«Электрқауіпсіздігі» дәрістер жинағы 6В11210-Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің мамандығы бойынша оқитын жоғарғы оқу орындарының студенттерге арналған



бет26/57
Дата23.12.2021
өлшемі476,97 Kb.
#127890
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   57
Байланысты:
21-22 ересек перспектикасы
Жерге қатысты сыйымдылық

Электртехникалық бұйымның ток өткізгіш бөліктері мен қаңқасы өздігінше белгілі бір сыйымдылыққа ие конденсатор түзеді. Мұнда бір бірінен оқшауланған әртүрлі потенциалдарға ие ϕФ және ϕ0 екі ток өткізгіш ортаға ие боламыз. 8 суретте көрініп тұрғандай, ұзындығы ΔL сымның әр элементарлы аймағы жерге қатысты ΔС сыйымдылыққа ие. Сымның эквивалентті сыйымдылығы осы бөлшекті сыйымдылықтардың қосындысына тең. Ұзындығы 1 км кабель желісінің сыйымдылығы оның көлденең қимасының ауданына және кабельдің конструкциясына тәуелді 0,1-1,0 мкФ аралығында ауытқиды. Әр ток өткізгіш элемент – электрлік машиналардың, трансформаторлардың орамалары және т.б. белгілі бір сыйымдылыққа ие.

Сурет 8. Жерге қатысты ток өткізгіш бөліктердің сыйымдылығы: таралған (а) және эквивалентті (б)
Жерге қатысты сыйымдылық – тізбек ұзынбығы бойымен таралған элемент. Бірақ электрқауіпсіздігі шарттарын талдау кезінде таралған сыйымдылықты бағытталған эквиваленттімен алмастырады және бағытталған көрсеткіштерге ие тізбектер теориясы аппараты қолданылады. 50 Гц өндірістік жиілікті электромагниттік толқындардың ұзындығы 6000 км тең (λ = c/f), яғни ол кез-келген өндірістік нысанның электрлік желілерінің геометриялық өлшемдерінен әлдекайда үлкен. Стационарлы емес желідегі импульсті артық кернеу түріндегі жоғары жиілікті үрдістерді талдау кезінде, жерге кенеттен тұйықталу кезінде және электрэнергиясын ұзаққа тасымалдау тізбектеріндегі үрдістерді есептеу кезінде сыйымдылық таралған элемент ретінде есептеледі.

Өндірістік жиіліктегі кез келген тұрақты ток желісінде электр тізбегінің үзілуі кезінде жоғары жиіліктегі электромагниттік ауытқулар туындайды, олар сыртқы кеңістікте де шағылысады және желі бойымен де өтеді. Мұндай кедергі генераторы коммутациялық аппараттар, коллекторлы электрлік машиналар және осыған ұқсастар болып табылады. Кедергілердің өзге көздері болып желінің сызықтық емес элементтер табылады, олар кернеу қисығының формасын бұрмалайды және жоғары жиілікті құраушыларын генерирлейді.

Әдетте электромагниттік кедергілердің деңгейін сыйымдылықты сүзгілерді қолдану жолымен төмендетеді. Осылайша, электр қондырғыларын жобалау сатысында, сонымен қатар оны эксплуатациялау кезінде де электр қауіпсіздігін талдау, ток өткізгіш элементтердің жермен байланысу көрсеткіштерін есепке ала отырып орындалуы қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   57




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет