Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі



бет28/30
Дата05.02.2022
өлшемі2,57 Mb.
#1879
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының әлеуметтік-мәдени дамуы жөніндегі тұғырнамасында елімізде тұратын барлық халықтар мәдениетінің өзіндік ерекшелігіне тиісті көңіл бөлінетіндігі және кез келген мәдениет қайталанбас, теңдесі жоқ қазына екендігі, сондай-ақ, белгілі бір халықтың өзін дүние жүзіне сол арқылы толық танытатыны айтылған. Сонымен қатар, бұрынғы өткен өзіндік мәдени дәстүрлерін еске түсіру, есте ұстануына, одан рухани қуат алып, өзіндік жасампаздық үрдісін тыныту үшін оған басқа мәдениеттердің белгілерін шеберлікпен өз бойына дарытуға мүмкіндік беретіні көрсетілген. Халықтық мәдениеттердің өзіндік ерекшеліктерін мойындай келіп, Қазақстан халықтары мәдени қазыналарының бірлігі қалыптасатынын ескеріп, мемлекет барлық халықтардың мәдени мұраларын сақтап қорғайтыны, мәдениеттердің теңдігін және әрбір халықтың өз мәдени ерекшелігін орнықтыру, сақтау және дамыту құқығын қамтамасыз ететіндігі тұжырымдалған.
Қазіргі гуманитарлық сана мен білімдердің метатеориясы болып табылатын өзінтану ілімі қалыптасуының қисыны адамның дүниедегі орны мен өзара қарым-қатынастарының өзгеруіне байланысты. Өркениеттіліктің индустриалды толқынын ауыстыра бастаған ақпараттық қоғам, таза рационалды стратегияның адамның тылсымдық қабаттарын ескеретін еркін таңдау, автономдық пен орталықсыздандыру стратегияларымен алмасуы осындай жаңа пәнді қажет етті. Әл-Фараби кезінде атап өткендей, “ақылды жан” айқындамасы (гомо сапиенс) “мәдени жан” ұстынымен (гомо культурикос) ауысты. ХХІ ғасырда өзінтану пәнінің қалыптасуына күш көрсету мен авторитарлық басқарудың орнына келген бейбіт мәдениеті құндылықтары (адам құқықтары, орнықты даму, күш көрсетпеу, толеранттылық, диалог, плюрализм, демократия, азаматтық қоғам т.т.) үлкен рөл атқарады. Бұл үрдістердің тереңдеуі жаңа гуманистік өнер формаларының пайда болуына әкелді.
Қазақ көркем мәдениетінің болашағы этностағы екі субмәдениеттің (қазақ тілді және орыс тілді) сұхбатшылдық бағдарымен де айқындалады. Қазақ тарихы бірнеше өтпелі қоғамдардың болғанының куәсі және олардан халық абыроймен өте алды. Мысалы, орта ғасырларда Дала мәдениетінде тек көшпелі оқшаулық емес, мәдени диалогтар жүріп жатқан: араб тілі діни қатынастық құрал болса, парсы тілі – ақындардың тілі, түркі тілі – жауынгерлердің тілі болды. Қазақ өз болмысында тек өткенге ғана емес, сонымен бірге болашаққа да үлкен үмітпен қараған. Ғасырлардың талай қыр-сырларынан өткен қазақ көркем мәдениетін ертедегі грек мифологиясындағы өзін-өзі жағып жіберіп, сол күлден қайта тіріле беретін қасиеті бар қиял-ғажайып құс – Феникспен теңеуге болады. Әлемдік өркениеттің ең ертедегісінің бірі Шумерден бастау алатын, сақтар кейін ғұндар арқылы дүниенің жартысында ізін қалдырған, кейінірек орта ғасырларда мәдениеттің тамаша үлгілерін адамзат қорына қосқан Кіндік Азия - әлем қайнарының бірі.

Каталог: upload -> Book
Book -> «Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты
Book -> Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі
Book -> Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»
Book -> Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»
Book -> Өмірді бағалап үйренейік балалар суицидін алдын-алу бойынша ата-аналарғА, педагогтерге арналған қҰрал алматы
Book -> «Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты
Book -> Рухани-адамгершілік білімге байланысты әндер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет