Әдістемелік нұСҚАУ


Сабаққа негізделген оқу мақсаты



бет15/24
Дата30.10.2022
өлшемі89,56 Kb.
#155679
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24
Байланысты:
МУ практика 4 курс каз
алғыс айту тәрбие сағаты, Химиядан оқулықтар тізімі
Сабаққа негізделген оқу мақсаты
Сабақтың басты міндеті - оқу мақсатын жүзеге асыру болғандықтан, сабақ жоспары толығымен оқу мақсаттарынан туындайды. Сабақ мақсаты да, бағалау критерийлері мен тапсырмалар да осы бағытта құрастырылады.
Осыған орай оқу мақсаттарын мемлекеттік стандарт, өзгертуге болмайтын инвариант деп түсінген орынды. Оқу мақсаттары оқу бағдарламасы мен ҰМЖ-дан алынып, тура сол қалпында ҚМЖ-да көрсетіледі. Оқушылардың барлығы да оқу мақсаттарына жетуі керек. Сондықтан мұғалімнің шешімі бойынша оқу мақсаттары бір немесе бірнеше сабақта қарастырылуы мүмкін.
Бағдарламада оқу мақсаттары төрт саннан тұратын кодтық белгімен көрсетіледі: 7.2.1.3. Олар мынаны білдіреді: бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлімше ретін (әр пән бағдарламасы екі бөлімнен тұрады), төртінші сан оқу мақсатының реттік номерін көрсетеді. Мысалы, 7.2.3.1. кодында «7» - сынып, «2.1» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «3» - оқу мақсатының реттік саны деп түсіну керек.

Сабақ мақсаттары
Сабақ мақсаты дегеніміз оқушылардың сабақ нәтижесінде үйренетін дағдылары, білік пен білімі, оқушының сабақ бойы жасаған жұмысының нәтижесі. Сабақ мақсаты оқушының сабақта не жасағанын көрсетпей, оның сол әрекеттерді орындау нәтижесінде (сабақ соңында) не үйренетіндігіне болжау жасайды. Оқушылардың әрекеттері Блум таксономиясының деңгейлері бойынша белгіленеді. Сабақ мақсаттары оқу мақсаттарының негізінде жасалады.
Сонымен бірге мұнда саралап оқыту идеясы аясында оқушылардың барлығына бірдей мақсат белгілемей, олардың танымдық деңгейлері бойынша түрлі мақсаттар қойған дұрыс. Бұл туралы мынандай сөз бар: «Сыныпта бір мезгілде барлық оқушыларды бірдей оқытқан жағдайда: 1/3 оны біледі, 1/3 түсінеді, 1/3 ешқашан түсіне алмайды. Сондықтан сыныптағы балалардың 2/3 уақытты босқа жоғалтады» (Скотт Виллис).
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясыныңәдістемелік нұсқау хатында саралап оқыту туралы былай деп жазылған: «Саралап оқыту тәсілі – білім алушылардың әртүрлі топтары үшін оқу процесін мамандандыруды, білім алушылардың ерекшеліктерін есепке алу мақсатында әртүрлі топтар үшін әртүрлі оқыту жағдайларын жобалайды. Саралап оқыту тәсілі әртүрлі білім алушылар тобының оқу әрекетін ұйымдастыру үшін арнайы оқыту әдістерін және іс-әрекеттерді саралау тәсілдерін кіріктіреді. Күрделілігімен, оқу-танымдық қызығушылықтарымен, мұғалім тарапынан көмек сипатымен ерекшеленетін сараланған тапсырмаларды қолдану - сараланған оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың шарты болып табылады» (2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2017, 17 б.).
Сонымен, сабақ мақсаттарын саралап көрсету міндетті болып саналмағанмен, алайда оларды көрсету оқушылардың жеке қажеттіліктерін ескеретіндігін ұмытпауымыз керек. Мұндай саралауда не жазу керек?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет