Е. Спандияров, М. Д. Кенжеходжаев


Поршенді мөлшерлеуші машиналар



бет14/16
Дата02.02.2022
өлшемі2,99 Mb.
#117104
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Spandiarov Tamak biotehnologiasi
МЕНЕДЖ, МЕНЕДЖ, дш 9 апта1, дш 9 апта1, Сыныптан тыс іс шара Нурдинова Н.Б, 10-12 15-42

Поршенді мөлшерлеуші машиналар.

Поршенді мөлшерлегіштер. Тұтқыр сұйықтықтарды мөлшерлегенде (қаймақ, майонез, т.с.с.) мөлшерлегіште айырғыш камерасының берік герметизациясы болуы керек.

Мұндай конструкция поршенді мөлшерлегіште қарастырылған (сурет 8.4). бұл мөлшерлегіштің құрамына тиегіш құйғысы 1, айырғышы бар камера 2, цилиндр пішінді өлшеуіш камера 3 және поршень 4 енеді.

Сурет 8.4. Көлемді поршенді мөлшерлеушінің схемасы:


а-өлшеу камерасын толтыру; б-өлшенген өнім мөлшерін

ыдысқа құю

Көлемді поршенді мөлшерлеуші келесі бөліктерден тұрады: науа 1; ажыратушы камера 2; цилиндр 3; поршень 4. Мөлшерлеуші келесі екі тактылы түрде жұмыс істейді: бірінші–науа 1 арқылы цилиндрді 3 сұйықпен толтыру, екінші–мөлшерленген өнімді ыдысқа құю.

Бірінші жағдайда айырғыштың каналы құйғышты 2 өлшеуіш камерамен 3 жалғайды, ал поршень 4 солға қарай ауысады да өнімнің сіңуін қамтамасыз етеді.

Екінші жағдадйда айырғыш бұрылғаннан кейін өлшегіш камераны 3 төменгі шығыс саңылаумен қосады, ал поршень 4 өнімді өлшегіш камерадан ығыстырады.

Мұндай мөлшерлегіштің ерекшелігі, бұл жағдайда айырғыш 2 қисық саңылаулы камераның бетінде берік үйлестірілген тығын түрінде жасалуында болып отыр.

Пластикалық материалдарға арналған поршенді мөлшерлеуші машиналардың схемасы сурет 8.5, а,б да келтірілген.


Сурет 8.5. Пластикалық материалдарға арналған поршенді мөлшерлеушінің схемасы:

а – пневматикалық жетекші механизмді; б – механикалық жетекші механизмді.

Көлемді поршенді мөлшерлеушінің схемасы сурет 8.6 да келтірілген. Тұтқыр сұйықты тамақ өнімдерін мөлшерлегенде (қаймақ, майонез, т.с.с.) мөлшерлегіште айырғыш камерасының берік герметизациясы болуы керек.

Мұндай конструкция поршендік мөлшерлегіште қарастырылған (сурет 8.6). бұл мөлшерлегіштің құрамына тиегіш құйғысы 1, айырғышы бар камера 2, цилиндр пішінді өлшеуіш камера 3 және поршень 4 енеді.

Сурет 8.6. Көлемді поршенді мөлшерлеушінің схемасы: а – өлшеуші камераның өнімге толуы; б – өнім мөлшерін

ыдысқа жүктеп енгізу.
Мөлшерлеуші келесі екі тактылы түрде жұмыс істейді: бірінші– науа 1 арқылы цилиндрді 3 сұйықпен толтыру, екінші–мөлшерленген өнімді ыдысқа құю. Бірінші жағдайда айырғыштың каналы құйғышты 2 өлшеуіш камерамен 3 жалғайды, ал поршень 4 солға қарай ауысады да өнімнің енуін қамтамасыз етеді.

Екінші жағдайда айырғыш бұрылғаннан кейін өлшегіш камераны 3 төменгі шығыс саңылаумен қосады, ал поршень 4 өнімді өлшегіш камерадан ығыстырады. Мұндай мөлшерлегіштің ерекшелігі, бұл жағдайда айырғыш 2 қисық саңылаулы камераның бетінде берік үйлестірілген тығын түрінде жасалуында болып отыр.

Қамыр бөлгіш машиналар арнайы мөлшерлегіш құрылғылар болып табылады және келесідей талаптарды қанағаттандыруы тиіс:


  1. Қамырдың сұрыпы мен консистенциясына қарай тапсырылған шегіндегі қамыр бөлігін реттеу мүмкіндігі;

  2. Өлшегіш қалташаны толығымен қамырмен толтыру немесе ширақтауды престеудің қалыпты жылдамдығын сақтау;

  3. Бөліктердің массасының дәлдігін қамтамасыз ету үшін өлшеніп алынған қамыр бөліктерінің тұрақты тығыздығын сақтау.

Поршендік айдауы бар қамыр бөлгіштер кеңінен тараған. Бұл машиналарда айдау прцесінің соңында қамырға айтарлықтай көп

мөлшерде қысымға жете алатындықтан, олар бөлуді үлкен дәлдікпен жасауды қамтамасыз етеді.

Поршендік айдауы бар қамыр бөлгіштің схемасы 9.1 суретте көрсетілген. Машинаның жұмысы келесідей іске асады. Қамыр 2 қабылдағыш науаға 1 түседі, содан кейін айдау камерасына 40 түседі.

Бұл кезде жапқыш 38 және айдау поршені 39 шеткі сол жақтауда болады.



Сурет 9.1. Поршендік айдауы бар бөлгіш машинаның схемасы.


Содан кейін жапқыш пен поршень оңға қарай қозғалады, жапқыш поршеннен озып кетіп айдау камерасын қабылдағыш құйғыштан кесіп өтеді. Поршеннің әсерінен айдау камерасындағы қамыр жұмыс қысымына 0,10-0,15 МПа ға дейін қысылады.

Бұл кезде бөлгіш бастиегі 3 жоғары көтеріліп шеткі орынға барып тұрады. Бұл жағдайда бөлгіш бастиегінің өлшегіш қалташасы 4 айдау камерасымен бірігеді; ондағы қамыр өлшегіш қалташаға ауысады да мөлшерлегіш поршенді 5 оның роликтерінің 6 тірекке 7 тірелгенге дейінгі қалыпқа қарай қозғалтады.

Содан кейін бөлгіш бастиек төменге түседі. Ол шеткі төменгі орынға барған кезде мөлшерлегіш поршень қамырды 12 өлшегіш

қалташадан үздіксіз қимылдап тұрған таспалы конвейерге 27 итеріп салады.

Поршендік айдауы бар қамыр бөлгіш машина (сурет 9.2, а) ауыспалы жылдамдықпен теңселме, айналма қозғалыс жасайтын немесе қайтымды-ілгерілеме қозғалыс жасайтын көп қалталы бөлгіш бастиекпен 2 жабдықталған.

Тік төртбұрышты қимасы бар поршень 4 жапқышымен 3 бірге қайтымды-ілгерілемелі қозғалады және мөлшерді өлшеп алған кезде жұмыс камерасындағы қысымды тұрақтандыруға арналған демпфермен 5 жабдықталған.

Қамыр бөліктерін өлшегіш қалташадан 7 бұрып жіберетін конвейерге итеру, бөлгіш бастиектің құбылмалы поршеніне әсер ететін арнайы механизмен жүзеге асады.

Қалақты айдауы бар қамыр бөлгіш машина (сурет 9.2,б) екі қалташасы 2 бар айналып тұратын бөлгіш бастиегі 2 және спиралді қалықтағыш поршені болады.

Қамыр бөліктерін бұрып жіберетін конвейерге итеріп жіберу, қамырды қалақпен 5 айдау әсерінен поршендерінің орынының ауысуын қамтамасыз етеді.

Жұмыс камерасында жартылай фабрикаттың жалпы массасынан қамырдың бір бөлігін бөліп алған кезіндегі қысымды теңестіру, қию жапқышының тұтқасында орнатылған серіппелі тұрақтандырғыштың 7 көмегімен жүзеге асады.

Білікті айдағышты қабыр бөлгіш машина (сурет 9.2, в) өлшенген бөлшектерді шығару фазасында поршендерді 2 мәжбүрлеп ауыстыру көп қалталы бөлгіш бастиегі 4 болады. Кесектердің көлемін реттеу механикалық 3 жолмен жүзеге асады.

Білікті айдағышты негізінде бидай ұнынан жасалған қамырға пайдаланады, өйткені олар қамырға жұмсақ әсер етуімен ерекшелінеді. Жұмыс камерасында айдағыштан туындаған қысым, біліктердің 7 диаметріне және олардың арасындағы саңылауға байланысты болады. Машиналар негізінде қысымды тұрақтандырғыштардың көмегінсіз жұмыс жасайды.

Көп білікті айдағыштар кезінде бөлгіш машиналарда өлшегіш қалташаларымен бірге пышақты кескіш құрылғылар пайдаланылуы мүмкін (сурет 9.2, г).

Айдағыш біліктер 7 қамырды қалыптағыш барабанға 2 жібереді. Барабанның біліктер жиынтығымен қалыпталынған қамыр таспасы айналып тұратын пластина тәрізді пышақпен 4 кесіледі.

Шнекті айдағышты қамыр бөлшектегіш машинаның (сурет 9.2, д) бұрылысты бөлгіш бастиегі 2 болады, және қарабидай, қарабидай- бидайлы және II сұрыпты ұннан жасалған қамырды бөлуге арналған.

Қамырды айдау бір немесе екі шнектің 3 көмегімен жүзеге асады, бұл жағдайда қысымды тұрақтандырғыштар болмайды. Машинада жұптасқан құбылмалы поршендері 7 бар барабан тектес бөлгіш бастиектер қолданылады, олар қамырдық қысымының әсерінен ауысып отырады.

Шнекті айдағыштар бөлгіш қыршу құрылғысы бар машиналарда қолданылады (сурет 9.2, е). Жоғарыда көрсетілген құрылғыларға қарағанда бұл қамыр бөлгіштің тұрақтандырылмаған жұмыс ритмі бар. Қамырды бөлшектеп бөлу пышақтың 2 көмегімен жүзеге асады,

ол ауық-ауық роликтен көмегімен 4 қосылады және шнектен үздіксіз қысылып отырған қамырды цилиндр тәрізді етіп мүштікпен кесіп отырады.

Бұл топтағы машиналардың қамыр кесу дәлдігі алдыңғы машиналарға қарағанда жоғары, олар қамырға баяу әсер етеді және жетекке энергия шығынын аз жұмсайды.

Бұл машинада қамыр бөліктеріні бөлу ритмі қамыр конситенциясына байланысты болады. Аса тығыз, тұтқыр қамыр жартылай фабрикатқа қарағанда ұзақ уақыт қалыпталады. Осылайша бөлгіш қамыр бөліктерінің массасының мүмкін болған қателіктерінің орынын толтырады.

Құрастырылған айдағышты қамыр бөлшектегіш машина (сурет 9.2, ж) қалақтық 2 және біліктік 1 айдағыштармен жабдықталған. Дайындамаларды бөлу мүштік 3 арқылы пресстеліп шыққан қамырлы дайындаманы пышақпен 4 бөлу кезінде жүзеге асады.

Сурет 9.2. Айдағышы бар қамыр бөлгіш машиналардың схемасы: а-поршенді; б-қалақты; в-білікті; г-көп білікті; д,е-шнекті;

ж- құрамдастырылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет