Елдес 0марұлы және тіл білімі мәселелері



бет11/16
Дата06.02.2022
өлшемі348,43 Kb.
#80887
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Елдес Омарұлы және тіл білімі мәселелері
V Н с а 30 билет, V Н с а 30 билет
«Жарты дауысты дыбыстар».Ғалым жарты дауысты дыбыстар деп қазіргі кездегі үнділер қатарындағы р, л, у, и дыбыстарын айтады. Дәл осы пікір кейін Жұбанов еңбектерінде де жалғасын тапқан болатын.


«О сочетании звуков казахского языка». Қазақ тілінің дыбыс жүйесін өзге ұлт өкілдеріне түсіндіруге арналған мақала. Бұлай айтуымыздың себебі,мақалада фонетика жүйесі қысқа әрі түсінікті берілген. Ғалым қазақ тіліндегі дауысты,дауыссыз дыбыстардың бөлінісін кесте арқылы берген.

Гласные

Сонорные

Шумные

широкие

узкие

плавные

носовые

звонкие

глухие

А,о,э

У,ы

Л,р

М,н,ң

Б,з,ж,д,г,ғ

П,с,ш,к,қ

Дауыс пайда болуының жеріне байланысты:






Губные

Зубные и передние

Средненебные

Задненебные

Плавные
Носовые
Звонкие
Глухие

У
М
Б
П

Р, л, и
Н
З, ж, д
С, ш, т

Г
К

Ң
Ғ
Қ



Мақалада ғалым қазақ тілінде 43 дыбыс бар деп көрсетеді.Оның 5-еуі дауысты, қалған 34-і дауыссыз.



Қазақ тіл біліміндегі синтаксис саласының негізін қалаушылардың бірі ретінде
А.Шаяхмет пікірі бойынша Елдес Омарұлы-қазақ тіл білімі синтаксис саласының негізін қалаушы ірі тұлғалардың бірі. Алайда ғалымның бұл саладағы үлесі тәуелсіздік жылдарына дейін белгісіз болып келді. Ғалымның синтаксис саласына арнаған кең көлемді еңбегі бар. Алайда бұл еңбек ұзақ жылдар бойы халқымен қауыша алмай келді.Негізінен ғалым «Синтаксис жаттықтырғышы» еңбегін 1928 жылы жзып болып,баспаға ұсынған. Алайда,кеңестік цензураға ілініп баспа бетін көрмей қалған. Кейін Елдес Омарұлының өзі де тағдыр талқысына түскен кезде бұл еңбекке мүлде көңіл бөлінбей қалған. Сөйтіп, қазақ тілінің сөйлем мен сөз тіркесі туралы құнды мәліметтер ұзақ жылдар бойы халқынан жырақта келді. Тек тәуелсіздіктен 20 жылдан кейін 2010 жылдарда осы кітап мұрағаттан табылған.
Келесі кезек те кітаптың өзіне тоқталып өтсем:
2018 жылғы жарық көрген шығармалар жинағының 2-томында «Синтаксис жаттықтырғышы» кирилл әрпімен басылып шыққан болатын.

Оқулықта 19 тақырып қамтылған. Әрбір тақырыпқа түсініктеме берілген. Тақырыпты пысықтау мақсатында бірнеше тапсырмалар мен мысалдар көрсетілген. Оқулық барынша халық санасына ұғынықты болып құрастырылған.
Тарауларына тоқталсақ:

  • 1.Бастауыш пен баяндауыш. Қазақ тіліндегі сөйлемнің екі негізгі мүшесі туралы айтылған.

  • 2.Айқындауыш. Жектесу амалдары. Бұл жердегі жектесу амалдары деп тұрғаны-сөздердің байланысу тәсілдері. Ғалым жектесудің бес түрін көрсетеді:

1.Септесу. Қазіргі кездегі сөздердің байланусыуның матасу тәсілі;
2.Іліктеуіш-меңгеру
3.Шақтасу-қиысу
4.Жанасу
5.Қабысу.

  • 3.Септес сөздер. Септесу тәсілі арқылы жасалған сөздер. Ғалым септес сөздердің екі түрін айырып көрсетеді: шын обіиекті және қабысқан септес. Алғашқысы тура толықтауышпен септестін сөз болса,келесісі табыс септігінің жасырылған формасымен(жалғаусыз) тіркескен сөздер деп көрсетеді.

  • 4.Барыс-шығыстық септес. Барыс және шығыс септігінде тұрған сөздермен тіркескен сөздер. Ғалым оның 4 түрін көрсетеді: мекен-мезгіл, себеп-мақсат, сұубійекті-обійекті және жай обійекті.

  • 5.Құрал-жалғаулы септес. Көмектес септігіндегі сөзбен тіркескен сөздерді құрал-жалғаулы септес деп атайды. Оның 6 түрін ажыратып көрсетеді:мекен септес, мезгіл септес, құрал септес,сын септес, ереуіл септес, жай обійекті.

  • 6.Меңзес септес. Пысықтауыштық қатынастағы сөздерді осылай атайды да үшке бөледі: сын септес, себеп септес, мезгіл септес.

  • 7.Жалғаулы септестер.

  • 8.Іліктес сөздер. Бұл жердегі еліктес сөздер-сөйлемнің айқындауыш мүшелері.Ғалым оны 5 түрге бөліп көрсетеді: меншікті іліктес(колхоздың малы), мүшелі іліктес(кітаптың беті), суұйбекті іліктес(оның шынын), жалқы іліктес(Алтай тауы).

  • 9.Жанас сөздер-үстеу сөздер.Мән жағынан екіге:мезгіл жанас,мекен жанас; түр жағынан үшке бөледі:түп жанас,туұынды жанас,қосынды жанас.

  • 10.Шақтас сөздер. Ғалым шақтас сөздерді екіге ажыратады:сүйеншек шақтас сөздер мен көсемше шақтас сөздер.

  • 11.Қабыс сөздер. Қазіргі тіліміздегі қолданыстағы модаль сөздер.

  • 12.Қаратпа мен қыстырма сөздер.

  • 13.Жетектесудің түр-түрі.

  • 14.Сөйлем мүшелерінің орын-орны.

  • 15.Сөйлемнің түр-түрі

  • 16.Тектес мүшелер. Е.Омарұлы айтып тұрған тектес мүшелері- бір сөйлемде бір септікте тұрған сөздер. Тұрпаты жағынан сөйлемнің бірыңғай мүшелеріне ұқсайды.

  • 17.Төл сөздер

  • 18.Салалас сөйлем. Ғалым салалас сөйлемнің үш түрін бөліп көрсетеді:ыңғайлас салалас сөйлем,ереуіл салалас сөйлем, талғама салалас сөйлем.

  • 19.Ійесіз сөйлем мен олқы сөйлем. Мұндағы ійесіз сөйлем деп тұрғаны қазіргі тілдегі жақсыз сөйлем болса,олқы сөйлемі-толымсыз сөйлем. Қ.Жұбанов еңбектерінде де толымсыз сөйлемді олқы сөйлем деп көрсеткен болатын.


«Синтаксис жаттықтырғышы»- қазақ тіл біліміндегі сөз тіркесі мен сөйлем жүйесі туралы кесек туынды.Әрине,термин атаулары,мысалдар мен кейбір ережелер қазіргі тіл біліміндегі қағидаларға келе бермейді. Соған қарамастан, бұл еңбек өз заманының құнды мұрасы болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет