Екінші турға бірінші турға қойылатын ұпайдың кемінде жартысын (25ұпай) жинаған оқушылар қатыса алады. Екінші турға қатысушыларға қазақ тілі мен әдебиеттен 5 сұрақ қойылады


Оқушылардың республикалық олимпиадасына іріктеу (аудандық кезең)



бет3/4
Дата27.12.2022
өлшемі25,96 Kb.
#164635
1   2   3   4
Байланысты:
ІІ тур 8-11-сынып
Құқық Перизат, Тест Русский язык 1 семестр В1-1
Оқушылардың республикалық олимпиадасына іріктеу (аудандық кезең)
ІІ тур
10 - сынып
(Қазақ тілі мен әдебиеті)


Екінші турға бірінші турға қойылатын ұпайдың кемінде жартысын (25ұпай) жинаған оқушылар қатыса алады. Екінші турға қатысушыларға қазақ тілі мен әдебиеттен 5 сұрақ қойылады.


Екінші турдың сұрақтарына берілген жауаптарды бағалау тәртібі:
Әр сұраққа қойылатын ең жоғарғы баға – 10 ұпай, бағалау мынадай критерийлерге негізделеді:
9-10 ұпай–жауабы ерекше, жауап барысында мектеп бағдарламасынан тыс мәліметтер мен деректерді келтіре отырып, терең білім алғанын байқатады;
7-8 ұпай – сұраққа толық жауап беріледі, кейбір қосымша мәліметтер келтіре білді;
5-6 ұпай – жауап барынша толық болмады, терминдерді түсіндіруде, анықтамалар мен ережелерді айтуда, сөйлем талдауда кейбір қателер кездесті;
3-4 ұпай – жауабы толық емес, дөрекі қателер кетті;
1-2 ұпай - сұраққа жауаптың қатысы жоқ, нақты емес.
Екінші турдан оқушының жинайтын ең жоғары ұпай – 50. Олимпиаданың екі турынан да жоғары ұпай ала білген оқушы 100 ұпай жинауға мүмкіндігі бар.





Пән атауы

Мазмұны

1

Қазақ әдебиеті

Параменен мал жиып,
Бойынан асқан былығы.
Оязға қайтсем жағам деп,
Үзілер болды жұлыны.
Үзінді қай туындыдан келтірілген? Бұл туындыда не туралы айтылатынын қысқаша баяндап беріңіз.

2.

Қазақ әдебиеті

а) Нәзирашылдық дәстүр туралы.
ә) Арнау және оның түрлері.

3.

Қазақ тілі

а) Сөздердің байланысу түрлерін ажыратыңыз. Мысал келтіріңіз.
ә) Пысықтауыштың мағыналық түрлері және олардың жасалу жолдары туралы айтыңыз. Мысал келтіріңіз

4.

Қазақ тілі

а) Ғылыми стильдің тілдік көріністері туралы айтыңыз.
ә) Ұлттық үрдіс және сөз мәдениеті туралы айтыңыз.

5.

Тіл мәдениеті

Ұлт-азаттық көтеріліс – елдігімнің айғағы.




  • Тапсырманың орындалу уақыты 90 минут



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет