ол мәтін ауызша сөйлеу 
тіліне  жақын  жазылған  болуы  керек.  Ондай  мәтіндердің  мазмұнын,  негізінен 
Алашорда  қайраткерлері  шығармалары  құрайды.  Сол  кезеңдегі  зиялылардың 
тілін  зерттеуші,  профессор  Б.Момынова  олардың  тілдік  құрылымға  енгізген 
ерекшеліктері  ретінде  «ауызша  тіл  элементтерінің  өңделіп  отыруы  мен  жазба 
тілдік  құрылымдардың  араласып  келіп  отыруын»  атап  өтеді  [226,  б.44]. 
Мысалы, «Бейімбет Майлин әңгімелері қазақ прозасының алғашқы үлгілерінің 
бірінен  саналады.  Қазақ  прозасының  алғашқы  үлгісі  Майлин  шығармаларын 
қазіргі көркем әдебиет үздігі санауымыздың бір себебі – ондағы ауызша сөйлеу 
тілі мен оның элементтері қолданылуының ерекшеліктеріне байланыстырамыз. 
Осы орайда  біз пәнді сөйлеу тілі мен көркемсөз стилін ұштастырған үлгі мәтін 
«Шұғаның белгісінен» бастаймыз. «Шұғаның белгісінде» айтылмаған не қалды 
дерсіз?  Әрине,  осыдан  тура  102  жыл  бұрын  16  жасар  жас  жігіттің  қаламынан 
туған,  бір  демде  оқылып,  әсері  айықтырмайтын,  кезінде  академик-жазушы 
Ғ.Мүсірепов  пен  академик  З.Қабдоловты  тамсандырған  және  ол  кісілердің 
қаламынан  өзі  сияқты  ғажап  талдау  тудырған  22  беттен  тұратын  шығарма 
туралы  көп  айтылды.  Бейімбет  Майлин  деп,  Шұғаны  көп  айттық.  Сонда 
жазушының  тілінде  бір  оқығанда,  «Әттең,  бітіп  қалғаны-ай!»  деп  өкінетіндей 
не  бар?  Сөйтсек,  мұнда  ХХ  ғасыр  басындағы  қазақтың  ауызша  әңгіме  айту 
дәстүрі, қаймағы бұзылмаған қазақтың ауызша әдеби сөйлеу тілі бар екен. Яғни 
оның  негізінде  бүгінгі  шаршысөз  стилінің  де,  көркемсөз,  іскери,  ғылыми  сөз 
сияқты  барлық  функционалды  стильдердің  жүгін  бір  өзі  арқалаған  ауызша 
әдеби  сөз  жатыр  екен.  Туындыда  сол  тілдің  айна-қатесіз,  бұлжымай  қағазға 
басылуы,  жазба  тілге  айналған  ауызша  тіл  бары  белгілі  болды.  БІЗДЕР  сол 
қазақы  ауызша  тілімізді  сағынған  екенбіз.Әңгімедегі  сөз  дұрыстығы,  сөз 
дәлдігі,  сөз  қысқалығы  деген  нормаларды  студенттердің  шығармашылық 
жұмыстарына  үлгі  етіп  алдыру  болатын.  Қазақ  ауызша  әңгіме  айту  дәстүріне, 
ауызша  әдеби  сөзді  жазба  сөзге  айналдырып,  қарапайымдылықтан  көркемдік, 
одан ұлылық жасай білген Бейімбетке жасалған жарнама болатыны анық» [227, 
б.74-79].  
Сондай-ақ  кезінде  «француз  жазушысы  әрі  философы  Жан-Жак  Руссо 
өзінің  «Эмиль  немесе  тәрбие  туралы»  атты  кітабында:  «Баланы  өмір  сүруге 
үйрету  керек»,  –  деп  жазған  болатын.Өйткені  өмір  сүру  –  адамның  ең  басты 
мақсаты  мен  міндеті.  Ал  өмір  сүру  дегеніміз  –  өмірдің  әрбір  мезетін,  әрбір 
көрінісін  толыққанды,  бар  мүмкіншіліктеріңмен  сезіну:  дана  деп  көп  ғұмыр 
сүрген  адамды  емес,  өмірді  жан-жақты  сезіне  білген  адамды  атамаймыз  ба?». 
Сол  үшін  де  шәкірт  оқу  орнының  табалдырығынан  қандай  да  бір  ғылым 
иемденіп қана емес, бірінші кезекте адам болып шығуы қажет. Ол өз жүрегі мен 

130 
 
жанын  өмірге  және  басқа  адамдарға  айқара  ашқан,  жалған  қағидаларды 
ұстанбайтын,  дүниеге  өзіндік  көзқарасы  бар  тұлға  болуы  керек»  [225,  б.24]. 
Сондықтан  белгілі  бір  айтар  тағылымды  ойы  бар  мәтіндерді  де  оқытып,  оны 
ауызша  талқылау  жүргізу  арқылы  білім  алушылардың  бойында  полемикалық 
қатысымғадайындалуға, сыни тұрғыдан ойлауын дамытуға мүмкіндік беріледі. 
Осымен байланысты төмендегідей мәтінді беруге болады [228, б.143]: 
Бір күні қызы әкесіне шағымданады: 
 
-  Әке,  мен  сондай  бақытсызбын.  Не  істерімді  де  білмеймін.  Өмірмен 
күресуден шаршадым. Бір кедергіден құтылсам, екіншісі тағы шыға келеді.  
 
Әкесі  аспаз  болатын,  қызын  ас  үйге  ертіп  әкеледі  де,  үш  қазанға  бірдей 
етіп  су  құйып,  отқа  қояды.  Су  қайнай  бастағанда  біріне  картоп,  екіншісіне 
жұмыртқа,  үшіншісіне  кофе  дәндерін  салады.  Қызына  үн  қатпай,  қайнатып 
отырады. Қызы әкесінің әрекетіне таңданып, бір жағынан іші пысып кетеді. 
20  минуттан  кейін  әкесі  отты  сөндіреді.  Картоп  пен  жұмыртқаны  алып, 
бөлек ыдысқа салады да, кофені ұрттап, бір кесеге құяды. 
 
- Қызым, не көріп тұрсың? 
 
- Картоп, жұмыртқа, кофе, - деп, қызы асығыс жауап береді. 
 
- Жақындап қарашы, картопты ұстап көрші, - дейді әкесі. 
 
Қызы картоптың жұмсарғанын көреді. Әкесі жұмыртқаны алып, жарып 
көруін  ұсынғанда,  қызы  оның  қатайғанын  байқайды.  Соңында,  кофені  ішіп 
көруін өтінгенде, оның хош иісі қызының жүзіне күлкі ұялатады. 
 
- Әке, бұл не деген сөз, түсінбедім? – деп сұрайды қызы. 
 
-  Картоп  та,  жұмыртқа  да,  кофенің  дәндері  де  бірдей  қайнаған  судың 
ішінде  тұрып,  бірдей  қиыншылық  көрді.  Бірақ  бұл  қиыншылықты  әрқайсысы 
әртүрлі  қабылдады.  Өзін  қаттымын  деп  есептеген  картоп  қайнаған  суда 
жұмсарып  сала  берді.  Нәзік  қабықпен  қорғалған  жұмыртқаның  ішіндегі 
сұйықтық керісінше қатайды. Өте мықты деген кофе дәндері болса, қайнаған 
суды өзгертіп, оған жаңалық әкелді. Ендеше, сен бұлардың қайсысысың?- деп 
сұрады  әкесі  қызынан.  –  Басыңа  қиыншылық  түскенде  сен  қалай  жауап 
бересің? Сен картопсың ба, жұмытрқасың ба, әлде кофесің бе?  
(«Оқу сауаттылығы» кітабынан) 
 
Мәтіннің соңғы «Сен картопсың ба, жұмытрқасың ба, әлде кофесің бе?» 
деген  сұрағын  студенттерге  қойып,  олардың  ауызша  жауап  берулерін 
сұраймыз.  Нәтижесінде  олар  өз  ойын  полемикалық  дискурста  дұрыс  жеткізе 
алуды үйренеді.  
Пікірталас  әдісі  –  білім  алушылардың  шағын  топта  өзекті  бір  мәселе 
бойынша  өз  ойларын  пікірталасқа  қатысушы  басқа  да  тұлғалардың 
көзқарастарын  ескере  отырып,  дәлелдеу.  «Пікірталас  –  оқу  мен  оқытудың 
тиімді әдістерінің бірі, өйткені студенттер қандай да бір өміршең мәселе немесе 
проблеманы жан-жақты қарастыру және талқылауда өздерінің теориялық және 
практикалық  білімдерін  жинақтап,  оларды  қолдана  отырып,  өз  көзқарасын 
пайымдау  мен  түйіндеуге,  өзге  пікірлерді  ескеруге  және  оларды  өз  қажетіне 
пайдалануға  үйренеді»  [225,  б.278].  Аталған  қасиеттер  филолог-студенттерге 
қажет  болары  анық.  Алайда  қазір  «пікірталас  негізінде  оқыту»  деп  атын  атап 
айтқанымызбен,  оқу  үдерісінде  пікірталастың  барлық  шарттарына  сәйкес 

131 
 
ұйымдастыра  бермейміз.  Сабақ  үстінде  пікірталас  ұйымдастырамыз  деп, 
студенттер шулап, даурығып, бір-бірімен келіспей жатқаннан әрі аса алмаймыз. 
Бұл  біздің    қазіргі  студент-жастардың  арасында  пікірталас  мәдениетінің 
көрсеткіші  болып  отыр.  Ол  көрсеткіш  пікірталас  ережелерін  біліп-білмеумен, 
білсе  де,  оны  сақтауға  тырыспаумен  өлшенеді.  Оқытушылар,  әдетте,бір-екі 
сәтсіз  ұйымдастырылған  пікірталастан  кейін  бұл  әдісті  қайта  пайдаланбайды.  
Бір  нәрсенің  толық  қалыптасуы  үшін  оған  дайындықтың,  белгілі  бір 
кезеңдердің  болуы  заңды.  Сондықтан  білім  алушылардың,  әсіресе  филолог-
студенттердің  ауызша  сөз  мәдениетін  дамыту  үшін,  орайы  келгенде 
пікірталасты ұйымдастырған тиімді.  
Ауызша  сөз  мәдениетін  қалыптастыру  барысында  жаттығу  әдістері 
қолданылды.  Жалпы,  сөз  мәдениетіне  қатысты  жаттығулар  жүйесін 
толыққанды  қалыптасқан  деуге  келмейді.  Себебі  көп  жылдар  бойы  сөз 
мәдениеті стилистикамен қатар оқытылып келгендіктен, екі пәннің жаттығулар 
жүйесінің аражігі толығымен ажыратылмаған. 
Ауызша  сөз  мәдениетін  дамытуға  бағытталған  жаттығулар  жүйесін 
жасаудың  басты  ұстанымы  –  жүйелілік.  Алға  қойған  мақсатқа  жету  үшін 
жаттығулар мен практикалық тапсырмалардың реттілігін қалай қойған дұрыс? 
Ең  бірінші,  ол  «қарапайымнан  күрделіге  қарай»  ережесін  сақтауы  керек. 
Екіншіден,  білім  алушылардың  іс-әрекеті  тұрғысынан  әртүрлі  әрі  қызықты 
болуы  тиіс.  Жаттығулар  мен  тапсырмалар  жүйесінің  дұрыс  құрылуы  –  оқыту 
тиімділігінің  бірден-бір  көрсеткіші.  Жалпы  әдістемелік  еңбектерге  сүйене 
отырып,  ауызша  сөз  мәдениетін  дамытуға  арналған  жаттығулардың  түрлерін 
төмендегідей етіп топтауға болады: 
1)  Дайындық  жаттығулары.  Жаттығулардың  басты  мақсаты  –  ауызша 
тіл  мен  ауызша  сөз  мәдениетінің,  педагогикалық  дискурстың  тірек  ұғымдары 
туралы  түсінік  беру.  Басқаша  айтқанда,  олар  білімнің  теориялық  базасын 
құрайды. Оқыту үдерісінде мынадай жаттығулардың үлгісі орындалды: 
А.Байтұрсынұлының  ауызша  сөзге  қатысты  қолданған  термин 
сөздеріне  назар  аударыңыздар.  Олар  қазіргі  таңда  қандай  баламалармен 
аталып жүр? Сіздер қайсысын қолдар едіңіздер? Жауаптарыңызды ортаға 
салыңыздар. Пікірлеріңізді білдіріңіздер. 
Шешенсөз,  қимылсөз,  бейнесөз,  дыбыссөз,  айтын,  айтым,  айташы, 
айтаман,  айтарман,  сөзгер,  замансөзгер,  көсемсөзгер,  алқаман,  алқасөз, 
саясатсөз,  биліксөз,  білімірсөз,  уағызсөз,  бастама,  ұсынба,  мазмұндама, 
қыздырма, қорытпа, көзбесөз, келіссөз, сөйлесім, тілдесім, қатысым. 
 
Көрсетілген жаттығулардың негізінде студенттердің филологиялық сөздік 
қорларын кеңейіп қана қоймай, терминдердің мағынасын терең түсінеді, жады-
естеріне  ұзақ  сақтайды.  Сонымен  қатар  бұл  топтағы  жаттығуларды 
төмендегідей жалғастыруға болады: 
 
Сөйлемдерден  көңіл-күйді  білдіру  мақсатында  екпін  түскен  сөздерді 
тауып, қай дыбыстар арқылы, қалай беріліп тұрғанын түсіндіріңіздер. 
 
1)  –  Түу, ұшу  деген  қандай  жақсы  еді!  Неғып  сонша  ұшпай  отырғамыз? 
Дүние  қандай  кең  еді  (Ғ.М.).  2)  –  О-о...  тұра  тұр,  мына  отағасының 
сарқытынан  атып  кетейін,  –  деп  Сатан  шалға  алақанын  тосты  (І.Ж.).3)  – 

132 
 
Мәссаған, міне, саған, ақсақал! – деп күліп жіберіппін мен (Ә.Әлім). 4) – Жө-өн, 
балам,  сөйтіп  сен  мынау  көгілдір  таулардың  арғы  бетінен  келген  екенсің  ғой 
(Ә.Әлім).  5)  –  Бр-р-р.  Адамның  табиғи  құштарлығын  теңемейтін  нәрсеге 
теңейді екенсің (Ә.Әлім) [229, б.55]. 
 
Мұнда  студент  екпін,  интонация  секілді  базалық  ұғымдарды  тереңірек 
түсініп,  оны  тілдік  фактілер  негізінде  дәлелдеп  үйренеді.Блім  алушылардың 
ауызша  сөз  мәдениетін  және  шешендігін  дамыту  ісінде  сөз  қолданысына 
көбірек  мән  беріледі  де,  сөйлеу  аппаратын  дамытатын  жаттығулар  тысқары 
қалады. Мысалы, сыбызғы, сазсырнай секілді аспаптарда ойнайтын музыкантқа 
дыбыстардың  қайдан,  қалай  шығатынын  сұрағанда,  көбі  аспапты  сипаттап 
береді.  Ал  қарапайым  ауа  ағынын  әуен  толқындарына  айналдыратынын 
сұрағанда,  оның  тосылатыны  –  заңдылық.  Осы  тәрізді  сөз  атты  құралмен 
тікелей  жұмыс  істейтін  тіл  мамандарының  да  сөйлеу  аппараты  туралы  білімі 
таяз  болуы  мүмкін.  Шындығында,  дыбыс  толқындары  қалай  пайда  болады? 
Адамның  дауысы,  тембрі  неге  әртүрлі?  Дауыс  арқылы  сезімді,  эмоцияны 
жеткізу  амалдары  қандай?  Мұнда  қандай  акустикалық,  физиологиялық  және 
психологиялық  заңдылықтар  басшылыққа  алынады?  Филолог-студент  кейбір 
сұрақтардың  жауаптарын  «Фонетика»  пәнінің  аясынан  іздейді.  Бірақ  бұл  –
теориялық  жағы.  Оның  тәжірибедегі  қолданысын,  ауызша  сөйлеуде  тиімді 
пайдаланудың жолдарын шешендікке немесе ауызша сөз мәдениетіне баулитын 
сабақтарда  қарастырылуы  керек.  Мәселен,  төмендегі  адамның  сөйлеу 
аппаратының сызбасына назар аударып көрейік. 
 
 
Сурет 30 – Адамның сөйлеу аппараты
 
 
 
Адамның  сөйлеу  аппараты  –  өте  күрделі.  Оны  басқаруды  үйрету,  дұрыс 
қолдануға  төселдіру  –  барлығы  сөйлеуге  дайындық  кезеңінде  жүргізілуі  тиіс. 
Бұл мәселеде студенттің суретке қарап түсінуінің де маңызы зор.  
 С.Аташев тілдің ішкі құрылым жүйесіне қатысты нормаларды айтқанда, мына 
мұрын қуысы 
тілшік 
таңдай 
ауыз қуысы 
тіл ортасы 
үстіңгі тістер 
да
уы
с 
жел
бе
зе
гі
 
кеңірдек 
астыңғы тістер 
тіл түбірі 

133 
 
мәселелерге назар аудартады: 
 
- сөйлегенде тілдегі дыбыстардың дұрыс, анық айтылуы (фонологиялық-
дикциялық); 
 
- сөйлеу әуені, қарқыны, дауыс күші мен кідірістерді сақтау және дауыс 
тембрі (интонологиялық-просодиялық); 
 
- екпіннің түсуін және түрлерін сақтау (акцентологиялық); 
 
- сөйлеу мәдениетіне қатысты нормалардың сақталуы (қатысымдық); 
 
-  тілдегі  көркемдік  құралдар,  тіл  байлығын,  оның  мүмкіндіктерін 
пайдалану:  көркемдеу,  айшықтау,  дәлелдеу,  сөздерді  іріктеу  (образды-
эстетикалық); 
 
-  сөйлеуде  тілдің  өз  заңдылықтарына  қатысты  халықтық,  дәстүр-
салттық ерекшеліктерді сақтау (коммуникативтік-этникалық); 
 
-  сөйлегенде  ойдың  көлемін,  мазмұндық  құрылымын,  хабардың  жеткізу 
жүйесін  реттеу  (информативтік-коммуникативтік,  контекстік)»,  –  деп 
көрсетеді [230, б.56]. Мұндағы алғашқы үш сатысы ауызша сөйлеуге қатысты. 
Демек,  ауызша  сөз  мәдениетін,  шешендікті  меңгерген  студентке  бастапқы 
кезеңдердегімәселелер  маңызды.  М.Құдайбергенова:  «Дыбыстау,  екпін, 
интонация  туралы  дағдысын  қалыптастыру  төрт  компоненттен  тұрады:  а) 
көрсету,  еліктеу;  ә)  дыбыстау,  екпін,  интонацияны  айтылу  жолын,  оның 
артикуляциясын  түсіндіру;  б)  арнаулы  жаттығу  жүргізу;  в)  айтып 
дағдыландыру»,  –  деп  бөледі  [126,  б.15].  Бұл  жаттығулардың  сипаты  көбінде 
физиологиялық  болғандықтан,  білім  алушылардың  назарына  ілінбейді. 
Сондықтан бұл типтегі жаттығулардың ауызша сөйлеудегі маңызын түсіндіріп 
көрсеткенде  және  оларды  жүргізудің  тиімді  әдіс-тәсілдерін  қолданғанда, 
студенттердің қызығушылығы мен ынтасын арттыруға болады. 
 
2) Көрнекілік жаттығуларының негізгі мақсаты – арнайы берілген оқу 
материалдары  негізінде қажетті  тұжырымдарды  дәлелдеу.  Оған  ауызша  тілдің 
өзіндік ерекшеліктерін көрсету үшін дыбыстық және видеожазбаларды қолдану 
тиімді. Сөздіктермен жұмыс осы топтағы жаттығулар қатарына жатады.Сөздің 
дұрыс айтылуын тексеру мақсатында орфоэпиялық сөздікпен, белгілі бір сөздің 
қолданыстағы  мағынасын  анықтауда  –  түсіндірмелі  сөздікпен,  сөздің 
қатысымдық  сапаларының  бірі,  сөз  байлығын  жетілдіруде  –  синонимдер, 
антонимдер  сөздігімен,  одан  басқа  жиілік,  этимологиялық,  терминдер 
сөздіктерімен жұмыстар тиімді. 
 
3)  Негізгі,  бекіту  жаттығулары.  Аталмыш  жаттығулар  күнделікті  әр 
дәрістен  кейін,  оны  бекіту  мақсатында  орындалатын  жаттығулар  мен 
тапсырмаларды  атап  көрсетуге  болады.  Ауызша  сөз  мәдениеті  әдістемесінде 
бұлардың  маңызы  зор.  Себебі  пән  мазмұнын  меңгеру  деңгейі  осы  типтегі 
атқарылатын жұмыстарға тікелей байланысты. 
 
4)  Қайталау,  қорытындылау  жаттығуларына  білім  алушылардың 
өзіндік  (СӨЖ)  және  оқытушының  көмегімен  орындалатын  (СОӨЖ) 
жұмыстарын  кіргізе  аламыз.  Яғни  бұл  топтағы  тапсырмалардың  міндеті  – 
игерген білімге шолу жасау, білгендерін  дәрісте айтылған тақырыптардан тыс 
бір мәселе төңірегінде дәлелдеу, талдау.  
 
5) 
Шығармашылық 
жаттығулар. 
Пәнді 
меңгертудің 
әр 

134 
 
кезеңіндежүргізуге  болатын  жұмыстар.  Олар  филолог-студенттерді  болашақ 
кәсібіне  бейімделуіне,  табиғи  болмысына  бойлауына  мүмкіндік  береді.  Оқыту 
барысында қолданылған жоғары нәтижелер берген шығармашылық жаттығулар 
үлгілері төмендегідей: 
 
«Ғалым,  педагог  В.Карасиктің  келтірген  педагогикалық  дискурс 
бойынша белгілеген құндылықтарымен танысыңыздар.  
   
- Білімнің өзі – құндылық, сондықтан тынбай оқу керек. Ол үшін білімнің 
қайнар көздері болған мұғалімге, ең бастысы – кітаптарға, оқу үдерісіне және 
білім алған орынға құрмет көрсету қажет. 
   
-  Алған  білім  терең  немесе  үстірт  болады.  Әрқашан  терең  білім  алуға 
ұмтылған  дұрыс.  Ал  үстірт  алынған  білімді барынша толықтырып отырған 
жақсы. 
   
-  Білім  қайталаумен  сіңеді.  Соған  сай  үнемі  алынған  білімді  тәжірибеде 
жүзеге асырып көруге ұмтылған дұрыс. 
   
- Ұстаз – әрқашан өз шәкіртіне үлгі. 
Өз  ойыңызды  білдіріңіз.  Аталған  құндылықтар  мұғалім  мен 
оқушының 
қарым-қатынас 
үдерісімен 
қалай 
байланысады? 
Педагогикалық  дискурстың  негізінде  туындайтын  құндылықтар, 
В.Карасиктің  пікірінше,  толық  емес.  Сіздің  ойыңызша,  тізімді  қандай 
философиялық,  психологиялық,  дидактикалық  және  риторикалық 
сипаттағы құндылықтармен толықтыру қажет?». 
Құндылықтар тізімін толықтыру кезінде студенттердің көпшілігінің пікірі 
басқа  бір  беделді  пікір  иесіне  негізделгенін  байқаймыз.  Сондай-ақ  «Тізімді» 
толықтыру  мақсатында  айтылған  пікірлерді  бірнеше  топтарға  бөлуге  болады. 
Алдыменфилософиялық сипаттағы пікірлерге тоқталсақ: 
 
1)  «Сократтың  әйгілі  сөзін  білесіздер  ме?«Мен  өзімнің  ештеңе 
білмейтінімді  білемін».  Яғни  ұстаздықта  өз  білімін  мінсіз  деп  санауға  орын 
жоқ!» (2-курс студенті М.Мелдебек).
 
    2)  «Ұлы  Абай:  «Адамның  адамшылығы  жақсы  ұстаздан  болады»  деген. 
Яғни оқушының бойындағы «адамгершілік дәнегі» ұстаздың қолымен себіледі» 
(2-курс студенті Ж.Балтамұратова).  
 
Студенттердің  берген  жауаптарындапсихологиялық  және  дидактикалық 
сипаттағы  пікірлер  де  болады.  Осы  орайда  айта  кететініміз,  оқыту  барысында 
мұғалімнің ауызша тілінің мазмұндық бөлігін меңгерту кезіндетиімді әдістерге 
назар аударылды: 
 
1)  «М.Горькийдің  мынадай  сөзі  бар:  «Мұғалім  әділ  болғысы  келсе,  өзі  де 
зерек  оқушы  бола  білуі  керек».  Демек,  сабақ  барысында  оқушы  ғана  емес, 
мұғалім  де  өз  білімін  толықтырып  отыратынына  сенімді  болуы  қажет»  (2-
курс студенті Б.Қадырбай). 
Пікірлерін  білдіруші  студенттердің  енді  бір  тобы  әдістемелік  сипаттағы 
ойларын айтты. Солардың бірқатарынан мысал үзінділері: 
 
1) «Оқушылардың сөз мәдениетін қалыптастыру – филолог-оқытушының 
басты міндеті. Ал оның бастауында не тұрады деп ойлайсыздар? Ол, әрине, 
мұғалімнің  өзінің  сөзі.  Осыдан  келіп,  үлгі  сөз  болуға  тиіс  оқытушының  сөзі 
оқушылардың  бойында  тілдік  талғамды,  өз  ауызша  тіліне  деген  сыни 

135 
 
көзқарасты  қалыптастырып,  оны  жетілдіруге  деген  қажеттілікті оятады» 
(2-курс студенті А.Абильдаева).  
 
  2)  «Тыңдау  сөйлеуге  қарағанда,  әлдеқайда  қиынырақ  екендігінде  ешкімнің 
дауы жоқ шығар. Яғни мұғалім өз ауызша тілінің құрылымына ғана емес, оның 
сөйлену  техникасына  да  мән  беруі  керек.  Оқушылар  үшін  өзін  тыңдатуды 
«қиынның қиынына» айналдырмауы керек» (2-курс студенті Ә.Зәкәрия).  
Мұндай  сипаттағы  тапсырмалар  тек  білім  беру  және  коммуникативтік 
қарым-қатынас орната білу тұрғысынан ғана маңызды емес. Тапсырма мазмұны 
адамгершілік,  этикалық  аспектілерді  де  қозғайды.  Педагогикалық  дискурсты 
зерттеушілердің 
пайымдауынша, 
«қоғамның 
басты 
құндылықтарын 
қалыптастыру  мүмкіндігі  білім  беру  саласы  адамгершілік  өлшемдерге 
негізделгенде ғана жүзеге асады». Ал бұл өз кезегінде сол білімді беріп отырған 
мұғалімнің тұлғасына, оның әрбір сөзінің дұрыс әрі жүйелі құрылуына тікелей 
байланысты [231,б.182-185]. 
Сонымен  қатар:  «Мұғаліммен  сұхбат  жүргізуге  сұрақтар  дайындаңыз. 
Сіздің басты міндетіңіз – түрлі жағдаяттағы (сабақ, ата-аналар жиналысы, 
әдістемелік бірлестіктерде жасалған баяндама, оқушымен жеке сөйлесу т.б.) 
ауызша  сөз  түрлерінің  (дайындықты  және  дайындықсыз,  машықты  және 
машықсыз)  маңызын  анықтау»,  «Кез  келген  мұғалім  мен  оқушы  арасында 
ауызша  қарым-қатынас  орын  алған  фильмнен  үзінді  көріңіз.  Оған  талдау 
жүргізіңіз»,  «Бір  әдеби  кейіпкерді  таңдап  алыңыз.  Мысалы:  Қожа,  Құрмаш, 
Қайрош  («Қазақ  солдаты»),  Аян  («Жусан  исі»),  Гарри  Поттер  т.б.  Оны  өз 
оқушыңыз  деп  елестетіңіз.  Оған  ауызша  мінездеме  беріңіз»  секілді 
тапсырмалар  да  студенттердің  шығармашылық  қабілеттерін  дамытып,  ауызша 
сөйлеу мәдениетін қалыптастырады. 
Ауызша  сөз  мәдениетін  дамытубарысында  тиімді  әдістердің  бірі  – 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет