Әдістемелік кеңес №1


Шешім: Өзара ұйымдастырылған оқу қызметтеріне қатысу бақылауға алынсын. 4. Тыңдалды



бет3/17
Дата07.02.2022
өлшемі95,65 Kb.
#94774
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Шешім: Өзара ұйымдастырылған оқу қызметтеріне қатысу бақылауға алынсын.
4. Тыңдалды: «Балбөбек» І- кіші тобындағы балалардың бейімделуі.
Сөйледі: психолог Н.Иманбай қазіргі психологиялық - педогогикалық теорияда мектеп жасына дейінгі баланың жағымды эмоцияларын дамыту тек кәсіби мамандыққа ғана байланысты емес ол, тәрбиешінің жеке дербес қасиеттеріне де байланысты деп тұжырымдаған. Мектепке дейінгі ерте жас шамасындағы балаларға ерекше қарым - қатынастар талап етіледі Олар өте мейiрiмдi, нәзік, өте сенгіш келеді. Сондықтан бұл жас шамасындағы балдырғандарды қамқорлыққа алу, жараламай тәрбиелеу өте маңызды.
Топта балаларға жақсы және жайлы болу қажет.
Ерте жас шамасындағы сәбиді тәрбиелеуде ешкім де анасын алмастыра алмайтыны туралы ұмытпау керек. Сондықтан, ұстаз-психолог оларды ананың тұлғасындай жұмыс істей білу керек. Мысалы, шығармашылық жұмыстарды сәбимен бірге анасына көрсету үшiн iстеу. Ата-ананың сенімділігі арта түсіп балаға деген анасынан басқа да сүйіспеншіліктер оятады. Сәбидің эмоционалды көңіл-күйі саласының психологиялық диагностика әдiстерi өте көп. Бірақ бұл әдістердің барлығын пайдалану мүмкіншілігі бола бермейді.
Бiрiншiден, тәрбиешілер тестеудiң нәтижелерiн дұрыс түсiндiрiп беру үшiн жеткiлiктi психологиялық дайындықта болу қажет. Екiншiден, тәрбиешiге тестiң нәтижелерi жиi үрейлi немесе қияңқы балалардың тобы көрсеткішінде жеке балаға деген қарым-қатынаста әрекетсiздiкке әкеп соғады. 1 - ден 3 жасқа дейінгі баланың эмоционалды көңіл - күйінің дұрыс дамыту үшiн оның жетiстiгiн дәлелдеп, үнемі мадақтау маңызды. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалардың бойында неғұрлым көбірек психологиялық көмек көрсетіп, ойындар ұйымдастыру арқылы олардың сеніміне кіріп кері әсерден арылуға көп мүмкіншілік жасау қажет. Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоциялық күйінде көрінетін жағымды және агрессия түрлерін ашып көрсетіп олармен жұмыс жасау мақсатын алға қойсақ дегім келеді-деді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет