Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



бет7/65
Дата04.03.2022
өлшемі0,72 Mb.
#134347
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   65
Байланысты:
ӘНХ (2)
Самал кукык онлайн сабак 2021, Самал кукык онлайн сабак 2021, Бағалау парағы, ел ертеңі жастар, жас маман жоспар, жас маман жоспар, Ғылыми жоба, тарих, тарих, 00074ea1-4d61d000, osh sor himija emn 10-klass kaz, Документ Microsoft Word (2), тәрбие құралдары, Кеңестік кезеңдегі тарихи оқиғалардың өрбу барысына көз жүгіртер болсақ
ІІІ блок. Рефлексия. «Тегтер бұлты» инновациялық тәсілі. Сабақ өткізу нәтижесінде білім алушылар:
патриотизмге өз анықтамасын бере;
тарихи оқиғаларды атау және патриотизмге байланысты кіші Отанының тарихымен байланысты тұлғалармен мысалдар келтіре;
патриотизм мен оның көріністеріне өз ұстанымын ұстана алады.
Зерттеу әдістері: «Ойлану». «Басқа адамнан сұрау». «Қадағалау (Фото, сурет)», «Ақпаратты кітаптардан, газет-журналдардан алу», ата-аналармен бірлесіп бейнефильмдер түсіру.
4. 2 5-7-сыныптар концентрі
Сабақтың тақырыбы: «Мен - патриотпын».
Сабақтың арқауы: МЕН – МӘДЕНИ ҰЛТТЫҚ ИГІЛІКТЕР ПАТРИОТЫМЫН.
блок. Мотивациялық
«Ассоцация» тәсілі
Әр білім алушыға «Патриот» ұғымы кіммен немесе немен байланыстырылатынын ойлану және сөйлемдерді жалғастыру ұсынылады:
Патриот – бұл...........
Болжамды жауаптар:
Өз елін жақсы көретін, құрметтейтін және қорғауға дайын адам.
Өз үйін, қаласын, дүниеге келген және өскен жерін жақсы көретін адам.
Ұлттық рәміздерді - Әнұраны, Туы, Елтаңбасын және өз елінің Президентін мақтан тұтатын адам.
Әлемдегі спорттық және басқа да біздің жеңістермен мақтанатын адам.
Туған жері үшін ерлік жасауға дайын адам.
Қай жерде жүрсе де Отанын есінде сақтайтын адам.
Елі үшін өз еңбегімен көп нәрсе жасай алады.
Мемлекеттік және ана тілдерін, өз мәдениетін жақсы көретін және білетін адам.
Заңдарға бағынады және Отанымыздың игілігі үшін бәрін жасайды.
Өз Отанына берілген, елі үшін құрметті және қажет адам.
Елі әлемдегі ең үздік ел болуын және барлығы лайықты өмір сүрсе деп армандайтын және сол үшін бәрін жасайтын адам.
Ұлы Отан соғысының батырлары сияқты Отанға жанын арнайды.Өз елінің тарихын, салт-дәстүрін, ұлттық мерекелерін біледі, ата- бабаларын мақтан тұтады.
Жақсы оқиды, себебі алған білімдері қоғамға пайда әкелуі мүмкін.
блок. Практикаға бағдарланған
Осы жас аралығындағы білім алушылардың бойында мінез-құлық қалыптасады, қарым-қатынас, диалог арқылы практикалық іске деген мотивация пайда болады.
Осы сыныптар концентрі үшін мынадай сабақ түрлері ұсынылады:
ᴥ «Жібек жолы» іскерлік ойыны: сауда керуені жолымен білім алушылар қалаларға біздің ұлттық бірегейліктің базасын құрайтын ежелгі ескерткіштер орналасқан қалаларға аялдама жасайды. Шағын топтарда жұмыс істей отырып осы ескерткіштер туралы постер дайындайды және қорғайды. Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Яссауи кесенесін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жетісудың киелі мекендерін және ежелгі Отырар қаласы, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мұралар тізіміне енгізілген Тамғалы археологиялық кешені айналасындағы ескерткіштерді сипаттау ұсынылады;
ᴥ «Шығыс шеберлері» жәрмеңкесі. Қазақ халқының жарқын тарихы бар сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары, олардың арасында ежелгі шеберлердің бұйымдары да болуы мүмкін, мысалы, «Қарғалылық олжа», қазіргі заманғы белгілі шеберлердің жұмыстары. Білім алушылар бұйымдардың шығу тарихын, оларды шеберлер қалай жасағанын айтады. Мүмкіндігіне қарай шеберлік сыныптарын көрсетеді, мысалы, қыш заттары қалай дайындалатындығы туралы;
ᴥ «Мұражай алаңы». Қазақстан мұражай залдарында тарихи реконструкциялау элементтері бар театрландырылған экскурсия ұсынылады Мұражай экспонаттарымен таныстыратын білім алушы-экскурссия жетекшісін даярлауды қарастыру; сабаққа музыкалық шығармалар, суреттер, слайд-шоу, мультимедиялық презентациялар енгізіп экспозиция ресімдеу. Білім алушылардың тақырыпты және экскурссия материалдарын толық «тереңірек меңгеруі» үшін театрландырылған сценарий және әртүрлі есте қалатын костюмдердегі білім алушы топтарын дайындау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   65




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет