Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидалары


-тарау. Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру тәртібі



бет2/15
Дата01.11.2022
өлшемі95,55 Kb.
#156041
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
spravka o ne trud
ГИД ПО 1 КУРСУ МЕДА 3.0, Презентация (8), doc, аманат фарм, Презентация, Жорабек Ақниет, Клинический случай CРОП КАЗ 2022-23, коронавирус, Biostat stud ЖМ 2021-22 kz, 1-топ Адырбек Гүлзат, Серік Арайлым эс срсп фарма 3-023 ОМ (копия), Серик Арайлым бх срсп, Гормоны СРСП ТФП 2022-23, LПеченьKZ
2-тарау. Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру тәртібі

3. Еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес медициналық қызметті жүзеге асыратын медициналық ұйымдарда жүргізіледі.


4. Еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасы, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру:
1) Заңға сәйкес берілген еңбекке уақытша жарамсыздықты сараптау жүргізуді қамтитын медициналық қызметтің түрін жүзеге асыруға лицензиясы болған жағдайда мемлекеттік және жеке меншік нысанындағы медициналық ұйымдардың, сондай-ақ жеке медициналық практикамен айналысатын дәрігерлер (бұдан әрі - денсаулық сақтау субъектілері) береді;
2) мемлекеттік нысандағы медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі - МСАК) ұйымдарының орта медициналық білімі бар медицина қызметкерлері пациенттерді өз бетінше қабылдаған және бастапқы үйге шақыртуда өз бетінше қызмет көрсеткен кезде береді;
3) медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясы (бұдан әрі – ДКК) арқылы жүзеге асырылады.
5. Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу кезінде медицина қызметкері (дәрігер, орта медицина қызметкері):
1) денсаулық жағдайын, еңбек сипаты мен жағдайларын, әлеуметтік факторларды бағалау негізінде еңбекке уақытша жарамсыздық белгілерін белгілейді;
2) осы Қағидаларға сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімдерін айқындайды;
3) еңбекке уақытша қабілетсіздігі туралы парақты немесе анықтаманы береді және дәрігерге кезекті бару күнін белгілейді, оны бастапқы медициналық құжаттамада тіркейді;
4) пациентті консультация үшін ДКК-ға және медициналық-әлеуметтік сараптамаға (бұдан әрі - МӘС) уақтылы жібереді.
1-параграф. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру тәртібі
6. "Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру" немесе "Еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын беру" мемлекеттік қызметтерді алу үшін физикалық тұлғалар (көрсетілетін қызметті алушы) денсаулық сақтау субъектісіне (көрсетілетін қызметті беруші) жеке басын куәландыратын құжатты ұсынумен жүгінеді.
Көрсетілетін қызметті беруші пациентке "Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру" немесе "Еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын беру" мемлекеттік қызметтерді тікелей жүгінген кезде немесе "Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы ұсынады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын "Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет стандартында келтірілген.
Өтінімді электрондық түрде берген кезде жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "Электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде немесе портал арқылы - құжатты тапсырған сәттен бастап 30 (отыз) минуттан аспайды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық форматта алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ қойылған порталда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға сұрау салуды қалыптастырады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының "Жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жібереді.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушілер ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
7. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы:
1) жіті немесе созылмалы аурулар асқынған;
2) еңбекке жарамдылығын уақытша жоғалтуға байланысты жарақаттанған және уланған;
3) жүктілікті жасанды үзген;
4) науқас балаға күтім жасаған;
5) жүкті болған және босанған;
6) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған;
7) санаторийлік-курорттық ұйымдарда толық емделген;
8) карантин;
9) ортопедиялық протездеу кезінде беріледі.
8. Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен бекітілген денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандары бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасы:
1) білім беру ұйымдарында оқитын адамдардың жіті немесе созылмалы аурулары асқынған, жарақаттану және улану;
2) алкогольдік немесе есірткілік мас болу жағдайында алынған жарақаттар, сондай-ақ алкогольдік немесе есірткелік жіті уыттанған;
3) өзге бұзылулармен және аурулармен асқынбаған созылмалы алкоголизмді, нашақорлықты емдеген;
4) науқас балаға күтім жасаған;
5) инвазивтік зерттеп-қарау әдістерін жүргізу кезеңінде консультациялық-диагностикалық ұйымдарда зерттеп-қараудан өткен;
6) жүктілікті жасанды үзген;
7) жүкті болған және босанған;
8) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған;
9) санаторийлік-курорттық ұйымдарда толық емделген;
10) карантин;
11) ортопедиялық протездеу;
12) ауысымның соңына дейін еңбекке жарамсыздық белгілері болған кезде (кәсіпорындардың және ұйымдардың медициналық пунктерінің медицина қызметкерлері береді) беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын "Еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет стандартында келтірілген.
Өтінімді электрондық түрде берген кезде жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "Электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде немесе портал арқылы - құжатты тапсырған сәттен бастап 30 (отыз) минуттан аспайды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық форматта алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ қойылған порталда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға сұрау салуды қалыптастырады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының "Жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жібереді.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушілер ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
9. Осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген жағдайларда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға және еңбек ететін және білім беру ұйымдарында оқитын шетел азаматтарына оларды өндірістік практика кезеңінде ақы төлетін жұмыс орындарына алынған кезеңдерінде беріледі.
10. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беруді және ұзартуды медицина қызметкері адамды тексеріп-қарағаннан және науқастың амбулаториялық (стационарлық) медициналық картасына оны жұмыстан уақытша босату қажеттігін негіздейтін денсаулық жағдайы туралы деректерді жазғаннан кейін жүзеге асырады.
11. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы:
1) әскери басқару органдарының жолдамасы бойынша медициналық куәландырудан, медициналық тексеруден өтетін немесе емделетін;
2) қамаудағы немесе әкімшілік қамаудағы;
3) амбулаториялық-емханалық жағдайларда әртүрлі ем-шаралар мен манипуляциялар қабылдайтын, зерттеп-қараудан өтетін, асқынудан (нашарлаудан) тыс созылмалы аурулары бар;
4) еңбекке уақытша жарамсыздық белгілері анықталмаған жағдайда медициналық ұйымға медициналық көмек сұрап, өтініш білдірген адамдарға берілмейді.
Көрсетілген жағдайларда пациентке амбулаториялық (стационарлық) науқастың медициналық картасынан көшірме беріледі.
12. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын мынадай медициналық ұйымдар:
1) қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
2) сот медицинасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
3) травматологиялық пунктерде және стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қабылдау бөлімшелері;
4) санаторийлік-курорттық ұйымдар;
5) апаттар медицинасы ұйымдары;
6) саламатты өмір салтын қалыптастыру және дұрыс тамақтану саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
7) дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлері;
8) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
9) жедел медициналық көмек ұйымдары бермейді.
13. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе анықтамасы еңбекке уақытша жарамсыздығы белгіленген күнінен бастап мереке және демалыс күндерін қоса алғанда, еңбекке жарамдылығын қалпына келтірудің бүкіл кезеңі бойына беріледі.
14. Осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, адамды медицина қызметкері тексермеген, өтіп кеткен күндер үшін еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беруге жол берілмейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет