Экономикалық теория негіздері



бет4/4
Дата30.10.2019
өлшемі202,13 Kb.
#50848
1   2   3   4
Байланысты:
oku kuralj
Абайдың он бесінші қара сөзі, Абайдың он бесінші қара сөзі

БӘСЕКЕ ТҮРЛЕРІ




ТАЗА МОНОПОЛИЯ
бір фирма берілген өнімді жалғыз өндіруші болып табылады. Мысалы, газ, электрмен жабдықтау, байланыс салалары. Бағаға әсер ету деңгейі жоғары, бірақ мемлекетпен реттеліп отырады. Бұл салаға кіру мүмкіндігі жоқ.


МОНОПОЛИСТІК БӘСЕКЕ

ұқсас, бірақ әртекті өнімдер өндіретін көптеген тауарөндірушілер нарығы. Мысалы, әртүрлі киім және аяқ киім, кітап өнімдері т.б. Бағаны бақылау деңгейі шектеулі. Салаға кіру салыстырмалы еркін.


ОЛИГОПОЛИЯ


БӘСЕКЕ

стандартталған өнім өндіретін бірнеше ірі фирмалардан тұрады. Бағаға келісім жасау арқылы біршама әсер ете алады. Салаға кіру қиын. Мысалы, ауыл шаруашлығы машиналары, автомобиль, алюминий өндіру салалары.


ТАЗА БӘСЕКЕ


бір-біріне тәуелсіз біртекті тауарлар мен қызметтерді өндірушілер саны көп нарық түрі. Мысалы, ауыл шаруашылығы

астық өндірісі, сүт өнімдері өндірісі. Тауарөндірушілер бағаға бақылау жасамайды. Бұл салаға еркін кіруге болады.


Монополия – грек сөзінен аударғанда monos – жалғыз, + poleo – сатамын деген мағынаны білдіреді. Тар мағынада монополия – бір сатушының нарықтағы үстемдігін көрсетеді. Ал кең мағынада қандай-да бір қызмет сферасындағы бір немесе бірнеше топтың үстемдігін білдіреді.


Монополизмнің негізгі белгісі:

  • шаруашылық қызметтің бір немесе бірнеше біріккен фирмалар қолында шоғырлануы

  • осы фирмалардың белгілі тауарлар нарығында басты, негізгі орын алуы

  • бағаға бақылау жасауы

Монополияның екі негізгі түрін көрсетуге болады:


1. Табиғи монополия обективті негізде, заңды түрде пайда болады және қызмет етеді. Мысалы, ірі масштабтағы өндіріс экономикалық дәлелденген, жоғары тиімділікті, аз шығынды, өнімді өте төмен баға бойынша сатып алуды қамтамасыз ететін салалар (автомобиль, газ, алюминий ), бір шаруашылық кешеннің болуы орынды салалар (сумен жабдықтау, байланыс) кіреді, себебі бұл кешеннің жекеленген бәсекелес кәсіпорындарға бөлінуі шығындардың өсуіне алып келуі мүмкін.

2.Жасанды монополия шаруашылық қызметті біреудің қолында арнайы шоғырландыру арқылы құрылады.


7.3 Монопольды баға. Монополиялық бірлестіктер
Монополиялық бірлестіктердің негізгі нысандары:

Картель қатысушылары біртекті өнім өндірушілер нарықты бөлу, сауда квоталары және баға деңгейі жөнінде келіседі. Олар толығымен өздерінің шаруашылық әрі өндірістік, әрі коммерциялық еркіндігін сақтайды.

Синдикат картель тәрізді біртекті өнім өндірушілерді біріктіреді. Бірақ картельдік келісімдермен (квоталар мен бағалар туралы) қатар, олар өнім өткізу мен шикізаттарды сатып алуды ортақ сауда тораптары арқылы ұйымдастырады (қатысушылары коммерциялық еркіндіктен айырылады).

Трест құрамына кіретін кәсіпорындар толығымен бір басқаруға бірігеді. Шаруашылық еркіндіктерінен айырылады.

Концерн – бұл шаруашылық бірлестіктерінің ең негізгі әрі тиімді нысаны. Бұл әртүрлі елдерде қызмет ететін өнерәсіптік, сауда,банктік және басқа да кәсіпорындар енетін ірі көп салалы экономикалық кешен. Олардың бірігуі холдинг деп аталатын ерекше институттың пайда болуын қамтамасыз етеді. Холдинг – концерн қатысушылары акцияларын иеленетін және олардың қызметін басқаратын басты компания.

Консорциум – бұл ортақ ірі кәсіпкерлік жобаларды жүзеге асыру үшін өнеркәсіптік, банктік және басқа да компаниялардың уақытша бірігуі.


7.4 Монополияға қарсы заңдылықтар
Монополияға қарсы заңдылықтар - бұл бәсекелестікті дамытуға, монополияны шектеуге және тыйым салуға бағытталған заңдар мен үкіметтік актілер кешені.

Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңы мынадай нормативті-құқықтық актілерге негізделген: Қазақстан Республикасының "Табиғи монополиялар туралы", "Адал емес бәсекелестік туралы", "Бәсеке және монополия қызметін шектеу туралы" Заңдары.

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 маусымдағы "Адал емес бәсекелестік туралы" Заңы адал емес бәсекелестікті мойындайтын әрекеттерді белгілейді, адал емес бәсекені және оның зардаптарын болдырмау және жою механизмін белгілейді. Заңға сәйкес Қазақстан Республикасындағы адал емес бәсекенің келесі түрлері бөлінеді:


  1. Фирмалық атауды, тауар белгісін заңсыз пайдалану бұл тұтынушыда өндіруші туралы теріс пікір тудыруы мүмкін;

  2. Бәсекелестің бәсекеші тауарының сыртқы рәсімдеуін тікелей ұдайы өндіріс жолымен көшіру бұл тұтынушыда өндіруші туралы теріс пікір тудыруы мүмкін;

  3. Сатушының сатудың қосымша шарттарын зорлап енгізуі;

  4. Басқа бәсекелестің қызметін әдепсіз түрде салыстыратын жарнаманы тарату;

  5. Тауардың нағыз қасиеттері мен сапасы туралы мәліметтерді жарнамада әдейі бұрмалау немесе жасыру;

  6. Бөсекелестікті болдырмауға әкелетін нарықтық қатынас субъектілерінің деңгейлес қосылуы және т. б.


Бақылау сұрақтары:

1.Бәсекенің мәні мен ролі қандай?

2. Бәсекелік күрестің формалары мен әдістері қандай?

3. Монопольды баға жағдайындағы нарықтың тепе-теңдік механизмін зертеу.


7 тақырыпқа арналған тесттік тапсырмалар:
1.Бәсекелес нарықта өндіріс факторына сұраныс қалай анықталады?

A) Өндіріс факторларының ұсынысымен;

B) Өнімнің шекті түсімімен;

C) Тепе – теңдік бағамен;

D) Өнімнің өзіндік құнымен;

E) Жалпы шығындар деңгейімен

2. Баға бәсекесi:

A) Ұқсас тауарлар арасында пайда болады.


B) Өзара байланысты тауарлар арасында пайда болады.
C) Өзара толықтырғыш тауарлар арасында пайда болады.
D) Өзара ерекшеленетiн тауарлар арасында пайда болады.
E) Әртүрлi сфералардағы қызметтер арасында пайда болады.

3. Бағаның өзгеруi нәтижесінде сұраныс қисығының жылжуы қандай бәсеке түрiнде байқалады:

A) бағадан тыс
B) түрлi
C) баға
D) салааралық
E) заттық

4. Қандай бәсеке түрiнде сатуды ынталандыру нәтижесiнде сұраныс көлемiнiң қисығы жылжиды:

A) бағадан тыс
B) түрлi
C) баға
D) салааралық
E) заттық

4.Біртекті емес, бірақ ұқсас тауар ұсынатын сатушылар саны көп нарық – бұл

А) монополия

В) олигополия

С) монополистік бәсеке

D) жетілмеген бәсеке

Е) баға бәсекесі

5.Жетiлдiрiлмеген бәсекенiң бiр түрi монополия. Ол неше және қандай түрге бөлiнедi:

А) монополия ешқандай түрге бөлiнбейдi

В) үш түрге: деңгейлес, сатылас, әртараптандыру

С) екi түрге: iшкi салалық, салааралық

D) үш түрге: жасанды, кездейсоқ, табиғи

Е) бiр ғана түрi бар-картель

6.Монополиялардың пайда болуының негiзгi себептерi:

А) өндiрiс пен капиталдың шоғырлануы

В) еңбектiң пайда болуы

С) тұтынушы мен өндiрушiнiң көп болуы

D)капиталдың шоғырлануы

Е) жердiң болуы

7. Жетiлдiрiлмеген бәсекенiң қандай түрiне аяқ-киiм фабрикасы мысал бола алады:

А) таза монополия

В) олигополия

С) кәмiл бәсеке

D)монополистiк бәсеке

Е) жетiлдiрiлмеген бәсеке

8.Олигополия теориясын кім қалады:

A) К. Маркс;

B) В. Ленин;

C) В. Лентьев;

D) О. Курно;

E) Дж. Кейнс.

9.Бірдей тауарды немесе өнімді әр түрлі сатып алушыларға әр түрлі бағалармен сату – бұл:

A) ғылыми – техникалық бәсеке;

B) бағалы дискриминациялау;

C) бағалы емес дискреминациялау;

D) өндірістік және өнеркәсіптік бәсеке;

E) ауыл шаруашылық бәсеке.

10.Төмендегі қай мысалды табиғи бәсеке деп атауға болады:

A) Дженерал моторс;

B) Адидас фирмасы;

C) Қазақтелеком компаниясы;

D) Иволга холдингі;

E) Қазмұнай өнімдері.

8 Кәсіпкерлік қызмет, оның негізгі түрлері мен нысандары.

8.1 Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық мәні, негізгі белгілері.

8.2 Кәсіпкерлік қызметтің негізгі түрлері.

8.3 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің қалыптасуы


Мақсаты: Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық мәні мен оның негізгі белгілерін қарастыру.
8.1 Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық мәні, негізгі белгілері
Кәсіпкерлік – бұл пайда табу мақсатында өнім өндіру үшін жаңа әдістерді қолдануға, шикізаттардың жаңа көздерін, өнімді өткізу нарықтарын ашуға, әртүрлі мүмкіндіктерді пайдалануға негізделген өзіндік ұйымдастыру-шаруашылық новаторлық (жаңашыл) қызмет.

Ерте заманда «кәсіпкерлік» ұғымы тек қана тәуекел элементтерімен байланыстырылған. 1725 жылы Ричард Кантильон кәсіпкерді – нар тәуекел жағдайында қызмет етуші адам деді. 1961 жылы «кәсіпкер – ұстамды тәуекел жағдайында қызмет ететін пысық адам» деп пайымдаған Дэвид Меклелланд да осы пікірді қолдаған.

Алғашқыда «кәсіпкерлік » термині тәуекел сөзімен, ал кәсіпкердің өзі тауарды өндірумен өткізуде белгілі бір тәуекел мен жауапкершілікті өз мойнына алатын адаммен байланыстырды. Мысалы, 1925 жылы Кантиллион кәсіпкерлікті өз мойынына алатын адаммен байланыстырлды, сонымен қатар ол капитал салушы кәсіпкерлер мен өз еңбегін, ресурстарын қолданушыларды ажыратып отырды . Ол кәсіпкерді өзіне өзі жұмыс орнын жасайтын адам ретінде қарастырды. Адамды белгілі бір төлемақы, сыйақы үшін жұмыс істеуі қанағаттандырмаса, ол өз ойларын жүзеге асыру жолдарн іздей бастайды, сөйте келе ол кәсіпкерге айналады. Кантилионның пікірінше кәсіпкерлердің басты еорекшелігі олардың тұрлаусыз жағдайларды жұмыс істеулері.

Кейінірек ХVІІІ – ғасырдың екінші жартысында Квисней сияқты физиократтар кәсіпкерлік концепциясын кеңейте түсті. Олар Кантиллион сияқты кәсіпкерлерді тұрлаусыздық иелері деп санады, бірақ ілгері жылжи отырып, бұл анықтамаға өндіріс процесін еңгізді, демек сонымен бірге кәсіпкерлердің пайда табуы үшін белгілі экономикалық ресурстарға ие болу қажеттілігі деп еңгізілді. Олардың түсінігінше кәсіпкер өнім өндірісін ұйымдастыру, жаңа әдістерді еңгізу және жаңа өткізу нарықтарын іздестіру қажет.

Кәсіпкер адамға анықтама беруші келесі ағым – кәсіпкерлікке тән тәуекелділікпен қатар, одан алынатын пайда мен туындайтын жауапкершілікті жатқызады. Мысалы, 1797 жылы Бодо кәсіпкер – іскерлік қызметке жауап беруші, кәсіпорын қызметін бақылап, жоспарлап ұйымдастырып және оған иелік етуші тұлға деген. 1964 жылы Питер Друкердің дәлелдемесі – кәсіпкер қандай болмасын мүмкіндікті пайдалана отырып, ең жоғары дкңгейдегі пайдаға жетуге ұмтылатын адам.

Басқа бір физиократ, дін қызметшісі Николас Бауде өндірушілер мен фермерлер топтарының гүлденуі олардың жаңалықтарға яғни жаңартпа мен менеджментке деген бейімділіктеріне байланысты деп санады. Бауде еңбек өнімділігінің ұлғаюындағы ғылым мен технологияның маңыздылығына әрдайым ерекше көңіл аударып отырды. Ол кәсіпкермен меншіктенушінің өзара айырмашылықтары бар деп ұйғарды.

8.2 Кәсіпкерлік қызметтің негізгі түрлері
Ұдайы өндірістің циклы өндіріс, бөліс, айырбас және тұтыну кезендерінен тұратын болғандықтан, кәсіпкерліктің өндірістік, коммерциялық және қаржы-несиелік түрлерін айыруға болады.

Өндірістік кәсіпкерлікке – тұтынушылырдың кейінен сатып алуына тиісті өнім өндіру, жұмыстар жүргізуге және қызмет көрсету, жинау, өңдеу және ақпарат беру, рухани құндылық жасау тағы тағыларға бағытталған қызметтер жатады. Өндірістік кәсіпкерліктің мүдделілік өрісі едәуір түрліше және оны іске асыру үшін қаржылық және материалдық ресурстар, ал кейде олар көп мөлшерде қажет болады. Өндірістік кәсіпкерлік қызметінің нәтижесі мол өнім өндіру және оны сату мүмкіндігі болып табылады.

Коммерциялық кәсіпкерлікке – қызмет түрін сипаттайтын, оның мазмұнының мәнін айқындайтын тауар-ақша қатынастары, тауар-айырбастау операциялары жатады. Мұның өндірістік кәсіпкерліктен айырмашылығы – мұнда өнім өндіруге байланысты өндірістік ресурстарды қамтамасыз ету қажеттілігі тумайды. Технологияның бастапқы сатысы ретінді, не сатып алу, нені қайта сату және қай жерде екенін таңдай білу қажет. Бұл мәселелерді іске асыру, ең алдымен тауар бағасының өткізу бағасы жағдайында көтерме сатып алу бағасы елеулі жоғары болуы керек екеніне сүйену қажет.

Қаржылық кәсіпкерлік - коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі, солай болғандықтан оның сатып алу, сату объектісі айрықшылығы – тауар болып есептеледі: ақшалар, валюта, құнды қағаздар (акция, облигациялар, вексельдер, кепілдіктер және т.б.), яғни бірдей ақшаларды сату, тікелей немесе жанама формада жүргізіледі. Солай болғандықтан, қаржылық кәсіпкерлік – бұл коммерцияның бір түрі, онда қаржылық кәсіпкерінің технологиялық мәмілесі, коммерциялық технология мәмілесімен ұқсас болады, айырмасы тек тауар – қаржы активі болып саналады.

Бұлардың әрқайсы кәсіпкерліктің дербес түрі болғанымен, олар өзара тығыз байланысты және бірін-бірі толықтырып отырады.

Өндірістік кәсіпкерліктің қызмет орны өндірістік кәсіпорындар болса, коммерциялық кәсіпкерлік сауда орындарында, ал қаржы-несиелік кәсіпкерлік коммерциялық банктер мен құнды қағаздар биржаларында жүргізіледі. Бұлардың әрқайсының өзіне тән ерекшіліктері болады. Өндірістік кәсіпкерлікке тауар мен тұрмыстық қызмет көрсету жатады. Мұнда кәсіпкер үшін өнім өндіруді ұымдастыру негізгі қызмет болса, өндіріске қажетті ресурстарды сатып алу мен даяр өнімді сату көмекші қызметке жатады. Іске кіріспей тұрып кәсіпкер өндірістің қай саласына капиталын салатының, қандай тауарлар мен қызметтерге сұраныстың барын анықтап алады. Қарекетінің екінші кезінінде ол тауар биржасы арқылы болашақ өнімін алушылармен келісім-шарттарға отырады. Әрине, өндірістіің көлемі шағын болса, кәсіпкер тәуекелге бел байлап, шартсыз-ақ өндірісін бастай береді.

Қазіргі заманғы теорияларда кәсіпкерліктің 3 концепциясы бөліп көрсетіледі, олардың әрқайсысы өз алдына мектеп болып табылады және кәсіпкерлік пен кәсіпкерлік процеске түсініктеме береді. Оларға жататындар:



  1. Кәсіпкерліктің жеке тұлғалық қасиеттерді бағалау ұстанымдағы мектебі.

  2. Кәсіпкерліктің психологиялық мектебі.

  3. Кәсіпкерліктің классикалық мектебі..

Кәсіпкерліктің дамуының әртүрлі сатылары: бастама, бизнестің пайда болуы, кемелдену мен өсу сатылары кәсіпкердің мінез-құлқы мен қасиеттеріне әртүрлі талап қояды.
8.3 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің қалыптасуы
Қазақстан Республикасы соңғы жылдары кәсіпкерліктің кең қарқынмен дамуына мүмкіндік алды. Қазіргі Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуы көптүрлі. Ең алдымен шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау жасау, ішкі рыноктың дамуына баса көңіл бөлу қажет.

ХХ ғасырдың басыдағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуына ресейлік және шетелдік капиталдың келуі де үлкен пайдасын тигізді. Өте кең дамығаны – банк капиталы болды. Сауданың стационарлық және жәрмеңкелік түрлері өте жақсы дамыды. Жәрмеңкелік сауда сауда бүкіл ресейлік сипат ала бастады. Осы кезенде шет ел капиталының әсері өте маңызды болды.

Кәсіпкерлік қызмет ЖЭС (жаңа экономикалық саясат) кезіне біршама дамыды. Алайда рыноктық қатынастардың қысқартылуы кәсіпкерлік қызметтің өтімділігіне де кері әсер етті. Жоспарлы экономикада да коммерция өте кең тараған құбылыс деген пікір бар. Оның өзіне тән ерекше формалары болды.

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік тұңғыш рет Қазақстан Республикасынынң Азаматтық кодексі 10 бабының, І тармағында заңмен бекітілген: «Кәсіпкерлік - меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа қызметке)сұрнымды қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға бағытталған жеке меншік ( жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорындарды шаруашылық басқару құқұығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) неігзделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкер атынан, оынң тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігмен жүзеге асырылады.»

1994 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 119 бабы кәсіпорынға мынандай анықтама береді: «Кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру үшін пайдаланылатын мүліктік кешен объектісі түріндегі кәсіпорын деп танылады. Кәсіпорын тұтасымен мүліктік кешен ретінде кәсіпорынның құрамына оның қызмет етуіне арналған мүліктің барлық түрлері, соның ішінде үйлер, ғимараттар, жабдықтар, құрал - саймандар, шикізат, өнімдер, жер учаскесіне құқық талап ету құқықтары, борыштар, сондай – ақ оның қызметін дараландыратын белгілерге құқықтар (фирмалық атау, тауар белгілері) және, егер заң құжаттарында немесе өзгеше көзделмесе, басқада айырықша құқықтар енеді. Кәсіпорын тұтасымен немесе оның бір бөлігі сатып алу – сату, кепілге, арендаға беру әне заттық құқықтарды белгілеуге, өзгертуге және тоқтатуға байланысты басқа да мәмлелер объектісі болуы мүмкін».

Қазір Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің жедел қарқынмен дамуына жағдай жасалуда, атап айтқанда, кәсіпкерліктің дамуына мықты экономикалық негіз болатын меншікті жекешелендіру шараларына байланысты үлкен жұмыстар атқарылды. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік пен шағын және орта бизнесте мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, кең көлемді шаралар жүргізілуде.

Жаңа кәсіпкерлік жүйелердің ішінен мемлекеттік және муниципалдық өнеркәсіптің, инвестициялық фондтар мен компаниялардың негізінде қайта құрылған акционерлік қоғамдар саны көбейді.Шағын кәсіпкерліктің дамуы шаруашылық байланыстарының тұрақтануына, ішкі бәсекелестік ортаның қалыптасуына ықпал етеді.

Қазақстан Республикасының жаңа кәсіпкерлері өз қажеттіліктері мен қабілеттерін көрсеткісі келеді. Бұл тек бәсекелестік күресте жеңу нәтижесінде ғана жүзеге асырылады.

Шағын кәсіпкерлікті талдау жасау экономиканың жеке секторындағы субъектілер саны жылдан – жылға көбейіп келе жатқандығын және 2002 жылдың басында 360 мың кәсіпкерлік болғандығы белгілі. Яғни 1 млн астам адам жұмыспен қамтылған. Шағын кәсіпкерлікте барлығы 1,6 млн адам немесе экономикалық белсенді халықтың 21% жұмыс істейді. Қазіргі қызмет етіп жатқан шағын кәсіпорындардың 40% - дан астамы 1992-1993 жылдары, шағын кәсіпкерлікке салықтық жеңілдіктер көрсетілген кезде құрылған (Шағын кәсіпкерлік туралы ҚР және облыстар бойынша бірінші қосымшада берілді).

Бірақ қазіргі кезеңде Қазақстан экономикасына шағын бизнестің қосар үлесі айтарлықтай емес. Оның дамуына кедергілер туындататын жағдайлар өте көп. Негізгілері: өз ісін жақсы білетін білікті менеджерлер санының аздығы; капитал рыногының аясының тарлығы; бюрократиялық аппараттың әр түрлі кедергілері; жарғылық қорға қойылатын шамадан көп заңды талаптар; кәсіпорынды тіркеудің өте қиын тетіктері және т.б. Олай болса, кәсіпкерлікті ойдағыдай ұтымды дамыту үшін өте тиімді әлеуметтік – экономикалық жағдайлар мен факторлар қажет – ақ. Бұл кезек күтпейтін пайдасы мол өткір мәселелердің бірі.


Бақылау сұрақтары:

1.Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық мәні, негізгі белгілері қандай?

2.Кәіпкерлік қызметтің негізгі түрлері қандай?

3.Кәсіпкерліктің негізгі ұйымдық формалары: артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсетіңіз.


8 тақырыпқа арналған тесттік тапсырмалар:
1.Кәсіпкерлік – бұл:

A) болашағы айтылмайтын қызмет;

B) кез-келген бизнес;

C) мемлекеттік меншік;

D) табыс алуға бағытталған шаруашылық;

E) жаңашылдықты енгізу.

2.Кәсіпкер терминін ең алғаш енгізгіен кім:

A) А.Смит

B) И.Шумпетер

C) Р.Кантильон

D) Д.Рикардо

E) Т.Мэн.

3.Фирма қызметтері мақсаттарының қайсысы маңызды болып саналады:

A) табыс табу;

B) сатуды көбейту;

C) өнімнің сапасын жақсарту;

D) адамдардың тұтыну қасиетін қанағаттандыру;

E) нарықтық тәуекелге бел буу.

4.Әр түрлі бағыттағы тауарлар мен қызметтерді сатумен байланысты кәсіпкерлік қалай аталады:

A) қаржылық кәсіпкерлік;

B) коммерциялық кәсіпкерлік;

C) делдалдық кәсіпкерлік;

D) өндірістік кәсіпкерлік;

E) кеңестік скәсіпкерлік.

5. «Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу» кімнің сөзі:

A) А.Смит

B) И.Шумпетер

C) Р.Кантильон

D) Д.Рикардо

E) Т.Мэн.

6.Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз не:

A) әлеуметті тауаарды сатып алушылардың жиынтығы;

B) басқарушылық еңбектің мазмұны мен сипатын қарайтын ғылым;

C) тұлғаның бизнесте жаңалықты аша білуі;

D) белглі бір фирманың мақсатын анықтау ;

E) өнім өткізу мен өндірістің тоқтауымен болатын тұрақты шығындар.

7.Бизнес дегеніміз не:

A) пайда табу мақсатында өнім өндіру үшін жаңа әдістерді қолдануға, шикізаттардың жаңа көздерін, өнімді өткізу нарықтарын ашуға, әртүрлі мүмкіндіктерді пайдалануға негізделген өзіндік ұйымдастыру-шаруашылық новаторлық (жаңашыл) қызмет;

B) белглі бір фирманың мақсатын анықтау;

C) нарықтық тәуекелге бел буу;

D) табыс әкелетін кез-келген қызметтің түрі;

E) адамдардың тұтыну қасиетін қанағаттандыру.

8. Өндірістік кәсіпкерлікке төмендегілердің қайсысы жатады:

A) тұтынушылырдың кейінен сатып алуына тиісті өнім өндіру, жұмыстар жүргізуге және қызмет көрсету, жинау, өңдеу және ақпарат беру, рухани құндылық жасау тағы тағыларға бағытталған қызметтер;

B) пайда табу мақсатында өнім өндіру үшін жаңа әдістерді қолдануға, шикізаттардың жаңа көздерін, өнімді өткізу нарықтарын ашуға, әртүрлі мүмкіндіктерді пайдалануға негізделген өзіндік ұйымдастыру-шаруашылық новаторлық (жаңашыл) қызмет ;

C) өнім өткізу мен өндірістің тоқтауымен болатын тұрақты шығындар;

D) әр түрлі бағыттағы тауарлар мен қызметтерді сатумен байланысты кәсіпкерлік;

E) алғашқы қауымдық экономика.

9. Ақшалар, валюта, құнды қағаздар (акция, облигациялар, вексельдер, кепілдіктер және т.б.), яғни бірдей ақшаларды сату, тікелей немесе жанама формада жүргізіледі:

A) қаржылық кәсіпкерлік;

B) коммерциялық кәсіпкерлік;

C) делдалдық кәсіпкерлік;

D) өндірістік кәсіпкерлік;

E) кеңестік скәсіпкерлік.

10.Кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдайлар жасау, тактикалық әдістердің артықшылықтарын қолдану, мемлекеттік меншікшің үлесі төмен және бұндай жүйе көптеген елдерде кездеседі – бұл қөандай экономикалық жүйеге тән сипаттама:

A) нарықтық экономика;

B) аралас экономика;

C) корпоративті экономика;

D) дәстүрлі экономика;

E) алғашқы қауымдық экономика.



9 Шығындар теориясы

9.1 Кәсіпорындардың шығындары және олардың түрлері

9.2 Өндірілетін өнімнің өзіндік құны

9.3 Өндіріс шығындары төмендеуінің негізгі бағыттары


Мақсаты-өндіріс шығындарының түрлерін түсіндіру.
9.1 Кәсіпорындардың шығындары және олардың түрлері
Кәсіпорынның шығаратын тауарларының мөлшерін рынокқа ұсынуы, оны өндіріуге кететін шығындарына және сол тауарлардың рынокта сатылатын бағаларына тікелей байланысты болады. Бұдан шығатын қорытынды, тауарларды өндіру және оны сатуға кететін шығындарды білу кәсіпорынның шаурашылық жүргізудегі тиімділігінің басты жағының бірі болып табылады.

Шығындар-бұл кәсіпорын өзінің өндіретін және коммерциялық қызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығындары. Өндіріс процесіндегі айқын шек қоятын шығындар және олардың маңызы мен практикалық қызметіндегі анықтайтын межесі болып табылады. Кәсіпорын шығындары өндрістік белгісіне қарай 3 түрге бөлінеді:



  • өзіндік құрайтын өнімдерді өндіру және сатуға кететін шығындар. Бұл капиталдың ауыспалы айналымы аарқылы сатудан түскен ақшалай түсімді жабатын ағымдағы шығындар;

  • өндірісті ұлғайтуға және жаңартға кететін шығындар. Әдеттегідей, бұл жаңа немесе жаңғыратын өнімге жұмсалатын бір жолғы ірі күрделі қаржы шығындары;

  • өндірістің әлеуметтік-мәдени, тұрғын үй, тұрмыстық қызмет көрсету және осыған ұқсас басқа да мұқтаждарға кететін шығындар. Олар негізінен пайданың есебінен бөлінетін арнаулы қорлардан қаржыландырылады.


Өндірістік шығындардың жіктелуі

Сыныптау белгілері

Шығындардың бөлшектенуі

  1. Экономикалық элементтер

  2. Өзіндік құнның статьялары

  3. Технологиялық процестерге қатыстылығы

  4. Құрамы

  5. Өнімнің өзіндік құнына қатысу тәсілі

  6. Өндірістік процестегі ролі

  7. Мақсатқа сәйкес жұмсау

  8. Жоспарға қатысу мүмкіншілігі

  9. Өнімнің көлеміне қатысы

  10. Шығу мерзімділігі

  11. Дайын өнімге қатысы

Шығындардың экономикалық элементтері

Өзіндік құнның калькулция статьялары

Негізгі, қосымша
Бірэлементтік, кешенділік

Тікелей, жанама

Өндірістік, өндірістен тыс

Өндірістік, өндірістік емес

Жоспарлы, жоспарсыз

Тұрақты, ауыспалы

Күнделікті, бір жолғы

Аяқталмаған өнімге кететін шығындар, дайын өнімнің шығындары


Практикалық маңызы болатын ең тұрақты және ауыспалы шығындарға бөлу. Тұрақты шығындар осы кезеңдегі уақыт ішіндегі сомасы өнімді өндіру және оны сатудың мөлшеріне, құрылымына тікелей тәуелді болмайды. Тұрақты шығындарға жататындар: міндетті заемдық ақылар, есепті төлемдер, ғимараттар мен жабдықтардың амортизациясы, сақтандыру жарналары және т.б

Ауыспалы шығындар – бұл осы кездегі уақытта өнімді өндірудің мөлшеріне және сатылуына тәуелді болмайтын шығындар. Мысалы, еңбекақы шығындары, шикізаттар, отын, энергия, көлік қызметі және т.б Тұрақты және ауыспалы шығындардың арасындағы айырмашылықтың елеулі маңызы бар. Тұрақты шығындар керек десе, жалпы алғанда, өндірілмеген өнімге де төленуге тиісті, ал ауыспалы шығындармен кәсіпкер өндіріс көлемін өзгерту жолымен басқаруы мүмкін.

Шығындар экономикалық және бухгалтерлік болып ажыратылады. Экономикалық шығындар деп кәсіпорынның ресурстарды пайдаланғаны үшін жеткізушілерге төлейтін төлемдердің барлық түрлерін айтады. Олар екі түрден тұрады: сыртқы (анық немесе ақшалық) және ішкі (күңгірттік немесе өзінен - өзі түсінікті). Сыртқы шығындар – бұл ресурстарды жеткізушілерге ақшалай түріндегі төлемдері; шикізаттар төлемдері, материалдар, отын, еңбекақы, тозуды есептеу және т.б. Бұл топтағы шығындар бухгалтерлік шығындарға жатады. Кәсіпорынның ішкі шығындары күңгірт, өзінен-өзі түсінікті сипатта болады. Олар кәсіпорын иелерінің қарамағындағы ресурстарды өндірісте пайдаланғанын нақтылап көрсетеді: жерді, ғимараттарды, олардың жеке еңбектері және т.б. үшін кәсіпорын ресми төлемдейді.


9.2 Өндірілетін өнімнің өзіндік құны
Кәсіпорынның іс-әрекетіндегі басты көрсеткіштердің бірі - өнімнің өзіндік құны. Бұл өнімді өндіруге және оны сатудағы ақшалай нысанында көрсетілетін шығындардың жиынтығы. Сөйтіп, жалпы өндірістік тиімділігін анықтайды.

Өзіндік құнның экономикалық мазмұны – жұмсалған шығындардың орнын толтыру және соның есебінен өндіретін барлық элементтердегі жай ұдайы өндірісті, өндірістік қорларды және жұмыс күштерін қамтамасыз ету. Осы арада кәсіпорынның өзіндік құнының маңызды элементтері: амортизация жұмсалған материалдық ресурстардың құны, еңбекақы – бұл шығындардың басты статьялары.

Сонымен қатар, кәсіпорын бір уақытта басқа да шығындарды іске асырады: өздерінің қызметкерлеріне сыйлық, банктік несиеге процент төлеу, әлеуметтік объектілерді ұстау, бюджеттен тыс қорларға аударым дарналарын жасау – бұл шығындар кәсіпорынның қосымша шығындарын құрайды.

Өзіндік құн тиімділіктің мынадай маңызды көрсеткіштері: пайда, және пайдалылығының деңгейі мен серпінін анықтайды. Өзіндік құнның маңызы оның орындалу функцияларымен анықталады.



  1. Өзіндік құн өнім құнының кең бөлігі болып табылады. Мұның мәнісі, өнімнің өзіндік құны арқылы өндіріс қаражаттарын жұмсауды қамтамасыз етеді.

  2. Өзіндік құн көтерме сауда бағасын қалыптастырудың негізі болып табылады, оның есепсіз жүргізілуі бағаның құрылуына негіздеме бола алмайды.

  3. Өзіндік құнның негізінде пайданы, кейбір бұйымдардың пайдалылығын, яғни оларды шығарудың мақсатқа сай екендігін есептеу.

Кәсіпорынның өзіндік құны, жалпы табысы және пайдасы






Жалпы табыс

Материалдық шығындар

Еңбекақы

Пайда

Өндірістік шығындары (өзіндік құн)




Ө т к і з у к ө л е м і

Бұл атылғандардан өнімнің өзіндік құнына деген көзқарасты төмендетуге болмайтындығын көруге болмайды. Өзіндік құнның деңгейіне кәсіпорынға қатысы бар және қатысы жоқ факторлар ықпал етеді. Мысалы, кәсіпорынға табиғи жағдайлар, оның ішінде шикізат көздерін және өнім тұтынушыларда территориялық қашықтығ, шикізатқа баға деңгейі, отын, жабдықтар, электроэнергия және көллік тарифтері, т.б.

Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар екі негізгі белгілермен топтастырылады:


  • Шығындардың бастапқы элементтерімен;

  • Пайда болу және міндет жүктеу сипатымен.

Экономикалық элементтердің шығыстарын топтастыру өндіріс шығындар сметасын дайындағанда қолданылады. Бұл топтастырудың мәні - әрбір шығынның элементі өнімнің өзіндік құнының жиынтығына қосылады. Сонымен, мына төмендегі шығын элементтері бөлінеді:

  • Материалдық шығындар (қайтарылма қалдықтар құрамынан шегеру);

  • Еңбекақыға жұмсалған шығындар;

  • әлеуметтік сақтандыруға аударым;

  • зейнетақы қорына аударым;

  • жұмыспен қамтылу қорына аударым;

  • амортизация;

  • басқа да шығындар.

9.3 Өндіріс шығындары төмендеуінің негізгі бағыттары


Шығындарды жүйелі түрде төмендету – кәсіпорындардың жұмыс істеу тиімділігін арттырудың негізгі құралы болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында залалды кәсіпорындарды қаржылай қолдау қағидаға жатпайды.

Ұлттық экономиканың барлық салаларында өндіріс шығындарын төмендетудің мына төмендегі негізгі бағыттарын айтуға болады:



  • ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану;

  • өндіріс және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;

  • экономикалық процестерді мемлекет тарапынан реттеу.

Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін іске асыру – бұл бір жағынан өндіріс қуатын, шикізат және материалдар, оның ішінде отын-энергия ресурстарын көптен-көп пайдалану, ал екінші жағынан тиімді жаңа машиналарды, жаңа технологиялық процестерді іске асыру.

Шығынның белгілі бір мөлшерін мейлінше тиімді ету – шаруашылықты жүргізудің әр түрлі мәселелерін шешуге келгенде басты талап осы болып отыр. Тек қанша өнім өндірілгендігінің ғана емес, оны өндіруге қанша еңбек жұмсалғандығының да маңызы зор. Мәселенің бұлайша қойылуы мынаны аңғартады: шикізат пен мате-риалдарды жұмсай отырып немесе машиналар мен механизмдерді пайдалана отырып, шикізаттардың әрбір бөлімін неғұрлым көп өнім алуға, әрбір станок пен технологиялық процестердің түсімін өсіруге, шығындарын бұйымдардың өзіндік өзіндік құнын төмендетіп, кәсіпорындардың пайдасын көбейтуге, өндірістің тиімділігін арттыруға жету керек.

Егер кәсіпорын ұжымдарының ішкі шаруашылық резервтерін тауып, пайдалануының негізгі бағыттарын қорытындылауға талпыныс жасалса, онда толарды үш топқа бөлуге болады. Өндіріс тиімділігі, біріншіден, негізгі өндіріс қорлардың пайдалануын жақсартудың, екіншіден, айналмалы өндіріс қорларды неғұрлым тиімді пайдаланудың және үшіншіден, қазіргі еңбек шығындарының нәтижелілігін жақсартудың есебінен арттыру.

Өндірісті және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіруге келсек, онда бұл процесс ысырапты қысқарту есебімен шығындарды үнемдеумен қатар барлығы да тәжірибе жүзіндей болады, яғни нақты еңбектің шығынын үнемдеу. Қазіргі кезеңде нақты еңбекті үнемдеудің экономикалық дамуы қоғамдық еңбекті үнемдеумен салыстырғанда едәуір салмақты нәтиже береді. Қазіргі таңда өндірісті ұйымдастыруды жетілдірудің екі негізгі мектебі бар: америкалық және жапондық. Бұл өндірісті материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету, оларды экономикалық жағынан ынталандыру және т.б. көптеген жүйелер. Өндіріс шығындарын төмендетуде мемлекеттік ғылыми-техникалық прогресс жөніндегі бағдарламалары мен мемлекеттік стандарттар елеулі орын алады.

Өнімнің өзіндік құнын арзандату – еңбек өнімділігін арттырудың шартқа айналған объективті бейнесі, экономикалық заң әрекетінің нақты нысаны, осыған сәйкес өндірістік шығын үнемі кеміп, жанды еңбек үнемі өнімдірек болып отырады. Өзіндік құнның арзандау көрсеткіштері өндіргіш күштердің дамуына сәйкес өткен және қазіргі еңбектің үнемделу дәрежесін бейнелейді.

Өзіндік құнды кемітудің басты факторлары:



  • өндірістің техникалықдеңгейін көтеру;

  • өндірістің материал, отын, энергия және еңбек сиымдылықтарын төмендету;

  • басқару және еңбекті ұйыдастыруды жетілдіру;

  • технологиялық процестерді қуаттылықпен негізгі қорларды пайдалануды жақсарту, т.б.


Бақылау сұрақтары:

    1. Қандай шығындар тұрақты және өзгермеліге жатады?

    2. Өндірістің шекті шығының мәні неде?

    3. Өндіріс көлемінің өзгеруіне байланысты шығындар қалай өзгереді?

    4. Өндіріс шығындарының төмендеуінің басты бағыттары.

    5. Өнімнің өзіндік құны, экономикалық санаты ретінде қандай берне атқарды?



9 тақырыпқа арналған тесттік тапсырмалар:

1.Өндіріс процесі-бұл:

A) факторлардың өзара іс-қимыл нәтижесінде өнімге айналуы. Өндіріс факторларының шығын құрылымы мен өнімінің ең жоғары шығарылымы арасындағы технологиялық тәуелділік өндірістік функция арқылы көрінеді;

B) еңбек өнімділігін арттырудың шартқа айналған объективті бейнесі, эономикалық заң әрекетінің нақты нысаны, осыған сәйкес өндірістік шығын үнемі кеміп, жанды еңбек үнемі өнімдірек болып отырады;

C) кәсіпорын ұжымдарының ішкі шаруашылық резервтерін тауып, пайдалануының негізгі бағыттарын қорытындылауға талпыныс жасалса, онда толарды үш топқа бөлуге болады;

D) бір жағынан өндіріс қуатын, шикізат және материалдар, оның ішінде отын-энергия ресурстарын көптен-көп пайдалану, ал екінші жағынан тиімді жаңа машиналарды, жаңа технологиялық процестерді іске асыру;

E) кәсіпорындардың жұмыс істеу тиімділігін арттырудың негізгі құралы болып табылады.

2. Шығындар-бұл:

A) кәсіпорын өзінің өндіретін және коммерциялық қызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығындары;

B) нарықтық экономика жағдайында залалды кәсіпорындарды қаржылай қолдау қағидаға жатпайды;

C) бұл осы кездегі уақытта өнімді өндірудің мөлшеріне және сатылуына тәуелді болмайтын шығындар;

D) кәсіпорынның ресурстарды пайдаланғаны үшін жеткізушілерге төлейтін төлемдердің барлық түрлері;

E) бұл ресурстарды жеткізушілерге ақшалай түріндегі төлемдері; шикізаттар төлемдері, материалдар, отын, еңбекақы, тозуды есептеу.

3.Ауыспалы шығындар - бұл:

А) кәсіпорын өзінің өндіретін және коммерциялық қызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығындары;

B) нарықтық экономика жағдайында залалды кәсіпорындарды қаржылай қолдау қағидаға жатпайды;

C) бұл осы кездегі уақытта өнімді өндірудің мөлшеріне және сатылуына тәуелді болмайтын шығындар;

D) кәсіпорынның ресурстарды пайдаланғаны үшін жеткізушілерге төлейтін төлемдердің барлық түрлері;

E) бұл ресурстарды жеткізушілерге ақшалай түріндегі төлемдері; шикізаттар төлемдері, материалдар, отын, еңбекақы, тозуды есептеу.

4.Экономикалық шығындар деп:

A) кәсіпорын өзінің өндіретін және коммерциялық қызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығындары;

B) нарықтық экономика жағдайында залалды кәсіпорындарды қаржылай қолдау қағидаға жатпайды;

C) бұл осы кездегі уақытта өнімді өндірудің мөлшеріне және сатылуына тәуелді болмайтын шығындар;

D) кәсіпорынның ресурстарды пайдаланғаны үшін жеткізушілерге төлейтін төлемдердің барлық түрлері;

E) бұл ресурстарды жеткізушілерге ақшалай түріндегі төлемдері; шикізаттар төлемдері, материалдар, отын, еңбекақы, тозуды есептеу.

5.Сыртқы шығындар мағынасы:

A) кәсіпорын өзінің өндіретін және коммерциялық қызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығындары;

B) нарықтық экономика жағдайында залалды кәсіпорындарды қаржылай қолдау қағидаға жатпайды;

C) бұл осы кездегі уақытта өнімді өндірудің мөлшеріне және сатылуына тәуелді болмайтын шығындар;

D) кәсіпорынның ресурстарды пайдаланғаны үшін жеткізушілерге төлейтін төлемдердің барлық түрлері;

E) бұл ресурстарды жеткізушілерге ақшалай түріндегі төлемдері; шикізаттар төлемдері, материалдар, отын, еңбекақы, тозуды есептеу.

6. Өзіндік құнның экономикалық мазмұны:

A) факторлардың өзара іс-қимыл нәтижесінде өнімге айналуы. Өндіріс факторларының шығын құрылымы мен өнімінің ең жоғары шығарылымы арасындағы технологиялық тәуелділік өндірістік функция арқылы көрінеді;

B) еңбек өнімділігін арттырудың шартқа айналған объективті бейнесі, эономикалық заң әрекетінің нақты нысаны, осыған сәйкес өндірістік шығын үнемі кеміп, жанды еңбек үнемі өнімдірек болып отырады;

C) кәсіпорын ұжымдарының ішкі шаруашылық резервтерін тауып, пайдалануының негізгі бағыттарын қорытындылауға талпыныс жасалса, онда толарды үш топқа бөлуге болады;

D) бір жағынан өндіріс қуатын, шикізат және материалдар, оның ішінде отын-энергия ресурстарын көптен-көп пайдалану, ал екінші жағынан тиімді жаңа машиналарды, жаңа технологиялық процестерді іске асыру;

E) кәсіпорындардың жұмыс істеу тиімділігін арттырудың негізгі құралы болып табылады.

7.Экономикалық шығындар қалай бөлінеді:

A) сыртқы және ішкі

B) анық немесе күңгірттік

C) түсінікті немесе түсініксіз

D) жанама және тікелей

E) барлық жауап дұрыс

8. Өзіндік құнды кемітудің басты факторлары:
A) өндірістің техникалық деңгейін көтеру;

B) өндірістің материал, отын, энергия және еңбек сиымдылықтарын төмендету;

C) басқару және еңбекті ұйыдастыруды жетілдіру;

D) технологиялық процестерді қуаттылықпен негізгі қорларды пайдалануды жақсарту;

E) барлық жауап дұрыс.

9.Батыс мектебі өкілдерінің пайымдауынша шығындар қалай бөлінеді:

A) тұрақты және өзгермелі

B) тікелей және жанама

C) сыртқы және ішкі

D) экономикалық және бухгалтерлік

E) айқын және айқын емес

10.Жалпы шығындар қалай анықталады:

A) TC=TFC+TVC

B) AC=AFC+TVC

C) FC=TFC+AVC

D) TR=TFC+TVC

E) AR=TFC+TVC
10 Пайда теориясы

10.1 Кәсіпорынның табысы, оның мәні мен маңызы

10.2 Пайда – кәсіпорын қызметі тиімділігінің басты шарасы

10.3 Кәсіпорын пайдасының бөлінуі және пайдалануы



10.4 Кәсіпорын қызметінің пайдалылығы
Мақсаты: Кәсіпорын қызметі мен қоғамдағы пайданың мәнін түсіндіру.
10.1 Кәсіпорынның табысы, оның мәні мен маңызы
Табыс- төтенше таралған, кең түрде қабылданатын, сонымен қатар түрліше маңызды қолданылатын көп мағыналы ұғым. Сөздің кең мағынасында ақшалай құнына ие болуыды кез келген ақша қаражаттының түсімі немесе материалдық құндылықты алуды көрсетеді.
Кәсіпорынның табыстарын қалыптастыру.


Кәсіпорынның табысы


=

Өнімді сатудан түскен табыс

+

Басқадай өткізуден алынған табыс

-

Өткізуден тыс операциялардан алынған табыс (шығыстарды алып тастағандағы)



Өнімді сатудан түскен табыс


=

Өнімді сатудан түскен ақшалай түсім

+

Қосылған құн салығы

+

Акциздер
+



Өнімнің өзіндік құны






Басқадай өткізуден алынған табыс

=

Негізгі қорларды және басқа да мүліктерді, қалдықтарды, т.б. сатудан түскен табыс



Өткізуден тыс операциялардан алынған табыс



=

Құнды қағаздар дивидендтері

+

Жалға алғаны үшін төлем

+

Өсімақы, тұрақсыздық , айыппұл т.б..

Кәсіпорынның табысы олардың активтерінің артуы немесе капитал менешігінің көбеюіне әкелетін міндеттемелердің кемуі. «Табыс» ұғымы жалпы мемлекетте (ұлттық табыс) кәсіпорындарда (жалпы табыс, таза табыс), ал жеке тұлғаларда (халықтың ақшалай табысы, жеке табыс) болып қолданылады.

Кәсіпорынның жалпы табысына ақшалай түсім тауарларды сату және қызмет көрсетуден түсетін ақшалай түсім, атқпрылған қызметтен, мүліктік бағалылықты сатудан, несие берілгендегі алынатын тиісті проценттер және басқа да ақшалай және материалдық түсімдер жатады.

Жиі қолданылатын « таза табыс» ұғымы жалпы табыс және материалдық ресурстардың шығындары арасындағы айырмашылығы болып саналады.

Экономикалық теорияда табыс деп тұрақты және нарықтық субьектілердің қарамағына заңды түрде тікелей түсетін ақша сомаларын айтады. Табыс алудың шарты- бұл қоғамның пайдалы қызметі. Бұл сұраныстың қажетіне жататын тауарларды шығару. Мына төмендегі табыстардың түрлерін айыруға болады:


  • Жалпы табыс (ЖТ)- бұл тауарлардың белгілі мөлшерін сатудан түскен ақшалай сомасы. Ол тауар бағасын тауар мөлшеріне көбейтуге тең.

  • Орта табыс (ОТ) – жалпы табысты (ЖТ) өнім өлшемінің мөлшеріне бөлу (К)

ОТ=ЖТ/ К



  • Шекті табыс (ШТ)- бұл өнім өлшемін сатуды көбейту арқасында жалпы табыстың үстелуі.

ШТ=ЖТ/ К

Шекті табыс шығарған әрбір қосымша өнім өлшемінің өтімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Және де өзіндік құнмен ұштаса отырып, кәсіпорынды ұлғайту мүмкіндігінде құндық бағдарлар қызмет етеді.

10.2 Пайда – кәсіпорын қызметі тиімділігінің басты шарасы


Таза пайда экономикалық санатының кез келген коммерциялық мекемелері қызметінің негізгі мақсаты болып табылады. Нарықтық қатынастарда пайда экономикалық санаты ретінде құрылған материалдық өндіріс саласының таза пайдасын қамтиды.

Кәсіпорын пайдасын үлестіру және қалыптастыру


Қосылған құн салығын және акциздерді есептемегендегі қолданылып жүрген баға есебінде сатудан түскен ақшалай түсімдер (жұмыс, қызмет)

-

Өнімнің өзіндік құны




Тауарлы өнімді сатудан түскен пайда (жұмыс, қызмет)


+

Басқадай өткізуден алынған пайда

+

Өткізуден тыс пайдалар, зияндар



Баланстық (жалпы пайда)





Пайдаға салынатын негізгі салықты есептемегендегі шығарылып тасталатын табыс


Жеңілдік есебімен пайдаға салынатын салық



*

Мөлшерлеме,%

=

Пайдаға салынатын салықтың сомасы



Баланстық пайда


-

Салықтар және басқа да міндетті төлемдер




Қорлану





Таза пайда




Тұтыну

Әрбір кәсіпорынның жиынтық көрсеткіші пайда түсімі болып табылады. Пайда дегеніміз – тауар өткізуден және қызмет көрсетуден алынған ақшалай кіріс пен оны өндіруге және сатуға жұмсалған шығындардың айырмасы. Былайша айтқанды, пайда- бұл өндірістің айналымының қаржылық қорытындысын білдіретін кәсіпорын қызметінің нәтижелі экономикалық көрсеткіші. Кез келген кәсіпорында жалақы ұжымға оның жұмсалған еңбегінің тек бір бөлігінің ғана орнын толтыратыны, ал оның басқа бөлігі- қосымша еңбек-қосымша өнім немесе құн жағынан алғанда, пайда құрайтыны осыдан келіп шығады. Мұнсыз жалпы тауар өндірісінің болуы мүмкін емес. Шынында да, сатқанда бұйым тек жұмсалған шығындығана өтеп, ешқандай пайда келтірмесе, кәсіпорынға бұйым шығарудың кажеті не ?

Шынында да , кәсіпорынның мөлшері неге байланысты? Егер белгілі бір кезеңде ұжым қажет болып отырған өнім өндіруді арттырып, оның сапасын жақсартып, ассортиментін кеңейтсе, егер еңбек өнімділігі артып, өндіріс шығыны азайтылса, пайда мөлшері де өседі. Демек, бұл кәсіпорын өндіріс тиімділігін арттыды деген сөз.

Пайда баланстық және есептеулік болып бөлінеді. Жалпы баланстық пайда мынадан құралады.



  • тауарлы өнімдерді сатудан түскен пайда;

  • тауарлы өнімнің құрылымына жатпатын басқа өнімдерден және қызмет көрсетуден түскен пайда немесе зиян;

  • сатылатыннан тыс операцияларды жоспарлаудан түскен пайда немесе зияндар. Оған жататындар: айыппұл, сыйлықтар және т.б.

Есептеулік пайда- бұл негізгі өндірістік және айналмалы нормативтік қорларды және банктерден алған несиелерді шегергендегі бюджетке түсетін жалпы баланстық пайда.

Пайда жоспарлы бағалар мен келісім шарттар, салыстырмалы және қазіргі қолданып жүрген бағалар негізінде жасалады. Пайда көлемін анықтау тікелей есептеу әдісімен анықтау- өнімнің әрбір жеке түрлерін көтерме бағамен есептегендегі сатудан түсетін ақшалай түсім және оның өзіндік құнының арасындағы айырмасы болып табылады.

Пайда белгілі бір нысандарды орындайды.

Біріншіден, кәсіпорынқызметінің нәтижесіне жетуде экономикалық тиімділікті сипаттайды.

Екіншіден, пайда ынталандыру нысанына ие болады. Оның мазмұны , ол бір жолғы қаржы нәтижесі және кәсіпорынның қаржы ресурстарының негізгі элементтері болып табылады.

Үшіншіден, пайда бюджеттің түрлі деңгейін қалыптастырудың бірден- бір көзі. Ол бюджетке салық түріндетүседі және басқа да табыс түсімдерімен қатар қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру үшін қаржыландыруға пайдаланады.

Нарықтық экономика жағдайында пайданың маңызы орасан зор. Оны алуға ұмтылу тауар өндірушілерді өнім өткізудің көлемін арттыруға, оған кететін шығындарды азайтуға бағыт көрсетеді.

Кәсіпорынның пайдасы әр түрлі қызмет есебінен алынуы мүмкін. Барлық пайданың жиынтық деңгейі- кәсіпорынның жалпы пайдасы. Жалпы пайданың негізгі жиынтық элементтері болатындар:



  • өнімді сатудан, қызмет атқарудан, қызмет атқарудан түсетін пайда;

  • негізгі қорларды, сол сияқты басқа да кәсіпорынның мүліктерін сатудан түскен пайда;

  • өткізуден тыс операциялардың қаржы нәтижелері.

Кәсіпорынның пайдасы екі көрсеткішке байланысты: өнім бағасы және оны өндіруге кететін шығындар. Нарықтағы өнім бағасы- сұраныс пен ұсыныстың өзара іс- қимылының нәтижесі. Еркін бәсеке жағдайында нарықтық баға құрылымы заңының әсерінен өнім бағасы не жоғары, не төмен болуы өндірушінің немесе сатып алушының қалауынша болуы мүмкін емес, ол авматты түрде теңеседі.


Пайданың түрлері және оны есептеудің әдісі

Жалпы пайда=жалпы табыс- өндіріс шығындары

Экономикалық пайда =жалпы табыс- барлық ресурстардың экономикалық шығындары

Бухгалтерлік пайда =жалпы табыс- оның шығындары

Таза экономикалық пайда=бухгалтерлік пайда- өндірістің анық шығындары

Таза пайда =жалпы пайда – салықтар, міндетті төлемдер

Қалыпты пайда=капиталға нормативті қайтарым – кәсіпкерлік табыстың мөлшері

Шаруашылық пайдасы=қалыпты пайда- экономикалық пайда

Шекті пайда =шекті табыс- шекті шығындар

10.3 Кәсіпорынның пайдасының бөлінуі және пайдалануы
Пайданы үлестіру обьектісі кәсіпорынның баланстық пайдасы болып табылады. Оны үлестірудің пайданың бір бөлігін бюджетке жолдау деп түсінуге болады. Пайданы үлестіру заңдылығы- салық және басқа да төлем шарттары түрінде түолі деңгейде бюджетке түсетін бөлігі. Пайданы үлестірудің бағытын анықтау, кәсіпорынның қарауында қалатын, құрылым статьясын пайдалану кәсіпорынның құзіретіне жатады.

Пайданы үлестірудің принциптері:



  • кәсіпорынның өндірістік- шаруашылық және қаржы қызметі нәтижесінен алынған пайданы шаруашылық субьектісі ретінде мемелекет пен кәсіпорынның арасында бөлінеді;

  • мемлекет алған пайданың бөлігі салық және алым ретінде бюджетке түседі, мөлшерлеменің өзгеруі мүмкін емес. Салықтың құрамы және алымы, оларды есептеудің және бюджет жарнама тәртібі заңды түрде белгілінеді;

  • салықтан кейінгі кәсіпорынның қарауында қалатын пайда мөлшері өнім көлемінің артуы және өндірістік- шаруашылық және қаржы қызметінің жақсаруына оның мүдделілігі кемімеуі керек;

  • кәсіпорынның қарауында қалатын пайда әуелі кәсіпорынның одан әрі дамуын қамтамасыз ететін қорланымға бағытталады, ал қалған бөлігі тек тұтынуға кетеді.

Кәсіпорынның қарауында қалатын барлық пайда екі бөлікке бөлінеді. Біріншісі- кәсіпорынның мүлкін көбнейтеді және тұтыну процесіне қатысады. Екіншісі- тұтынуға пайдаланатын пайда үлесін сипаттайды. Сонымен, тұтынуға бағытталған барлық пайданы толық пайдаланудың қажеті жоқ. Мүлікті көбейтуге байланысты пайдаланбай қалған пайда қалдығының үлкен маңызы бар және алдағы жылдардағы мүмкін болатын залалдарды, түрлі шығындарды қаржыландырудың орнын толтыруға бағытталады.

Бөлінбеген пайда кең мағынада пайда ретінде тұтынуға пайдаланған және өткен жылдардағы пайдаланбаған пайда кәсіпорынның қаржы орнықтылығын, кейінгі дамуы үшін қаржы көздерінің бар болуын дәлелдейді.

Кәсіпорындарда пайданы үлестіру және пайдалану тәртібі оның жарғысында тіркеліп қойылады және оны кәсіпорын басшысы бекітеді.
10.4 Кәсіпорын қызметінің пайдалылығы
Тиімділік деп кәсіпорын қызметі тиімділігінің ең басты экономикалық көрсеткіші аталады. Оның екі түрі бар:


  • кәсіпорынның тапқан пайдасының өндірістің негізгі және айналмалы қорларының құнына қатысы;

  • кәсіпорынның тапқан пайдасының сатылған өнімнің өзіндік құнына қатысы.

Кәсіпорын қызметінің тиімділік деңгейін бағалау үшін алынған нәтижеге (жалпы табыс, пайда) кеткен шығындар немесе пайдаланған ресурстармен салыстырылады. Пайданың ишығындармен өлшемдестігі пайдалылықты немесе толығынан пайдалылық мөлшерін білдіреді.

Практикада пайдалылық мөлшерін өлшеу екі нұсқада пайдаланады. Бұл пайданың ағындағы шығындарымен қатынасы (кәсіпорын шығындары, өзіндік құн) немесе аванстық жұмсау (негізгі өндірістік қорлар және айналымы жиынтығының көрсеткішіне өзара байланысты. Кәсіпорынның пайдалылық мөлшерін мына төмендегі формуламен есептеуге болады:


Пм=Ө(Б-Қ)/ Нқ+Ақ

мұнда: Ө- өнім көлемі;

Б- өнім өлшемінің бағасы;

Қ - өзінзік құн;

Нқ- негізгі өндірістік қорлардың құны;

Ақ- айналмалы қаражаттың көлемі.

Практикада кәсіпорын қызметінің бірнеше пайдалылық көрсеткіштері қолданылады.


  1. Өнімнің пайдалылығын барлық сатылған өнімнің оның жеке түрлерін есептегенде ғана мүмкін болады. Бірінші жағдайда ол өнімді сатқандағы пайданың және оны өндіруге және сатуға кеткен шығындаодың қатынасын анықтайды. Барлық сатылған өнімнің пайдалылығын тауарлы өнімді сатудан алынған пайданың өткізуден алынған түсімнің қатынасына есептеп алыған түсім; таза пайда жөнінде-өнімді сатудан алынған түсім. Барлық өнімді сатудағы пайдалылық көрсеткіштері кәсіпорынның ағымдағы шығындарының тиімділігі және өнімді сату табысы жөніндетүсінік білдіреді.

  2. Өндірістік қорларының пайдалылығы баланстық пайданың негізгі өндірістік қорлардың және айналым қаржыларының жылдық орташа құнына қатынасы. Бұл көрсеткішті таза пайда арқылы да есептеуге болады.

  3. Кәсіпорынның жұмсалым пайдалылығы оның қарауындағы мүліктердің құны арқылы есетелінеді. Есептегенде баланстық және таза пайданың көрсеткіштерін пайдаланады.

Кәсіпорынның жеке қаржысының пайдалылығы таза пайданың баланс арқылы есептелінетін оның жеке қаржысының қатынасымен анықталады.

Пайданы қалыптастыруға ықпал ететін несие бойынша процент мөлшерлемесі:



  • басқа кәсіпорындардың үлес қосуынан түскен табыстар;

  • құнды қағаздардан түскен табыстар;

  • алынған айыппұлдан асып түсу, өсімақы, төлемнің тұрақсыздығы.

Шығынның белгілі бір мөлшерін мейлінше тиімді ету-шарушылықты жүргізудің әр түрлі мәселелерін шешуге келгенде басты талап осы болып отыр. Тек қанша өнім өндірілгеннің ғана емес, оны өндіруге қанша еңбек жұмсалғандығының да маңызы зор. Мәселенің бұлай қойылуы мынаны аңғартады: шикізат пен материалдарды жұмсай отырып, шикізаттың әрбір өлшеміне неғұрлым көп өнім алуға, шығарылған бұйымдардың өзіндік құнын төмендетіп, кәсіпорындардың пайдасын көбейтуге, өндірістің тиімділігін арттыруға жету керек.

Егер кәсіпорын ішкі шаруашылық резервтерін тауып, пайдаланудың неізгі бағыттарын қорытындылауға талпыныс жасалса, онда оларды үш топқа бөлуге болады. Өндіріс тиімділігі, біріншіден, негізгі өндірістік қорлардың пайдалануын жақсартудың, екіншіден, айналмалы өндірістік қорларды неғұрлым тиімді пайдаланудың және үшіншіден, қазіргі еңбек шығындарының нәтижелілігін жақсатудың есебінен арттырылады.

Кәсіпорын қызметінің тиімділігін молайтудың басты шарты-еңбек өнімділігін барынша арттыру және өзіндік құнды арзандату. Басқа да біркелкі жағдайларда өнімнің өзіндік құны неғұрлым арзан болған сайын тиімділік соғұрлым жоғары болатыны белгілі. Кәсіпорынның тиімділігіне сонымен қатар, өнімнің немесе шығаратын тауарлардың сапасы да едәуір ықпал етеді, өткені жоғары сапалы өндірілетін тауарларды көтеріңкі бағамен сата алады.
Бақылау сұрақтары:


  1. Өнімді сатудан түскен пайданы қалай анықтауға болады?

  2. Баланстық және таза пайданың құрамын айтыңыз ?

  3. Кәсіпорынның экономикалық тиімділігі деген не ?

  4. Пайданы қалыптастыруды басқарудың мақсаты не?

  5. Кәсіпорындарда таза пайданы қалыптастыру үдерісіне қалай түсінесіз және көрсеткіштер жүйесі қандай ?

  6. Түрлі ұйымдық- құқықтық нысанындағы кәсіпорындардың пайданы бөлу ерекшеліктері ?

  7. Жалпы, орта және шекті табытарды қалай анықтауға болады?


10 тақырыпқа арналған тесттік тапсырмалар:

1. Табыс алудың шарты:

A) бұл қоғамның пайдалы қызметі;

B) еңбек өнімділігін барынша арттыру және өзіндік құнды арзандату;

C) шарушылықты жүргізудің әр түрлі мәселелерін шешу;

D) өнімнің пайдалылығын барлық сатылған өнімнің оның жеке түрлерін есептегенде ғана мүмкін болады;

E) өнімді сатудан алынған түсім.

2. Кәсіпорын қызметінің тиімділігін молайтудың басты шарты

A) бұл сұраныстың қажетіне жататын тауарларды шығару;

B) өнімнің пайдалылығын барлық сатылған өнімнің оның жеке түрлерін есептегенде ғана мүмкін болады;

C) бұл қоғамның пайдалы қызметі;

D) шарушылықты жүргізудің әр түрлі мәселелерін шешу;

E) еңбек өнімділігін барынша арттыру және өзіндік құнды арзандату.

3.Пайданың жалпы формуласы:

A) П=TR-TC;

B) TR=P*Q;

C) Пм=Ө(Б-Қ)/ Нқ+Ақ;

D) П=TR+TC;

E) П=TC-TR.

4. Пайданы қалыптастыруға ықпал ететін несие бойынша процент мөлшерлемесі:

A) басқа кәсіпорындардың үлес қосуынан түскен табыстар;

B) құнды қағаздардан түскен табыстар;

C) алынған айыппұлдан асып түсу, өсімақы;

D) төлемнің тұрақсыздығы;

E) барлық жауаптар дұрыс.

5. Кәсіпорынның пайдалылық мөлшері қандай формуламен есептелінді:

A) П=TR-TC;

B) TR=P*Q;

C) Пм=Ө(Б-Қ)/ Нқ+Ақ;

D) П=TR+TC;

E) П=TC-TR.

6. Тиімділік бұл:

A) кәсіпорын қызметі тиімділігінің ең басты экономикалық көрсеткіші;

B) кәсіпорынның жұмсалым пайдалылығы;

C) тауарларды көтеріңкі бағамен сату;

D) пайдаланудың неізгі бағыттарын қорытындылау;

E) барлық жауап дұрыс емес.

7. Пайданы үлестірудің принциптері:

A) кәсіпорынның өндірістік- шаруашылық және қаржы қызметі нәтижесінен алынған пайданы шаруашылық субьектісі ретінде мемелекет пен кәсіпорынның арасында бөлінеді;

B) мемлекет алған пайданың бөлігі салық және алым ретінде бюджетке түседі, мөлшерлеменің өзгеруі мүмкін емес. Салықтың құрамы және алымы, оларды есептеудің және бюджет жарнама тәртібі заңды түрде белгілінеді;

C) салықтан кейінгі кәсіпорынның қарауында қалатын пайда мөлшері өнім көлемінің артуы және өндірістік-шаруашылық және қаржы қызметінің жақсаруына оның мүдделілігі кемімеуі керек;

D) кәсіпорынның қарауында қалатын пайда әуелі кәсіпорынның одан әрі дамуын қамтамасыз ететін қорланымға бағытталады, ал қалған бөлігі тек тұтынуға кетеді.

E) барлық жауап дұрыс.

8.Жалпы пайда қандай әріппен белгіленеді:

A) TR

B) NC


C) TC

D) FC


E) Пм

9.Жалпы пайда қалай анықталады:

A) жалпы табыс - өндіріс шығындары;

B) жалпы табыс - барлық ресурстардың экономикалық шығындары;

C) жалпы табыс - оның шығындары;

D) бухгалтерлік пайда - өндірістің анық шығындары

E) жалпы пайда – салықтар, міндетті төлемдер.

10.Таза пайда қалай анықталады:

A) жалпы табыс - өндіріс шығындары;

B) жалпы табыс - барлық ресурстардың экономикалық шығындары;

C) жалпы табыс - оның шығындары;

D) бухгалтерлік пайда- өндірістің анық шығындары

E) жалпы пайда – салықтар, міндетті төлемдер.
11 Ұлттық экономика жүйе ретінде
11.1 Ұлттық экономтика жүйе ретінде

11.2 Макроэкономикалық тепе-теңдіктің теориялары

11.1 Ұлттық экономтика жүйе ретінде
Ұлттық экономика бүкіл ел, мелекет дәрежесіңе макрожүйе ретінде сипатталады. Макроэкономика экономиканы жалпы біріңғай қарастырады, оның тұлғалары үкімет, кәсіподақ , орталық банктер, тауар өндурушілер мен тауартұтынушылар жалпы тұлға ретінде мемлекет көлемінде қарастырылады.

Макроэкономиканың қарастыратын сұрақтары:

- экономиканың дамуы қажетті жылдамдықта ма;

-өндірілген өнім көлемі қандай;

- бүтіндей табыс қандай.

Сонымен қатар, ол жұмысбастылықты арттыру, тауар өндіру мен қызмет көрсетуді ұлғайту мәселелерін шешумен айналысады.

Макроэкономика әрбір жеке иесінің мекеменің және жалпы қоғамның толғамына әсер ететін себеп-салдар байланыстарын зерттейді. “Макроэкономика” ұғымы гректің макро “(макрос-үлкен,ірі,ұзақ) және эконкмика (шаруашылықты басқару жөнінде)” сөздермен байланысты. Макроэкономикалық көзқарастың негізгі принципі-экономиканы және экономикалық көрсеткіштерді біртұтас шаруашылық кешені ретінде қарауға мүмкіндік беретін экономикалық көрсеткіштерді агрегаттау арқылы жинақталған,қортындылынған шараларды қолдану болып табылады.

Макроэкономикадағы ең көкейтесті , өзекті мәселе қолдану мен тұтынудың арақатынасы болып табылады. Экономикада өндіріс факторларын пайдалану – маңызды макроэкономикалық көрсеткіштерді, ұлттық өндірістің өнім көлемін құру мен қолдануына байланысты. Ұлттық экономиканың қалыптасуын нәтижелерін талдау, бағалау үшін әр түрлі экономикалық көрсеткіштер қолданылады. Оның ішінде ұлттық есепшот жүйесін жүргізу экономикалық ғылымда баланстық тәсілді дамытудың бір бағыты болып табылады. Ұлттық есепшот жүргізу жүйесі әлемдік қауымдастық елдерін түгелдей экономика аумағында өндіріс жағдайын өлшеуде қолданылып және оның түпкі қортындысы – тұрғындардың әл- ауқат деңгейін көрсету болып табылады.

Ұлттық өндірістің макроэкономикалық нәтижесінде алғаш рет баға беру Ф.Кэне бастаған физократтардың үлесіне жатады. Ол осы туралы өзінің көзқарасын «Экономикалық кесте» (1758ж.) деген белгілі еңбегінде баяндаған. Ф.Кэне Франияның XVIII-ші ғасырдағы экономикасын негізге ала отырып,жай ұдайы өндірістегі балансты талдауды көрсетті. Кейінірек макроэкономикалық элементті талдайды Д.Рикардо (1771- 1823жж.), «Саяси экономияның басталуы және салықты салу» (1817ж.) Т.Р.Мальтус (1766-1834жж.) «Тұрғындар саны заңының тәжірибесі» (1798ж.), К.Маркс (1818-1883жж.) «Капитал» (1867ж.) сияқты жұмыстарында қолданды. Ұлттық есепшот жүйесін жүргізуге неоклассикалық мектептің өкілдері У.Джевонс (1835-1882жж.) пен Л.Вальрас (1834-1910жж.) белгілі үлес қосты. Ұлттық есепшот жүргізу теориясының дамуына Дж.М.Кейнс (1883-1946жж.) пен С.Кузнец (1901-1983жж.) айтарлықтай еңбек сіңірді. Өнеркәсібі дамыған барлық елдерді шалқасынан түсірген <<Ұлы тоқырау>> деп аталған 1929-1933-ші жылдардағы экономикалық дағдарыс макроэкономикалық талдаудың қажеттілігін көрсетті.

Сондықтан ұлттық өнім құрылуының факторларын, жұмыссыздық пен инфляция сауалдарын, экономикалық өсу қарқыны және қарқынын және ұлттық өндіріс көрсеткіштерін болжай білу тек ұлттық есепшот жүйесін жүргізу арқылы шешіледі. Осы кезден бастап ғалымдар экономика нәтижесіне баға беру мәселесін ұлттық табысты есептеуді біліп-зерттеумен қоян-қолтық айналыса бастады.

Қазіргі ұлттық есепшот жүйесін жүргізуді (ҰЕШЖ) жасаудың практикалық жұмыстарын ағылшын экономисі Р.Стоун (1913 ж) еңгізді. Алғашқы рет оның ҰЕШЖЖ схемасы 1953-і жылы БҰҰ-ның статистикалық бөлімінде басылып шықты. Қазір барлық әлемдегі елдерде ол стандарт ретінде қабылданды. Ұлттық есепшот оның жүйесінде метрикалық түрде бейнеленген, онда әрбір есепшот көлденең (табыс) және тік (шығын) матрицаларда көрсетілген. Ұлттық есепшот жүйесін құрудағы ертеректегі талпыныстан Р. Стоун ұсынған айырмашылық сол, ол алғашқы рет макро деңгейде екі еселей жазу принципін «қоғамдық матрицаларда» қолданады. Стандарттық сипаттамалар – ұлттық өнім , тұтныс , сауда балансы және басқалары солай толыққанды бейнелегенін көрсетеді. Мұнда сондай-ақ қаржы балансы ұлттық есепшот жүйесі және демографиялық есептеп шығару жүйесі құру енген.

Қоғамдық өндірістің макроэкономикалық көрсеткіштерінің ең маңыздысы жиынтық (жалпы) қоғамдық өнім, өнім жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, ұлттық табыс болып табылады. Экономикалық әдебиетте және шаруашылық практикасында қоғамдық өнімнің мөлшерін анықтауда екі ұдайы көзқарасты бөліп қарайды. Жиынтық қоғамдық өнім мөлшерін анықтауда дәстүрлі көзқарас бойынша, қызмет көрсетудің материалдық емес өндіріс оған енбейді. Бұл өнім жиынтық (жалпы) қоғамдық өнім (ЖҚӨ) болып аталады. Дүниежүзілік шаруашылық практикасында қалыптасқан келесі көзқарас бойынша, қоғамдық өнім мөлшерін есептегенде мынаны ескереді: өндірілген өнім массасы материалдық өндіріс өнімнің ғана емес, сондай-ақ қызмет көрсетудің материалдық емес өндірістің қызметтерін де өндіреді. Бұл өнім жалпы ішкі өнім болып табылады. Қоғамдық өндіріс нәтижесінің жалпылама көрсеткішіне жиынтық (жалпы) қоғамдық өнімді жатқызамыз, себебі ол қоғамдық өндірістің бір жылда құрылған материалдық игілігінің(өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттары) жиынтығын бейнелейді. Жиынтық қоғамдық өнім (ЖҚӨ) екі түрде өндіріледі: натуралды заттай және құндындылық.ЖҚӨ натуралды-заттай түрінде өндіріс-құрал жабдықтары мен тұтыну заттарынан тұрады. Осы тұрғыдан барлық қоғамдық өндіріс(I-ші бөлімше) және тұтыну заттар өндірісі(II-ші бөлімше).

ЖҚӨ құрылымы құн тұрғысынан тұтынылған өндіріс құрал-жабдығы құнына бөлінеді: (С) шикізат, материалдар және машина, ірі жабдықтар, зәулім үйлерге енгізілген құнның бір бөлшегі және жаңадан құрылған құн немесе ұлттық табыс (V+M). Ұлттық табыс өз кезегінде қажетті өнімге (V)-( жұмыс күшінешығындар) және қосымша өнімге (M)-(қажетті өнімнен артық өндірілген) бөлшектенеді.

Жиынтық қоғамдық өнімнің (ЖҚӨ) құн формуласы:

W= c+ v +m

Мұндағы,

W-жиынтық қоғамдық өнім немесе қоғамдық жиынтық өнім

с –өндіріс-құрал жабдығы өндірісіндегі тұтынылған құн.

v –қажетті өнім.

м – қосымша өнім.



11.2 Макроэкономикалық тепе-теңдіктің теориялары
Экономикалық теорияны зерттеудің маңызды әдісі ілгеріде атап өткендей бір өлшемді (тепе-теңдік) әдісі болып табылады.

Бұл принцип осы немесе басқа тауар рыногында сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігінің, сол сияқты барлық өзара байланысты тауарлар, еңбек, капитал рыноктарында сұраныс пен ұсыныстың тепе- теңдігінің постулаты ретінде өткен тақырыптарда танылды. Экономиканың макро дәрежесін зерттеумен байланысты өзімізге мынадай сұрақтар қоялық, жиынтық халық шарушылық көрсеткіштердің категорияларын: ұлттық табысты, инвестицияны, жинақты, жұмыспен қамтуды т.б. талдауда тепе-теңдікті осы қолдана беруге бола ма? Әрине болады. Енді бүкіл экономика көлемінде қоғамның кірістірі мен шығыстарының тепе – теңдігі бірінші кезекке шығады. Бұл ұсыныс (өндірілген ұлттық табыс) пен сұраныстың (пайдаланылған ұлттық табыс) арасындағы тепе – теңдіктің өзіндік көрінісі. Мұндағы маңызды мәселе мына жағдайда кіріс пен шығыстың тепе – теңдігін рыноктық тетік өздігінен қамтамасыз ете ала ма? Егер бұл сұраққа жауап жағымсыз болса, мемлекет көмегімен рыноктық тетікке түзету енгізуге араласудың қажеттігі өзінен өзі туындайды Жалпы экономикалық теория әдебиеттерінде нарық жағдайында ұлттық өндірісті реттеу механизімінің негізгі екі бағыты бөліп көрсетіледі. Біріншісі – рынок жүйесін автоматты түрде өзін - өзі реттейтін классикалық бағыт. Оның өкілдері: А.Смит, Д. Рикардо, Д. Ст. Миень, А.Маршалл және А.Тигу. Екіншісі – рынок жүйесіне міндетті түрде мемлекеттің араласуын қажет ететін кейнсиандық бағыт,яғни нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу. Бірінші классикалық бағыт үшін негізінен микроэкономикалық талдау тән, классиктер сияқты неоклассиктерде де неғұрлым кең ауқымды мәселелерді зерттеу болды. Бірақ макроэкономика терминін олар қолданбады. Классикалық бағыт өкілдері жалпы экономикалық тепе-теңдік жөнінде айтты, бірақ оны тек қысқа мерзімдік кезеңде жетілген бәсекелестік жағдайында қарастырды. Бұл мәселені жетілген бәсекелестік тұрғыдан неғұрлым толық қарастырған француз экономисі Жан Батист Сэй (1832) болды. Ол ерікті бәсеке позициясын басшылыққа алды. Ол да тауар ұсыныстары өзінің жеке таласты туғызуы жөніндегі тезисті негіздеді. Экономикалық теория мен тәжірибеге бұл жағдай Сэй заңы деген атпен енді. Оған сәйкес,ерікті бәсекелестік жағдайда ұлттық рынокта өндірілген өнім көлемі автоматты түрде барлық жасалатын тауарлардың құнына тең келетін табысты қамтамасыз етеді.Сэй анықтамасы бойынша табыс иелері ақшаға емес міндетті түрде материалдық игіліктерге қызығушылық танытты. Сэй заңы бойынша "өндіріс өзінің сұранымын жасайды". Басқаша айтқанда, адамдар өздеріне қажетті заттарды сатып алу мақсатымен тауарлады өндіреді және сатады. Егер сатып алуға кейбір өнім қажет болмаса, онда өндіруші оны шығаруды тоқтатып, басқа сұранымы бар тауар өндіруге кіріседі. Сонымен, егер тек сұранымы бар тауарлар ғана өндірілсе, онда оларды сатудан түскен табыс (пайда), міндетті түрде сол өндірушіге қажетті тауарларды сатып алуға жұмсалады, яғни ұсыныс өз сұранымын жасайды. Басқаша айтқанда, тауарлардың артық өндірілуі де және ұзақ жұмыссыздық болуы да мүмкін емес. Олар тек қысқа мерзімді болуы мүмкін, бірақ ешқашанда ұзаққа созылмайды. Өткен ғасырдың 30-шы жылдардағы Ұлы депрессияның басталуы, көптеген жылдар бойы кең тараған жұмыссыздық және тауарлардың артық өндірілуі, Сэй заңы билігінің түбіне жетті, өмірдің өзі Сэй заңын теріске шығарды. Классикалық мектеп өкілдері үшін тауардың табиғи бағасы, яғни тауардың құны өндірістік шығындарға тәуелді. Осымен, олар еңбек құны теориясына бастама қосады. Сонымен қатар, рыноктық баға көптеген сыртқы рыноктық факторларға байланысты. Рыноктық тепе – тендік аумағындағы классикалық теорияның негізгі жағдайындағы неокласикалық бағыт жақтаушылары өздерінің теориялық тұжырымдарына негізделеді. Соңғылары 19 – шы ғасырдың аяғы мен 20 – шы ғасырдың басында қалыптасып 20 – шы жүзжылдықтың 30 – шы жылына дейін еркін бәсекелестікті айтып билік етті. Неокласиктер реттелетін рыноктық экономиканың көп аспектілі талдауымен айналысты, осы мақсатта сұраныс және ұсыныс, бағалық механизм, экономикалық ресурстар сияқты экономикалық категориялар кең қолданылған түрлі экономикалық үлгілердің құрлымын қолданды. «Жетілмеген бәсекелестік теориясы» ұсынылады, оның экономикалық монополиялануға тәуелді екені айтылды. Бұл бағыттың өкілдері А. Маршалл, Джон Робинсон (1903 – 1983). Профессор Джон Робинсон өзінің күдіксіз емес бәсекелестік термині сатушылардың баға тағайындауында күдіксіз бәсекелестікке қарағанда артық, аса таза бәсекелестік немесе олигополия жағдайында сату нәтижесінде бұл еркіндікке ие болады. Джон Робинсон күдіксіз емес бәсекелестікті капиталистік жүйенің кемшілігі деп түсіндірді. Оның айтуына қарағанда, компаниялар өз тауарларының бағасын күдіксіз бәсәкелестік жағдайынан жоғары тағайындап, түсіретін пайдасын көбейте бермек, тұтынушылар оның нәтижесінде аз ақшаларын артық шығындауға мәжбүр болады. Ал осы уақытта экономика мүмкінділігінше ең үлкен жұмысбастылыкпен тауар және қызмет қөрсетулерді қамтамасыз етпей-ақ жұмыс істей береді. Осының барлығы, өз кезегінде өндіріс дамуының тоқтауына және жұмысыздыққа, яғни соңында саяси тұрақсыздыққа алып келеді.

Экономист-классиктер бағаның икемділігінің, жалақының, пайыздық мөлшерлеменің, яғни сұраныс пен ұсыныс арасындағы балансты көрсететін еңбекақы мен бағаның еркін жоғары немесе төмен жылжуын көрсетеді. Олардың пікірінше жиынтық ұсыныс, ІҰӨ өндірудің әлеуеттік көлемін көрсететін тік сызықты көрсетеді. Бағаның төмендеуі жалақының төмендеуіне әкеледі, сондықтан толық жұмысбастылық сақталады. Нақты ЖҰӨ көлемінің қысқаруы болмайды. Мұнда барлық өнім басқа баға бойынша сатылады. Басқаша айтқанда жиынтық сұраныстың төмендеуі ЖҰӨ мен жұмысбастылық төмендеуіне емес, тек бағаның төмендеуіне әкеледі. Сонымен классикалық теория мемлекеттің экономикалық саясаты өндіріс көлемі мен жұмысбастылыққа емес, тек баға деңгейінде ғана әсер етеді деп санайды. Сондықтан оның өндіріс көлемі мен жұмысбастылықты реттеуге араласуы қажет емес. Тұтыну мен жинақтаудағы кейнсиандық талдау.Д.М.Кейнстің “Жұмысбастылық, пайыз және ақшаның жалпы теориясы ” атты еңбегінде нақты өмірге қайшы келетін классикалық теорияның негізгі жағдайлары сынға алынады.

Біріншіден, Кейнс неокласикалық үлгіде көрсетілгендей,экономика оңайлықпен дамымайды,жалақы мен баға икемді емес,деп дәлелдейді. Екіншіден, инвестициялық жинақтаудың және мөлшерлемелі пайыздың негізін қалаушыларының өзара байланысы күдік туғызған.Нәтижесінде Кейнс мемлекеттің араласуынсыз тепе-теңдікке автоматты түрде қол жеткізудің мүмкін еместігін негіздеген. Кейнс еңбекақыны төмендету есебінен толық жұмысбастылық деңгейіне қол жеткізуді мүмкіндігіне сенбеді. Ол жұмыссыздықты есепке алмай еңбекақы төмендейді және еңбек рыногы тепе-теңдік емес күйде қалады деп санады. Кейнсиандықтар бойынша үкімет ЖҰӨ-нің өсуіне мүмкіндік жасай алады және жұмысбастылық үшін өндірістік шығындарды арттырады,ал баға өндіріс көлемінің артуы жағдайында халық жұмысбастылығының артуы байқалады. Макроэкономикалық пропорцияның оңтайлануына сұраныс және ұсыныс механизмі арқылы қол жеткізіледі. Бұл сұрақты капитал мен жұмыс күшінің иелеріне қатысты сұраныс пен ұсыныс үйлесімділігі мәселесін ескере отырып қарастырамыз. Фирмалар өнім өндіріп,осы үшін ақша алады да жұмыс күшіне деген сұранысты тудырады. Жұмысшылар өзінің жұмыс күшін ұсынып,осы үшін сыйақы алып өндірілген өнімге сұраныс тудырады. Фирмалар мен үй шаруашылықтарының өзара қарым-қатынасы негізінде тауар және қызмет көрсету рыногында жалпы ұлттық өнімді қор жинауға бөлу пропорциясы қалыптасады. Тұтыну адамдардың материалдық және рухани қажеттілігін қағаттандыруға бағытталған тұтыну құндылығын жеке және ортақ тұтынуды білдіреді. Құндық пішінде – ол,халықтың материалдық игіліктерді сатып алуға жұмсаған ақша сомасы.Халық тұтынуы –экономика жағдайын анықтайтын негізгі компоненттердің бірі.Жинақтау –бұл,табыстың тұтынылуы кейінге қалдырылған немесе қазіргі уақытта тұтынылмайтын бөлігі.Олар табыс пен ағымдағы тұтыным арасындағы айырмашылық.Қор жинау-болашақтағы өндірістік және тұтынушылық қажеттіліктерді қамтамасыз етуге байланысты үрдіс. Осыған сай,жинақтау –бұл,инвестициямен байланысты экономикалық үрдіс;ағымдағы өндірістік және тұтынушылық қажеттілікке жұмсалу барысында пайдаланылмай қалатын,жинақталатын табыс бөлігі.Жинақтау фирмаларда да,сол сияқты үй шаруашылықтарымен де жасалады.Фирмалар өндірісті кеңейту және пайданы арттыру үшін қор жинақтайды.

Үй шаруашылықтары көптеген себептерге байланысты;берекелі кәрілікті қамтамасыз ету және балаларына мұра қалдыру,жер жылжымайтын мүлік сатып алу,материалдық игіліктерін қордалауға тырысады. Жинақтау және инвестициялау бір-біріне байланыссыз түрлі экономикалық субъектілерге және түрлі себептерге байланысты іске асады. Микроэкономикалық тепе-теңдік –бұл барлық рынок түрлерінің,атап айтқанда,тауарлар рыногының,жұмыс күші рыногының,өндіріс құрал- жабдықтары рыногының сәйкестелінген тепе-теңдік рыногы. Нарықтардың тепе-теңдік дамуға қол жеткізуі,тепе-теңдікті орнатуы экономикадағы барлық салалардың, сфералардың, элементтердің тепе- теңдік жүйелі дамуы,өзгеруі процесінде ішкі және сыртқы рыноктардың өзара байланысуы арқылы, ұлттық шаруашылықтың әлемдік шаруашылықпен байланысуы негізінде қол жеткізіледі. Бүкіл әлем дәрежесінде тарихи аспектіде қарағанда, жалпы экономикалық тепе-теңдік теориясын экономист-математик Л.Вальрас жасап ұсынған. Оның теориясы бойынша кез келген рыноктық шаруашылықтың тепе-теңдікке ұмтылуы беталыс (тенденция) түрінде жүргізіледі. Ол тепе- теңдікке қол жеткізудің негізгі құралы – айырбас деп есептеген. Л.Вальрас, В.Перето, Дж.Хикс экономикадағы тепе – теңдіктің шарттары мен оларға қол жеткізу әдістерін қалыптастырды. Нарықтық экономика кезінде тепе – теңдікке қол жеткізу – өте күрделі, қайшылығы көп, ұзақ мерзімді экономикалық процес. Тепе-теңдікке, тиімділікке қол жеткізуге – әлеуметтік-экономикалық, жүйелік, институциалдық қайта құрулар, экономикалық реформалар арқылы жүзеге асады. Тепе – теңдіктің негізгі реттеушілері болып рынок механизмінің элементтері – сұраныс, ұсыныс, баға, бәсеке болып саналады. Рыноктық экономика жағдайында барлық өндірілген өнімдер (жиынтық өндіріс) тауарға айналуға тиісті (жиынтық ұсыныс), яғни сатылуға тиісті (сатудың жиынтық көлемі), ал барлық табыстар (жиынтық табыс) тұтынылуға тиісті, яғни жиынтық сұраныс жиынтық тұтынысқа айналуы тиіс. Тек осы жағдайда ғана төлем қаблеті бар сұраныстың жиынтық көлемі және тауарлық ұсыныс көлемі сәйкестелінеді, теңдеседі. Нарықтық экономикадағы осындай мінсіз (идеальный), іс жүзінде қол жете бермейтін жағдайдағы «экономикалық тепе – теңдік» дейтін ұғымы қалыптасқан. Солай бола тұра рыноктық экономика үнемі қозғалыста, даму үстінде болғандықтан жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе – теңдігі үнемі тепе – теңсіздікке айналып, үнемі бұзылу процесінде болады. Басқа сөзбен айтқанда рыноктық экономика кезінде даму тепе – теңдік, тепе – теңдіктің ‰немі бұзылып, үнемі қалпына келтіру процесі тепе-теңдіктің үнемі ауытқу процесі арқылы дамуда болады.

Сонымен, экономикалық тепе-теңдік жиынтық сұраныс пен жиынтық өндірістің сәйкестігінің тең болуын талап етсе, экономикалық даму тепе – теңсіздікке әкеледі, яғни тепе – теңдікті бұзып, оның орнына, қайта қалпына келтіріп отырады. Рыноктық экономика өзінің табиғи жаратылысымен, әр түрлі реттеуші әдістерімен қайшылығы мол осы екі өзара кері талапқа жауап беріп отырады. Табиғи- рыноктық институционалдық механизм осындай таңқаларлық тепе-теңдік құбылыстарға макроэкономикалық үлгілер (модельдер) жасау арқылы шешуге тырысады. Бұдан шығатын қорытынды: жиынтық сұраныс – бұл, тұтынушылар, кәсіпорындар, үкімет тарапынан мүмкін болған баға арқылы сатып алуға дайын ұлттық өнімнің нақты көлемі. Мұндай өнім көлемінің қалыптасуы көптеген факторлар мен жағдайларға байланысты. Солай бола тұра, мұнда келесідей заңдылық бар: баға деңгейі неғұрлым төмен болса, соғұрлым тұтынушылар, кәсіпорындар, үкімет ішкі рынокқа ұлттық өндірістің үлкен бөлігін сатып алуға тырысады. Жиынтық ұсыныс ел ішінде түрлі түрлі баға деңгейінде өндірілетін ұлттық өндірістің нақты көлемінен тұрады. Бір мезгілде неғұрлым жоғары баға деңгейі жаңа тауар өндіруде тауар өндірушілер үшін қосымша ынталандырушы, қызықтырушы болып табылады. Осындай жағдайда ұлттық өнім көлемі мен баға деңгейінде тура тәуелділік туындайды.
Бақылау сұрақтары:

1.Жалпы экономикалық талдаудың ерекшеліктері қандай?

2. Табыстар және шығындар айналымының жалпы экономикалық үлгісі?

3. Жалпы экономикалық саясаттың мақсаттары ата?

4. Қоғамдық өндірістің нәтижелері және олардың ЖҰӨ көрсеткішіндегі көрінісі атаңыз?
11 тақырыпқа арналған тесттік тапсырмалар:

1. Макроэкономика –бұл:

A) Экономиканың даму заңдылықтарын адам, отбасы және кәсіпорын деңгейінде зерттейтін экономикалық теорияның бір бөлімі.

B) Экономиканың даму заңдылықтары мен тенденцияларын мемлекет деңгейінде зерттейтін экономикалық теорияның бір бөлігі.

C) Ресурстар мен өндіріс факторларының шектеулі болу жағдайында адамдардың іс-әрекетін зерттейтін ғылым.

D) Экономикалық ойдың даму кезеңдерін зерттейтін ғылым.

E) Негізгі экономикалық заңдар мен категориялармен таныстыратын экономикалық терияның бір бөлімі.

2. c+v+m формуласы нені көрсетеді

A) Қосымша құн массасын.

B) Ауыстырлған құнды.

C) Жаңадан жасалған құнды.

D) Тауар құнын.

E) Тұрақты капиталды.

3. … макроэкономиканың пәнi болып есептелмейдi.

A) мемлекеттiк салық саясаты;

B) елдiң экономикалық өсуiнiң темптерi;

C) дефляция;

D) жеке жұмыскерлердiң жал ақы деңгейi;

E) мемлекеттiк бюджеттiң тапшылығы.

4. Макроэкономика микроэкономикадан немен ажыратылады?

A) «басқа тепе – тендiк жағдайдағы» қағидасын пайдаланады;

B) гипотизаны пайдаланбайды;

C) агрегатталған ұгымдарды пайдаланады;

D) экономикалық тепе – тендiк ұғымын пайдаланады;

E) еңбек нарығын зерттейдi.

5. Микроэкономикаға қарағанда макроэкономика

A) экономикалық көрiнiстер арасындағы себептi – сандылық байланысты зерттемейдi;

B) нарықтық эономикадағы экономикалық агентiлердiң мiнез-құлығын зерттейдi;

C) талдауда шектi шамаларды пайдаланады;

D) ақша теориясын зерттемейдi;

E) экономикалық процесстердi түсiндiру үшiн үлгiлердi пайдаланады.

6. Жабық экономикада мемлекеттік бюджет профициті неге тең:

А) салықтар + трансферттер - мемлекеттік шығындар;

B) салықтар - трансферттер - мемлекеттік шығындар;


C) салықтар + трансферттер + мемлекеттік шығындар; ки;
D) жабық экономикада мемлекеттік бюджет профициті болмайды;

E) дұрыс жауап берілмеген.

7. Ұлттық шоттар жүйесiнiң қалаушысы:

A) Дж. Кейнс

B) С. Кузнец

C) М. Фридмен

D) А. Маршалл

E) И. Фишер

8. ... нарықтық құнының соммасы – бұл ЖІӨ:

A) аралық тауарлардың

B) өндiрiлген тауарлардың

C) өндiрiлген тауарлармен қызметтердiң

D) сатылған тауарлармен қызметтердiң

E) ақырғы тауарлар мен қызметтердiң

9. ЖІӨ есептелгенде оның құрамына электрқұралдарды өндіруінде пайдаланған мыс, бояу және басқа компоненттерінің құны қосылса онда бұл көрсеткіш:

А)нақты болады, өйткені әр компонент нарықтық құнға қосылды;

B)ұлғайтылып анықталады, өйткені бір компаненттің бағасы екі рет есептеледі;

C) төмен деп анықталады, өйткені бір компаненттің бағасы екі рет есептеледі;

D)қатесі, өйткені аталған факторлан алдын ала өндірушінің қорларының бөлігі болды;

E) амортизация көрсеткіші.

10. ... қосқанда ЖІӨ есептеуінде қайта есепшоты пайда болады:

А)мыс және көлік өнеркәсіптерінің қорларының ұлғаюын;

B)мұнайтабушы және мұнайөңдеуші өнеркәсіптермен жасалған қосымша құндарды;

C) мата және тігін өнеркісіптерінің өндіріс көлемін;

D)тауарлар мен қызметтерді сатып алу үшін мемлекетпен жұмсалған шығындармен тұтынушылық шығындарды;

E) қайта есешот ұғымы макроэкономикада пайдаланбайды.


12 Ауытқу экономикалық дамудың заңдылығы ретінде

12.1 Нарықтық экономиканың ауытқымалы түрде дамуы.

12.2 Циклдік ауытқудың себептері мен түрлері және дағдарыстар ерекшеліктері.

12.1 Нарықтық экономиканың ауытқымалы түрде дамуы.



Нарықтық экономикаға тән құбылыс – бұл, циклді даму. Ол ұлттық экономиканың әр түрлі элементтерінің біркелкі қызмет істемейтінін көрсетеді, оның революциялық және эволюциялық даму сатыларының, экономикалық прогрестің ауысуын бейнелейді. Нарық жағдайында өндіріс қозғалысының циклдық себептеріне экономикалық теорияда қалыптасқан бірнеше теориялық көзқарасатр бар. Мәселен, К.Маркс артық өндірудің циклдық дағдарысының реттілікпен қайталну себептерін тұрақты капиталдың оқтын-оқтын жаппай жаңаруымен қарастырған. Ағылшын экономисі Дж.Кейнстің ойынша, цикл фазасының алмасуы күрделі қаржы мөлшерімен байланысты, ол пайда мөлшері мен пайыз (%) мөлшері ара-қатынасымен түсіндіріледі. Дағдарыс сонда ғана болады, егер пайда мөлшері («шекті тиімділік») пайыз (%) мөлшеріне дейін төмендесе, онда ол мынаған алып келеді: кәсіпкердің өндірісті дамытуға қаржы салу ниеті жойылады. Қазіргі Дж.Кейнстің ізбасарлары – «неокейнстіктер» - мәселен американ экономисі – Пол Самуэльсон былай дейді: Нарықтық экономиканың циклдық сыйпаты ұлттық табыстағы тұтыну үлесінің төмендеуімен және акселератор жеделдету іс-әрекетімен түсіндіріледі. Олар күрделі қаржы тербелісінің амплитудасына және оның уақыт бойынша үлестірілуіне оң немесе теріс әсер етіп, өндірістің өсуімен оның қысқаруына бет бұрыс жасайды. Американ экономисі Милтон Фридмен «монетаристік мектеп» өкілдері «неокейнстіктерден» айырмашылығы, олар нарықтық экономиканың циклдық дамуының басты себептерін ақша факторынан іздейді. Ақша сұранымы тұрақсыздығының себебі болып табылады. Монетаристік мектептің негізін қалаушы Милтон Фридменнің ойынша, дағдарыстар мемлекеттің ақша саясатын нашар жүргізуінен туындайды. Сондықтан мемлекеттің араласуы ақша массасын шектеу мен тұрақтандырылуға бағытталуы қажет. Осы ойларын Милтон Фридмен өзінің «АҚШ-ның монетарлық саясаты» еңбегінде баяндаған. Бұл жұмыс 1963-ші жылы шыққан болатын. Нарықтық экономиканың циклдық дамуын жою жолдары немесе жұмыстарды жоғарыдағы аталған әртүрлі мектеп өкілдерінің ойлары мынаған әкеледі: мемлекет антициклдық бағдарламаларға қатысуы немесе экономиканы тікелей реттеуі қажет. Мәселен, Ф.Энгельстің пайымдауынша, нарықтық анархияны «өндірісті қоғамдық – жоспарлы реттеу» арқылы жоюды алға тартады. Дж.Кейнстің пайымдауынша, стихиялы нарықтық экономика олқылықтарын мемлекеттің араласуы арқылы жоюға болатындығын айтады. Мемлекет өндірістің құлдырауын жеке күрделі қаржыландыруды өзі ынталандыруын болдырмауы үшін қажет. Қазір нарықтық өндіріс бір қалыпты әрі үзілссіз еместігімен айқындалады. Өндірістің экономикалық өсуі және бір қалыптылығы үнемі оның құлдырауымен қосақтасып отырады. Экономикалық дағдарыс бұл өндіріс көлемінің қанеттен төмендеуі. Өндіріс көлемі төмендеуінің алғы шартына экономикадағы қорлану диспропорциясын жатқызамыз. Осы салдар түптеп келгенде өндіріс пен тұтынысының арасындағы негізі пропорцияны бұзады. Қазіргі нарықтық маркетингтік зерттеулерін фирма, корпорциялардың кеңінен қолданғанына қарамастан, олардың ешқайсысы өзінің өндірістік және коммерциялық қызметінің барлық салдарларын дәл есептей алмайды. Біріншіден, бұл тауар және ақша қайшылығымен байланысты екендігі белгілі. Қай кезде ақша айналым құралы ретінде қолданылғанда, онда айырбас процесі Т-А-Т екі қарама-қарсы актіге үзіледі: 1) сату Т-А болса, 2) сатып алу А-Т болмақ. Тауарды сату деген сол мезгілде басқаны сатып алуды көрсетпейді: сатып алу кештеу басқа жерде болуы мүмкін немесе тіпті болмауы да мүмкін – ақша жинақтау құралы ретінде қолданылады. Алайда тауар өндірушілер өзара бір-бірімен байланысты. Мысалы: егер мата өндіруші келесі тоқыма партиясын сатып алуды кейінге қалдырса, онда тоқыма өндіруші мақта өндірушімен есептесе алмайды, ал ол мақта жинайтын комбайынды берушілермен, олар болса машина жасаушылармен (құрастырушылармен) есептесе алмайды және т.б. Бұндай жағдай жай тауар өндірісіне ғана тән болғанмен, бұл құбылыс қазіргі жаппай өндірісте де кездесуі мүмкін. Сату мен сатып алу актісіндегі үзілістер де төлем төлемеу шынжырының туу, пайда болуының нақты мүмкіндігі жатыр және сондықтан өндіріс құлдырауы пайда болады. Екіншіден, бағалы қағаздардың тауар нарықтарындағы бағалардың үзіліссіз тұрақсыздығы, осы нарықтағы сұраным мен ұсыным арасындағы диспропорциялар тұрақты пайда болуын байқатады. Егер осы диспропорциялар ұзақ сипатқа ие болса, онда өндіріс пен тұтыныс аясында ұсыныс масштабының сұранымға өзгеруіне алып келеді. үшіншіден – бұл капиталдың артық қорлануы. Өндірістің ұлғаюы төлем сұранымымен салыстырғанда тым артық болып келеді. Сондықтан да экономикалық дағдарыстарды әдетте, артық өндіру дағдарысы деп те айтады. Экономикалық дағдарыстар динамикасы артық өндірудің ХІХ-шы ғасырдағы құбылысы 1825 жылдан бастап үнемі әрбір 8-11 жылдан соң пайда болып отырған: 1825, 1836, 1847, 1857, 1866, 1873, 1882, 1891. Ал, ХХ-шы, ғасырда дағдарыстар арасындағы мерзім 8 жылдан 3-4 жылға дейін қысқара бастады: 1900, 1907, 1917, 1921, 1929 – 33, 1937 – 38. Әсіресе дағдарыстар арасындағы мерзім екінші дүниежүзілік соғыстан соң айқын байқала бастады: 1945, 1953, 1957, 1960, 1969, 1973, 1979, 1981. Егер екінші дүниежүзілік соғысқа дейін экономикалық дағдарыстар негізінен әлемдік сипатқа ие болса, экономикалық дағдарыстың бір мемлекетте пайда болуы мұң екен, сол мезетте өзінің орбитасына әлемдік қауымдастықтағы көптеген елдерді үйіріп алады. Екінші дүниежүзілік соғыстан соң экономикалық дағдарысы үш ақ рет байқалды: 1958, 1974, 1980 жылдары, ал ХХ-шы ғасырда бұдан 3 рет артық болды. Артық өндіру экономикалық дағдарыстары екі қызметті атқарады: бұзушылық және сауықтырушылық. Сөйтіп өндіріс пен тұтынушы арасындағы қалыптасқан диспропорцияны бұзады. Өндіріс мына жағдайда тоқтайды: бағаның төмендеуі оның қызметінің пайдасыздығына ұрынады және ол кәдімгі пайданы таппайды да. Шығар жол біреу ғана – өндірістік қорларды жаңалау: машина, күрделі жабдықтарды және аз шығын жұмсайтын пайдалылық әрі пайда әкелетін өнім өндірісіне кірісу қажет. «Бәсекелестік күрес, әсіресе техникадағы шешуші төңкеріс кезінде, ескі еңбек құралдарын оның табиғи өлуіне дейін жаңасымен ауыстыруды талап етеді. Катастрофа, дағдарыстың басты қояр нәрсесі – кәсіпорындағы ірі жабдықтарды кең қоғамдық масштабта мерзімінен ертерек жаңалауға итермелейді». Өндірістің және оның негізгі капиталының жаңару мерзімі – бұл кезекті дағдарыстың материалдық негізін жасау мерзімі болып табылады. ТМД елдерінде 1990-ныншы жылдары экономикалық дағдарыстың жаңа типі пайда болды – бұл өндіруі жетпеген дағдарыс. Себеп КСРО – ның құлауына байланысты бұрынғы одақтас республикалардың өзара экономикалық байланыстарының үзілуі және жаңадан егеменді мемлекеттердің құрылуы. Сондай-ақ статистикалық мәліметтердің көрсетуінше, өндіруі жетілмеген экономикалық дағдарыстың алғы шарттары КСРО-ның құлдырауынан ұзақ уақыт бұрын қалыптаса бастаған, дәлірек айтсақ 70-нші жылдардың өзінде басталған. Сол кездің өзінде жанар-жағар және шикізат салаларының өндірісінде құлдырау байқалған: көмір мен мұнай, темір рудасын өндіру қысқарған, шойын мен болат балқыту кеміген. Бұл экономикалық ұдайы өндіріс мүмкіндіктерінің тығырыққа тірелгендігін көрсетті және ол жағдай ауыл шаруашылығында байқалды. Нәтижесінде соңғы 20 жылда астық, картоп, көкөніс басқа да өнімді өндіру көлемі өзгеріссіз қалып, ал елдегі тұрғыдан саны шамамен 20%-ға артты. Мәселенің бұлай күрделенуі әскери шығындарға қаражаттың мол жұмсалуымен және тұрғындардың ақшалай табысының кәдімгідей өсуімен байланыстырылады. Тіпті 1990-шы жылы тұрғындардың ақшалай табысы 17%-ға өсіп, ал тауар мен қызмет көрсетуді қанағаттандырыла алмаған сұраным 238 млрд. рубльге жетті. Қазақстан жалпы одақтық шаруышылығы кешенімен тығыз интеграцияда болғандықтан, бұл жерде де өнеркәсіп өндірісінің қысқаруы белең алды. Ақшалай табыстың өсуі, өнеркәсіп өндірісінің қысқаруы тауар мөлшерімен қамтамассыз етілмеді. Қанағаттандырылмаған сұраным республикада 1990-шы жылы 16,5 млрд.рубльден асып кетті немесе 76%-дан астам жылдық тауар айналымы мен ақылы қызмет көрсетуді құрады. Өндірістің құлдырауы соңғы 4 жылда да жалғасты. Мәселен, 1995 және 1997-ші жылдары Республикада өндіріс құлдырауы жалғасып, 1990-шы жылғы деңгейдің 40%-на жетті. Қазіргі кезде циклдық дамудың өзіндік ерекшеліктері бар. Олар екінші дүниежүзілік соғыстың, ғылыми-техникалық революцияның әсерінен және мемлекеттің экономикалық ролінің өсуімен туындаған. Экономикалық дағдарыстар тым жиіледі және ерекшеленеді. Мұндай құбылыстар 1974- 1975-ші және 1980-1982-ші жылдардағы экономикалық дағдарыстар кезеңінде байқалды. Бұл құбылыстар көптеген индустриялды – дамыған елдердің экономикасын қамтыды. Дағдарыс кезеңі сипатында жаңа құбылыс – инфляция пайда болды. Дағдарыс құбылысының инфляциямен қосылуы стагфляция деп аталды. ҒТР жағдайында, әлемдік қауымдастықтағы көптеген елдерде экономикалық салалық құрылымында өзгерістер болуда. Бір жағынан макроэкономиканың ғылым сіңіргіш жаңа салалар – прибор құрау, робот құрау қарқынды дамуда, екінші жағынан дәстүрлі салалар – көмір, металлургия, тоқыма және т.б. құлдырады, бұл олардың техникалық, технологиялық артта қалумен түсіндіріледі. Осылай құлдырау құбылысы құрылымдық дағдарыс деп аталады. Циклдық теорияны жасауды айрықша орынды Николай Дмитриевич Кондратьев (1982-1938) алады. Ол Петербург университетінің түлегі, кейіннен сонда профессор болған. Экономика институты ғылыми кеңесінің мәжілісінде 1926-шы жылы 6-шы ақпанда жасаған «Коньюктураның үлкен циклдары» баяндамасы оған үлкен атақ әкелді.Зерттеудің толық нәтижесі осы атпен 1928-шы жылы шыққан кітапта баяндалды. Экономикалық циклдардың 7-11 жылға созылатындығы белгілі болса, бұдан басқа да 48-55 жылға созылатын ұзақ циклдардың бар екендігі белгілі бола бастады. Мәселен, Н.Д. Кондратьев мынадай үлкен циклдарды қарастырды. Ол (цикл) қоғамдық өндірістің технологиялық базасының радикалды өзгеруімен және оның құрылымдық қайта құрылыуымен түсіндірілді. Өрлеу Құлдырау 1789-1814 ж.ж. 1814-1849 ж.ж. 1849-1873 ж.ж. 1873-1896 ж.ж. 1896-1920 ж.ж. Әдетте циклдарды классификациялағанда екі критерий қолданылады: ұзақтығы немесе циклдың мерзімділігі; оны қозғаушы циклдар, бұл соңғысы оны жүзеге асырудың генезисі мен механизмін алдын-ала анықтайды. Осы критерийлерге сәйкес циклды классификациялаудың белгілі айқындамалары қабылданған. Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады. Фазаның бірінші (бастапқы) циклы - өндіріс құлдырауының дағдарысы. Дағдарыс құбылысының болуы сұраным төлем қабілеттілігімен салыстырғанда тауарды артық өндірумен түсіндіріледі. Дағдарыс кезеңінде өткерілмеген өнім саны тез ұлғайып, жұмысшылар босатылады, жұмыссыздық ұлғайып, несие-ақша байланыстары бұзылып,құлдырау толқыны ұлғаяды және кәсіпорындар құлдырап, жойыла бастайды. Экономикалық циклдың келесі фазасы депрессия (“depression’ – латын сөзі, төмендеу, тереңдеу дегенді білдіреді). Бұл фазада өндірістің құлдырауы тоқталады. Жайлап болса да запастағы тауарлар өткеріледі және еркін ақша капиталы пайда болады. Келесі фаза – тірілу, бұған тән нәрсе өндірісті ұлғайту, демек пайда бар деген сөз. Ол кезегінде өндірістің дамуын ынталандырады. Циклдың кезекті фазасы - өрлеумен алмасады. Өрлеу өнім өндірудің қарқындылығымен сипатталады және ол дағдарыс алдындағы деңгейден жоғары, жұмыссыздық тартылады, қарыз капиталы ұсынымы ұлғаяды және банк пайызының (%) нормасы төмендейді. Экономикалық дамудың циклдік сипатын түсіну үшін мынадай жағдайларды қарастыру керек. Біріншіден, барлық экономикалық циклдардың құрылымы, жүйесі бірдей, бірақ әрбір келесі цикл, алдыңғы циклдің қайталауы болмайды, дөңгеленіп жүрмейді, спираль сияқты жүзеге асады. Циклдік прогрессивті пішінде дамиды. Екіншіден, циклдің фазаларының жиынтығы спиральдік тізілуін құрайтын сияқты, экономикалық өсуді көрсетеді.

Үшіншіден, бір уақытта экономикада бір-біріне байланысты көптеген кезеңдер іске асырылып отырады. Төртіншіден, осы кезеңдердің байланыстылығы экономикалық процестердің толқынды қозғалысын, жетістіктерін немесе динамикалық тепе-теңдігін анықтайды. Экономикалық циклдар – бұл, қоғамдағы оның белсенді құрамы – қоғамдық өндірістің дүркін-дүркін ауытқуы. Цикл – бұл, нарықтық тауар және қызмет көлемінің өсуі, содан кейін солардың төмендеуі, құлдырауы, жандануы, ақырында қайта өсуінің қарқыны. Өндіріс циклі – толығымен орындалуының нәтижесінде дайын өнім шығаратын жұмыс айналымы. Өнеркәсіп циклі елдегі бір дағдарыстан екінші дағдарысқа дейінгі дәуір, кезең. Әрбір циклдің өзіне тән фазасы, өзінің ұзақтығы бар. Фазалардың сипаттамасы: олар өздерінің нақты көрсеткіштерін әсте қайталамайды. Әрбір нақтылы циклда, фазада ұқсастық болмайды. Олардың тарихи көзқараспен қарасақ та, кеңістіктік, аймақтық көзқараспен қарасақ та олар ерекше таңқаларлық құбылыс. Циклдік даму – бұл, кем дегенде ұлттық экономиканың деңгейінде бір макроэкономикалық теңсалмаққа қарай қозғалысы. Нақтылап айтқанда бұл нарықтық экономиканың, оның ішінде салалық жүйенің өзін-өзі реттеу тәсілдерінің бірі болып есептелінеді. Сонымен қатар, циклді даму ұлттық экономикаға және әлемдік экономикаға мемлекеттік реттеу жүргізу әрекетіне өте сезімтал болады. Экономикалық теория экономикалық циклдің мынадай төрт фазаларын анықтайды: дағдарыс, депрессия (құлдырау, күйзелу) жандану, өсу «көтерілу»).



Нарықтық экономика дамуының шеткі нүктесі экономикалық өсу (бум) және дағдарыс. Экономикалық өсу жанданудан басталады, нәтижесінде, шаруашылықтардың жаңа келісімдері пайда болады. Біртіндеп жұмыс күшіне сұраныс өседі, осыған байланысты жұмыссыздық азаяды. Содан кейін таза өсу басталады, яғни тауар және қызмет көрсетудің көлемі ұдайы өсуде болады. Бұл өсудің ең жоғарғы нүктесі «бум» деп аталады. Бұл уақытта экономикада жұмыспен толық қамтылады., ал өндірістің қуаты жоғары деңгейде жұмыс істейді. Бұл кезеңде өндірістің нақты көлемі ең жоғарғы максимальды нүктесіне көтеріледі. Тиісінше баға да көтеріледі. Өндіріс ресурстармен толық қамтамассыз етіліп, жұмыспен қамтамасыз ету деңгейі ең жоғарғы нүктесіне жетіп тоқталу, қозғалыссыз қалу процесіне тап болады. Дағдарыс - өндірістің кілт құлдырауымен сипатталады. Бұл құлдырау өнім өндірудің ақырындап қысқаруынан басталады. Дағдарыстың белгілі бір тауарға, болмаса шаруашылық саласына сұраныс пен ұсыныстың бұзылуынан айырмашылығы сол, дағдарыстың пайда болуы өнімді артық өндіру сипатында осыған байланысты бағаның құрт төмендеуі, банктердің банкротқа ұшырауы, кәсіпорындар (фирмалар) жұмысының тоқтауы, жұмыссыздық пен пайыздың өсуі. Өндірілетін өнімнің жылдан-жылға төмендеуінің жоғары қарқыны нарықтық экономиканың құлдырауын сипаттайды. Мұндай құлдыраудың ең төменгі нүктесін дағдарыс деп атайды. Экономикалық дағдарыс тек төменгі нүктені көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар экономикалық дамуға импульс беру, өндірісті ынталандыру қызметін атқарады. Дағдарыс кезеңінде өндіріс шығындарын азайту, пайданы молайту, жаңа техникалық, технологиялық негізінде жұмыс істеп тұрған капиталды жаңарту мәселелерін шешуге қозғаушы дәлелдер пайда болады. Дағдарыс процесімен өткен даму кезеңі аяқталып, келесі кезең басталады. Дағдарыс нарықтық шаруашылық жүйесінің өзін-өзі реттейтін механизмінің маңызды элементі ретінде қызмет істейді. Дағдарыс кезеңінен кейін депрессия кезеңі басталады. Ол нарықтық экономиканың тоқырау жағдайын бейнелейді, азық-түлік тауарларына сұраныстың азаюын, жаппай жұмыссыздықты, халықтың өмір сүруінің төмендеуін сипаттайды. Бұл кезеңде шаруашылықтарда экономиканың жаңа жағдайлары мен талаптарына бейімделу процесі жүреді. Келесі фаза – жандану. Жандану өндірісті оның дағдарыс алдындағы деңгейіне жеткізеді. Тауар қорларының мөлшері нарықты үздіксіз қамтамассыз ету дәрежесіне жетеді. Төлем қабілеті бар сұраныстың жандануы арқылы бағалардың өсуі басталады, жұмыссыздар саны қысқарады. Ақша капиталына сұраныс өсіп, пайыз мөлшерлемесі ұлғайады. Бұл кезде жандануға сұраныс пен ұсынысты көтермелейтін жұмысбастылық пен табыстардың өсуі қоса дамиды. Сұраныс пен ұсынысқа ынталандыру, яғни кезекті серпініске (бумға) немесе шыңдап өсу процесі жүреді. Ең соңынан көтерілу фазасы өмірге келеді (ағылшын тілінде бум). Ол кезде тауарды өндіру мөлшері дағдарыс алдындағы деңгейден асады. Осыған байланысты жұмыссыздық қысқарады. Төлем қабілеті бар сұраныстың өсуіне байланысты тауарлардың бағасы өседі. Өндірісте пайда мөлшері жоғарылайды. Несиелік қаржыларға сұраныс өсіп, тиісінше банк пайызының нормасы өседі. Барлық циклдар немесе кез келген циклдар бір-біріне ұқсас емес, әрқайсысының өзіне тән арнайы ерекшеліктері, қиысуы бар. Әрбір дағдарыс күтпеген жерден шығады және белгілі бір жеткілікті айрықша жағдайлармен пайда болады. Дағдарыстар аралығындағы кезеңдер теңіздегі ауа-райы сияқты толқындардың жекелеген, кіші және аралық құлдырауы түрінде болуы мүмкін, бұл экономикалық дағдарыстардың әр түрлі типтері туралы айтуға негіз болады. Айталық, 2008 жылдан басталған қазіргі заман әлемдік экономикалық кризиске жаһандық қаржы кризисі деген ат беріледі.

12.2 Циклдік ауытқудың себептері мен циклдің түрлері және дағдарыстар ерекшеліктері


Циклдар деп өндірістің өсуінің мерзімдік ауытқуын айтады. Ауытқудың үш түрі бар: 1) нарықтық сұраныстың тауар мен қызмет көрсетуге ұсыныстың ауытқуы, бұл қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болады; 2) құрал-жабдыққа, құрылысқа және тағы басқа сұраныстың өзгеруіне байланысты ауытқу; 3) өндірісте технологиялық тәсілдің бір түрден екінші түрге өтуінің ауытқуы. Бұл ауысулар өндірістің барлық элементтерін алмасуға әкеледі, бір топ жұмысшыларын басқасымен ауыстыру немесе қайта білім алу саласын енгізеді. Макроэкономикаға екі қасиет тән: 1. Теңсалмақтық қасиеті, қоғамдық өндіріс пен қоғамдық тұтыну, ал нарықта тиісінше, ұсыныс пен сұраныс жеткілікті шамада теңестірілген. Сол кезде экономикалық өсу түзу траекторияда, өнімдердің өсу қарқыны өндіріс факторларының өсу қарқынына тікелей пропорционалды болатыны байқалады. 2. Теңсалмақсыздық қасиеті, өндіріс пен қоғам деңгейінде теңестірілмеген. Бұл кезде ұлттық экономикадағы байланыстар мен тепе- теңдіктер бұзылып, дағдарыстардың белгілері пайда болады. Теңсалмақсыздықтың пайда болуы негізгі экономикалық көрсеткіштердің - өндіріс көлемінің, баға деңгейінің, еңбекке жарамды адамдардың жұмыспен қамтамассыз етілуінің, пайда нормасының, пайыз нормасының экономикалық тұрақты жағдайларынан ауытқуымен байланысты. Экономика бұл жағдайға душар болған кезде экономикалық өсу алғашқы кезде баяулап, кейіннен тоқталады да дағдарыс басталады. Циклдардың ауытқу себептерін бүгінде көп тараған зерттеудің келесідей бағыттары бар: Бірінші көзқараста өндірістің құлдырауы халық бұқараларының толық тұтынбауымен немесе тұтынуының біркелкі болмауымен түсіндіріледі.

Екінші көзқарас, дағдарыстың болуын салалар мен аймақтардың арасында дұрыс тепе-теңдіктің болмауымен, кәсіпкерлердің іс-әрекеттері реттелуге келмейтінімен байланыстырылады, банк жүйесі мен ақша айналымының толқынынан деп түсіндіріледі. үшінші көзқарас, экономиканың циклді дамуының себептерін іздеудегі көп тараған пікір – бұл, тауарды өндіру мен сату арасындағы қайшылық, қақтығыс өндірісті кеңейтуге ұмтылған талаппен оған сәйкестеніп өсе алмайтын төлем қабілеті бар сұраныстың арасында туындаған қайшылықтар деп есептейді. Экономикалық дағдарыс жиынтық ұсыныс пен жиынтық сұраныстың айтарлықтай өзгеріске ұшырауын көрсетеді. Сондықтан да дағдарыс қоғамдық өндірістің даму процесінде тепе-теңдіктің бұзылу нәтижесі емес, қайта ұлттық экономиканың теңгерілуіне және теңсалмақтылықтың орындалуына әкелетін құбылыс. Маркстік концепцияда дағдарысты капитал ұдайы өндірісімен байланыстырып, негізгі қайшылық өндірістің қоғамдық сипаттамасы және капиталистік өзіндік иелену, өндіріс құрал-жабдығына капиталистік жеке меншік формасында қарастырылды. Кейнсиандық теория ауытқу жүйесін нарықтық механизм теңдігінің әлсіздігі деп және осыдан туындайтын өндіріске мемлекеттің араласуын қолдады. Осындай көзқарастың көп болуы экономикалық циклдің күрделілігі мен маңыздылығына байланысты. Қазіргі экономикалық теорияда цикл себебін келесі тәсілдермен түсіндіреді: 1-ші тәсіл – сыртқы фактормен; 2-ші тәсіл – ішкі фактормен; 3- ші тәсіл – синтезді көзқараспен түсіндіреді. Міне енді осы көзқарастарға толығырақ тоқталайық. Сыртқы факторлар. Сыртқы факторларға экономикалық жүйеден сырт болатын фактор жатқызылады. Олар халық санының өзгеруі, соғыс, революция және басқа саяси күйзелістер мен қақтығыстар, жаңа аумақты игеру, алтынның, уранның, мұнайдың және басқа да жаңа кен байлық көздерінің ашылуы, технология мен инновациадағы жаңалықтар. Сыртқы факторлардың әсерінен болатын экономикалық циклді түсіндірілетін теорияны экстриалды деп атайды. Ішкі факторлар. Ішкі факторлар ішкі жүйеде болатын құбылыстар. Оған жататындар: тұтыну, инвестициалау және үкімет саясаты. Экономикалық жүйенің өзіне тән ішкі факторлардың әсерінен болатын циклды түсіндіретін теорияны интериалды теория деп атайды. Синтезді көзқарас – бұл цикл негізінде сыртқы және ішкі факторлар жинақталып қаралады. Экономикалық циклдардың ұзақтығына байланысты мынадай түрлерін айқындауға болады: 1. Қысқа мерзімді циклдар. Бұларды Д.Ж.Китченнің циклдары деп атайды. Ол циклдың ұзақтығын алтынның дүниежүзілік қорларының ауытқуларымен байланыстырған, ал циклдың ұзақтығын үш жыл, төрт айға теңеген.

2. Орташа мерзім циклдары. Бұл К.Жуглярдың циклдары атауын алған. Ол экономикалық циклдың себебін ақша айналымының сферасымен, нақтылап айтқанда, несиемен байланыстыра қараған. 3. Құрылыс циклдары немесе С.Кузнец циклдары. Ол экономикалық циклдың себептерін тұрғын үйлердің және өндіріс ғимараттарының белгілі бір жаңалау кезеңдерімен байланыстырған. 4. Н.Д.Кондратьевтің үлкен циклдары, инфрақұрылымның жаңа элементтерінің құрылуына жеткілікті капиталдың қолданылуы, жиналу және таралу механизмімен байланысқан. Қызмет етудің ең ұзақ мерзімі көпірлер, жолдар, ғимарататтар және басқа инфрақұрылым элементтері болады. Оларды құруға, капиталды қордаландыруға көп уақытты қажет етеді. Бұл 48-50 жылдар ұзақтығындағы циклдар. Осыған байланысты экономикалық дағдарысқа былайша анықтама беруге болады. Экономикалық дағдарыс – бұл, өндірісте және рынок қатынастарындағы қалыпты байланыстардың ысырысы болмауы мен жойылуы, үзілуі қоса жүретін шаруашылық жүйедегі тең салмақтылықтың орасан зор бұзылуы. Бұл дамудың соңғы нәтижесінде экономикалық жүйенің біртұтас қызмет істеуінің бұзылуы басталады. Дағдарыстың барлық көптүрлілігін мынадай үш түрлі негіздемелер бойынша жіктеуге болады. Бірінші негіз – шаруашылық жүйесіндегі тең салмақтылықтың бұзылу ауқымдары бойынша жалпы дағдарыстар барлық ұлттық шаруашылықты қамтиды. Сирек түрі экономиканың белгілі бір саласын немесе сферасын қамтиды. Екінші негізге – экономикалық тең салмақтылықтың бұзылу тұрақтылығы. Кезеңді, мерзімді дағдарыстар белгілі бір уақыт ішінде қайталанады. Аралық дағдарыстар толық іскерлік циклдың басталуына мүмкіндік бермейді және белгілі бір фазада үзіліс табады. Бұл дағдарыс тайыздау және қысқа мерзімді болады. Тұрақсыз, жиі емес дағдарыстар өзінің пайда болу ерекшеліктерімен байланысты. Салалық дағдарыс – халық шаруашылығының саласын қамтиды және өндіріс жүйесін өзгертеді, қалыптасқан шаруашылық байланыстарын бұзады. Аралық дағдарыстар – бұл ауылшаруашылық өнімдері сатылуының кілт тоқтатылуы. Ауылшаруашылық өнімдері бағаларының төмендеуі. Аралық дағдарыстың пайда болуы мен негізгі белгілері: ауылшаруышылық тауарларының сатылмалы қорының өсуі, оларға бағаның кемуі, өндіріс көлемінің құлдырауы, өсуі, еңбекақының кемуі. Аграрлық дағдарыс көбінесе, ұзақ және тоқырамалы болады. Циклдік сипаттамасы байқалмайды. Құрылымдық дағдарыс - өндіріс салалар арасында қалыптасқан қатынастардың бұзылуымен байланысты. Мысалы, 70-ші жылдардың ортасында шикізаттық және энергетикалық дағдарыстар пайда болады. Дағдарысты жіктеудің үшінші негізі – ұдайы өндіріс прапорциясының бұзылу сипаты бойынша айырмашылығы. Мұнда дағдарыстың екі түрі айқындалады. Тауарды артық өндіру дағдарысы – артық өндірілген қажетті заттардың сатылмауы.

Тауарды қажетті мөлшерде өндірмеу дағдарысы – төлем қабілеті бар сұранысты қанағаттандырмауында. Қоғамдық өнімді өндірудегі ұлғаймалы ұдайы өндірістің дамуына әсер еткен бірінші фактор – бұл, ХХ ғасырдың екінші жартысындағы ғылыми техникалық революция. ҒТР әсерімен дағдарыстың барысы өзгеріп, оның жаңа түрлері пайда болып дамиды. ҒТР бір жағынан ғылым нәтижесін көбірек сіңірген өндіріс саласын өмірге әкеледі (микроэлектроника, робот жасау, нанотехнология). Бұлар дағдарыстық құлдырауға көнбейтін салалар. Екінші жағынан, ҒТР өнеркәсіптің дәстүрлі салаларында (көмір, қара металлургия) құрылымдық дағдарыстың пайда болуына себеп болады. Құрылымдық дағдарыстың мерзімі ұзақтау болады. Ескі дәстүрлі салалардағы тоқырау және құлдырау процесстері тек қана техникалық және технологиялық артқа қалу мен ғана емес, сонымен қатар тиімділіктің төменгі дәрежесімен, пайда алудың орнына зиян шегумен байланысты болады. Мұндай дағдарыстан шығу артта қалған салаларды жаңаланған жоғарғы тиімділік беретін техникамен технологияларды қолдану арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар, ҒТР негізгі капиталдың айналымын тездетуге елеулі әсер етті, ескі техниканы жаңа, жетілген техникамен ауыстырып тездетілді. Осының салдарынан дағдарыстың мерзімі тездетілді – 10-12 жылдың орнына 5-6 жыл ішінде қайталанды. Қоғамдық өнімді өндірудегі ұлғаймалы ұдайы өндірістің дамуына әсер еткен екінші фактор мемлекеттің шаруашылықты дамытуға, макроэкономикалық процесстерді тұрақты дамытуға, кедергі келтіретін дағдарыстың бұзғыштық күшін әлсіретуге бағытталған белсенді араласуы болды. Батыс елдерінде циклге және дағдарысқа қарсы саясат жүргізуде үлкен тәжірибе жинақталған. Нәтижесінде дағдарыстардың бұзғыштық күш әрекеттері әлсіреді, циклдің іс-белсенділігі кейбір дәстүрлі фазасынсыз біркелкі даму мен құлдыраудың тереңдігі, көтерілудің биіктігі азайды. Барлық экономикалық дағдарысқа ұдайы өндіріс жүйесінің тез бұзылуынан басталады, оған өндірісаралық (нарықтағы тауар сұранысы) және халық тұтынуы (төлем қабілеттілік сұранысы) байланыстарының теңелмеушілігінен пайда болады. Экономикалық цикл – кезеңдік көтерілу, өрлеу және іскерлік белсенділіктің басылуымен көрінеді. Тербеліс болуының нәтижесі әртүрлі белсенділік көрсеткішетерін сипаттайды: ЖҰӨ өсуінің қарқыны, жалпы сату көлемі, жалпы баға деңгейі, жұмыссыздық көлемі т.б. Негізгі цикл болып ЖҰӨ өсу қарқыны теңселуі кезінде экономикалық 4 фазадан тұрады: жандану, өрлеу, бум (ағылшын тілінен аударғанда – гүлдену), депрессия, төмендеу, күйзеліс. Төмендеу, күйзеліс сипаттамасы: - алдымен қор жойылады, өндірістік инвестиция қысқарады; - еңбекке сұраныс азаяды; - тауар бағасының өсуі төмендейді;

- табыстың тез түсуі байқалады. Максималды басылу. Басылу фазасы, рецессия және депрессия болып екіге бөлінеді. Рецессия (күйреу) – бұл ұлттық өндіріс көлемінің басылуы, 6 ай және одан да ары жалғасады. Депрессия ( күйзеліс) – бұл жоғары жұмыссыздықтың өсуімен біраз жылға созылатын ұлттық өндіріс көлемінің басылуы. Өрлеу сипаттамасы басылудың қарама-қайшы жағы. Барлық болып жатқан құбылыс қарама-қарсы бағытта жүреді. Гүлдену сипаттамасы – іскерлік, белсенділік шыңы. Экономика өз мүмкіндігінің шегінде жұмыс істейді. Қысқа, орта мерзімді циклдар. Қысқа мерзімді. Нарықтық сұраныстың тауармен қызмет көрсетуге ұсыныстың ауытқуы: қысқа, ұзақ мерзімде. Орта ұзақтық цикл. Құрал жабдыққа, құрылысқа сұраныстың өзгеруімен байланысты ауытқу. Капиталдың күшею жолымен жаңаруы 8-12 жылға созылады. Ұзындық уақыты 10-15 жыл негізгі капиталдың қызмет ету уақыты сияқты. Ұзақ мерзімді цикл 40-60 жылға созылады. Өндірісте технологиялық тәсілдің бір түрден екінші түрге өту ауытқуы. Қазіргі замандағы нарықтық экономикаға мемлекеттің әсер етуі арқылы экономикалық цикл, дағдарыстың тереңдігі мен жиілігі, циклдің фазаларының ұзақтығы және олардың ара- қатынастары өзгереді. Мемлекеттің экономикалық циклге әсер етуінің әдіс-тәсілдері несие- ақша, бюджет салық жүйелері, тұрғалары болып табылады. Дағдарыс кезеңінде мемлекеттік шаралар: өндірісті ынталандыру, көтерілу кезеңінде: оны тежеу, ұстау болып табылады. Мәселен, экономиканың «қыздырылуын» әлсірету мақсатында мемлекет циклдің көтерілу фазасында несиені қымбаттатуға әсер етеді, салықтардың жаңа түрін енгізеді, ескі салықтарды көтереді, тездетілген амортизацияны және жаңа инвестицияға арналға салықтың жеңілдіктерін алып тастайды. Дағдарыс циклінде қарсы бағытталған мемлекеттің саясаты инфляцияға қарсы саясатқа ауыстырылды. Инфляция қазіргі экономикалық циклдің құрамдас бөлігі болып есептелінеді, ол экономиканың циклдік қозғалысына әсер етіп, циклдік механизмін өзгертеді. Бұл өзгеріс бағаның нарықтық сұранысының дағдарыстық тарылуына, әлсіреуіне әкеледі. Инфляцияның өмірдегі көрінісі – тауар бағаларының күрт өсуі. Осы көріністі Американдық ғалым және публицист Д.Ж.Гельбрит «ақшаның тауарды қууы» деп сипаттады. Инфляцияның алғашқы себебі – айналымдағы ақша массасы мен сатылуға тиісті тауарлар массасы теңдігінің бұзылуы. Бұл диспропорция, біріншіден, өндірістің күрт қысқаруынан, екіншіден айналымдағы тауарлар массасының аздығына қарамастан, мемлекет өз шығындарын өтеу мақсатында қағаз ақшаны көп шығаруынан болады.

Болып жатқан инфляцияны әлсіретудің (тоқтатудың) бір амалы ретінде үкімет ұлттық банкпен бірлесіп, инфляцияға қатаң қаржы-несие саясатын жүзеге асыруда, кәсіпорындарының салық ауыртпалығын төмендету және нарықты қайта құруды жүзеге асыруға арналған мемлекеттің шығынын инфляциясыз арттыру бағытына біртіндеп көшіруді ескере отырып, жалғастырды. Коньюктураның циклдік толқуынан болатын бағаның өсуін инфляцияға жатқызуға болмайды. Циклдің түрлі фазаларынан өту барысында (әсіресе, ХІХ ғ. аяғы – ХХ ғ.басы кезіне тән «классикалық түрі») бағалардың динамикасы өзгеріп отырады. Аласапыранның бас кезіндегі оның өсуі дағдарыс пен депрессия фазасында төмендеп, жандану кезінде баға тағы да көтеріледі. Еңбек өнімділігін арттыру бағаның төмендеуіне әкелуі тиіс. Циклдік толқулардың тағы бір көрінісі жалақының өсуі еңбек өнімділігінен артып кетуінде. Мұндай құбылыс шығынның инфляциясы деп аталады, ол өз кезегінде баға деңгейінің жалпы өсуіне алып келеді. Кездейсоқ апаттар да бағаның инфляциялық өсуіне көп әсер етпейді. Айталық, су басып кеткен аймақтардағы құрылыс материалдарының бағалары өседі. Бұл құрылыс материалдарын шығаратын өндірісті ұлғайтады, ал олар нарықты толтыру барысында, баға төмендеуі тиіс. Қорытып айтқанда, нарықтық экономиканың циклдік дағдарыс арқылы өзін-өзі реттейтін механизмі мемлекеттік реттеу арқылы жүзеге асырылады. Өйтсе де, циклді мемлекеттік реттеудің өзі де дағдарысқа ұшырауда. Бұл қазіргі замандағы циклдік дағдарыстардың ерекшеліктері. Осының салдарынан мемлекеттің экономикалық қызметтері экономиканың тұрақсыз дамуының қосымша себептеріне айналды.



Бақылау сұрақтары:

1. Нарықтық экономиканың циклдік дамуындағы теориялық көзқарастар.

2. Экономикалық дамудың циклдік сипатының мазмұны мен түсінігі.

3. Экономикалық ауытқудың фазалары.

4. Дағдарыс, тұтыну, жандану, өрлеу.

5. Экономикалық ауытқулардың түрлері.

6. Экономикалық ауытқулардың себептері мен факторлары.

7. Экономикалық ауытқулардың түрлері.

8. Дағдарысты жіктеудің негіздері.

9. Экономикалық ауытқуларға мемлекеттің әсер етуінің әдіс-тәсілдері.


12 тақырыпқа арналған тесттік тапсырмалар:

1. ЖІӨ ... соммасы ретінде есептелуі мүмкін

A) тұтыну, инвестиция, мемлекеттік шығындар, таза экспорт

B) тұтыну, трансферттік төлемдер, жал ақы, пайда

C) инвестиция, жал ақы, пайда, аралық тауарлардың құнының

D) ақырғы тауарлардың құны, аралық тауарлардың құны, трансферттік төлемдер, арендалық төлемдер;

E) ішкі таза өнім және қолдағы жеке кіріс

2. ... жалпы шығындардың компанеты болып есептелмейді

A) мемлекеттік шығындар

B) инвестициялар

C) тұтыну шығындары

D) салықтар;

E) таза экспорт

3. Дамыған елдерде ЖІӨ құрамында айрықша үлесі:

А) тұтынушылық шығындарда;

B) инвестициялық шығындарда;

C) мемлекеттік шығындарда;

D) таза экспортта.

E) бұндай статистикалық мәліметтер жоқ.

4. Ағымды тұтыну шыындарына ... сатып алуы жатпайды

A) гамбургенды

B) тонды


C) театр билетін

D) тіс пастасын;

E) аталғаннын барлығы ағымды тұтынуға жатады

5. Ұзақ мерзімді тұтыну тауарларына ... жатпайды

A) компьютер

B) көлік


C) жиһаз

D) тон;


E) аталған барлығы ұзақ мерзімді тұтыну тауарлары деп аталады

6. Ұзақ мерзімді тұтыну тауарлар шығындарына ... сатып алуы жатпайды

A) жаңа тоңазытқыш

B) жаңа пәтер

C) жаңа кіпат шкафы

D) жаңа бала велосипеды;

E) аталған барлығы ұзақ мерзімді тұтыну тауарлары деп аталады

7. Азаматпен экологиясы таза ауданда 300 мың доллар тұратын котеджжі сатып алу:

А) жалпыланған тұтынушылық шығындарды 300 мың долларға ұлғайтады;

B) жалпыланған тұтынушылық шығындарды 300 мың доллардан артық ұлғайтады, өйткені болашақта азамат мемлекетке жер салығын төлеуге міндетті болады;

C) жалпыланған тұтынушылық шығындарды 300 мың доллардан төмен ұлғайтады, өйткені аталған мүлікті жалға беріп ренталық табыстарды алуға болады;

D) жалпыланған тұтынушылық шығындарды өзгертпейді;

E) жалпыланған тұтынушылық шығындарды 300 мың долларға ұлғайтады - минус мүліктіқ салық.

8. Азамат зейнеткерлікке шыққанда тұру үшін ұй сатып алады, онда бұл операция ... мөлшеріне әсер етеді

A) тұтынушылық шығындар

B) инвестициялар

C) мемлекеттік шығындар

D) таза экспорт;

E) тура айтуға болмады

9. Егер нан өндіріліп, бірақ болашақта сату үшін қалдырылса, онда бұл жағдайды қалай сипаттауға болады:

А) ақшаны текке жұмсау;

B) жинақтау;

C) болашақтағы жинақтау;

D) негізгі капиталға инвестициялау;

E) қорларға инвестиция.

10. Аталған операциялардың қайсы инвестиция деп есептелмейді:

А) өздеріміз тұрамыздеп жан ұямен салынған ұй;

B) келесі жылда сату мақсатымен көліктерді сатуымен айналысатын дилер осы жылғы бірнеше модельдерді қорға бағыттайды;

C) азамат антикварды жиһаздың бірнеше данасын сатып алады;

D) фирма компьютер сатып алады;

E) фермер өзінің фермасына жануарларды сатып алады.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Әубәкіров Я.Ә. Экономикалық теория негіздері. – Алматы, 2005

2. Акимбеков С. Экономикалық теория, Астана, 2000

3. Нүрпейсов Ж.Қ. Экономикалық теория негіздері.- Ақмола, 2004

4. Мауленова С.С., Құдайбергенов Е.К., Бекмолдин С.К. Экономикалық теория: оқу құралы. Алматы, 2004

5. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория.– Ақтөбе, 2004

6. Акимов, Ж. М. Нарықтық қатынастар арқылы кәсіпкерлердің балық өнімдерін арттыру [Текст] / Ж. М. Акимов // АльПари. - 2007. - № 1. - С. 243-244

7. Әбдіқалық, Айнур Әлеуметтік саясат мураты-әлеуметтік әділдікте. [Текст] / Айнур Әбдіқалық // Ақиқат. - 2007. - № 11. - С. 20-23.

8. «Ақша, несие, банктер» авт: Саниев. Алматы 2001 жыл. Алматы
статистика және басқару институты. 442 бет

9.Жамишев «ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы шенберіндегі әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттары». Қоғам ж/е Дәуір-2009 № 3 бет 34-37

10. Ихданов Ж.О., Омарбеков Ә.О. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2002 – 218 бет.

11. Мақыш, С. Б. «Әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациялар өңірдің экономикалық және әлеуметтік дамуының "локомотиві" бола ала ма ? [Текст] / С. Мақыш // Ақиқат. - 2008. - № 1. - бет 20-25.

12. Сабыров «Қазақстанның әлеуметтік дамуының қазіргі кездегі қарқыны» Қоғам ж/е дәуір 2008 номер 3 бет 57-60

13. Сабден О. ХХІ ғасырға қандай экономикамен кіреміз. Қазақстан баспасы, Алматы, 1997 жыл.

14. Сейткасымов А.К. «Кәсіпорын экономикасы» 2005 жыл.

15. Тасқымбаева , Р. Б. Орта ғасырдағы әлеуметтік-түлімдік ойларды оқу-тәрбие үрдісіне ендіру мәселелері [Текст] / Р. Б. Тасқымбаева // Білім = Образование . - 2008. - № 3. - С. 48-49.

16. Төреғожина М.Б. Экономиканы реттеу: Лекциялар курсы. – Алматы: Экономика 2008 -206 бет

17. Ілиясов Қ.Қ. "Қаржы" Алматы /Экономика/ 2005ж

18. Ходжаниязова Ж.Т. Нарықтық экономика негіздері: Оқулық. – Астана: Фолиант 2007. – 168 бет.

19. Шөптибаева , Г Инновациялық даму кезеңіндегі адам капиталын қалыптастырудың әлеуметтік мәселелері [Текст] / Г Шөптибаева // САЯСАТ - POLIСЇ. - 2008. - № 5. - С. 96



20. Осипова Г.М. Экномикалық теория негіздері.- Алматы, 2002.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет