Е. Спандияров, М. Д. Кенжеходжаев



бет2/16
Дата02.02.2022
өлшемі2,99 Mb.
#117104
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Spandiarov Tamak biotehnologiasi
МЕНЕДЖ, МЕНЕДЖ, дш 9 апта1, дш 9 апта1, Сыныптан тыс іс шара Нурдинова Н.Б, 10-12 15-42

КІРІСПЕ



Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында алда біздің жастарымызға үлкен міндеттер жүктеліп отырғанын айта келіп, олардың дендері сау салауатты өмір сүруі үшін дұрыс тамақтану мәселесіне мықтап көңіл бөлу керек екені атап көрсетілген.

Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауында мемлекетімізде аграрлық секторда етті мал шаруашылығын дамыту жөнінде бұрын-соңды болып көрмеген жоба жүзеге асырылатынын баса айтып, ет экспортын 60 мың тоннаға көтеру міндеті қойылды. Бұл 4 миллион тонна бидайды экспорттаумен пара-пар.

Бұлардың барлығы сабақтас салаларда – биотехнология өндірістері, ауыл шаруашылық машиналарын жасауда, тамақ өнеркәсібінде, биоқұрама жем өндірісінде, жаңа техника жасау өндірісін ұлғайтуға қарқынды қозғау салады.

Биотехнология өндірісі машиналары технологиялық процестердің талабына байланысты шикізатты массасы мен көлеміне қарай белгілі стандартқа сай, қоймаға жөнелтуге дайын сапалы өнім алуды қамтамасыз етеді.

Биотехнология өндірісінің машиналары пәнінің мақсаты шикізаттардың түрлерін, олардың физикалық және механикалық қасиеттерін еске ала отырып, сапасы жоғары дайын өнім алуды үйрену.

Бұл оқу құралында машиналардың құрылысы, негізгі түсініктер, технологиялық құрылғының классификациясы, технологиялық операциялар мен өндірістік процестер сипатталды.

Қазіргі кезде қатты отынның ішіндегі ең озығы био отын гранулдері немесе пеллеттер. Био отынның бұл түрі тасымалдау мен сақтауға ыңғайлы, жағуға тиімді. Мұндай био отын өндіру үшін ағаш, шөп, сондай-ақ жарамсыз күріш, сұлы, арпа қабықтары және осы сияқты қалдықтарды қолдануға болады. Бұл экология талаптарын, ресурстарды тиімді қолдану, қалдықсыз технологияны іске асырудың ең тиімді жолы.

Бұл оқу кұралы жаңа бағдарлама талаптарына сай жазылып, жоғары оқу орындарының студенттері үшін оқу, практикалық, тәжірибе жұмыстары, магистранттар мен докторанттар үшін ғылыми зерттеу жұмыстары кезінде, сондай-ақ шағын кәсіпорындар мен фермер



шаруашылықтарының инженер-техникалық қызметкерлері пайдаланатын құрал ретінде ұсынылып отыр.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет