Екінші турға бірінші турға қойылатын ұпайдың кемінде жартысын (25ұпай) жинаған оқушылар қатыса алады. Екінші турға қатысушыларға қазақ тілі мен әдебиеттен 5 сұрақ қойылады


Оқушылардың республикалық олимпиадасына іріктеу (аудандық кезең)



бет4/4
Дата27.12.2022
өлшемі25,96 Kb.
#164635
1   2   3   4
Байланысты:
ІІ тур 8-11-сынып
Құқық Перизат, Тест Русский язык 1 семестр В1-1
Оқушылардың республикалық олимпиадасына іріктеу (аудандық кезең)
ІІ тур
11 - сынып
(Қазақ тілі мен әдебиеті)


Екінші турға бірінші турға қойылатын ұпайдың кемінде жартысын (25ұпай) жинаған оқушылар қатыса алады. Екінші турға қатысушыларға қазақ тілі мен әдебиеттен 5 сұрақ қойылады.
Екінші турдың сұрақтарына берілген жауаптарды бағалау тәртібі:
Әр сұраққа қойылатын ең жоғарғы баға – 10 ұпай, бағалау мынадай критерийлерге негізделеді:
9-10 ұпай–жауабы ерекше, жауап барысында мектеп бағдарламасынан тыс мәліметтер мен деректерді келтіре отырып, терең білім алғанын байқатады;
7-8 ұпай – сұраққа толық жауап беріледі, кейбір қосымша мәліметтер келтіре білді;
5-6 ұпай – жауап барынша толық болмады, терминдерді түсіндіруде, анықтамалар мен ережелерді айтуда, сөйлем талдауда кейбір қателер кездесті;
3-4 ұпай – жауабы толық емес, дөрекі қателер кетті;
1-2 ұпай - сұраққа жауаптың қатысы жоқ, нақты емес.
Екінші турдан оқушының жинайтын ең жоғары ұпай– 50. Олимпиаданың екі турынан да жоғары ұпай ала білген оқушы 100 ұпай жинауға мүмкіндігі бар.





Пән атауы

Мазмұны

1

Қазақ әдебиеті

Нағыз достар – бір-ақ қалып,
Шындап берік сүйіскен.
Бір-біріне сыр ақтарып,
Сыр түйінін түйіскен.
Үзінді қай ақынның өлеңінен алынған? Не мәселе туралы айтылған?

2.

Қазақ әдебиеті

а) Сарказм. 2-3 мысал келтіріңіз.
ә) Әдеби сын туралы.

3.

Қазақ тілі

а) Әдеби тілдің лексикалық нормасы туралы айтыңыз. Мысал келтіріңіз.
ә) Нүктелі үтір қандай жағдайларда қойылады? Мысал келтіріңіз.

4.

Қазақ тілі

а) Жақсыз сөйлемнің жасалу жолдарын санамалап көрсетіңіз. Мысал келтіріңіз
ә) Қазіргі шешендіктің түрлері туралы тарқатыңыз.

5.

Тіл мәдениеті

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс батырлары.


  • Тапсырманың орындалу уақыты 90 минут


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет