Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



бет8/65
Дата04.03.2022
өлшемі0,72 Mb.
#134347
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   65
Байланысты:
ӘНХ (2)
Самал кукык онлайн сабак 2021, Самал кукык онлайн сабак 2021, Бағалау парағы, ел ертеңі жастар, жас маман жоспар, жас маман жоспар, Ғылыми жоба, тарих, тарих, 00074ea1-4d61d000, osh sor himija emn 10-klass kaz, Документ Microsoft Word (2), тәрбие құралдары, Кеңестік кезеңдегі тарихи оқиғалардың өрбу барысына көз жүгіртер болсақ
ІІІ блок. Рефлексия. «Тегтер бұлты» инновациялық тәсілі. Сабақ өткізу нәтижесінде білім алушылар:
«патриотизм» ұғымымен тығыз байланысты ассоциативті қатар құруды;
сәндік-қолданбалы өнер заттарын сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын тарихи оқиғаларды қайта жаңартуды;
мұражай сайты материалдарын пайдалануды орындай алады.
Зерттеу әдістері: «Тарихи қайта қалпына келтіру», материалды
«тереңірек меңгеру», сайттар, мұражай әдебиеті материалдарын зерделеу.
3. 8-9-сыныптар концентрі
Сабақтың тақырыбы: «Мен-патриотпын». Сабақтың арқауы: «МЕН – ПАТРИОТ – АЗАМАТ I-блок. Уәждемелік
Білім алушыларға адамның азаматтық-патриоттық ұстанымын сипаттайтын адамның қасиетін анықтау және 9-кестені толтыру ұсынылады:
9-кесте – Білім алушыларға адамның азаматтық-патриоттық ұстанымын сипаттайтын адамның қасиетін анықтау



Патриотқа тән қасиет

Патриот емес адамның
қасиеті

Маған тән қасиеттер
(алдыңғы бағандардан)

Болжамды жауаптар:
жауапкершілік;
әділеттілік;
төзімділік;
адалдық;
батылдылық;
шыдамдылық;
ризашылдық;
зейінділік.

Болжамды жауаптар:
өзі өмір сүріп жатқан қоғамды құрметтемеу;
жауапсыздық;
отбасы алдындағы борыштың болмауы;
берекесіздік;
бағдарсыздық (өз елі туралы дұрыс пікірде болмау және оны жақсарту үшін ештеңе жасамайды);
арамтамақтық, жұмыс істегісі келмеу;
Отанға деген сүйіспеншіліктің
болмауы.




Кестені толтырып болғаннан кейін білім алушыларға «Сіз қандай қасиетті ең басты деп ойлайсыз және неге?» деген сұраққа жауап беру ұсынылады.


II-блок. Практикаға бағдарланған
Жастық кезең белсенді өмірлік ұстанымның, өзін-өзі анықтау, өз маңыздылығы түсінудің қалыптасуымен байланысты. Осы жас категориясы үшін болашақ кәсібін таңдау және оның еліміздің бүгінгі өмірімен байланысы маңызды болып табылады.
Аталған сыныптар концентрі үшін мынадай сабақ түрлері ұсынылады: ᴥ «Жастардың азаматтық бастамаларға құқығы бар» пікірталасы.
ᴥ «Белсенді азаматтық ұстаным керек пе?» подиум-пікірсайысы. Пікірсайыс үшін білім алушылар азаматтық қоғамдастықтар бойынша бірігеді. Мынадай қоғамдастықтар ұсынылады: «Таза қала» экологиялық қозғалысы, жануарларды қорғау жөніндегі бастамашыл топ, «АРГО» азаматтық қоғамды



дамыту қауымдастығы, Оff-line қоғамдастығы, «Азаматтық құқық» қоғамдастығы. Әрбір қоғамдастық өз спикерлерін ұсынады.


ᴥ Ұсынылған мысалдар азаматтық мінез-құлықтың көрсеткіші болып табылатындығы туралы қысқаша пікірсайыс:
егер ол азамат болса, ол туған өлкесінің табиғаты құрып бара жатқанына немқұрайлы қарай алмайды, ол экологиялық отрядта жұмыс істейді және ағаштар егеді. Ол өз ауласын тәртіпте ұстауға көмектеседі және ешқашан қағазды жерге тастамайды. Кешке саябақта ол орындыққа аяғымен шығып отырмайды және кетерде оны сындырып кетпейді.
азамат елінің өткен тарихын сақтайды, көне ескерткіштерді қалпына келтіруге қатысады;
азамат адамдар ешқашан тең болмағанын, сондықтан бай адамдарды қызғанудың дұрыс еместігін түсінеді. Ол табандылық, мақсаткерлік, жұмыс қабілеттілігі және кәсібилік көрсету арқылы материалдық әл-ауқатқа және тәуелсіздікке жете алады;
ᴥ Келесі әрекеттерді азаматтық әрекеттер деп айтуға болатындығы туралы қысқаша пікірталас:
білім алушылар тоғайларды тазалау бойынша сенбілік өткізді және тұрғындарға өз қаласының жасыл желектерін аялап ұстуға үндеу дайындады;
жастар ғибадатхананы қалпына келтіруге қатысады;
білім алушылар соғыс ардагерлеріне арналған госпиталдерді қамқорлыққа алады;
ᴥ Жобалық пікірталас. Елестетіп көріңізші, сіз мұндай жағдайда не істер едіңіз:
Көршілерде өрт болды...
Науқасқа шұғыл қан тапсыру қажет болды...
Бөтен адам үшін дәрі-дәрмекке барып келу қажеттігі туындады...
ᴥ Отанға қызмет жасауда менің болашақ мамандығым. Шағын топтарда кластермен жұмыс істеу және оны қорғау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   65




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет