Әдептілікке тәрбиелеу (оқу-әдістемелік құрал) Дайындаған: Қапарова Ж. У



бет9/14
Дата24.04.2017
өлшемі5,38 Mb.
#14721
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Өте жақсы, балалар, сендер жақсы мен жаманды айыра біледі екенсіңдер. Енді, балалар, мына үстел үстіндегі қима қағаздардан жақсы қылық бейнеленген суретті қызыл қорапшаға, ал жаман қылық бейнеленген суретті көк қорапшаға салыңдар.
– Өте тамаша, сендер бұл тапсырманы өте жақсы орындадыңдар. Жарайсыңдар.
Сергіту сәті.

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп толамыз.

Бір, екі, үш!

Бір екі үш!

Достықта біздің алып күш!

– Балалар, қараңдаршы бұл не?

– Дұрыс, қараңдаршы қандай әдемі көңілді жүрек. Сендер жүректің «Ғажайып баспалдақтан» көтерілгенін көргілерің келе ме?


– Олай болса, тақтаға назар аударыңдар.

Ойын: «Ғажайып баспалдақ»

– Бұл не?

– Жүрек кімде, нелерде болады? Оны қайдан көруге болады?

– Жүректің пішіні қандай болады?

– Жүректі қандай түспен бояйсыңдар?
– Жүрек қандай болуы мүмкін? Үлкен бе, кішкентай ма?

– Балалар, жүрек әр адамның өз жұмырдығындай болады, міне менің жүрегім мынадай, қане, бәрің жұмырдықтарыңды түйіндерші, міне, сендердің жүректерің осындай.


– Жүректің қандай пайдасы бар? Адам қуанған кезде жүрек қалай соғады? Ал ренжігенде ше?
– Жүрек жоғалып кетсе, не болады? Онсыз өмір сүруге бола ма?
– Сендер жүрек болсаңдар, қандай болар едіңдер?

– Міне, тамаша! Сендер жүрек және жүректің пайдасы жайлы көп біледі екенсіңдер, жарайсыңдар!



– Дос туралы.

– Достарды.


– Дос қиын жағдайда көмектеседі. Қуаныштарын бірге бөліседі. Дос кемшілікке күлмейді.
Достар бір-бірін алдамайды. Дос өз қателігін түсініп, досымен достасады. Досын сатпайды.
– Достар ренжісіп қалуы мүмкін, ойыншықтарын бөлісе алмайды, достың сатып кетуі мүмкін.
Балалар ойынның шартын мұқият тыңдайды.

– Қызыл, жасыл, көк, сары.


Балалар қимылмен көрсетеді.

«дос – друг, достық – дружба» деп қайталайды


Балалар дүрбі арқылы қарап, суретте не көріп тұрғандарын, өз ойларын айтады.

– Мен суретте, баланың жақсы қылық жасағанын көріп тұрмын. Ал мен ағаштан құлап қалған құс балапанын мысық жеп қояйын деп жатқанын көріп қалдым, ал бала келіп, оны қуып жіберді, мысық қашып бара жатыр. Ал мынау бала құстың ұясына тас лақтырып тұр, ол жаман қылық, т.б.


Балалар қызыл қорапшаға жақсы қылықтарды, көк қорапшаға жаман қылық бейнеленген суреттерді салады.

Қимылмен көрсетеді.

– Жүрек.



– Иә, көргіміз келеді.
Жүрек.

– Жүрек адамдарда, жануарларда, құстарда болады. Жүректі біз суреттерден көреміз.
– Жүрек сопақша болады, суреттерде біз үшбұрышқа ұқсас жүректерді көреміз.
– Жүректі біз қызыл түспен бояймыз.
Балалар жұмырдығын түйеді, өз жүректерінің қандай болатынын елестетеді.

– Жүрек қанды барлық дене мүшелеріне жібереді. Адам қуанғанда, жүрек жылдам соғады, ал ренжіген кезде, жиырылып қалады.


– Жүрек жоғалып кетсе, тіршілік тоқтайды.
Мейірімді, әдемі, ақжарқын, қайырымды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет