«экология және тұРАҚты даму» барлық мамандықтарға арналған ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік материалдары доцент Жумабеков С. Ж



бет3/3
Дата18.06.2017
өлшемі1,21 Mb.
#19369
1   2   3

Минерал қорларды отын, рудалы емес (бейруда), химиялық, құрылыс материалдары топтарына бөлуге болады. Бұл минерал қорлар топтары жаңғыртылмайтындар санатына жатады. Планета аумағының 15%-ін көмір кен орындары алып жатыр. Жалпы көлемнің 8%-ін барланған қорлар алады. Барлық көмір ресурстарының басым көпшілігі Солтүстік жарты шарда шоғырланған.


Соңғы жылдары барланған мұнай және табиғи газ қорларының өсу беталысы байқалады. Бұл жаңа кен орындарының ашылуымен және жалпы геологиялық қорлар бөлігін барланған қорлар санатына ауыстырумен анықталады. Барлық барланған мұнай мен газ қорының 70 %-і құрлықта, қайраңдарда - 30%-і шоғырланған. Уран жер қыртысында кең таралған. Оның мол кен орындары Австралия, ОАР, Нигер, Бразилия, Канада, Намибия, Ресейде және Қазақстанда.

Жер ресурстары сарқылатын, бірақ та жаңғыртылатын болып келеді. Адамзаттың ресурстармен қамтылуы 13,4 млрд. га аумақты алып жатқан дүниежүзілік жер қорларымен анықталады.

Жер қорлары құрылымында азық-түлік өнімінің 88%-ін беретін, өңделген жерлердің (егістіктер, бау-бақшалар) мөлшері бар жоғы 11%-і алып жатыр. Ауыл шаруашылығына жарамды жерлер дүниежүзілік жер қорының орта есеппен 34%-ін, ормандар алқабы - 30%-ін алып жатыр, алайда ормандардың мол үлесі -52%-і Оңтүстік Америкада шоғырланған. Құрылыс салуға арналған жерлердің үлесі 2%, Еуропада -5%, жер қорының пайдаланылмаған жерлері 34%-ті құрайды.

Тұщы сулардан тұратын су ресурстары сарқылатын, бірақ та жаңғырылатын болып саналады. Су қорлары гидросфераның 2,5 %-ін құрайды. Адамзат үшін негізгі тұщы су көзі болып табылатын өзендерде (77 мың км3 ) су ресурстары бар. Суды негізгі пайдаланушы сала – ауыл шаруашылығы (70%-ке жуық), өнеркәсіп (20%), тұрмыстық шаруашылық (6%) және бөгендер (4%). Халықтың жан басына шаққандағы ресурстарымен қамтамасыз етілуі бойынша Австралия 1-орында тұр, одан кейін Оңтүстік Америка және ТМД, ал соңғы орында – Азия елдері.

Орман және басқа да өсімдік, балық ресурстарын, бағалы аң терісі және теңіз аңдары ресурстарынан тұратын биологиялық ресурстарды сарқылатын, бірақ та қайтадан толығып отырады. Орман ресурстары екі көрсеткішпен: ормандар алқабы аумағымен (құрлық аумағының 30%-і ) және тамырлы ағаштармен (350 млрд. м3) сипатталады. Жыл сайын тамырлы ағаштар қоры 5,5 млрд. м3-ке өседі, алайда дәл осындай көлемде жыл сайын ағаш даярлауға кетеді. Дүние жүзі ормандары екі белдеуді құрайды: солтүстік және оңтүстік.

Агроклиматтық ресурстар – бұл жылу мен ылғалдылықтан тұрады. Жылу бір жылдағы 1000 С-дан жоғары температураның қарқынды жиынтығымен анықталады, ал ылғалдылық жауын-шашын мен булану ара-қатынасы жағдайындағы ылғалдылық көрсеткішімен сипатталады.

Рекреациялық ресурстар – демалысқа, емделуге пайдаланылатын табиғат құбылыстары немесе обьектілері: теңіз жағалауы, табиғаттың көркем жерлері, таулы туризм аудандары, табиғат ескерткіштері, минералды және емдік батпақ көздері. Рекреация ресурстарына тарихи және мемориал обьектілері де жатады.

Энергетикалық ресурстар (отыннан басқалары) Күн энергиясы және жел, геотермалды және гидроэнергия ресурстарынан тұрады. Олар сарқылмайтын қорларға жатады. Шетелдік Еуропада гидроэнергия әлеуетінің игерілу дәрежесі ең жоғары 70%, ал дамушы елдерге игерілмеген гидроэнергия әлеуетінің 65%-і келеді. Гидроэнергия ресурстарымен өте бай елдер: ҚХР, Ресей, АҚШ, Заир, Канада, Бразилия.

Геотермалды ресурстар – бұл термалды сулар мен ыстық булар энергиялары. Тұңғыш рет бұл ресурстарды Исландия пайдаланды.

Дүниежүзілік мұхит ресурстарын минералдық, биологиялық және гидроэнергетикалық ресурстары құрайды.



Су ресурстары – теңіз, өзен, көл, жасанды су айдындары, жер асты сулары, топырақтағы ылғал, тау және полярлық өңірдің мұздықтары, атмосфераның су булары т.б. пайдалануға жарамды су қорлары. Жер шарының тұрақты су ресурстарының жалпы мөлшері 1 454 327,2 мың км3; бұның ішінде дүние жүзінің мұхит үлесіне 1370 млн км3; жер асты суына 60 млн км3; мұздықтарға 24 млн км3; көлдерге 230 мың км3; топырақ ылғалына 82 мың км3; өзен суына (арналық) 1,2 мың км3; атмосфера буына 14 мың км3 келеді. Су ресурстарына комплексті, балансты баға беру үшін төмендегідей теңдеулер қолданылады: R=U+S; P=U+S+E; W=P-S=U+E, бұл жерде: R– толық өзен ағыны; U- жер асты суының өзенге ағуы; S-жер беті ағыны; P-атмосфералық жауын-шашын; E- булану; W- территорияның жалпы ылғалдану мөлшері. Жыл сайын жер бетінде 150 км3 су жұмсалады, өзен және көлге 450 км3 ағын су қайта қосылады (бұл мөлшердегі суды тазалау үшін 5500 км3 өзеннің таза суы қажет). Біздің елімізде Су ресурстарын тиімді пайдалану дұрыс жолға қойылған, яғни ағын түрлерінің шығыны реттелуде.

Осыдан ондаған жылдар бұрын су мен ауа табиғаттың тегін сиындай есептеліп келген болатын. Соңғы кездерде су ресурсына деген көзқарас күрт өзгерді. Бұл жағдай тұщы судың көлемі гидросфераның 2%-дан сәл жоғарысын құрайтындығында. Абсолюттік деңгейде бұл адамзаттың қазіргі сұраныстарынан он мың есе көп. Алайда осы тұщы судың басым бөлігі Антарктида, Гренландия, Арктика мұздарында шоғырланған. Бұл әзірге пайдалануға қол жетпес қор.

Тұщы су ресурстары қоры біркелкі таралмаған. Мысалы, Африка халқының, шамамен, 10%-ы ғана тұрақты сумен қамтамасыз етілген, ал Еуропада бұл көрсеткіш 90%-ды құрайды. Бұл әртүрлілік бірінші кезекте материктердің түрлі облыстарындағы климаттық ерекшеліктерімен түсіндіріледі.

XX ғасырдың соңында түрлі шаруашылық қажеттіліктер үшін дүние жүзінде жылына 4 млн. м3 су пайдаланылады. Суды пайдалану өнеркәсіпте 20 есе, ауыл шаруашылығында 6 есе, коммуналдық шаруашылықта 7 есе өсті. Жекелеген аймақтардағы суға деген тапшылық гидросфераның ластануының күшеюінің нәтижесінде қалыптасты.

Ауыл шаруашылығында жұмсалатын судың басым бөлігі өсімдік шаруашылығына жұмсалады.

Париж, Токио, Нью-Йорк, Мехико тәрізді көптеген ірі қалаларда су құбырлары тәулігіне бірнеше сағат қана жұмыс істейді. XIX ғасырда тәулігіне әр адам 40-60 л, қазіргі кезде дамыған елдерге оның мөлшері 200-300 л-ге жетті. Ал ірі қалаларда әр адам тәулігіне 400 – 500 л су жұмсаса, Нью-Йорктің әр тұрғыны тәулігіне 1045 л су жұмсайды екен (Париж-500л, Мәскеу мен Санкт-Петербург-600 л, Алматы-650 л). Алайды адам организміне тәулігіне бар жоғы 2 л су қажет.

Дүние жүзі халқының 70%-ы өмір сүретін Еуропа мен Азияда өзен желісінде 39% орналасқан.

Негізгі әдебиеттер:

1. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. А., 2003

2. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаев Г.З. Экология., А., 2001.

3. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология А., 2003.



Такырып-7 (1 сағат) № 11 дәріс.

ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ ҒАЛАМДЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Жылулық эффект. Ең алғаш жылулық құбылысты Фурье ашқан. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап планетадағы орташа жылдық температураның біртіндеп жоғарылауы байқалуда, мұны атмосферада жылулық газдардың жиналуымен түсіндіреді.

Оларға: көміртек диоксиді, метан, фреон, озон, азот оксиді т.б. жатады.

Жылулық газдар жер бетінен ұзын толқынды жылу толқындарының сәулеленіп шығуына кедергі келтіретіндіктен, осы газдармен қаныққан атмосфера температурасы жоғарылайды.

Бұл газдар жер бетіне күн энергиясын өткізіп, сыртқа қарай, яғни космосқа жылуды мүлдем шығармайды. Жылулық эффект жер бетіндегі орташа ғаламдық ауа температурасының өсуінің басты себепшісі болып табылады.

2100 жылға қарай жер бетінің орташа температурасы шамамен 2- 40С градусқа өседі деген болжамдар бар. Бұл мұз дәуірінен кейінгі температураға сәйкес келеді, яғни экологиялық салдар катастрофаға әкелуі мүмкін. Ең алдымен мұхит деңгейі көтеріледі, судың астында 30 мемлекеттің территориялары қалады, климаттық тепе-теңдік бұзылып көп жылдық тау-жыныстары деградацияланады.

Озон тесіктері. Жер бетінен 20-25 км қашықтықта орналасқан қалыңдығы 3 мм болатын озон қабатының мүжілуі озон қабатында саңылаулардың пайда болуына әкеледі. Озон қабаты жер бетіндегі барлық тіршілік иелерін күннің ультркүлгін сәулелерінен, яғни радиациядан қорғайды. Мұндай озон қабатының тозуы табиғи және антропогендік жолмен іске асады. Мысалы антропогенді жолмен озон қабатының тесілуі атмосфераға құрамында хлор молекулалары бар қоспалар мен химиялық заттардың түсуі нәтижесінде жүреді. Құрамында хлоры бар заттар қатарына суытқыш заттарда, яғни тоңазытқыш пен кондиционерлерде пайдаланылатын суытқыш агенттердің (фреондардың) ауаға түсуі, еріткіштер, аэрозольдер озон қабатын жояды.

Қышқыл жаңбырлар. Ауадағы күкірт диоксидімен азот оксидтерінің ауадағы ылғалда еріп, нәтижесінде түзілген қышқыл жауын-шашындарды қышқыл жаңбырлар деп атайды. Орташа рН мөлшері 5,6 дан төмен болады. Қышқыл жаңбырлардың зиянды әсері өте көп, атап айтсақ, өсімдіктердің жапырақтарына зиян келтіру, мәрмәрдан жасалған мәдени ескерткіштерді және ғимараттарды бұзу, металдар коррозиясының жылдамдауы т.б.

Өнеркәсіп және тұрмыс қалдықтарынан қорғау. Әр түрлі өнімдерді өндіру немесе пайдалану кезінде пайда болатын және өзінің бастапқы қасиеттерін жоғалтқан, енді қоланылуға келмейтін заттардың, материалдардың және т.б. қалып қойған бөлімдерін жатқызамыз. Қалдықтар қоршаған ортаға және адам ағзасына зиянды материалды заттарға жатады.

Барлық қалдықтарды мына топтарға бөлуге болады:

- тұрмыстық (коммуналдық);

- өнеркәсіптік (өндіріс қалдықтары);

- өнідірісөнімдерінің қалдықтары;

- қауіпті (улы);

- радиоактивті қалдықтар.

Өндірістік қалдықтарды қатты және сұйық қалдықтарға бөледі. Қатты қалдықтарға металдардың, ағаштардың, пластмассалардың, өндіріс өнімдерінің қалдықтары жатады. Сұйық қалдықтарға ағынды суларды тазартқаннан кейін қалатын тұнбалар, газдарды ылғалдық әдіспен тазартқан кезде қалатын минералды және орагникалық шаңдар қалдықтары жатады.



Шу әсерінен қорғау. Ластану салдары әрдаайым дереу байқала бермейді. Ластанудың көбінесе жасырын, тез табыла қоймайтын түрлері де болады, мысалы қоршаған ортаның физикалық тұрақтыларының өзгеруі нәтижесінде болатын ластанулар, немесе физикалық ластанулар деп те айтады. Ағзаның тіршілігінің ауытқуларына әкелетін фактор шу болып табылады. Шулылық шудың қарқындылығы мен қайталануының табиғи деңгейден жоғарылау нәтижесінде пайда болады.

Биологиялық әсерден қорғау. Биологиялық ластану да аз қауіп тудырмайды. Қоздырғыш микроағзалар (микробиологиялық ластану) – бактериялар, вирустар болып табылатын тырысқақ, тұмау немесе оба сияқты аурулардың індетін еске алудың өзі жеткілікті. Қажетті мөлшерде тазаланбаған және заласызданбаған тұрмыстық ағынды сулар тері, ішек және басқада ауырулар тудыратын микроағзалардың үлкен кешеніне айналады. .

Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Адамның қоршаған ортаға тигізетін негізгі әсерлеріне мысал келтіріңіздер?

  2. Экологиялық мәселе дегеніміз не және ол қалай пайда болады?

  3. Қандай экологиялық мәселелер ғаламдық деп аталады?

  4. Климаттың өзгеруінің белгілерін мысалға келтіріңіздер.

  5. Ғаламдық жылулық құбылыстың себебі неде?

  6. «Жылулық эффект» дегеніміз не және оның себептері?

  7. Климаттың жылуынан қандай салдар болады, қалай ойласыз?

  8. Озон қабатының негізгі мәселесі неде? «Озон қабатының» негізгі функциясы неде?

  9. Әлемдік мұхиттың ластануының себептері неде?

  10. Сулардың мұнаймен және мұнай өнімдерімен ластануының себептері? Мұндай ластанудың суда тіршілік ететіндер үшін қауіпі неде?

  11. Жер шарының тропикалық аймақтарында ормандардың жойылуының себебі неде?

  12. Ормандардың жойылуының салдарын айтыңыз.

  13. Территорияның шөлейттенуі дегеніміз не, себептерін атаңыз.

  14. Қазақстан жерлерінің негізгі деградациялануының себептерін атаңыздар.

  15. Қазақстан Республикасының негізгі экологиялық мәселелерін атаңыз.

  16. Қазақстан Республикасының әуе бассейнінің ластануына сипаттама беріңіз.


Негізгі әдебиеттер:

1. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. А., 2003

2. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаев Г.З. Экология., А., 2001.

3. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология А., 2003.

4. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология., А., 2002.

Такырып-8 (2 сағат) № 12 дәріс.

ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Басқарудың мемлекеттік органдары. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан бері жаңа экологиялық қауіпсіздік жүйесінің құрылуына, қоршаған ортаны қарғауды басқару, табиғи ресурстарды пайдалануды басқару сияқты шаралар ұйымдастырылды. Бұл өз алдына мемлекетіміздің қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын рационалды пайдалану саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қалыптастырды және біртіндеп белгілі бір ретпен іске асырылуын қамтамасыз етті. Алайда көптеген он жылдықтар бойын Қазақстан шикізат көз ретінде пікір қалыптасқан, және соның салдарынан шикізатты өндіру барысында қоршаған ортаға орасан зор нұқсан келтірілген. Сондықтан еліміздегі экологиялық ахуалдың әліде түбегейлі өзгере қоймағаны, әліде болса экологиялық жүйелердің деградациясы жүріп жатқандығы сондықтан.

Экологиялық қарым-қатынастарды құқықтық реттеу тұжырымдалып, дәлелденген заңдарды қабылдаудан бастады.

Қазақстан Республикасының Конститутциясы - негізгі заң. Халықаралық нормаларға сай ол мемлекеттің экологиялық қатынастарды реттеудегі жалпы бағытын анықтайды. Дүние жүзінің көптеген мемлекеттерінің конститутциялары 1948 жылы БҰҰ қабылдаған «Адам құқығының жалпыға бірдей Декларациясында», сонымен қатар адам құқығы бойынша басқа да Халықаралық Пактілерде көрсетілген идеаларға сүйенеді. ҚР Конститутциясында: «Әрбір азамат оның өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаға құқығы бар» - делінген

Экологиялық заңдардың орындалуын мемлекеттік құрылымдар жүйесі, экологиялық сараптама қамтамасыз етеді. Халықаралық дәрежеде адамның қолайлы қоршаған ортаға деген құқығын БҰҰ- ның әр түрлі бөлімдері қамтамасыз етеді. Олар қоршаған ортаның жағдайын сауықтыруға арналған көптеген бағдарламалар жасады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ( ВОЗ ) - «Қоршаған ортаның гигиенасы», Азық-түлік және шаруашылық ұйымы ( ФАО ) – « Ауыл шаруашылық химикаттары мен қалдықтары », БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша ұйымы ( ЮНЕСКО ) -

« Адам және биосфера ». Белгіленген бағдарламалардың жүзеге асуының 1972 жылы құрылған БҰҰ-ның қоршаған орта бойынша бағдарламасы ( ЮНЕП ) және БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму жөніндегі Халықаралық Комиссиясы жалпы басшылық жасайды.

Құқықтық мемлекеттегі адамдардың арасындағы қарым – қатынастар жалпыға бірдей міндетті құқық нормалары болып табылатын заңдардың көмегімен реттеледі. Адамның табиғатты өзгертушілік қызметі тек соңғы жылдары ғана құқықтық тұрғыдан шектеле бастады. Қолайлы , таза қоршаған ортаға деген құқық жаңа құқықтарға жатады.



Экологиялық мониторинг

Қазіргі даму жағдайында табиғат барлық ресурстардың кені - өнідірістік (өнеркәсіптік шикізат пен энергия), ауылшаруашылық, денсаулықтық және рекреациондық, эстетикалық және ғылыми, аймақтық және экологиялық ретінде қарастырылады.

Қоршаған ортаның қалыпты жұмыс істеуі үшін оған түсетін күш белгілі бір экологиялық шектелген күштен аспау керек. Экожүйе құрамындағы өзгерістерді, құбылыстарды байқап, бағалап және болжап сипаттап отыратын жүйені экологиялық мониторинг атқарады.

Территорияларды қамту бойынша экологиялық мониторинг үш сатыға бөлінеді:

1.локальді (биоэкологиялық, санитарлық гигиеналық);

2.регионалды (геожүйелік, табиғи-шаруашылық);

3.ғаламдық (биосфералық, фондық).

Локальді мониторинг бағдарламасына шағын ғана территориядағы биоэкологиялық өзгерістерді бақылау, канцерогенді ластаушы заттардың әр түрлі сфераларға түсуін бақылау жатады.

Регионалды мониторинг міндетіне ірі табиғи-территориялы кешендердің (өзендер бассейіні, орман жүйелері, агроэкожүйелер т.б.) экожүйесінің күйіне бақылау жасайды.

Ғаламдық мониторинг бағдарламасының міндетіне – жалпы биосферада мүмкін болатын және болжамды өзгерістерді бақылау болып табылады. Ғаламдық мониторинг объектісіне гидросфера, атмосфера және литосфера жатады.



Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Қазақстан Республикасының тұрақты даму концепциясының негізгі ережелерін атаңыз.

  2. Экологиялық қауіпсіздік дегеніміз не?

  3. Экологиялық мониторинг дегеніміз не, оған қойылатын негізгі талаптар қандай және ол не үшін керек?

  4. Экология саласында халықаралық қарым-қатынастың мәні неде?

  5. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері халықаралық қарым-қатынассыз неге мүмкін емес?

  6. Экологиялық білім беру, тәрбиелеу және мәдениет – жаңа формациядағы яғни бәсекелестікке қабілетті маман-қазақстандықтарды тәрбиелеу негізіне кіреді ме?

Негізгі әдебиеттер:

1. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. А., 2003

2. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаев Г.З. Экология., А., 2001.

3. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология А., 2003.

4. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология., А., 2002.

Такырып-8 (2 сағат) № 13 дәріс.

Қоршаған ортаның мониторингісі.

Экологиялық мониторинг - табиғи құбылыстардың және антропогендік іс-әрскеттердің әсерінен қоршаған орта жағдайын бақылау, бағалау, тексеру және болжау жүйелері. «Мониторинг» деген термин "монитор" - сақтандырушы, қадағалаушы деген латын сөзінен алынған. Бұл термин БҰҰ-ның (қоршаған орта жөніндегі Стокгольм конференциясының алдында (1972 жыл, маусымда) "бақылау" ұғымын толықтыру ретіндс пайда болды.

Табиғи және антропогендік әсерлердің ерекшеліктері жеткілікті. Антропогендік әссрдің деңгсйін шектеуші көрсеткіш болып экологиялық шектеулі рауалы жүктсме саналады ( ЭШРЖ). Былайша айтқанда, бұл экожүйенің тұрақтылығы шегінен аспайтын адамның шаруашылық қарекеті. Бұл шектен асулык экожүйенің тұрақтылығының бұзылуына және ыдырауына апарып соғады. Барлық экологиялық жүктемелердің жердсгі бүкіл жиынтығы биосфсраның шаруашылық сиымдылығы шсгнсн асып кстксндс ғана қауіпті ахуал, экологиялық дағдарыс басталып, ол бүкіл биосфсраның азуына, қоршаған ортаның адамның дснсаулығы мсн оның шаруашылығының тұрақтылығы үшін ауыр зардаптары болатындай болып өзгеруінс апарып соғады. Қазіргі уақытта бұл шсктен асушылык орын алып отыр деп пайымдауға барлық негіз бар, ягни жергідікті экологиялық шектеулі жүктемелердін, жиынтығы ғаламдық экологиялық шектеулі жүктемс шамасынан асып кетті.

Табиғи факторлардың әссрінсн биосфера жағдайының үзліксіз өзгеруі кайтадап әдетте бастапқы жағдайға оралып отырады. Мысалы, ауа мен топырақтың тсмпературасының, қысымының, ылғалдығының өзгеруі кейбір тұрақты орташа шамалар шегіндс өтеді. Не болса да дағдыдағыдай, табиғи процестердің әсерінен аумақты экожүйелер өте баяу түрде өзгерсді. Себебі қоршаған ортаны өзгертетін сырткы әсерді жоюға бағытталганг экожүйенін өзіне тән тұрақтылык қабілеті бар. Ғаламдық экожүйе қоршаған ортанын тұрақтылығын антропогендік әссрлерге төтеп бере алатын жағдайна дейін, ягни тұрактылық шегіне дейін сактап алады. Биота мен қоршаған орта өздерінің тұрақтылығын ксз-келген геологиялық кезеңдерде мыңдаған жылдар бойы өзгеріссіз сактап отырды. Табиги факторлармен салыстырғанда антропогендік факторлар биосфераның жағдайын аз уақыттың ішінде өзгерте алады. Осы

процесстердің өзгеруін бақылауды дүние жүзіндегі барлык экологиялық тұрғыдан қызмет атқаратып (гидрометрологиялық, сейсмикалық, ионосферлык және басқалар) жүйелер жүргізеді.

Биосферанын абиоталык құрамының антропогендік өзгеруін және осы өзгерістерге биоталардың жауабын, сонымсн қатар, антропогендік әссрдің арқасында ксзектегі экожүйелерде болатын өзгерістерді өлшеуге, бағалауға, болжауға экологиялық мониторинттің информациялық жүйссі жасалды. Антропогенді әссрлердің экологиялық мониторингінің негізгі міндеттері:



  • антропогсндік әсер тигізетін көздерді бақылау;

  • антропогендік әсер факторларын бақылау;

  • антропогендік факторлардың әссрінсн табиғи ортада жүрстін процестерді және оның жағдайынын өзгеруін бақылау;

  • табиғи ортаның физикалық жағдайын бағалау;

  • антропогендік факторлар әссрінсн табиғи ортада болатын өзгерістерді болжау және болжамдалған табиғи ортаның жағдайын бағалау.

Мониторинг жүйесін топтастыру

Экологиялық мониторинг үш сатыдан тұрады: жағдайды бақылау, бағалау және болатын өзгерістерді болжау. Мониторинг объектілеріне атмосфера, атмосфералық жауын-шашын, жердің беткі сулары, мұхит пен теңіздер, жср асты сулары, криосфсра (клпматтық жүйені құрушылар) жатады.

Бақылау объектідері келесі түрлерге бөлінеді: атмосфералық, гидросфералық (жиынтықты түрде гидрометеорологиялық), топырақтық, климаттық мониторинг, ионосферлық, Күн, биологиялық, өсімдіктер, жануарлар, тұрғындар денсаулығының мониторингі жәнс т. с.

Мониторинг жүйесі факторларға, көздерге жәнек әсер ауқымына байланысты да топтастырылады.



Әсср факторларының мониторингі - әртүрлі химиялық ластағыштардың (ингредиенттік мониторинг), түрлі-түрлі табиғи және физикалық факторлар әссрлерінің (электр магнитті сәулелену, күн радиациясы, шу, діріл) мониторингі.

Ластағыш көздсрдің мониторингінүктслі стационарлы көздер ауыттардың, жылжымалы (көлік), кеңістік (химиялық заттектер өндірідетін егістік жерлер) көздер.

Әсер аумағына байланысты мониторинг кеңістік және уақытша мониторингтерге бөлінеді.

Мәліметтерді ортақтастыру сипаттамасына қарай мынадай мониторинг жүйелерін құрайды:


  • ғаламдық (биосфералық) - халықаралық ынтымақтастық

негізінде Жср биосфсрасындағы әлемдік құбылыстар мен процестерді зерттеу арқылы назарға ұстап, экстремалды қолайсыз жағдайлардың болуы туралы уакытылы ескерту жасап отыру;

  • базалық (фондық) – жалпы биосфералық, табиғи құбылыстарды бақылау ;

  • ұлттық - бір мемлекеттің шегінде арнайы құрылған органдар арқылы жүргізілетін мониторинг;

  • аймактық - халық шаруашылығын қарқынды игеру барысында ірі-ірі аудандардың көлемінде құбылыстар мен процестсрді зерттеу арқылы бақылау;

  • жергілікті (локалды) - елді мекендерде, өнеркәсіп орталықтарында, кәсіпорындарда қоршаған ортаның сапалық өзгеруіне бақылау жүргізу;

Қоршаган ортаның жай-күйінің халықаралық мониторингі мен бағалануын өткізуді үйлестіру және оған жәрдемдесу;

  • мониторингтің жаңа станцияларын құруда көмек көрссту;

  • атмосфера мен климаттың жай-күйі,

  • қоршаған ортаныңластануы туралы молімсттерді жинау жәнс тарату.

Ғаламдық жүйенің нсгізгі аткаратын міндетіне геоакпараттық жүйелердің технологиялар негізінде жерді пайдалану, климат, әлсуметтік-экономикалық даму жөніндегі көптеген мәліметтерді біріктіру мен ақпаратты ресурстарды басқару жөнінде кеңестік қызмет көрсету жатады.

Ғаламдық мониторинг Жердің барлық табиги жүйесінің казіргі жағдайын бағалауға мүмкіндік беріп отыр. Әлемнің әр аймағында бақылауды 40-қа жуық құрлыктағы және 10-ның үстіндегі мұхиттың базалық станциялар жүргізеді. Олардың кейбірі биосфсралық қорықтарда орналасқан.

Локалді мониторингті жүзеге асыратындар тұрақты, жылжымалы немесе шырақ астындағы тексеру орындары. Осындай жүйелер көбіне Қазақстанның ірі қалаларында. Мысалы, Алматы каласында атмосфералык ауаның мониторингі 6-7 орында жүргізіледі.

Мониторинг жүйесін қолданылатын (физикалық-химиялық және биологиялық көрсеткіштердің мониторингі, аралық мониторингі) сүйене отырып топтастыруға да болады.



Химиялық мониторингатмосфераның, жауын-шашының, жер беті мен жер асты суларының, мұхит пен теңіз суларының, топырақтың, түпті тұнбалардың, өсімдіктердің, жануарлардың химиялық құрамдарын (табиғи және антропогендік жолмен пайда болған) бақылайтын және химиялык ластағыш заттардың таралуын тексерстін жүйе. Химиялық мониторингтің негізгі ең басты міндеті қоршаған ортаның өте улы заттектермен нақтылы ластану деңгейін анықтау. Қоршаган ортаны ластайтын кейбір зиянды компоненттер мен одардың мөлшерін бақылайтын деңгейі келтірілген.

Физикалық мониторинг - қоршаған ортаға физикалық процестер мен құбылыстардың (су тасқыны, жанартау атылыстары, жердің сілкінуі, құрғақшылық, топырақ эрозиясы және т. с.) тигізетін әсерін бақылау жүйесі.

Биологиялық мониторииг - биоиндикаторлар көмегімен жүргізілетін мониторинг (яғни ортаның өзгеруін, ағзалардың күйі мен жүріс-тұрысына қарап пішіп кеседі).

Экобиохимиялық мониторинг - қоршаған ортаның екі құрам бөлігін (химиялық және биологиялық) бақылауға негізделген мониторинг.

Дистанциялық (аралық) моииторинг - зерттейтін объектідерді барлауға және тәжірибелік мәліметтерді тіркей жазып алуға радиометриялық қондырғылар мен қамтылған космостық мониторинг.

Топтастыру принцпіне қарай әртүрлі мониторинг жүйелері бар.

Олардың ішінде түрлі қажетке ең жарамды болып саналатып қоршаған ортаның құрама (комплекеті) зкологиялық мониторингі.

Қоршаған ортаның құрама экологиялык мониторингі - бұл қоршаған табиғи орта объектілерінің ластану деңгейіне баға беруге және адам мен басқа да тірі ағзалардың денсаулығына зиян тигізетін өте киын жағдайдың тууы туралы ескертуге арналған бақылау жүйесін ұйымдастыру. Ол жергілікті (локалды), аймақты және фондық болып бөлінеді.


Такырып-9 (1 сағат) № 14 дәріс.

Қазақстан Республикасының экологиялық проблемалары

Қазакетан Республикасының су ресурстары. Қазақстанның су артериялары шамамен 85 мың өзендерден құралган. Ең ірі су көздеріне; Ертіс, Есіл, Іле, Сырдария.Жайык, Шу, Талас, Асса өзендері жатады. Соңгы жылдары біркатар көлдер жүйесінің кебуі байкалып отыр. Бұл өзендер агысының шектен тыс реггелуі мен олардың деңгейінің табиғи ауыткуларына байланысты болып отыр. Экологиялык жагынан ең колайсыз жағдайда Қазақстанның басты су артершсы- Ертіс өзені қалып отыр. Оның сулары жоғары дэрежеде ауыр металдармен ластанңан. Негізгі ластаушы заттар- мыс, шайынды сулармен бірге келіп туседі.

Су коймалары мен басеейннің су агыстарына түсетін негізгі ластаушыларға иондык ағыс (28 мың тоннадан астам 1994 жэне 1995 ж. Шамамен 23 мың тоннага жуык), азотты органикалык косылыстар (1,8 мың тоннаға жуық), фосфор косылыстары (1994 жылы 163 мы4 тоннадан астам, 1995 жылы 800 тонна), цинк (42,6 және 24,9 т 1995) жатады.

Табиғи суларды ластайтын негізгі химиялык элементтердін барлыгы дерлік су ортасына өнеркэсіп орындарынын шайынды суларымен келіп түседі.

Каспий аіімағының экологнялык жағдайы. Бүл ауданның экологиялык жағдайы Каспий теңізінің денгейінің көтерілуіне және жағалаулык теніз экожүйееінің антропогендік эсерге үшырауына байланысты болады. Ғалымдардын болжамдары бойынша теңіз деңгйінің көтерілуі жағалаулык сызыктың 2400-2700 км үзарып, су астында қалған жерлерге тагы да 1,2-2,2 млн. Га қосылуына әкелуі мүмкін.

Су астында калу каупі эсіресе Каспийдің Солтүстік жэне Солтүстік-Шығыс жагалауындагы мұнай кен орындарына төніп отыр. Су астында калу каупі төніп отырған 43 мүнай кен орындарының 32-сі Атырау, ал 11-і Маңғыстау облысында орналасқан.

Каспий теңізі дуние жузіндегі бекіре тэрізді балықтардың ең ірі мекен ету ортасы болып табылады. Сондықтан Каспий мэселесі тек мемлекстаралық кана емес, ғаламдық мэселе болып табылады. Каспийдің биологиялык алуантүрлігін сақтау бүкіл элемдік кауымдастықтың жумыеы. 1995 жылы Тегеранда Каспий маңындагы мемлекеттердің окілдерінің кездесуі өтті. Бул кездесудің максаты Каспий аймагынын экологиялык турактылығы мен оның ресурстарынын пайдалануды басқару концепциясын жаеау болып табылады. Бірақ кез келген экологиялык багдарламаның іс жузіне асуына, оның ірі мунай-газды аймак ретінде маңызының артуы күрделендіреді.

Каспий теңізі

    Каспий теңізі негізінде Жер бетіндегі ең үлкен көл болып саналады. Орташа ені 400 шақырымдық, солтүстіктен оңтүстікке 1200 шақырымға созыла отырып, ол бес тәуелсіз мемлекеттің жағалауын жуып өтеді және өзара екі ірі құрлық – Еуропа мен Азияны байланыстырады. Каспийдің жағалау сызығының ұзындығы 7 мың шақырым, жалпы ауданы шамамен 400 мың шаршы шақырымды құрайды, ол Балтық, Адриат, Ақ теңіздер сияқты Дүниежүзілік мұхиттың бірнеше теңіздерінің аумағынан біршама асып түседі. Каспий теңізі өзінің ұзақ тарихында қазіргі пішініне келгенге дейін өзінің кескіні мен көлемін бірнеше рет өзгерткен. Ұзақ уақыт бойы Жерорта, Қара, Азов және Каспий теңіздері Дүниежүзілік мұхтипен бірігіп бір ғана орасан үлкен теңіз бассейнін құрап жатқан.

   Каспий теңізі туралы алғашқы мәліметтер антикалық кезеңнің географтары мен жазушыларының жұмыстарында келтірілген. Б.э.д. 323 жылы Александр Македонский теңзде жүзуші Патроклды Каспий теңізінің жағалауын зерттеуге жібереді. Патрокл Кара-Бұғаз-көл шығанағына дейін жетеді және ол оны Каспий теңізін мұхтипен байланыстыратын өзеннің бастауы ретінде қабылдайды. Сол кезеңнің көптеген ғалымдары Каспийді, олардың түсінігі бойынша жұрттың бәріне белгілі жерді қоршап тұрған Дүниежүзілік мұхиттың солтүстіктегі шығанағы деп санады. Ежелгі заманның атақты географы Страбон өзінің «География» кітабында Каспийді батыстан шығысқа параллель бойынша созып көрсеткен.

     Орта ғасырда Батыс Еуропаның ғалымдарының Каспий теңізі туралы мәліметтері өте аз болды. Афанасий Никитин өзінің Үндістанға сапары кезінде тверлік көпестермен бірге Каспийде болған, сол саяхатын өзінің «Үш теңіздің арғы жағына саяхат» кітабында сипаттап жазған. Ол Дербент өзенін бірінші өзен ретінде санайды. Каспий теңізінің барынша дәл картасын неміс ғалымы және саяхатшысы Адам Олеарий жасады



Арал теңізінің экологиялық мәселелері. 60-жылжардан бастап Арал теңізінің ауданы кеми бастайды. Суды ауыл шаруашылык дакылдарын суару үшін қолдану Тянь-Шань таулары мен ағып келетін табиги су ағысын 90%-дан астам кыскартып жібереді. Теңіз ауданы 2,6 млн. Га-ға кеміп, өзінің 60% көлемін жоғалтты. Судың деңгейі 12-ден 2 м-ге дейін түсіп кетті, тұздылыгы 2 еседен астам артты. Күн сайын 200 тонна туз бен кұм желмен 300 км ара кашыктыкка таралады. Шөлдену. топырактын тұздануы. өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің кедейленуі, климаттың өзгеруі одан эрі жалғасуда. Халыктың денсаулығы күрт

төмендеп кетті.

Арал аймағынын экологиялық жағдайы экономиканың дэстүрлі бағыттарының дамуының мүмкін болмауына экеліп, біркатар әлеуметтік және

саяси мәселелерді туғызады.

Қоршаған ортаны бүза отырып,кез келген қазіргі заманғы қоғам өзінің
болашағын жояды. Болашақ үрпактардың дамуы үшін экологиялық

турактылықты сақтап қалу кажет. Экологиялык тұрактылық болашақты сақтау үшін табиғи ортаның жағдайын бақылап, өнеркэсіптік қалдыктарды нормалау мен алдын алу, қалдыксыз және ресурстарды тиімді пайдаланатын технологияларды

жасап, іске косу керек.

Арал теңізі Орта Азияның шөлді белдеуінде орналаскан. Қаракұм жэне Қызылқұм шөлдері Аралды оңтүстік және шығыс жағынан қоршап жатыр.

Судың сапасының нашарлауы мен оның жетіспеуі өсімдіктер жабынына ерекше эсер етті. Бағалы орман, камыс, өнімді жайылымдар мен шалғындықтар жойыла бастады. Олар сортаң жерлерге айналған. 50 көл кеуіп кеткен. Сырдария грунт суларының деңгейі төмендеп кеткен.

Семен ядролық полигонның қоршаған ортата әсері. 1991 жылгы тамыздын 29-ында халықтың жаппай талап етуімен әлемдегі аса ірі полигондардын бірі жабылды. Қазақстан өзінің тэуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап сыртқы саясатының бейбіт жолын тандап алды. Ядролық сынақтар тоқтатылды. Енді қазақ даласы қоркынышты жер асты дүмбілерінен тітіркенбейтін болды. Семей полигоны элемдегі ең ашьіқ шашык полигон есебінде қалып отыр. 40-жыл бойы жарылыстан кез ашпаған қазақ даласының урпақтан ұрпакка жалғасып жатқан зардаптары жан түршүгерлік. Егер ғалымдардың нақты деректеріне сүйенсек, Семей өңірінде полигон жұмыс істеген жылдары жасалған ядролық жарылыстардың жиынтық куаты 1945 жылы американдықтардын Жапонияның Хиросима каласына тастаған бомбаның куатынан 2,5 мың есе кұшті екен.

Семей полигоны Қазақстан жеріне, калқына материалдық элеуметтік экономикалық қанша зиян келтіргені әлі күнге дейін есептелген жок.

Семейдегі 40 жылдык ядролык сынак қоршаған ортамен ондағы тұрғылықты халықтың денсаулыгына орны толмас зиян тигізді. Аурулардың елім жітімнің деңгейі бүл өлкеде баска аймақтармен салыстырғанда элде кайда жоғары . Семей аймағы тұрғындарының денсаулығына және коршаған орта объектілеріне ыкпал ету дэрежесі радиациялык бөліктерге бөлінген.

Радиоактивті тозан жер кыртысын, топырақты. өсімдіктерді су көздерін ластады. Жер асты сулары өсімдік дүниесі жоғалуда. Сынактар өткізілгенкезеңнің зиянды эсері адамдардың екінші жэне ушінніі ұрпактарына ауыр зардабын тигізуде.

Облыстык онкологиялык диспансерден алынган мәліметтерге карасак «Семей облысы бойыншы 1975 жылдан 1990 жылга дейінгі мерзімде жас балалардың ауруға шалдыгуы 6 есе. ал өлімі 4 есе дерлік арткан . Әсіресе, жана туган жэне 1 жас шамасындагы сэбилер өлімі өте жоғары.36% курайды» .

Семей полгинының адам денсаулығына зияндылыгы туралы Семей медициналык институтының ғалымдары Н.Сагымбаева, Ғ.Ысқаковтар жасаган тұжырымдарда енді басты факты, катерлік ісік ауруларының Семей аймагын баска өнірлермен салыстырганда 30% асып кеткендігі, ол адам казасының 1,4 есе арткандыгы айтылады.

Солардың бірі басты «Тәжірибелік алаң». Осы алаңда 1963 жылга дейінгі ауада жэне жер бетінде ядролык сынактар өткізілген. Бул жердің радиация белсенділігінің деңгейі өте жогары. Сол сиякты тағы бір тэжірибелі алаң -«Дегелең»,1949 жылғы алғашқы ядролык жарылыска дейіне бұл жер мал жайылымы болатын. 1984 жылы ол жерде жер асты ядролык жарылысы жасалды. Осындай тағы бір тәжірибелік алаңы «Балапан» деп аталған. Ондағы скажииаларда, құдыктарда Невададагы сиякты жер асты жарылыстары болган. 1963 жылға дейін жыл сайын эр-турлі диапазонда иондық радиацияға ұшырамаған Семей облысында бірде бір аудан калған жок.

Семейге көршілес Өскемен. Павлодар. Қараганды облыстарынын да кейбір аудандары осы полигонның зардабын шекті. Семей өңірінің елімен жерін аяусыз улап, тіршілігін тул еткен атом апатынан бугінгі танда бүкіл әлем хабардар.



Радон және ластану көздері

Радон - дәмі мен иесі жок туссіз газ, аудан 7,5 есе ауыр, радийдың ыдырау өнімі болып табылады. Радон жер кыртысынан біртіндеп бөлінеді, алайда оның сырткы ауадағы жинакталуы элемнің әр-турлі нуктелері ушін елеулі ерекшеліктерімен көрінеді. Топырак эмиссиясын коспағанда минелардық тектегі курылыс материалдары:киыршық ақ тас, цемент, кірпіш жэне т.б. радон көздері бола алады. Барлык жыныстарда уран мен торри кездеседі.Ал кейбір жыныстарда мысалы гранитте уран кобірек жинақталуы мумкін.Қурылыс материалдарына радон радий ыдыраганда пайда болады. Пайда болған радонның бір болігі кезге керінбейтін тесік аркылы гимаратқа түседі. Егер гимарат нашар желдетілсе. ал күрылыс материалдары мен топырак уран мен радийдын едэуір үлкен молшерін бойында ұстаса, онда радон үлкен мөлшерде жиналуы мүмкін. Адамның ғимаратта едәуір уакыт болғандығын ескергенде, ол ала алатын тиімді сэулелену дозасы кэсіпқойлар алатын доза жүктемесінен асып түсуі мүмкін. Көп жагдайда радонга байланысты дозалык жүктемені едэуір азайтуға болады. Жер төлелерді кымтау мен желдету топырактан радоннын етуін айтарлык азайтады. Табиғи радиоактивтік элементтер кабырғада көп болса, радоннын жиналуын кабырғаны герметикалық бояумен сырлау және катты желдету арқылы азайтуғаболады.

Радиацняның табиғи көздеріне космостык сәуле жатады. Олар алынатын радиацияның табиғи кездері дозасының жартысын құрайды.

Ядролық қару — жарылғыш, жаппай жою қаруы.

Оның негізі — уран мен плутонийдін кейбір изотоптарынын ауыр ядроларының тізбекті ядролық бөліну реакциялары кезінде немесе сутегі изотоптарынын женіл ядроларының термоядролық реакциялары кезінде бөлініп ішкі ядролық энергияның пайдаланылуы. Ядролық жарылыстың нәижесінде-әдеттегі оқ-дәрінің жарылыс энергиясынан асып түсетін орасан зор энергия бөлініп шығады.



Негізгі әдебиеттер:

1. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. А., 2003

2. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаев Г.З. Экология., А., 2001.

3. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология А., 2003.

4. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология., А., 2002.

5.Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқашы курсы А, 2010



Тақырып-10 (1 сағат) № 15 дәріс.

Қазақстан Республикасының тұрақты даму концепциясы.

  1. Экологиялық білім беру

  2. Экологиялық құқық

Кез келген прогресшіл коғамның міндеті — дені сау, творчест-волык, рухани жан дүниесі бай, жан-жакты жетілген жеке адам тәрбиелеу. Мұндай адамды калыптастыру — ұзак әрі күрделі процесс.

Экологиялық мәселенің мәні - табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, миллиардтаған адамдарды жерде қоныстандыру және олардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Қазіргі Жердегі тіршілік адам қызметінің сипатына тәуелді. Қазіргі кезең адамының ерекшк биосфералық қызметі – биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықтылып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді,реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамның дамуы үздіксіз ұзақ уақыттық бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды - тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана – сезімі, олаодың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс. Планетадағы тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді 1987 жылы БҰҰ-ның Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты есебінде «қоршаған орта үшін қауіпсіз жолда экономикалық дәуірге » аяқ басуға шақырды. Алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды. 1992 жылдың маусым айында Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясы «Тұрақты даму» концепциясын және «ХХІ ғасырдың күн тәртібінде» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады.Сонымен қатар конференцияда Мәлімдеме мен екі концепция - климаттың өзгеруінің алдын алу, ормандарды қорғау мен биологиялық алуантүрлілікті сақтау мәселелері бойынша қабылданды. БҰҰ-ның конференциясы барлық елдердің үкіметтерін тұрақты дамудың ұлттық концепцияларын қабылдауға шақырды. ҚР-ның Үкіметі ұсынған «ҚР-ның тұрақты дамуға көшу концепциясы» бекітілді. Республика Президенті Н.Ә. Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясында жасаған баяндамасында тұрақты дамуға жетудің түйінді мәселелерін шешудегі қызметін дәлелдейтін нақты мысалдар келтірілді. 1992-1998 жылдар аралығында Қазақстан тарихта бірінші болып ядролық полигонын жауып, сол қарудан бас тартты. Аралды сақтап қалуға арналған интеграциялық процестердің ұйтқысы болды. Биологиялық алуантүрлілікті сақтау концепциясына сәйкес биологиялық алуан түрлілікті қорғаудың Ұлттық баяндамасы қабылданды. Тұрақты дамуды қамтамасыз ету құралдарымен байланысты мәселелерге мыналар жатады: Қаржы ресурстары және оларды пайдалану механизмі;

Экологиялық қауіпсіз технологияларды қолдану;тұрақты дамуды ғылыми және ақпараттық қамтамасыз ету. Бұл мәселелердің біздің Республикамыздың тұрақты дамуын қамтамасыз етуде маңызы ерекше. Бұл мәселелерді шешудің міндеттері «ҚР-ның экологиялық қауіпсіздік» концепциясында қарастырылған ( ҚР-ның Президентінің шешімімен бекітілген, 30 сәуір, 1996 жыл). Республиканың экологиялық қауіпсіздігі дегенде ең алдымен қоршаған ортаға антропогенді немесе табиғи әсердің нәтижесінде жеке адамға , қоғамға, табиғат пен мемлекеттің өмірлік маңызды қателіктерін нақты және мүмкін болатын қауіптен қорғауды қамтамасыз ету процесін түсінеміз. Экологиялық қауіпсіздік жүйесіне биосфера мен сыртқы антропогенді және табиғи факторлар арасындағы тепе-теңдікті ұстап тұруға бағытталған мединалық биологиялық, экологиялық, құқықтық іс-шаралардың жиынтығы жатады. Алда тұрған маңызды мәселенің бірі адамды қоршаған ортаға мүмкін болатын шекті экологиялық қысымды, яғни экожүйелердің өзара байланыстары, қарым-қатынастары, олардың бір тұтастығы сақталатын антропогенді фактордың әсер етуінің максималды деңгейін анықтау болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстан территориясының көптеген бөліктері күшті антропогенді әсіресе ұшыраған Арал маңы аймағы экологиялық қатер аймағы болып табылады. Мұнда шаруашылық қызметінің нәтижесінде қоршаған орта қайтымсыз өзгерістерге ұшыраған, Аралдың экожүйесі бұзылып, халықтың денсаулығының төмендеуі мен өлімінің артуы байқалып тоыр. Қазақстан Республикасын «экологиялық

қауіпсіздігінің стратегиялық мақсаты мен міндеттеріне» экологиялық білім және тәрбие беру жүйесін жасау мен дамыту жатады.


Басқарудың мемлекеттік органдары. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан бері жаңа экологиялық қауіпсіздік жүйесінің құрылуына, қоршаған ортаны қарғауды басқару, табиғи ресурстарды пайдалануды басқару сияқты шаралар ұйымдастырылды. Бұл өз алдына мемлекетіміздің қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын рационалды пайдалану саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қалыптастырды және біртіндеп белгілі бір ретпен іске асырылуын қамтамасыз етті. Алайда көптеген он жылдықтар бойын Қазақстан шикізат көз ретінде пікір қалыптасқан, және соның салдарынан шикізатты өндіру барысында қоршаған ортаға орасан зор нұқсан келтірілген. Сондықтан еліміздегі экологиялық ахуалдың әліде түбегейлі өзгере қоймағаны, әліде болса экологиялық жүйелердің деградациясы жүріп жатқандығы сондықтан.

Экологиялық қарым-қатынастарды құқықтық реттеу тұжырымдалып, дәлелденген заңдарды қабылдаудан бастады.

Қазақстан Республикасының Конститутциясы - негізгі заң. Халықаралық нормаларға сай ол мемлекеттің экологиялық қатынастарды реттеудегі жалпы бағытын анықтайды. Дүние жүзінің көптеген мемлекеттерінің конститутциялары 1948 жылы БҰҰ қабылдаған «Адам құқығының жалпыға бірдей Декларациясында», сонымен қатар адам құқығы бойынша басқа да Халықаралық Пактілерде көрсетілген идеаларға сүйенеді. ҚР Конститутциясында: «Әрбір азамат оның өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаға құқығы бар» - делінген

Экологиялық заңдардың орындалуын мемлекеттік құрылымдар жүйесі, экологиялық сараптама қамтамасыз етеді. Халықаралық дәрежеде адамның қолайлы қоршаған ортаға деген құқығын БҰҰ- ның әр түрлі бөлімдері қамтамасыз етеді. Олар қоршаған ортаның жағдайын сауықтыруға арналған көптеген бағдарламалар жасады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ( ВОЗ ) - «Қоршаған ортаның гигиенасы», Азық-түлік және шаруашылық ұйымы ( ФАО ) – « Ауыл шаруашылық химикаттары мен қалдықтары », БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша ұйымы ( ЮНЕСКО ) -

« Адам және биосфера ». Белгіленген бағдарламалардың жүзеге асуының 1972 жылы құрылған БҰҰ-ның қоршаған орта бойынша бағдарламасы ( ЮНЕП ) және БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму жөніндегі Халықаралық Комиссиясы жалпы басшылық жасайды.

Құқықтық мемлекеттегі адамдардың арасындағы қарым – қатынастар жалпыға бірдей міндетті құқық нормалары болып табылатын заңдардың көмегімен реттеледі. Адамның табиғатты өзгертушілік қызметі тек соңғы жылдары ғана құқықтық тұрғыдан шектеле бастады. Қолайлы , таза қоршаған ортаға деген құқық жаңа құқықтарға жатады.


Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Қазақстан Республикасының тұрақты даму концепциясының негізгі ережелерін атаңыз.

  2. Экологиялық қауіпсіздік дегеніміз не?

  3. Экологиялық мониторинг дегеніміз не, оған қойылатын негізгі талаптар қандай және ол не үшін керек?

  4. Экология саласында халықаралық қарым-қатынастың мәні неде?

  5. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері халықаралық қарым-қатынассыз неге мүмкін емес?

  6. Экологиялық білім беру, тәрбиелеу және мәдениет – жаңа формациядағы яғни бәсекелестікке қабілетті маман-қазақстандықтарды тәрбиелеу негізіне кіреді ме?


Қолданылған әдебиеттер.

Негізгі әдебиеттер:

1. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. А., 2003

2. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаев Г.З. Экология., А., 2001.

3. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология А., 2003.

4. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология., А., 2002.

5. Алишева К. Экология. Учебник. А., 2006

6. ҚаженбаевС., С. Махмұтов. Алматы, Табиғатты қорғау. А. 1984

Практикалық жұмыс №1

Берілген территорияның әр түрлі бөліктерінің ауасының шаңдану дәрежесін анықтау

Атмосферадағы шаң мөлшерiн анықтау

Шаң атмосферада аэрозоль түрiнде кездеседi. Ол қатты, не сұйық күйде атмосфераның төменгi қабаттарында, тропосфера мен стратосферада таралады. Аэрозольдардың көпшiлiгi биосферадағы табиғи процестер нəтижесiнде түзiлсе, бiраз бөлiгiадамның шаруашылық iс-əрекетi арқылы түзiледi. Кейбiресептеулер бойынша Жер атмосферасына адамның iс-əрекетiнəтижесiнде түсетiн шаң мөлшерi жылына 1 млрд тоннаға жетедi. Шаңның химиялық құрамы түрлiше болуы мүмкiн: кремний диоксидi — құм, улы металлдар, пестицидтер, көмiрсутек-тер, т.б.

Антропогендiк аэрозольдар жану процесi нəтижесiнде түзiледi. Энергетика мен транспорт антропогендiк аэрозольдың 2/4бөлiгiн түзедi, бұдан басқа металлургия, құрылыс материалдары жəне химия өнеркəсiптерiнде де бiразбөлiгi түзiледi.Аэрозольдар Жердiң клиамтын өзгертедi, адамның тыныс алу органдарында жинақталып, аса қауiптi пневмониоз ауруынтуғызады. Көп жағдайда аэрозольдар құрамында радиоактивтiбөлшектер, вирустар, микробтар болады, қышқыл жаңбырлармен смогтар түзедi Атмосфералық ауадағы шаңның мөлшерiн анықтау үшiн қазiргi кезде салмақтық əдiс — гравиометрия қолданылады.Бұл əдiс бойынша елдi мекендер мен санитарлық-қорғаныш

аймақтарындағы ауада шаңның 0,04-10 мг/м3 аралықтағы мөл-

шерiн анықтауға болады.



Практикалық жұмыс №2

Тақырыбы: Қоршаған ортадағы антропогенді ластаушыларды анықтау

Кіріспе: Автотранспорт-атмосфераны азот оксидтерімен (NO және NO2 азот оксидтерінің қоспасы), көміртегі (II ) оксидтері (СО), негізгі ластаушылардың бірі.Ауаның транспорттық ластану үлесі осы газдар бойынша жалпы ластануының СО 60%,NOх 50 % астам үлесін құрайды.

Автотранспорттың зиянды заттарға бөлінген қалдықтары белгілі уақыт аралығында атмосфераға шығарылатын газдардың мөлшерімен сипатталады.

Шығарылатын зиянды заттарға көміртегі оксидтері (концентрациясы 0,3---10%), көмірсутектер-жанбай қалған отын (3%) жәнк азот оксидтері (0,8%), күйе жатады.

Автотранспорттың атмосфераға бөліп шығаратын зиянды заттарының мөлшерін есептік әдіспен бағалауға болады.Шығарылатын қалдықтардың мөлшерін есептеуде гі бастапқы мәліметтерге мыналар жатады:



  • автотранспорттың отындық шығынының нормасы автотрассаның белгілі бір бөлігінен уақыт бірлігінде жүріп өткен әр түрлі типті автотранспорттың саны;

  • автотранспорттың отындық шығынының нормасы (қала жағдайында автотранспорт қозғалып келе жатқандағы оттынның орташа шығынының мөлшері).

7-кесте

Автотранспорт типі


Отынның орташа шығын мөлшері (100км/л)

Отынның меншікті шығыны Уі (1км/л)

жеңіл автомобиль

11-13

0,11-0,13

жүк автомобилі

29-33

0,29-0,33

автобус

41-44

0,41-0,44

Дизельді жүк машинасы

31-34

0,31-0,34

Жанармай түріне байланысты автотранспорттың бөліп шығарған зиянды заттарын анықтайтын импирикалық коэффициенттерінің мәні 8-кестеде берілген.

8-кесте


Отын түрі

Коэффициенттер мәні (К)




Көміртегі оксиді (СО)

көмірсулар

азот оксиді

бензин

0,6

0,1

0,04

Дизель отыны

0,1

0,03

0,04

К коэффициентінің шамасы сандық жағынан 1км жол жүруге қажет (яғни меншікті шығын), отын мөлшері жанған кездегі берілген компонеттің (литрмен) бөлінген зиянды заттардың шамасына тең.

Мақсаты: қоршаған ортаның антропогенді ластаушыларының негізгі түрлерімен және оларды жедел сараптамалау әдістерімен танысу.

1-тапсырма. Автотранспорттың ауаға шығаратын зиянды заттарының мөлшерін есептеу.

Құрал-жабдықтар:қалам, қағаз, микрокалькулятор.

Жұмысты орындау барысы

Оқу орнына (тұратын жерде) жақын терезеден жақсы көрінетін автотрассаның 0,5-1 км бөлігін таңдап алыңыздар.

1. Қадамыңыздың орташа ұзындығын алдын-ала анықтап , таңдап алынған жолдың ұзындығын өлшеп шығыңыздар.

2. 20 минут ішінде жолмен жүріп өткен автотранспорттың санын анықтаңыздар. 9-кестені толтырыңыздар (мысал үшін «Жеңіл автомобильдер»қатары толтырылған): 9-кесте



Автокөліктің түрі

Саны,дана

Барлығы 20 минут ішінде

1 сағатта,Nі дана


1 сағаттағы жалпы жол,L,км

жеңіл автомобильдер

1111.......

14

42




жүк машинасы













Автобустардизельді жүк машиналары




























3. 1сағаттағы автокөлік санын есептеу үшін,20 минутта алынған санды 3-ке көбейту қажет.

4.Мына формула бойынша, әртүрлі автомобильдердің 1 сағатта жүріп өткен жалпы жолын (L,км) есептеңіздер:

Lі=Nіх1

Мұндағы Nі-1сағаттағы әр түрлі автомобильдер саны

І-автокөлік түрінің белгісі

1-таңдап алынған жолдың ұзындығы,км

Алынған нәтижелерді кестеге жазыңыздар.

5.Әр түрлі автомашина двигательдерінің жағатын жанармайының мөлшерін (Qі=Lі х Үі

Lі мәнін 9-кестеден алыңыздар.

Алынған нәтижелерді-кестеге толтырыңыздар.

Әр түрдің автокөліктер қолданған жанармайының жалпы мөлшерін (сумма Q) анықтап , нәтижелерді 10-кестеге толтырыңыздар.



Автомобиль түрі

Nі

Qі, соның ішінде




бензин

дизельді жанармай













жеңіл автомобильдер










жүк автомашиналары










автобустар










дизельді жүк машиналары













барлығы суммаQ







Қалыпты жағдайда жанармайдың әр түріне және барлығы үшін бөлініп шыққан зиянды заттардың (литрмен) мөлшерін есептеңіздер. Нәтижелерді 11-кестеге толтырыңыздар. 11-кесте

Жанармай түрі

Q,л

Зиянды заттардың мөлшері,л













СО

Көмірсулар

NO2

Бензин













Дизельді отын
















Барлығы (v),л.










Нәтижелерді өңдеу мен қорытындылар

1.Есептеңіздер:

-мына формула бойынша бөлініп шыққан зиянды заттардың массасын (m,г)

m=Vx M/22.4

-қоршаған ортаның санитарлық рұқсат етілетін жағдайын қамтамасыз ету үшін бөлініп шыққан зиянды заттарды сұйылту үшін қажет таза ауаның мөлшерін.

Нәтижелерді 12-кестеге жазыңыздар. 12-кесте



Зиянды заттың түрі

Мөлшері, л

Масса,г

Сұйылтуға қажет ауаның мөлшері,м3




СО













Көмірсулар













NO2













Рұқсат етілетін шекті концентрациялар мәні анықтамаларда берілген.

2. Автомагистрлға тұрғын үйлер мен ғимараттардың жақындығын есепке ала отырып , өздеріңіздің зерттеген территорияның экологиялық жағдайы туралы қорытынды жасаңыздар.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Ақбасова .А.С,Саинова Г.С. «Экология»

2. Оспанова Г.С, Бозшатаева Г.Т. «Экология»

3. Оспанова Г.С, Бозшатаева Г.Т. «Экологидан оқу -әдістемелік құрал»

4 Ж.Ж.Жатқанбаев «Экология»

Тақырыбы: Әр түрлі тірі ағзалардың зат айналымындағы рөлін зерттеу.

Кіріспе. Зат айналымы – заттардың жерде жүріп жатқан процесстерге бірнеше рет қатысуы. Нақтырақ айтқанда айналымға заттар емес, химиялық элементтер қатысады. Бір ағзалар пайдаланып болғаннан соң химиялық элементтер басқа ағзалар қорытатын қозғалыстарға айналады. Бұл процесстерге қажетті энергия күннен алынады, ал мұнда тірі ағзалар белсенді рөд атқарады. Көміртегінің биохимиялық циклына органикалық заттардың өндірушілері (продуценттер), тұтынушылар (консументтер) және ыдыратушылар (редуценттер) қатысады. Өсімдіктер мен жануарлар өлгеннен соң олардың ағзалары редуценттердің (бактериялар, саңырауқұлақтар, көптеген омыртқасыздар) көмегімен ыдырайды.

Мақсаты: далалық зерттеулердің нәтижесінде алынған мәліметтер негізінде әр түрлі түрлердің зат айналымындағы рөлін анықтау.

Қажетті құрал-жабдықтар: далалық зерттеулердің статикалық өнделген мәліметтері (8-кесте), микрокаькулятор.

Солтүстік Каспий маңындағы кіші саршұнақтар мен дала суырларының өнімділігі мың ккал/га

15-кесте

Түр

Жыл

Қорек

Екінші реттегі өнім







Пайдаланған

қорытылған

кіші саршұнақ

1971

535

427

40




1972

355

283

28




1973

283

225

17

Дала суыры

1974

278

206

54




1975

318

239

65


Жұмыстың орындалу барысы


  1. Екінші реттегі өнімнің пайдаланылған қорекқе қатынасын (%) есептеңіздер

  2. Екінші реттегі өнімнің қорытылған қорекқе қатынасын (%) есептеңіздер

  3. Алынған нәтижелерді 4-кестеге еңгізіңіздер.

Әр түрлі жануарлардың өнімінің түзілуінің тиімділігі

16- кесте



Түр

Жыл

Екінші реттегі өнімнің пайдаланылған қорекқе қатынасын (%)

Екінші реттегі өнімнің қорытылған қорекқе қатынасын (%)

Кіші саршұнақ

1991










1992










1993







Дала суыры

1994










1995






Нәтижелерді өңдеу мен қорытындылар


  • Алынған мәліметтерді сараптап, әртүрлі жануарлар өнімінің түзілуінің тиімділігі туралы қортынды жасаңыздар.

  • Қандай жануарлар тамақ энергиясын өсуге және май қорын жинауға анағұрлым тиімді пайдаланатынын анықтаңыздар.

  • Әр жылдардағы энергияны пайдалану тиімділігі қалай өзгереді.

1.Ағзалардың қоректену әдісі бойынша қандай топтары химиялық элементтердің айналымына қатысады?

2.Бұл топтардың әрқайсысының зат айналымдағы (химиялық элементтердің) рөлі қандай?
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет