Электродтық потенциал. Электролиз Металл мен ерітіндінің түйіскен жерінде түзілген қабатты қос электр қабаты


ЭҚК = E0Cu/Cu2+ − Е 0 Zn/Zn2+ =(+0,34) – (− 0,76)=+1,10в



бет7/7
Дата28.11.2023
өлшемі1,83 Mb.
#193775
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
file-1011-15

ЭҚК = E0Cu/Cu2+ − Е 0 Zn/Zn2+ =(+0,34) – (− 0,76)=+1,10в.

Гальвани элементін құрайтын металдардың стандартты электродтық потенциалдары бірінен-бірі алгебралық шамасы бойынша алшақ болған сайын оның ЭҚК көбірек болады. Егер металдың өз тұзының ерітіндісіндегі концентрациясы 1моль/л мөлшерінен артық, не кем болса, оның потенциалы стандартты электродтық потенциалынан өзгеше болады. Бұл жағдайда электродтық потенциалды Нернст формуласы бойынша есептейді:

  • Гальвани элементін құрайтын металдардың стандартты электродтық потенциалдары бірінен-бірі алгебралық шамасы бойынша алшақ болған сайын оның ЭҚК көбірек болады. Егер металдың өз тұзының ерітіндісіндегі концентрациясы 1моль/л мөлшерінен артық, не кем болса, оның потенциалы стандартты электродтық потенциалынан өзгеше болады. Бұл жағдайда электродтық потенциалды Нернст формуласы бойынша есептейді:
  • Е= E0 +RT/nF ln[Oх]/[Red] E= E0 +0,058/n lgС,

    мұндағы n-электрон саны, С-металдың ерітіндідегі концентрациясы, (моль/л), R – универсал газ тұрақтысы, Ғ – Фарадей тұрақтысы, Т – Кельвин температурасы.

  • Сонда, мырыш тұзының 0,001М ерітіндісіне батырылған кездегі потенциалы:
  • Е = − 0,76+0,058/2×lg10-3 = − 0,85в.

  • Бұдан электролит ерітіндісіндегі металл ионы концентрациясының кемуі оның электродтық потенциалының алгебралық шамасының азайатындығын көрсетеді, керісінше концентрациясының артуы потенциал шамасын ұлғайтады.

Гальваникалық элемент жұмыс істегенде сол электродтарда мырыштың тотығуы және оң электродта мыс катионының тотықсыздануы нәтижесінде оң жақтағы жартылай элементте аниондарының артық мөлшері, ал сол жағында – оның жетіспеушілігі туады. Яғни элементтің жұмысы оң жақтағы жартылай элементтен солға қарай иондарын тасымалдау. Сондықтан екі жартылай элементтен құралған. Элемент жұмыс істеуі үшін ерітінділер жанасуы қажет. Екі ерітіндіні де электролиті бар кеуекті қалқа немесе жалғағыш көпірше арқылы бөледі.

ЖАНАСУ ПОТЕНЦИАЛДАР АЙЫРЫМЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

  • Гальваникалық элемент электр тогын беру үшін электродтарды міндетті түрде металл өткізгіштермен тұйықтау қажет. Егер әртүрлі А және В металдары жақын жанасса, онда электрондардың белгілі бір мөлшері бір металдан екіншісіне беріледі, бір металл оң, ал екіншісі теріс зарядталады.

Егер әртүрлі электролиттер немесе бір ерітінді, бірақ әртүрлі концентрациялы жанасса, онда ерітіндінің жанасу шекарасында потенциалдар секірімі пайда болады. Ол диффузиялық потенциал ЕДИФ деп аталады. Соңғысын дәл анықтау мүмкін емес, сондықтан оны азайтуға тырысады. Диффузиялық потенциалды азайтудың ең қарапайым тәсілі ол ион қозғалғыштығы бірдей ерітіндімен толтырылған (KCl, KNO3, NH4Cl, NH2NO3) жалғағыш көперше қолдану (тұзды көпірше). Тұзды көпіршелерді толтыру үшін көбінесе KCl қолданылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет