Экономикалық АҚпараттық ЖҮйелердегі жаңа технологиялар


Тақырып бойынша тапсырмалар



бет7/24
Дата08.09.2017
өлшемі3,22 Mb.
#30601
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24
2.2 Тақырып бойынша тапсырмалар

1-есеп. 7 % жылдық ставкамен берілген 10 000 000т. 7 жылдық ипотекалық ссуданың ай сайынғы жəне жыл сайынғы төлемдерін есептеу керек. Бастапқы салым 10 %. ПЛТ функциясын қолданыңыз.

2-есеп. 6 % жылдық ставкамен берілген 15 000 000т. 3 жылдық ипотекалық ссуданың ай сайынғы жəне жыл сайынғы төлемдерін есептеу керек. Бастапқы салым 14 %. ПЛТ функциясын қолданыңыз.

3-есеп. Шотқа 1000000т. 8 % жылдық ставкамен салғанда 10 жылда қанша болатынын есептеу керек. Процент квартал сайын есептеледі. БС функциясын қолданыңыз.

4-есеп. 4 жыл бұрын 200000 ссуда 20 % жылдық ставкамен берілген. Процент ай сайын есептеледі. Қанша сома төленетінін анықтаңыз. БС функциясын қолданыңыз.

5-есеп. 14,5 % проценттік ставкамен салынған 1000000 сомаға əр жылдың аяғындағы төлем 10,897 болу үшін неше жыл өту керек? КПЕР функциясын қолданыңыз.

6-есеп. Процентті есептеу ай сайын жүргізілетін болса жəне проценттік жылдық ставка 35,18 % болса неше жылдан кейін 500000 мөлшердегі салым 1000000-ға жетеді. КПЕР функциясын қолданыңыз.

7-есеп. 7 жылға шығарылған номиналы 200000 болатын облигацияның болашақ құны қанша болады? Процент мынандай тəртіппен есептеледі: алғашқы үш жылға – 18 %, қалған төрт жылға – 21 %. БЗРАСПИС функциясын қолданыңыз.

8-есеп. 12 жылдан кейін кəсіпорынға 5 млн ақша қажет болады. Кəсіпорын осы соманы алу үшін қазіргі уақытта депозитке ақша салмақ ойы бар. Ол үшін 12 % проценттік ставкамен қанша мөлшерде депозитке ақша салу керек? ПС функциясын қолданыңыз.

9-есеп. 3 жылдан кейін 90 млн алу үшін депозитке 20 % жылдық ставкамен қанша сома салу керек екенін анықтаңыз. Проценттік есептеу квартал сайын болсын. ПС функциясын қолданыңыз.

10-есеп. Проект бойынша шығындар 570 млн. Үш жылда: 270, 330, 290 млн пайда əкеледі деп болжанады. Дисконттау ставкасы 17 %. Проектінің ағымдағы құнын анықтау керек. ЧПС функциясын қолданыңыз.

3 Параметрді келтіру
3.1 Параметрді келтіру құралын пайдалану мысалдары

MS Excel-дің Подбор параметра құралы тəуелді ұяшықта қажетті нəтижені алу үшін осы ұяшыққа кіретін тəуелсіз ұяшықта қандай мəн болу керектігін анықтауға жол береді.

1-есеп. 5 жылдың ішінде проект бойынша алынатын пайда: 120 000 000, 200 000000, 300 000 000, 250 000 000, 320 000 000 болады деген болжау бар.А.йналым жылдамдығы 12 % болғанда проектіге кететін алғашқы шығын қандай болу керек?

Шешім:


Инвестиция айналымының ішкі жылдамдығы ВСД (значения;предположения) функциясының көмегімен табылады. Берілгендерді енгізу төмендегідей 3.1 суретте көрсетілген терезеде жүргізіледі:

3.1-сурет – Проект бойынша бастапқы шығындарды анықтау терезесі

Алғашында проектіні іске асыру үшін кететін шығын мөлшеріне ойдан кез-келген мəн бере саламыз (тіпті бұл ұяшықты бос қалдырса да болады).

В13ұяшығына =ВСД(B4:B9) формуласын енгіземіз.

Одан кейін Сервис – Подбор параметра командасын орындап, шыққан 3.2 суретте көрсетілген терезеге параметрлерді енгіземіз:



3.2-сурет – Подбор параметра құралының терезесі

Нəтижесінде біздің шарттарды қанағаттандыратын проектіге қажетті



шығындар мөлшері 3.3 суретте көрсетілгендей есептеліп шығады:

3.3-сурет – Бастапқы шығындарды есептеудің нəтижелік терезесі
2-есеп. Сізден танысыңыз 15000 қарыз сұрап, оны төмендегідей тəртіппен қайтарып бермекші: бір жылдан кейін – 3000, екі жылдан кейін – 5000, үш жылдан кейін – 9000. Танысыңыз қарызды қандай проценттік ставкамен алмақшы?

Шешімі:


Бұл есепті шешу үшін ЧПС(ставка; значение1; значение2; ...) функциясын жəне Подбор параметра құралын пайдаланамыз.

Берілгендерді енгізу терезесі 3.4 суретте көрсетілген.



3.4-сурет – Бірыңғай емес капитал салымын табуға арналған жұмыс беті
Алғашында есептеу үшін жылдық проценттік ставкаға кез-келген мəн жазамыз (немесе бұл ұяшықты бос қалдыруға да болады).

В9 ұяшығына =ЧПС(B8;B4:B6) формуласын енгіземіз.



Одан кейін Сервис – Подбор параметра командасын орындап, шыққан 3.5 суретте көрсетілген терезеге параметрлерді енгіземіз:

3.5-сурет – Подбор параметра құралының терезесі
Нəтижесінде біздің беретін қарызымыз қандай проценттік ставкамен

беріліп тұрғандығын анықтаймыз.



3.6-сурет – Бірыңғай емес капитал салымы табылған нəтижелік бет
Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет