Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



бет5/65
Дата04.03.2022
өлшемі0,72 Mb.
#134347
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
Байланысты:
ӘНХ (2)
Самал кукык онлайн сабак 2021, Самал кукык онлайн сабак 2021, Бағалау парағы, ел ертеңі жастар, жас маман жоспар, жас маман жоспар, Ғылыми жоба, тарих, тарих, 00074ea1-4d61d000, osh sor himija emn 10-klass kaz, Документ Microsoft Word (2), тәрбие құралдары, Кеңестік кезеңдегі тарихи оқиғалардың өрбу барысына көз жүгіртер болсақ
Білім сабағын ұйымдастыру кезінде:
білім алушылардың жас ерекшеліктерін;
пәнаралық байланысты және білім алушылардың әдебиет, тарих, география және т.б. сабақтарда алған білімдерін;
жеке педагогикалық іс-тәжірибені;
патриоттық тәрбиенің бағыттарын ескеру керек.
Білім беру ұйымдарында патриоттық тәрбие жүйесіндегі негізгі бағыттар:
Рухани-адамгершілік. Білім алушылардың патриоттық тәрбие процесінде жоғары құндылықтарды, әлеуметтік маңызды процестердің және нақты өмір құбылыстарының идеалдары мен бағдарларын, оларды анықтайтын принциптер ретінде басшылыққа алу қабілетін, тәжірибелік қызмет ұстанымдарын ұғынуы. Мәдениет пен білімділікті арттыру; Отанға лайықты қызмет көрсетуге дайын екендіктерін көрсететін идеяны түсіну; жоғары адамгершілік мінез-құлық нормаларын, жауапкершілік және ұжымшылдық, маңызды рухани- адамгершілік және мәдени-тарихи құндылықтарды дарыту.
Тарихи-өлкетану. Білім алушыларды оқыту мен патриоттық тәрбие процесінде өткенге қатысты сезімтал тәжірибенің деңгейінде тарихи-мәдени негіздерді тануы; Отанның қайталанбайтындығын, оның тағдырын, тұтастықты, ата-бабалардың және замандастарының істеріне қатысты мақтанышты, сондай-ақ қоғамда және мемлекетте болып жатқан тарихи жауапкершілікті ұғыну.
Азаматтық-патриоттық. Білім алушы тұлғасында қоғамдық өмірдің толыққанды қатысушысы болуға мүмкіндік беретін қасиеттерді қалыптастыру. Құқықтық мәдениетке және заңды орындауға, жоғары адамгершілік пен жалпы мәдениетке, мемлекет пен қоғамдағы саяси және құқықтық оқиғалар мен процестерді бағалау дағдыларына, азаматтық ұстанымға, өз халқына саналы, жанқиярлық, ерікті қызмет көрсетуге үнемі дайын болуға және өзінің конституциялық міндетін орындауға тәрбиелеу.
Әлеуметтік-патриоттық. Ұрпақаралық рухани-адамгершілік және мәдени-тарихи сабақтастықты жандандыру, өмірлік белсенді ұстанымды, аяушылық сезімдерін және егде жастағы адамдарға қатысты қамқорлықты қалыптастыру.
Әскери-патриоттық. Жастардың бойында жоғары патриоттық сана, Отанға қызмет идеясын, оның қарулы қорғаныс қабілетін; отандық армияның әскери дәстүрлерін, әскери қызметті, әскери киімді құрметтеуді қалыптастыруға тәрбиелеу процесін бағдарлау.
Ерлік-патриоттық. Ерлік кәсіптерді, отан тарихындағы көрнекті қайраткерлер және кең танылған батырлық күндерді насихаттауға тәрбиелеу процесін бағдарлау.
Спорттық-патриоттық. Тәрбиелеу процесінде жұмысқа қабілетті адамды қалыптастыру; білім алушының тұлғалық моральдық-жігерлік қасиеттерін дамыту (күш, ептілік, төзімділік, бәсекеге қабілеттілік және т.б.); дене шынықтыру сабағында және спортпен айналысу арқылы Отанға қызмет ету және отанды қорғауға дайындық тәжірибесін қалыптастыру. Осы бағыт бойынша тәрбие жұмысының жүйесі - аурулардың алдын алу құралдарының бірі, денсаулықты нығайту және жағымсыз және зиянды әдеттерді болдырмау.
Бірінші сабақтан бастап, ПАТРИОТ - өз мемлекетінің жерінде, елінде, тарихына ат салысатын адам екенін атап өту маңызды.
ПАТРИОТИЗМ ген арқылы қаланбайды, бұл - жеке тұлға, азамат, патриот ретінде өзін-өзі білдіру, мемлекет өміріне белсене қатысу арқылы барлық қоршаған ортамен қалыптасатын әлеуметтік сапа.
Мұғалімге сабаққа дайындық кезінде патриотизмге үш негізгі құрылымды қамтитын тұлғалық қасиеттер жүйесі ретінде назар аудару қажет:
Сезімдерді қамтитын сезімдік-эмоционалдық қасиеттер:
кіші отанына деген сүйіспеншілік;
өз халқының мүмкіндіктері мен күштеріне сену;
өз ұлтына тиесілі болғанына мақтаныш;
Отанның тарихтағы рөлі мен ұлылығын түсіну;
ұлттық мәдениетке деген махаббат;
Отанын қорғауға дайын болу;
мемлекет пен халықтың мәселелеріне қатыстылық;
-этностың, әлеуметтік топ ішінде жеке тұлғалардың өзара жақын болуы және т.б.
Тұлғалық құндылықтар жүйесінің көрсеткіштерін қамтитын рухани- құндылықтық қасиеттері:
Отан игілігі үшін өзін-өзі құрбан ету;
Отан мүддесін жекеден жоғары қою қабілеті;
ұлттың рухани-адамгершілік мұрасын өте құрметтеу;
құндылық бағытында мемлекеттік деңгейдегі құндылықтардың басым болуы;
ұлттық-конфессиялық рухани құндылықтар, адалдық.
Тұлғаның патриоттық санасын көрсететін, практикалық қызметін қамтитын практикалық-қызметтік:
өз өміріне қауіппен Отан мүддесін қорғауға шынымен дайындығы;
сайлау, сауалнамалар, референдум кезінде патриоттық ұстанымын нақты білдіру;
қоғамның, әлеуметтік топ, жеке тұлғаның құндылық бағдары жүйесінде мемлекеттік деңгейдегі құндылықтардың басым болуы;
практикалық іс-әрекеттердің декларацияланған құндылықтары мен сезімдеріне сәйкес келуі;
белгілі бір этникалық топпен және ішкі ұлттық бірлігін жоғары дәрежесімен өзін-өзі сәйкестендіру;
ұлттық-мемлекеттік мүдделерін ұғынуы және оларға қоғамда бұқаралық әлеуметтік іс-әрекеттер сәйкестігі.
Сабақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хаттамасына сәйкес рәміздерге - Елтаңба, Туға ресімдеуге қойылатын талаптар орындалады.
Сабақ практикаға бағытталған құрылымға сәйкес болуы тиіс: білу түсіну қолдану. Инновациялық технологиялар, әдістер, интерактивті тәсілдерді пайдалану ұсынылады: «Идеялар себеті», «Блумның алты сатысы»
«Ыстық орындық» әдісі, «Кластер», «Синквейн жазу», «Ақыл картасы»,
«Түрлендірілген дебаттар», «Жобалау пікірталасы».
Рефлексия әрбір білім алушымен «Тегтер бұлты» инновациялық тәсіл көмегімен жүргізіледі, онда мыналар толтырылуы қажет:
Мен таныстым.
Маған оңай болған жоқ.
Мен қол жеткіздім.
Мен істей алдым.
..................................................болса жақсы болар еді.
Менің есімде қалды.
Мен істеп көремін.
1-4-сыныптар концентрі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет