Дуйсебекова Жайнагул Мураткызы Ауызша тілдің жүйесі мен құрылымын меңгерту арқылы филолог-студенттердің сөз мәдениетін қалыптастыру әдістемесі



Pdf көрінісі
бет4/19
Дата10.04.2020
өлшемі4,55 Mb.
#62177
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
disert-duysebekova Ауызша тил мен жуйеси


абстрактілі деуге болады. Шындығында сөздің материяға тән сипаты бар. Сөз 
бен  сөйлеуді  көп  зерттеушілер  дыбыс  толқындарының  материяға  ұқсас 
созылыңқылығы,  салмағы  бар  екендігін  де  айтады  [37,  б.22].  Ал  тілде  ондай 
сипаттар  жоқ.  Ол  сөз  жүзінде  жүзеге  асқанда  ғана  материалды  күйге    енеді. 
Тілді таңбалар жүйесі дедік, Демек, кез келген таңбаның мазмұны мен формасы 
болады. Әдістемелік тұжырым: тілді ойлаудың іске асырылу формасы, сөздің 
мазмұны, таңбалар жүйесі ретінде зерттеп, қарастыру керек. 
   
7)  Сөз  деректі  және  кеңістік  пен  уақытқа  тәуелді  болғандықтан, 
қозғалмалы, ал тіл – тұрақты. Алайда жалпы құрылысы сақталғанымен, тілді 
мүлдем өзгермейді деуге келмейді. 
   
СӨЗ  соңында  А.Байтұрсынұлының  пікірін  [38,  б.495]  келтірген  жөн. 
Себебі тіл, сөз бен сөйлеу табиғатын ғалымнан артық жеткізу мүмкін емес. 
   
Тіл  –  құрал.  Құрал  болғанда  толып  жатқан  есепсіз  бөлшектері  бар,  ол 
бөлшектері  түрлі  жағымен  қиысатын  толып  жатқан  қырлы,  тетіктері 
есепсіз көп бір өте үлкен машина секілді құрал. 
   
Қандай  құрал  болса  да,  оны  жұмсаушысы  екі  түрлі  болмақ.  Біреуі  – 

32 
 
құралдың ішкі-тысқы бөлшектерінің бәрін біліп, олар қалай бір-біріне үйлесіп, 
үйлескенінен  шығатын  тетіктер  бір-біріне  қалай  жалғасып,  қалай  қызмет 
ететіндігін  біліп  отырып  жұмсаушы.  Екіншісі  –  олардың  бәрін  білмей-ақ 
құралдың  жұмсауға  керегі  бар  тысқы  бөлшектері  мен  тетіктерін  көріп, 
жұмсау әдісін үйреніп алып жұмсаушы. Ішкі бөлшектері мен тетіктерін бұл 
таныс  құралды  жұмсап  жүріп,  онымен  көп  істес  болып  барып,  тәжірибе 
арқылы таниды.  
   
Солай  танығаннан  кейін  ананың  да,  мынаның  да  құрал  жұмсауы,  оны 
тануы бірдей сияқты болып шығады. Бірақ асылында олай болмайды. Мәселен: 
машина  бөлшектері  жасалған  заттардың  қасиеттерін,  олар  үйлесуінен 
шығатын  тетік  заңдарының  жайын  жақсы  білетін  жұмсаушының  машина 
тануы мен тек өз тәжірибесі арқылы машинамен танысқан адамның машина 
тануы  –  екеуі  бірдей  болмайды.  Машина  жүрісінде  кемшілік  біліне  бастаса, 
оның неден екенін анау бірден білгенде, мынау тіпті білмеуі мүмкін. 
   
Жалпақ  жұрттың  құрал  тұтынуы  көбінесе  екінші  жолды  болады.  Тігін 
машиналарын, пішен, егін машиналарын қолданушылар солардың ішкі, сыртқы 
бөлшектерін,  тетіктерін  біліп  отырып  жұмсамайды,  жүргізетін, 
тоқтататын сияқты жұмсауға керегі бар тысқы бөлшектері мен тетіктерін 
біліп  қана  жұмсайды.  Бұлардың  да  машина  біліп  алатындары  болады,  бірақ 
оны құрал жұмсау жүзінде көп тәжірибе көргеннен кейін білінеді. 
   
Расында,  бір  нәрсені  «қалай  үйрету»  жолын  қарастырмас  бұрын,  «не 
үйретіледі» деген сұраққа толыққанды жауап алынуы тиіс. Зерттеу жұмысында 
тіл, сөз бен сөйлеу ұғымдарына кеңінен тоқталу осы себептен болған еді. 
Тіл («сөз» мағынасында) ауызша тіл немесе ауызша сөз, жазба тіл немесе 
жазба сөз деп екі түрге бөліп қарастырамыз. Бұл жердегі «сөз» термині тілдің 
қолданыстағы  қалпы,  орысша  «речь»  дегеннің  баламасы  ретінде  алынып  тұр 
[11,  б.15].  Ауызша  тіл  мен  жазба  тілдің  механизмдері  әртүрлі.  Ауызша  тіл 
сөйлесім әрекетінің айтылым және оған қарама-қарсы тыңдалымға, ал жазба тіл 
жазылым  мен  оқылым  әрекеттеріне  сәйкес  келеді  екен.  Демек,  ауызша  тіл 
(АТ)  дегеніміз  –  ішкі  сөйлеуді  ауыз  мүшелерінің  қозғалысы  арқылы  дыбыс 
толқындарымен  сыртқа  шығаратын,  белгілі  бір  тілдік  таңбаға  кодталған, 
естілетін  және  айтылатын  тілдік  жүйе  немесе  ойдың  дыбысталуы,  ойдың 
дыбыстық кодқа айналуы. Ал жазба тіл (ЖТ) дегеніміз – ішкі сөйлеуге (белгілі 
бір тілге, мысалы, қазақ тілі) кодталған ойдың фонемалық сүзекіден өтіп жазу, 
көруге бағытталған графикалықкодқа айналған жүйесі [39, б.287]. 
Ауызша  тіл  мен  жазба  тілдің  аражігін  ажырату  кейде  оңайға  соқпайды. 
Себебі естігеніміздің бәрі – ауызша, ал оқығанымыздың бәрі – жазба тіл емес. 
Мысалы,  жарлықты  оқу  ауызша  орындалғанымен,  оны  жазба  тілге  жатқызған 
дұрысырақ.  Немесе  таспаға  жазылған  куәгердің  сөзін  қағазға  түсірсек  те,  оны 
толыққанды жазба тіл дей алмаймыз [40, б.7]. Осы секілді француз тіл білімінде 
«табиғи ауызша тіл» және «жасанды ауызша тіл» деген ұғымдар бар [41, б.16]. 
Жасанды  ауызша  тілге  француз  ғалымдары  өлең  оқу  мен  жаңалықтар  мәтінін 
ауызша  баяндауды  жатқызады.  Өйткені  олар  ауызша  формада  айтылғанымен, 
негізінде жазба тіл стиліне жатады дегенді алға тартады. 
Ауызша  тіл  мен  жазба  тіл  тек  өмір  сүру  формаларымен  ғана  емес, 

33 
 
коммуникация барысында қолданылатын тілдік құралдарымен де ерекшеленеді. 
Мысалы, ауызша тілдің басты айырмашылығы оның просодикалық сипатқа ие 
болуы,  жазба  тілде  қолданылатын  тыныс  белгілері  толыққанды  оның  орнын 
баса  алмайды.  Сонымен  қатар  ауызша  қарым-қатынаста  сөз  тілдік  емес 
амалдармен де үстемеленіп отырады [42, б.17]. 
Сондай-ақ  ауызша  тіл  қайта  қайтып  келмейтін  үдеріс  екені  белгілі.  Ал 
жазба тіл жазу үдерісінен шығып, жазғанын өңдеуге, түзетуге мүмкіндік береді. 
Яғни ауызша тілде процессуалдылық басымдық көрсетсе, жазба тілде өнімділік 
(продуктивный)  аспектісі  алға  шығады  [43,  б.88].  Аталған  формаларды 
зерттеуде оларды адресат тұрғысынан да қарастыру керек. Ауызша тіл әрдайым 
бірізді.  Жазба  тілде  бірізділіктен  ауытқулар  болып  тұрады.  Гипермәтін, 
сілтемелер,  оқырманның  мәтін  ортасы  мен  соңын  да  көре  алуы  осыны 
дәлелдейді.  Ал  ауызша  тілде  алдағы  айтылатын  ойға  бірден  өтіп  кету  деген 
секілді  мүмкіндік  болмайды  [44,  б.88].  Ауызша  тілді  қабылдауға  жауапты 
жедел  жадтың  көлемі  де  аз  болады  (7±2  элемент).  Адресат  шұбалаңқы 
сөйлемдер мен құрылымдарды қабылдамайды. Егер шұбалаңқылық орын алса, 
адресат  оны  игере  алмай,  сөздің  басын  ұмытып,  соңын  түсінбей  жатады. 
Осыдан  келіп  ауызша  сөзді  белгілі  бір  қалыпқа  салудың  тиімсіз  екендігі 
шығады. Ауызша тілдің бірізділігі тағы бір шектеуге алып келеді: қандай да бір 
себеппен  естілмей  қалған  бөліктері  қайтарымсыздығынан  жоғалады.  Әрине, 
адресат  адресанттан  қайта  сұрауы  мүмкін,  дегенмен  ол  кері  қайтару  емес, 
коммуникацияның жаңа кезеңіне ұласады [45, б.201]. 
Адресат  сөзді  оның  соңында  емес,  айтылып  жатқан  кезінде  ұғынып 
отырады.  Осыған  орай,  ғалым  Л.Якубинский  диалог  кезінде  коммуниканттар 
сөзді  қабылдаумен  қатар,  оны  түсініп,  оған  жауап  ретінде  өз  сөзін  де 
дайындайтындығын айтады [46, б.35]. 
Ауызша  мен  жазба  тілдің  өзіндік  белгілері  де  жоқ  емес.  Олар  әдетте 
фонетикалық, лексикалық, грамматикалық және стилистикалық ерекшеліктерге 
ажыратылады  [47,  б.35].  Оларды  талдау  үшін  төмендегі  мысалдарға  (ауызекі 
сөйлеу тілі негізінде) назар аударайық. 
 
Кесте  6  –  Ауызша  тілдің  (ауызекі  сөйлеу  тілі  негізінде)  фонетикалық 
ерекшеліктеріне келтірілген мысалдар
 
 
Ауызша формасы 
Жазбаша формасы 
Қазіргі  гезде  //  біздің мемлекетіміз  үшүн 
әрбір  ғазақ  //  сандығ  және  сапалығ 
жағынан  өтө  маңызды.  Сондұқтан  да  // 
жырақта 
жатқан 
бауұрларымызды 
неғұрлұм 
ертерег 
елге 
әкелүдү 
ойлаұуумыз герек. Бірақ кәзір// өкүнүшке 
ғарай,  биза  мәселесі  қыйындап,  көшүу 
прасесі  бәсеңдеп  барады.  Кеше  ғана 
дүнүйе жүзү ғазақтарының құрұлтайында 
//  През_дентіміз  «Әлемнің  ғазақтарына 
еліміздің  есігі  айқара  ашық»    деп 
құуантты. Жерма мың отпасыға дейін
 
Қазіргі  кезде  біздің  мемлекетіміз  үшін  әрбір 
қазақ  сандық  және  сапалық  жағынан  өте 
маңызды.  Сондықтан  да  жырақта  жүрген 
бауырларымызды  неғұрлым  ертерек  елге 
әкелуді ойлауымыз керек. Бірақ қазір өкінішке 
қарай,  виза  мәселесі  қиындап,  көшу  процесі 
бәсеңдеп  барады.  Кеше  ғана  дүние  жүзі 
қазақтарының  құрылтайына  Президентіміз: 
«Әлемнің  қазақтарына  есігіміз  айқара  ашық» 
деп  қуантты.  Жиырма  мың  отбасыға  дейін 
көшіріп әкелу туралы бағдарлама жасатты. Бұл 
– зор қуаныш. Бірақ сол жарлық орындалмай  

34 
 
6-кестенің жалғасы 
 
Ауызша формасы 
Жазбаша формасы 
көшүрүп  әкелүу  тұуралы  бағдарлама 
жасатты.Бұл  //  зор  ғұуаныш.  Бірақ  сол 
жарлығ  орұндалмай  отұр.  Бұнұң  бірдем 
бір  себебі  //  атқарұушы  оргындардың 
бақлаусыз геткені болса герек. Шетелдегі 
қандастарымыздың  да  көңүлү  ғала 
бастады. Нійет // бұзұла бастады.  
отыр.  Бұның  бірден
-
бір  себебі,  атқарушы 
органдардың  бақылаусыз  кеткенінде  болса 
керек. Шетелдегі қандастарымыздың да көңілі 
қала бастады. Ниет бұзыла бастады.  
 
 
Мысалдар ауызша тіл мен жазба тілдің айырмашылықтарын айқын көрсету 
үшін ауызша тілдің ауызекі сөйлеу түрінен алынды. Байқағанымыздай, ауызша 
тілдіңүндесімі,  үйлесімісақталған:  отпасы,  бұзұла,  көңүлү  т.б.  Осы  секілді 
фонетикалық  ерекшеліктерден  дауысты  және  дауыссыз  дыбыстардың  өзара 
алмасуы, ерін үндестігі мәселелері көрініс табады [48, б.50]. 
 
Кесте  7  –  Ауызша  тілдің  (ауызекі  сөйлеу  тілі  негізінде)  лексикалық 
ерекшеліктеріне келтірілген мысалдар 
 
Ауызша формасы 
Жазбаша формасы 
Содан әйтеуүр бұ йаққа келемадым. 
Содан әйтеуір бұл жерге келе алмадым. 
Содан балама звандап… 
Содан балама қоңырау соғып/шалып ... 
Бійтіп қолымен неғылды. 
Осылай қолымен ұстады/сипады т.б. 
Ұузигетүсті. 
УДЗ-ге түсті. 
Кистасы  өсіп,  содаң  гейін  жаман  аурұуға 
айналып кете ма? 
Ісігі  өсіп,  содан  кейін  обырға  айналып 
кетпей ме? 
Бүкіл-барлық емдомын барлығын алды. 
Қажетті емінің барлығын алды. 
Сонда  мына  медреселердің  жұмысы  туралы 
жазған. 
Сонда  медреселердің  жұмысы  туралы 
жазған екен. 
 
Ауызша  тілдің  лексикасы  кез  келген  жат  элементтерді  қабылдап  кетуге 
бейім  «ашық»  кеңістік  іспеттес  [49,  б.76].  Жоғарыда  келтірілген  мысалдардан 
байқайтынымыз:  
   
-  сөз  қысқартулардың,  сол  қысқартулар  нәтижесінде  сөз  транформациясы 
(бұ йақ, о йақ, келемадым, келатыр, жазыватыр т.б.); 
   
-  қазақ  тіліндегі  баламасы  бола  тұра,  «бөтен  кісідей»  сіңісіп  кете  алмай 
жүрген  сөздердің  көп  болуы  (звондау,  УЗИ,  уже,  вообще,  короче,  неужели, 
просто,  кстати,  ладно,  хотя  бы,  вроде  т.б.);  Осыған  орай,  зерттеу 
жұмысының  барысында  күнделікті  өмірде  жиі  қолданатын,  бірақ  қазақша 
баламаларын  табуға  қиналып  қалатын  сөздердің  орысша-қазақша  тілұстары 
жасалды (Қосымша А). 
   
-  негізгі  етістіктердің  орнына  паразит  сөздердің  қолданылуы  (битіп, 
сөйтіп,  өстіп,  неғылды,  нестеді  т.б.);  Бұдан  басқа  да  паразит  сөздердің 
қатарын  толықтырып  жүрген  «қыстырынды»  сөздер  көп  кездеседі.  Мысалы, 

35 
 
аталған мәселеге қатысты «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығында оқитын 2-
курс  студенттерінің  барлығы  200  минутқа  созылған  сабақ  айту  барысындағы 
сөздері таспаға жазылған болатын. Нәтижесінде, білім алушылардың тілінде ең 
көп ұшырасқан «қыстырынды» сөздердің жиілік тізімі шығарылды: 
 
Кесте 8 – «Қыстырынды сөздер»-дің жиілік тізімі 
 
№ 
Лексикалық бірлік 
Қайталану жиілігі 

Жаңағы 
117 

Жалпы 
105 

Негізі 
91 

Деп 
77 

Да (шылау) 
65 

Ғой  
63 

Енді 
59 

Кейін 
54 

Мысалы 
51 
10 
Сол 
47 
11 
Осы 
39 
12 
Бұл 
38 
13 
Болып табылады 
33 
14 
Өзі 
26 
15 
Жатыр 
21 
16 
Бәрі 
19 
17 
Осындай 
17 
18 
Сияқты 
15 
19 
Бір (белгісіздік есімдігі) 
15 
20 
Ғана 
12 
21 
Ал 
12 
 
   
-  ауызша  тілде  эфвемизмдік  қолданыстарының  жиі  ұшырасуы  (обыр  – 
жаман ауру); 
   
-  экспрессияны  күшейту  мақсатында  бір  мағынаны  білдіретін  сөздерді 
үсті-үстіне қолдану (бүкіл-барлық); 
   
- есімдіктердің«орын басушы» сөз табына айналуы. Әдеби тілге қарағанда, 
сөйлеу тілінде есімдіктердің тым белсенді жұмсалатындығын байқауға болады. 
Зерттеулердің көрсетуінше, сөйлеу тіліндегі 1000 сөздің 475-і есімдік, 130-ы зат 
есім,  35-і  сын  есім  екен  [29,  б.84].  Әсіресе,  сілтеу  есімдіктері  ойды  жеткізуде 
өте көп қолданылатыны дәлелденіп отыр. 
   
-  жұмыстың  зерттеу  нысаны  –  болашақ  маман  иелері,  яғни  жастар 
болғандықтан, олардың ауызша тілінде орын алған сленгтер жайында да айтпай 
кетуге  болмайды.  Сленг  –  әдеби  тіл  нормасынан  алшақ  тұратын,  тілдегі 
эмоционалды-экспрессивтілікті  көрсететін,  белгілі  бір  деңгейде  әлеуметтік 
топтарда  қалыптасқан  ережелерге  деген  қарсылықты  білдіретін,  шығу  тегі 
жағынан  бірегей  лексикалық  қабат  екені  белгілі  [50,  б.253].  Мысал  ретінде 
қазіргі  жастар  ауызша  тілінде  кездесетін  бірқатар  сленгтерді  келтірсек: 
ақпараттық-коммуникациялық  технологиялардың  өмірімізге  әбден  сіңісуіне 

36 
 
байланысты комп – компьютер, инет – интернет, юзер – белгілі бір сайт немесе 
әлеуметтік  желіні  пайдаланушы,  пы  сы  –  (ағылшын  тілінде  «P.S»  сөзінен 
шыққан)  айтылған  мәселеге  қосымша  ақпарат  секілді  сленгтер  қолданылады. 
Олармен  қатар  дөрекі  мағыналарда  жұмсалатын  сленгтер  де  жетерлік:  бір 
нәрсені түсінбей, «қақпай» тұрған адамды тормоз, шәйнек, тундра, даун, мавр 
деп  атау  кездеседі.  Ал  студенттер  арасында  бірінші  курс  студентін  фрэшман
экономика  факультетінің  студенттерін  финик  деген  сленгтерді  де  естуге 
болады.  Сленгтерді  зерттеудің  маңызы  айтпаса  да  түсінікті,  себебі  олардың 
қолданушысы – жастар, ал жастар – тіліміздің тікелей мұрагерлері. 
 
Кесте  9  –  Ауызша  тілдің  (ауызекі  сөйлеу  тілі  негізінде)  синтаксистік 
ерекшеліктеріне келтірілген мысалдар
 
 
Ауызша формасы 
Жазбаша формасы 
       1940  жылы  наурызда  Қытайда 
тудым,  кедей  шаруада,  5  кластық 
орыс  класын  бітірдім,  шешеміз  сол 
жақта  қалды,  әкеміз  үлкен  сол.  Елдің 
бәрі  жапа-тармағай  аштық.  Аш 
болды, сотталуын соттап, жұмыс жоқ. 
Сонда  шешем  жарықтық,  қашпақшы 
болыппыз. Ақыры 1955 жылы... Одан 
Павлодарға  келдік.  Оларда  баяғы  сол 
жұмыс. Өз шешеміз сол жақта қайтыс 
болған. Сол Зайсанда тұрдық көбінде. 
Сонда  еркек  балдар  құсап,  бригадир 
етіп  қойған.  Жұлысады  екем  сонда. 
Пысық болдым. Екі жылдай көрмеген 
азап  көрдім  ауылда,  ағам  айтады 
сөйтіп  жүрдім  деп.  Сиырды  қосып 
келем,  5-те  тұрып  ап.  Жылап  келеді, 
жесір  әйелдер.  Бір-ақ  рет  көмектесті, 
сонша  жыл  жақсылық  істегенде  (70 
жастағы қария сөзінен).  
 
        Мен  1940  жылдың  наурыз  айында,  Қытай 
жерінде,  кедей  шаруа  отбасында  дүниеге  келдім. 
5  жылдық  орыс  мектебін  бітіргенде  жапа-
тармағай  аштық  басталды.  Елдің  бәрі  аш-
жалаңаш,  жұмыс  жоқ,  сотталғандар  сотталып, 
абақтыға  жабылғандар  айдалып  жатты.  Сонда 
шешем  жарықтық,  бізді  алып,  қашуға  бел 
буыпты.  Бірақ  әкеміз  үлкен  кісі  еді  де,  шешеміз 
соған  қарайлап  жолға  шыға  алмапты.  Ақыры, 
сөйтіп жүргенде 1955 жылы шекара ашылып, елге 
оралдық.  Алдымен  Павлодар  қаласына  келдік. 
Кейін  Шығыс  Қазақстан  облысы,  Зайсан 
ауданына  көшіп  келіп,  сонда  тұрақтадық. 
Жұмысқа  тұрдым.  Мені  пысықтығыма  қарап, 
бригадир  етіп  қойды.  Еркек  балалар  сияқты 
ренжіткен  адаммен  жұлыса  кететін  көрінемін. 
Оны  ағам  айтады.  Азапты  да  көп  көрдім. 
Таңертең  5-те  тұрып  алып  сиырды  қосып,  кешке 
дейін 
жұмыста 
тұрамын. 
Талай 
(жесір) 
әйелдердің  жағдайын  әкімшілікке  айтып,  көмек 
алып бердім. 
 
   
Ауызша  тілдің  синтаксисінде  де  бірқатар  ерекшеліктер  бар.  Солардың 
ішінде: 
   
- эллипсистік құрылымның кең таралуы; 
   
-  әдеби  тілдегі  синтаксистік  ережелердің  сақталмауы  (сөз  тіркесінде 
бағыныңқы  сыңардың  міндетті  түрде  басыңқы  сыңардың  алдында  тұруы, 
баяндауыштың тек сөйлем соңында келуі); 
   
-  бөлшектенген  (парцелляцияланған)  сөйлемдердің  көп  қолданылуы 
секілді айырмашылықтарын көрсетуге болады. 
   
Сонымен,  ауызша  тілдің  жазба  тілден  айырмашылығын  осы  бағытта 
нәтижелі  зерттеу  жүргізіп  жүрген  зерттеуші  Қ.Күдеринованың  пікірімен 
түйіндесек:  
   
1) ауызша тіл – уақыт пен кеңістік жағынан мобильді, айтылатын сөзді сол 

37 
 
мезетте, сол қалпында қайталау мүмкіндігі жоқ тіл. Ауызша тілде, ең алдымен, 
сөз үнемдеу заңдылығы болады. Ол: коммуниканттардың паралингвистикалық, 
экстралингвистикалық,  суперсегментті  тәсілдер  қорына:  интонация,  тон,  ым-
ишара,  қарқынға  ие  болуынан;  осыған  байланысты  сөздердің  семантикалық 
байланысының  күштілігі,  морфологиялық  формасыз,  шылауларсыз  байланыса 
беруінен;  аналитизм  мен  инверсияның  күштілігінен;  коммуниканттардың 
санасында вербалданбайтын жасырын мазмұнның болуынан шығады; 
   
2)  ауызша  тілдің  көбіне  екі  жақты  болатыны,  яғни  коммуниканттардың 
бір-бірін  көріп  отыруы,  мобильділік,  қайта  реакция  жасау  мүмкіндігі  оның 
құрылымына  әсер  етеді.  Сондықтан  бір  сарынды  баяндау  болмайды,  сөз 
тіркестері  қарапайым,  коммуникантқа  әсер  етуші  функциясы  динамикалық 
түрде ашық болады, автокоментатор, сөз қайталау, хезитациялық кідірістер жиі 
пайдаланылады; 
   
3)  ауызша  тіл  ойлауға  қарағанда  баяу  болғанымен,  жазба  тілге  қарағанда 
тез.  Сондықтан  ішкі  сөйлеу  кодына  келген  ой  сол  қалпында  сыртқа  шығады. 
Сыртқы  тіл  ойды  өзіне  кодтап  үлгере  алмайтындықтан,  ауызша  тіл 
синтаксистік  құрылымға  қарағанда  логикалық  құрылымға  көбірек  бағынады, 
себебі  ауызша  тілде  коммуниканттың  өз  еріктілігі,  өз  меншігіндегі  сөйлеу 
мәнері, коммуникативтік актіге дайындықсыз кірісіп кетуі бар; 
   
4)  ауызша  тілде  жаңа  сөздер,  грамматикалық  формалардың  жаңа 
жұмсалымы көп болады [51, б.32]. 
   
Қазіргі кезде қазақ тіл білімі құрылымдық бағытта әбден зерттелген десек 
артық айтпаймыз. Тіпті әр саласы мектептен бастап, жоғары оқу орнына дейін 
жеке-жеке  талданды.  Күнделікті  қолданыстағы  тіліміз  емес,  жазба  тілге 
кодталған  қазақ  тілі  зерттеліп  келді.  Оған  қазір  мектеп  бітіріп  келген 
жастардың грамматикалық мазмұндағы тапсырмаларды өте жақсы орындап, өз 
ойын жеткізуге келгенде күмілжіп қалуы дәлел. Бірақ кез келген тілдің жаны – 
оның  ауызша  тілінде  екенін  ұмытпау  керек.  Батыста  ХХ  ғасырға  дейін  жазба 
тілге  көп  көңіл  бөлініп  келуінің  бірден-бір  себебі  ауызша  тілді  жазып  алуға 
техникалық  мүмкіндіктің  болмауынан  деп  есептейді.  Ал  бүгінде  ауызша  тілді 
зерттеуге  толық  жағдай  жасалған.  Әйгілі  ағылшын  ғалымы  П.Линелл  өзінің 
«Written  Language  Bias  in  Linguistics»  («Лингвистикадағы  жазба  тілдің 
ығыстырылуы»)  еңбегінде  ауызша  тіл  зерттелуінің  кенжелеп  қалуын 
тілшілердің  ауызша  тілдің  үдеріс  екендігін  ескермеуінен  туындағандығын 
айтады.  Олар  жазба  тілді  зерттеуге  тән  әдіс  –  «нысан»  ретінде  қарастыруды 
тоқтату  керек  деп  есептейді  [52].  Тіл  білімінде  ауызша  тіл  мен  жазба  тілдің 
аражігі ажыратылмай келгендіктен, кез келген тілдік талдаудың негізі жазба тіл 
элементтері  болды.  Осыдан  келіп,  әдеби  тілді  жақсы  меңгерген  адамның  өзі 
ойын  ауызша  айтқанда  «дәл  жазба  тілдегідей»  айтып,  сөзінің  әрін  қашырып 
алып жүр. Қазақ тілінде құрылымдық бағыт пен жазба тілге көп көңіл бөлініп 
келгендігін  зерттеу  жұмысының  барысында  алынған  кейбір  эксперимент 
нәтижелері  де  байқатады.  Мысалы,  9-11  сынып  аралығындағы  оқушылардан: 
«Өз  ойыңызды  қандай  формада  толық  жеткізе  аласыз?»  деген  сұраққа 
жауаптары төмендегідей нәтижені көрсетті: 
 

38 
 
 
 
Сурет 4 – Оқушылардың ойын жазбаша (74%) және ауызша (26%) жеткізе алу 
көрсеткіші
 
 
  Сонымен  қатар  тілді  енді  үйреніп  жүрген  Сомали  елінен  келген  екі 
студентке  бақылау  эксперименті  жүргізілді.  Біріншісі  –  тек  қазақ  тілін 
оқытушының,  оқулықтардың  жетекшілігімен  үйреніп  жүрген  болса,  екіншісі 
«Өзге ұлттарға арналған қазақ тілі» сабағымен бірге, қазақ тілін жақсы білетін 
студенттермен  тұратын  еді.  Нәтижесінде,  екінші  білім  алушының  көрсеткіші 
жоғары  болды.  Студенттің  айтуы  бойынша,  оның  қазақ  тілін  тез  үйренуіне 
сабақтардан  гөрі  күнделікті  қазақи  ортада  түскен  тілдік  жағдаяттары  көп 
септігін тигізген [53]. 
  Әрине,  қазақ  ауызша  тілін  мүлде  қаралмаған  деуге  келмейді.  Қазақ  тіл 
білімінде бұл бағытта алғаш қадам жасаған белгілі ғалым Р.Әмір болатын. Ол 
ауызша тілдің синтаксистік ерекшеліктеріне (көбінесе Б.Майлин шығармалары 
негізінде) баса назар аударған  [54]. Арада біраз уақыт ауызша тіл тілшілердің 
зерттеу нысанынан тыс қалған еді. Бір қуанарлығы, бүгінде Н.Уәли, Р.Сыздық, 
Қ.Күдеринова,  А.Фазылжан  бастаған  ғалымдар  ауызша  тілдің  өзіндік 
терминологиялық  базасын  жасап,  зерттеу  жұмыстарын  жүргізіп  жүр.  Ауызша 
тілдің  қатысымдық  бірліктері  мен  басқа  да  аспектілері  тұрғысынан  бірнеше 
диссертациялар қорғалды. Ғылымда тек жазба тілдің басты нысан етіп алынуы 
қазақ  тілінің  сөйлеу  мәдениетіне  де  өз  кері  ықпалын  тигізіп  жатыр.  Сонымен 
қатар  «сөйлеу  тілін  зерттеу  тілдік  жүйені  жүзеге  асыру  мүмкіндіктері  мен 
перспективасын білуге қызықты деректер бере алады, ол арқылы тіл мен сөйлеу 
арасын анықтауға болады» [54, б.11]. Шетелде ауызша тіл қазір дискурс-анализ, 
институционалды 
коммуникация, 
мәдениетаралық 
коммуникация, 
функционалды  лингвистика  т.б.  аясында  қарастырылуда.  Орыс  ғалымдары 
В.Герасимов  пен  С.Ромашко  ауызша  тілдің  зерттелуіне  сүйенетін  нақты 
теориялық  базаның  болмауы  кедергі  болып  тұрғанын  айтады  [55,  б.210]. 
Шынында  да,  ауызша  тіл  мәселелерін  қарастырғанда  негізгі  тірек  ұғымдарды 
кейбіреуі  сөйлеу  актісі  теориясынан,  кейбіреуі  әлеуметтік  лингвистика  мен 
психологиядан, енді біреуі  прагмалингвистикадан алып жүр. Ал қазақ ауызша 
тілін  аты  аталған  ғалымдардың  айтуы  бойынша,  құрылымдық-жүйелік  және 
коммуникативтік-функционалдық тұрғыдан зерттеу керек. 
  Ауызша тілді зерттеудің әдіснамасы зерттеу мақсатына қарай әртүрлі бола 
алатынын  дәлелдеп  отыр.  Дегенмен  барлық  зерттеулердің  негізінде 
психолингвистикалық  зерттеулердің  тұруын  табылған  ортақ  бір  әдіснамалық 
көрсеткіш  дей  аламыз.  Біз  өз  кезегімізде  әдіснаманы  зерттеу  материалдары 
0
20
40
60
80
жазбаша
ауызша

39 
 
болып табылатын ауызша сөзді жазу, жинақтау және оларды өңдеу тұрғысынан 
келгеніміз  дұрыс.  Осы  жерде  таспаға  түскен  ауызша  сөзді  қағазға  түсіргенде 
қолданылатын  әдістер,  тіпті  транскрипциялау  мен  шартты  белгілер  қоюда 
ғылымда  нақты  қалыптасқан  бірізділік  жоқ  [56,  б.84].  Сонымен,  ауызша  тілді 
зерттеуде ұстанатын кейбір алғышарттарды атап өтейік: 
  1)  Зерттеу  нысаны  етіп  алынған  материал  сипаты.  Көптеген  талдаулар 
эмпирикалық  талдауларға  сүйеніп,  тек  шынайы  коммуниканттар  арасындағы 
ауызша сөзге көңіл бөледі. Кейбір зерттеушілер ауызша тілдің табиғатын ашу 
үшін әдейі өзі келтірген мысалдарға жүгінеді. Сондай-ақ бірқатар зерттеушілер 
сөзді таспаға түсіру барысында коммуниканттароны білмеуі керек деп есептесе, 
енді  бірі  сөйлеушінің  сөзі  таспаға  жазылып  жатқанын  ескертіп  қана  қоймай, 
оған  мақсатты    сұрақтар  қою  арқылы  сөйлетеді  екен.  Шетелдік  ғалымдар 
ауызша  тілдің  толыққанды  бейнесін  ашу  үшін  таспаға  жазудың  екі  түрін  де 
қолданған дұрыс деп есептейді [57, б.27]. 
  2)  Жазылған  материалдың  көлемі.  Дұрыс  нәтижеге  қол  жеткізу  үшін 
қанша  таспаға  жазылған  материалдың  болу  керектігі  жауабын  таппаған 
сұрақтардың  қатарына  жатады.  Кейбір  ғалымдар  толыққанды  талдауға  15 
минуттық  жазбаның  өзі  жеткілікті  екендігін  айтады  [58,  б.84].  Ал  біздің  бұл 
зерттеу  жұмысымызда  5-50  минут  арасындағы  әртүрлі  тілдік  жағдаяттағы 
барлығы  7  сағатты  құрайтын  таспа  жазбалары  қолданылғандығын  атап  өту 
керек. Олардың кейбір үлгілері қосымшада берілген (Қосымша Ә). 
  3) 
Коммуниканттар  саны.  Д.Шиффрин  бір  жазғанындазерттеу 
жүргізгенде 7 коммуниканттың сөзінен аспау қажеттігін айтады. Оның ойынша, 
коммуниканттың саны көп болған сайын ауызша  тілді зерттеу қиындай түседі 
[59,  б.3]. Ал  біздің  жұмыстың  негізі  ретінде  барлығы  50  коммуниканттың  сөзі 
алынып отыр. Олар әртүрлі жаста, түрлі әлеуметтік топ өкілдері. Бірақ бәрі де 
ауызша  әдеби  тілді  белгілі  бір  деңгейде  меңгерген  коммуниканттар  болып 
табылады. 
  4)  Ауызша  сөзді  техникалық  құрал  көмегімен  жазу  үдерісі.  Ауызша  тілді 
зерттеудің  басты  шарты  ол,  әрине,  сөздің  таспаға  басылуы.  Кейде  ауызша 
коммуникацияда  қолданылатын  бейвербалды  амалдардың  да  рөлін  көрсету 
мақсатында  видеожазбалар  да  пайдаланылады.  Дегенмен  ауызша  тілдің 
просодикалық сипатын анықтау үшін таспаға жазылған материалды нысан етіп 
алған дұрыс. 
  5) 
Таспаға 
жазылған 
сөзді 
қағаз 
бетіне 
түсіру 
және 
олардыңтранскрипциясы. 
Таспадағы 
ауызша 
сөзді 
қағазға 
түсіруде 
қолданылатын  шартты  белгілер  бар.  Алайда  ауызша  тілдің  бүкіл 
қанықтылығын  жеткізу  үшін  ол  шартты  белгілердің  аздық  ететіндігін 
дәлелденіп отыр [60, б.9]. Жалпы алғанда,  зерттеуші  М.Макаров ауызша  тілді 
қағазға түсірудің үш құрылымын атап көрсетеді [56, б.31]: 
  1) вертикаль бағыттағы түсіру: 
  А: Жағдайың қалай? 
  В: Ақырындааап // 
  А: Ааа / жақсы онда // 
  Аталған  құрылым  негізгі  әрі  кең  таралған  түрі  болып  саналады.  Осыған 

40 
 
орай, жұмысымызда осы құрылымды пайдалануды жөн көрдік. 
  2) бағанға бөлу тәсілін пайдалану: 
  А:                                                     В: 
  Жағдайың қалай?                            Ақырындааап // 
 
  Ааа / жақсы онда // 
  3) партитура (кезектестіру) арқылы түсіру: 
  А: Жағдайың қалай?                                         Ааа / жақсы онда // 
  В:                                  Ақырындааап // 
  Көп  зерттеушілер  қолайсыздығына  қарамастан,  аталған  құрылымды  ең 
нақты деп есептейді. 
  Сондай-ақ  ауызша  тіл  құрылымын  зерттеу  үшін  оны  қағаз  бетіне  түсіру 
барысында бірқатар шартты белгілер де қолданылады: 
   
- жай тынысқа – бір сызық (/); 
   
- кіші тынысқа – екі сызық (//); 
 
-  үзілген,  түсірілген  сөз,  тіркес,  сөйлемді  жақшадағы  көп  нүктемен  ([...]) 
белгілеу; 
   
- релевантты экстралингвистикалық ақпаратты жақша ішіне беру. 
   Кейде  қағазға  түсіргенде  нүкте,  үтір,  сызықша,  сұрақ,  леп  белгісі  секілді 
жазба  тілдің  құралдарын  пайдаланбау,  бас  әріпті,  кісі  есімдері  мен  жер-су 
аттарына болмаса, қолданбау да ұсынылады [61, б.144]. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет