Әдістемелік кеңес №1


Тыңдалды: «Тәлімгер мектебі» жұмысының барысы Сөйледі



бет8/17
Дата07.02.2022
өлшемі95,65 Kb.
#94774
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
4.Тыңдалды: «Тәлімгер мектебі» жұмысының барысы
Сөйледі: әдіскер К.Жылкыбаева «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет», - деп Елбасымыз атап көрсеткендей педагогикалық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау қазіргі таңдағы әрбір педагогтың міндеті. Бүгінгі қоғамға қажет құзіретті педагог - жан-жақты дайындалған, заман талабына сай педагогикалық шеберлікті меңгерген ұстаз. Педагогикалық шеберлік–ұстаздық талантпен тығыз байланысты.
К.Д.Ушинский: «Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр – сырын меңгермейінше бұған оның қолы жетпейтіндігін», – айтады. Педагогикалық шеберліктің негізгі өлшемдері: мақсатқа лайықтылық, шығармашылық, үйлесімділік. Педагогикалық шеберлік – тек қана педагогтың жалпы, жан – жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол – әр сөзді балаларға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы, оқыту мен тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін меңгерген, білгенін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагогикалық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болады.
Біздің балабақшада әдістемелік жұмысты жетілдіру бойынша жұмыстар жан-жақты қарастырылған. Педагогтардың шеберліктерін жетілдіру мақсатында «Тәлімгер мектебі» жобасы құрастырылып, 2016 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. Жобаның өзектілігі тәрбиешілердің жаңа технологияларды білгенімен іс жүзінде қолдана алмауы, кәсіптік біліктілік деңгейлерін көтеруде жалқаулыққа бой берулері, ғылыми зерттеушілік жұмыстарына араласпауы негізгі себеп болды. Тәрбиешілерді тәлімгерлік ету арқылы ұйымдастырылған оқу қызметін жоспарлауды, жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білуді, іс-әрекетті зерттеуді, өз ісіне баға бере отырып, әлсіз және мықты жақтарын айқындап, жаңа форматта мерекелік шараларды ұйымдастырып, өткізуге көмектесу болатын. Бізде биыл екі жас маман бар. Оларға тәрбиешілер К.Толеубаева мен К.Муканова тәлімгерлік етеді. Сонымен бірге тәжірибесі аз, жүктілік демалысынан келген тәрбиешілер жұмыс істеуде. Бұл жоба арқылы тәрбиешілерге «Шығармашылық жоба» жазуға көмектесу, инновациялық технологияларды тиімді қолдану, ата-аналармен жұмыс түрлерін ұйымдастыру бойынша кеңестер беріліп, әдістемелік көмектер көрсетілуде. Қаңтар айында болатын аудандық педагогикалық оқылымға 4 педагог шығармашылық жобаларын қорғау мақсатында қатысуға дайындалып жатыр,-деді.
Сөйледі:тәлімгер Толеубаева Камажай Алпысбаевна
Биылғы оқу жылы бір әріптесімнің бойындағы тәжірибеге өзгеріс енгізу мақсатында тәлімгер ретіндегі жұмысымды жүзеге асырамын. Әріптесім Перизат Бекболатовнаны тәлім алушы ретінде таңдаган себебім, менің іс тәжірибені талқылау семинарыма қатысып, қызығушылық танытып өз қажеттілігіме көмек болады деп өзі «өтініш» білдірді. Дегенмен де, балабақша әкімшілігімен, әдістемелік бірлестігі жетекшісімен бірге өтінішті қайта талқыладық. Өтінішін қабыл алып, тәлім алушы ретінде жұмыс жасауына келістім. Перизат Бекболатовна еңбек өтілі 3 жыл, жауапкершілігі бар тәрбиеші. Жаңалыққа жаны құмар әлем өзгеруде, педагог өзгеру керек деген мақсатқа түсіністікпен қарап, тәлім алушы болуға қызығушылығы жоғары. Тәлім алушымен жұмыс жасау үшін деректер жинау мақсатында ұйымдастырылған оқу қызметтеріне қатыстым. Тәрбиеленушілердің іс-әрекетін, тәрбиешінің шеберлік қырларын, оқыту әдісін, баламен арасындағы іс-әрекетін анақтау мақсатында ұйымдастырылған оқу қызметі барысын фотосуретке және бейнежазбаға түсіріп алдым. Ұйымдастырылған оқу қызметтерін ұйымдастырып, үй тапсырмасын сұраудан бастады. Балалар сұраққа жауап берді. Ұйымдастырылған оқу қызметінде балалардың тәрбиешіні тыныш отырып тыңдап, артық қозғалыс жасамай отырғанын байқадым. Ұйымдастырылған оқу қызметі кезіндегі әр тапсырма негізінде жауап берген балаларды мадақтапп отырды. Ұйымдастырылған оқу қызметінен кейін тәлім алушымен бірге бейнежазба материалына қарап ұйымдастырылған оқу қызметін талқыладық. Талқылау барысында "тәлімгерлік түзету қағидатына емес даму қағидатына негізделген" (Oxley, 2003) дегенді басты ұстанымым етіп алдым. Ұйымдастырылған оқу қызметін көрсеткеніне рахмет айта отырып "ұйымдастырылған оқу қызметі мақсатына жетті ме?" деп сұрадым. "ұйымдастырылған оқу қызметі мақсатына жетті" - себебі тақырып ашылды, бала толық меңгерді. Бірақ, әлі де орындалар іс-әрекеттер бар еді уақыт аздау болып үлгере алмадым, балалар кейбірі жайсыздау іс-әрекеттер жасады, жауап берер кезде тұрып қалу, бейне таспаға қарап отыру дегендей. Бұл төңірегінде балаларға тағы да түсініктеме беру керек екен деп шештім. Әрине, бұл кіші жастағы балаларға тән жәй екені белгілі. Мен де кейбір балалардың толықтай қатыспай отырғанын байқағам, өз ойымен отырған балалар болды, түсірілім әсері болар. Мүмкін олда себеп болған шығар, дегенмен балалар ұйымдастырылған оқу қызметіне толықтай қатыспады. Өзге де себеп бар ма?- деп сұрадым. Сонымен бірге, бұл ұйымдастырылған оқу қызметінде балалардың белсенділігі төмен болды. Себебі топтағы бала санының көптігінен бе?-деп ойладым. Осы тұста тәлім алушыма өз ұсынысымды білдіре отырып, білім беру саласындағы өзгерістер мен кәсіби құзіреттілігі терең педагог даярлау екендігін түсіндірдім. Оқытудың жаңа әдіс-тәсілі бойынша келесі ұйымдастырылған оқу қызметтері үрдісін топтық жұмыс негізінде ұйымдастыру қажеттігін ұсындым. Онда әр ұйымдастырылған оқу қызметін түрлендіру арқылы балаға еркіндік беру, топпен жұмыс бұл бірлескен оқу, ал бірлескен оқудың мәні – ынтымақтастық оқу. Ынтымақтасқан оқудың ақпаратты игеретін, өздері игерген мәліметті байланыстыратын белсенді үдеріс екенін, бұл оқу тәсілінде сабақтың 90%-н бала өзі алып шығуы керектігін айтым түсіндірдім. Бала өз ойын ашық айтады, бірін бірі оқытады, үйретеді, сөйлейді, бағалайды. Тәрбиеші тек бағыт, бағдар беру арқылы тапсырманың орындалуын қадағалайды, сыни көзқарас балада қалыптасады. Топтағы ерекше дарынды, талантты балалаларды байқап, оларды көшбасшылыққа тәрбиелей аламыз, деп түсіндірдім. Әңгімелеу кезінде әріптесімнің топтық жұмысты үнемі болмаса да қолданып жүргенін байқадым, өзгеріске дайын екенін көріп риза болып қалдым. Мен оған өзімнің тізбектелген ұйымдастырылған оқу қызметтері топтамасын көрсетіп, менің ұйымдастырылған оқу қызметтеріме қатысып, бақылауын ұсыныс білдірдім. Менің төрт ұйымдастырылған оқу қызметтеріне қатысып болған соң кері байланыс ретінде: ұйымдастырылған оқу қызметтері барысы ұнады ма? Не өзгешелік бар? Сіздің ойыңызша ұйымдастырылған оқу қызметтері мақсатына қалай жетті?-деген сұрақтар қойдым. Сол кезде: Сіздің ұйымдастырылған оқу қызметін ұйымдастыру барысыңыз мүлде өзгеше екен, балалар тақырыпты өздері ашып, өздері талдап, өздері түсіндіреді, өз ойларын еркін жеткізіп, ұйымдастырылған оқу қызметі мақсатына өздері жетті. Менде осы әдіс-тәсілді өз ұйымдастырылған оқу қызметіме пайдалана алсам деді. Осы ойын іске асыру мақсатында біз орта мерзімді және қысқа мерзімді ұйымдастырылған оқу қызметтерінің жоспарын бірлесе жасадық. Жоспарлау барысында балаларды ұйымдастырылған оқу қызметтеріне қызықтырып, ынталандыру жолдарын қарастыра отырып, ұйымдастырылған оқу қызметтерінде постермен жұмыс жасау, талдау, қорғау, өзара топпен бағалау, қол соғу, жарайсың деген әдіс – тәсілдерін ұсындым. Перизатпен бірге өткізген тәлімгерлік тәжірибемде бірігіп ұйымдастырылған оқу қызметтерін жоспарлау, талдау, ұсыныс, сұхбаттасу кезінде арамызда шынайы достық, сыйластық қарым-қатынас орнады. Мен оған өз тәжірибеммен бөлісе отырып қолдау көрсеттім. Тәлім алушым Перизат топпен жұмыс жасау, қалыптастырушы бағалау стратегияларын ұйымдастырылған оқу қызметтерінде пайдаланудың тиімді жақтарын тез үйренді. Тәлім алушының мені қуантқаны менің ұсынған әдіс-тәсілдерімді еш қиындықсыз әрі қарай алып кеткені, топ балалары да бұрыннан қалыптасып қалған тәрізді, бірден орындап кеткені,топтық жұмысқа тез бейімделуі жақсы нәтижені көрсетті. Тәжірибе кезінде қиындық туғызған сәттер: балабақшаның АКТ құралдарымен толық жабдықталмауы үлкен кедергі келтірді. Топты ұйымдастыру, топқа бөлу кезеңінде қиындық болды. Тәлім алушы өзінің жазған кері байланысында дәстүрлі сабағымен салыстырып, көптеген әдіс-тәсілдерді іс-әрекетте қолданғанына риза болды. Тәлім алушымның рефлексиясы: Не ұнады, не ұнамады? деген сұраққа Орта мерзімді жоспардың тиімділігіне көзім жетті.ҰОҚ жоспарын құрғанда жаңа әдіс тәсілдің қиын жері көп даярлықты қажет етеді екен. Біз бұрын тек оқулықпен шектелсек қазір қосымша интернеттен материалдар қарауға тура келеді, ізденушілік керек екен,- деді. Менің ұсыныстарым: Маған тәлімгерлікті алдағы уақытта да жалғастыруыңызды сұраймын. Сізге мықты денсаулық, шығармашылық табыстар тілеймін. Тәлімгерлік ету барысында өзімнің біліміммен, іс-тәжірибеммен бөлісіп, тәлім алушының еңбек жолында айтулы жетістіктерге жету мақсатында өзінің кәсіби дағдыларын дамытып, проблемаларды шешу жолдарын іздеуіне қолдау көрсетемін,-деді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет