Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар факультеті



бет1/2
Дата21.11.2023
өлшемі41,25 Kb.
#192571
  1   2
Байланысты:
1Жаратлс.БӨЖ.Аяу
химия дәрістер (1), 1 обложка сырты Көктем шақырады с qr, DOC-20231018-WA0016., Opisanie-teorii-liderstva (1), Инклюзивті білім бері пәні-Copy, 2.Пусат.БӨЖ.Аяуу, Тапсырма-1 модуль

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар факультеті

БӨЖ

Тақырыбы: «Бастауыш мектепте жаратылыстануды оқыту әдістемесінің (ЖОӘ) міндеттері мен мазмұны»


Қабылдаған: Абдуллина Гүлжан


Орындаған:Тұрсынбек Аяулым
Тобы:ППМ-111


Түркістан-2023
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім:
1.Жаратылыстану пәнінің мақсаты мен маңыздылығы
2.Жаратылыстануды оқу әдістемесінің міндеттері
3.Жаратылыстану пәнінің басқа ғылымдармен байланысы
4.Жаратылыстану пәнінің 1-4 сынып аралығындағы базалық мазмұны
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Жаратылыстану пәнінің мақсаты оқушыларға еліміздің табиғаты,табиғи байлығы,экономикасы,адам-адам,адам-қоғам,адам-табиғат арасындағы қарым-қатынас туралы ғылыми ұғымы мен дүниені танып білудің әдіс-тәсілдерін меңгерту.


«Жаратылыстану» пәнінің маңыздылығы: жаратылыстану ғылымы бойынша білім беру бастауыш мектеп оқушыларын табиғи білімқұмарлықтың дамуына, әлем жайлы ой-өрісінің кеңеюіне, ғылымды түсінудің және қоршаған ортаны тұтастай қабылдаудың дамуына, қоршаған ортаны қорғау және бағалай білу біліктерінің дамуына көмектеседі.
Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сəйкес əзірленген.
Оқу бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктерінің танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес әр оқу пәнінің мазмұнын және олардың білім, білік, дағдыларының көлемін анықтайтын оқу-нормативтік құжат болып табылады.
Оқу бағдарламасы оқыту процесін оқушылардың пән салалары бойынша білім мен біліктерді саналы түрде меңгеруі үшін әр пәннің әдістемелік әлеуетін қолдануға, оқу, жоба, зерттеу іс-әрекеттері тәсілдерін меңгеру арқылы дербестігін дамытуға, әлеуметтік-мәдени кеңістікте орнын таба білуі үшін бағыттайды.
Оқу бағдарламасында оқу-нормативтік құжаттың дәстүрлі міндеттері заманауи мектепте білім беру процесін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдерімен үйлесімді сабақтасқан. Оқытудағы тәсілдер пән бойынша оқу бағдарламасының түбегейлі жаңа құрылымын құруда негізгі бағдары болып табылады.
Бастауыш мектептегі «Жаратылыстану» пәнінің оқу бағдарламасы
«Биология», «География», «Химия», «Физика» пәндерін негізгі мектепте
оқытудың негізін қалауға, алған білімдерін күнделікті өмірде (үйде, мектепте,
табиғат әлемінде) кездесетін табиғат құбылыстары мен процестерін түсіндіру,
сипаттау, болжау үшін қолдану білігін дамытуға бағытталған.


Баланы бастауыш сыныптан бастап мамандыққа бейімдеу — осы жаратылыстану пәнін дұрыс жүргізуден басталады. Мектептегі жоғарғы сыныптарда мамандыққа бейімдеу бойынша жаратылыстану – математика бағытында математика физика, география, биология, химия, информатика және технология пәндері оқытылады. Ал бастауыш сыныпта оқытылатын жаратылыстану пәні осы пәндерге баланы бағыттау, бейімдеу болып табылады Енді осы жаратылыстану пәнін оқытуға тоқтала кетейік. Жаратылыстану пәнінің құзіреттілігін арттыруда қандай әдіс-тәсілдерді қолдану тиімді деген сұрақ туындайды. Бастауыш сыныпта «Жаратылыстану» пәнін оқытуда әр түрлі жаңа технология элементтерін сабақтың мазмұнына байланысты жоспарлап қолдану өз нәтижесін жақсы береді. Баланың қабылдау ерекшелігі де ескерілу керек. Бұл факторларды еске алмай білім берілсе ол нәтижесіз болады. Бұл жерде мұғалім шеберлігі басты роль атқарады. Негізі тірек сызба нұсқалары балаға берілетін білімді жеңілдетеді. Есте сақтау қабілеті төмен баланың ойында өткен тақырып тез сақталады Сызба арқылы білім шашыранқы түрде емеснақты беріледі.Үйренген нәрсесін сызба арқылы беруге дағдыланады. Кестелер сабақты ғылыми тұрғыдан түсіндіруге мүмкіндік береді. Баланың шығармашылық қабілеті артып өз бетінше сызбалар құрастыруға талпынады. Жаратылыстану пәнінде қолданылатын зерттеудің негізгі принциптері мен әдістерін меңгеру жас ұрпақтың дүниетанымын, ойлаудың ғылыми тәсілін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жаратылыстану пәнінің маңыздылығы жаратылыстану ғылымы бойынша білім беру бастауыш мектеп жасындағы білім алушылардың табиғи білімқұмарлығының дамуына, әлем туралы ой-өрісінің кеңеюіне, ғылымды түсінудің және қоршаған ортаны тұтастай қабылдауының дамуына, қоршаған ортаны қорғау және бағалай білу біліктерінің дамуына ықпал етуімен анықталады.


Бастауыш мектептегі «Жаратылыстану» пәнінің оқу бағдарламасының мақсаты – әлемнің қазіргі заманғы жаратылыстану ғылымы тұрғысынан бейнесі туралы білім негізін қалыптастыру және білім алушылардың зерттеу біліктері мен дағдыларын дамыту.
Оқу пәнінің бағдарламасы келесі міндеттерге жетуге бағытталған:
1) зерттеу, ойлау, коммуникативтік дағдылары мен біліктерінің негізін
қалыптастыру;
2) техника мен технологияның дамуына елеулі ықпал еткен
жаратылыстанудың маңызды идеяларымен, жетістіктерімен танысу;
3) қоршаған әлемнің құбылыстарын түсіндіру үшін және әртүрлі ақпарат
көздерінен алынған жаратылыстану-ғылымдық тұрғысынан маңызды және
өмірлік маңызы бар мазмұнды ақпаратты қабылдау үшін алынған білімді
қолдана білу біліктерін меңгеру;
4) зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін, сыни тұрғыдан ойлау
қабілетін қарапайым зерттеулер, құбылыстарды талдау, жаратылыстану-ғылымдық ақпаратты қабылдау және түсіндіру барысында дамыту;
5) табиғат заңдарын тану және жаратылыстану ғылымдарының
жетістіктерін өркениеттің дамуы мен өмір сапасын жақсарту үшін пайдалану
мүмкіндігіне сенімділікті тәрбиелеу;
6) күнделікті өмірде тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заманауи
технологияларды сауатты пайдалану, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғау
үшін жаратылыстану ғылымдары бойынша білімдерін қолдану дағдыларын
қалыптастыру.
Оқу бағдарламасында үш тілде білім беруді жүзеге асыру
қарастырылған, онда үш тілді меңгертіп қана қоймай, сол сияқты білім
алушының сыныптан тыс жұмыстарын да үш (қазақ, орыс және ағылшын
тілдерінде) тілде ұйымдастыру қарастырылған.
Жеке тұлғалық қасиеттердің кең ауқымды дағдылармен бірлесе
дамытылуы білім берудің «қазақстандық патриотизм мен азаматтық
жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық»,
«ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты басты құндылықтарын білім алушы
бойына сіңіруге негіз болып табылады. Бұл құндылықтар білім алушының
тәртібі мен күнделікті іс-әрекеттерін ынталандыратын тұрақты бағдары болады.


Жаратылыстану курсын оқытудың мақсаты оқушылардың бойында ғылыми-жаратылыстану білімдерін, түсініктерін жəне саналы қоғамдастығы бар бірегей ғаламшар ретіндегі Жер туралы біртұтас көзқарастарын, табиғат пен қоғамның өзара жүйелі байланысын, жүйелі-кешенді ойлау мен функционалдық сауаттылықтарын дамытуды қалыптастыру болып табылады. Алдын-ала оза, кіріктіріп оқыту курсы болып саналады жəне оны негізгі орта мектепте оқыту жеке тұлғаның дамуы мен оған білім берудің, тəрбиелеудің жалпы мақсаттарына: оқушыларды функционалдық сауаттылықтың негізімен, білім жəне іскерлікпен жігерлендіріп, күнделікті өмірде қажетті бағыт пен мəдениеттілік, жаратылыстану ғылымдарына деген қызығушылықты жəне білімқұмарлықты дамытуға қызмет ету болып саналады.
Оқытудың міндеттері: курс бастауыш мектепте алған білім, біліктілік жəне дағдыны əрі қарай жалғастырады, сонымен қатар Отанын, туған табиғатын сүюге деген жоғары рухани ізгілікті, жеке тұлғаның жалпы мəдениеттілігін тəрбиелеуді жалғастырумен ұштастырылады.
Бағдарламада берілген барлық практикалық іс-əрекеттер дамытушы жəне қалыптастырушы болып табылады, міндетті түрде бағаланатын практикалық жұмыстар нөмірмен белгіленген.
Жаратылыстану пәнінің пəнаралық байланыстары:
1) географиямен, Жердің пайда болуы, оның пішіндері, картада жəне глобуста бейнеленуі, жердің қабықтары туралы оқығанда;
2) əдебиет жəне музыкамен, қазақ, қазақстандық, орыс, кеңес одағының ұлы ақындарының, жазушыларының жəне сазгерлерінің шығармаларын, музыкалық шығармаларды, əндерден үзінділерін қолдану барысында;
3) математикамен, табиғатты танудың ғылыми əдістерін оқу барысында, қарапайым есептеулер жасауда;
4) астрономиямен, жұлдызды аспанды жəне Ғарыштық кеңістікті оқу барысында;
5)тфизикамен, физикалық құбылыстарды, денелер мен заттарды оқуда;
6) химиямен, химиялық құбылыстарды оқу барысында;
7) биологиямен, Жердегі өсімдік жəне жануарлар дүниесін оқу барысында;
8) тарихпен, жаратылыстанушыларды, олардың дүниені тануға қосқан үлестерін оқу барысында. 


«Жаратылыстану» пәнінің 1-сыныпқа арналған базалық мазмұны келесі
бөлімдерден құралады:
1) «Мен зерттеушімін»: қоршаған орта құбылыстарын бақылау; бақылау кезеңдері; эксперимент;
2) «Жанды табиғат»: жанды ағзалар; өсімдіктер және олардың алуантүрлілігі, ағаштар, бұталар, шөптесін өсімдіктер; өсімдіктің негізгі
бөліктері: тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс, тұқым; жабайы және мәдени өсімдіктер; мәдени өсімдіктерді күту (суару, қоректендіру, топыраққа күтім жасау); өсімдіктің тіршілігіне қажетті жағдайлар (су, жарық, жылу, қоректік заттар); жануарлар, жабайы және үй жануарлары, үй жануарларын күту, үй жануарларының келтіретін пайдасы, жануарлардың жыл мезгілдерінің ауысуына бейімделуі: жылы жаққа ұшу, қысқа азық жинау, ұйқыға кету; адам,адамның дене мүшелері, адамның өмірінің кезеңдері, тамақтану, демалу;
3) «Жер және ғарыш»: жердің пішіні, глобус – жер моделі, ғарыш, ғарыш денелері, астрономия туралы алғашқы түсініктер; зымырандар, телескоптар,уақыт, уақыт өлшеу құралдары, сағат, күнтізбелер;
4) «Табиғат физикасы»: түрлі денелердің қозғалысы, табиғаттағы қозғалыс, адамдардың қозғалысы, қозғалыс траекториясы, қозғалыс траекториясын сурет түрінде белгілеу, жарық пен қараңғы, жарықтың табиғи және жасанды көздері, жарықтандыру, дыбыс және оның таралу ерекшеліктері,дыбыстың табиғи және жасанды көздері, жылу шығаратын құрылғылар,күнделікті өмірдегі электр, магниттің қасиеттері, магниттік қасиеті бар заттар.


«Жаратылыстану» оқу пәнінің 2-сыныпқа арналған базалық мазмұны келесі бөлімдерден құралады:
1) «Мен зерттеушімін»: қоршаған орта, құбылыстар, процестер, нысандар, зерттеушінің жеке тұлғалық қасиеттері, бақылау – ғылыми таным әдісі, бақылаудың белгілері: мақсаты, нысаны, жоспары, мерзімі, нәтижесі;бақылау нәтижесін шартты белгілер арқылы тіркеу, бақылау жүргізу жоспары,қорытынды жасау, эксперименттің белгілері: мақсаты, болжам, ресурстары, жоспары, мерзімі, нәтижесі; эксперимент жүргізу және нәтижесін кестеге тіркеу, ақпарат көздері;
2) «Жанды табиғат»: өсімдіктің өсуіне қажетті жағдайлар, өсімдіктерде болатын маусымдық өзгерістер, өсімдіктердің негізгі бөліктерінің қызметтері,өсімдік топтарының тіршілік ортасы және оған бейімделу тәсілдері, өсімдік топтары (өз өлкесіндегі өсімдіктер негізінде), топыраққа күтім жасау,өсімдіктерге қамқорлық жасау; жануарлардың топтары: бунақденелілер, балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар мен сүтқоректілер, жануарлардың тіршілік ортасына бейімделуі, жануарлардың көбеюі, жұмыртқа салатын және төлдейтін жануарлар, жануарларды қорғау,адам, қаңқа мен бұлшықет қызметі, бұлшықеттің жиырылуының қозғалудағырөлі, дұрыс дене сымбаты, тіс және оның күтімі, жеке гигиена, оның денсаулық сақтаудағы рөлі;
3) «Заттар және олардың қасиеттері»: ауа, ауаның адам, өсімдіктер мен жануарлар үшін маңызы, ауаның қасиеттері (түсі, иісі), ауаның агрегаттық күйі,жылуөткізгіштік, ауаның бос кеңістікті толтыратын қасиеті, су және оның физикалық қасиеттері, судың агрегаттық күйлері: қатты, сұйық, газ тәрізді:судың табиғи көздері, табиғат ресурстары және олардың қолданысы, табиғат ресурстарын шығу тегі бойынша жіктеу;
4) «Жер және ғарыш»: жер ғаламшары үшін Күннің рөлі, Ай – Жердің табиғи серігі, Күн жүйесінің ғаламшарлары, олардың орналасу реті және сипаттамалары, жер тобындағы ғаламшарлар, алып ғаламшарлар, уақытты өлшеу бірліктері: жыл, ай, апта, тәулік, сағат, минут; ғарыштағы қашықтық пен уақыт ерекшеліктері;
5) «Табиғат физикасы»: денелердің түрлі жылдамдықпен қозғалуы,жылдамдықтың сипаттамасы: жылдам, баяу, қозғалыс тудыратын күштер: тартужәне итеру, заттың массасы, заттардың массаларын анықтау, материалдардың жарықты өткізуі (мөлдір, мөлдір емес, жартылай мөлдір материалдар), қатты және бәсең дыбыс көздері, температура, температураны өлшеу, термометрлер,температураны өлшеу бірлігі – градус, магнит қолданылатын салалар.


«Жаратылыстану» пәнінің 3-сыныпқа арналған базалық мазмұны келесі бөлімдерден құралады:
1) «Мен зерттеушімін»: ғылыми жаңалықтар және олардың күнделікті өмірге әсері, ақпарат көздерінің түрлері, ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігі, экспериментті жоспарлау және жүргізу, эксперимент нәтижесін диаграмма түрінде белгілеу, қорытынды жасау;
2) «Жанды табиғат»: фотосинтез процесі туралы алғашқы түсінік,өсімдіктердің бейімделуі, жылусүйгіш, суыққа төзімді, көлеңкесүйгіш, жарықсүйгіш, шөлге төзімді, ылғалсүйгіш өсімдіктер; табиғат бірлестіктері –жанды және жансыз табиғаттың қауымдастығы, өз өлкесінің табиғат бірлестіктері, адам тіршілік әрекеттерінің өсімдіктердің алуантүрлілігіне әсері,өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктер (өз өлкесінің өсімдіктері негізінде), сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктерді сақтаудағы Қызыл кітаптың маңызы, жануарлар, омыртқалы және омыртқасыз жануарлар, жануарлардың өзара қарым-қатынас жасау түрлері, жануарлар мен өсімдіктер арасындағы өзара байланыс, тіршілік ортасындағы жағдайлардың өзгеруіне байланысты жануарлардың санының өзгеруі, адамның жануарлардың санының азаюына әкелетін іс-әрекеттері, адамның ішкі ағзалары, асқорыту жүйесі, оның адам тіршілігіндегі рөлі, тыныс алу жүйесі және оның ағзалары, тыныс алудың адам ағзасындағы рөлі, қанайналым жүйесі, оның адам ағзасындағы ролі, жүрек. тамыр соғуы, адамның ағзасын ауру мен инфекциялардан қорғау;
3) «Заттар және олардың қасиеттері»: заттар мен денелер, заттарды шығу тегі бойынша жіктеу, табиғи және жасанды денелер, заттарды агрегаттық күйі бойынша жіктеу (қатты, сұйық, газ тәрізді); ауа және оның құрамы (көмірқышқыл газ, оттек, азот, тағы басқалар), ауаның жануды қолдайтын қасиеті, жанды ағзалар мен жансыз табиғаттағы су, негізгі табиғи су көздері,мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдер; ащы және тұщы су, ауызсуды үнемді қолдану, суды тазалау тәсілдері, фильтр арқылы тазалау, судың тіршілік үшін маңызы; топырақ, топырақтың құрамы (құм, саз, жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтары, су, ауа), топырақ түрлері, топырақтың қасиеті, құнарлылық,топырақтың кейбір ағзалардың тіршілігіндегі ролі, топырақты қорғау;
4) «Жер және ғарыш»: жер сфералары туралы алғашқы түсінік (литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфера), жер сфераларын графикалық кескіндеу, ғарышты игерудегі айтулы оқиғалар, жердің алғашқы жасанды серігін ұшыру, адамның ғарышқа алғашқы ұшуы, айға адамның қонуы,адамзаттың дамуы үшін ғарыштың маңызы, ғарыш игерудегі Қазақстанның үлесі, Байқоңыр ғарыш айлағы, жердің өз осінен айналуы, Күн мен түннің ауысуы;
5) «Табиғат физикасы»: серпімділік күші, серпімді және пластикалық денелер, ауырлық күші, табиғаттағы ауырлық күші, үйкеліс күші, табиғаттағы үйкеліс күші, күштің әсер ету бағыты, көлеңке, оның пайда болу себептері,көлеңкенің ерекшеліктері, заттардың жарықты шағылдыру қасиеті, дыбыс. дыбыстың көздері мен дыбыс қабылдағыштар, дыбыс қаттылығының дыбыс көзі мен қабылдағыш арасындағы қашықтыққа тәуелділігі, электр энергиясы,электр энергиясының көздері, электр тізбегінің элементтері, қарапайым электр тізбегін құру сызбасы, әртүрлі металдардың магниттелуі.


«Жаратылыстану» пәнінің 4-сыныпқа арналған базалық мазмұны
келесі бөлімдерден құралады:
1) «Мен зерттеушімін»: зерттеудің өз пайымдауы негізінде анықталған өзекті бағыты, зерттеу әдісін таңдау, бақылау мен эксперименттің артықшылығы мен кемшілігі, нәтижені білім алушы таңдауы бойынша көрсету;
2) «Жанды табиғат»: қоректік тізбек, өсімдік – қоректік тізбектің маңызды буыны, өсімдіктің тіршілік циклі, тозаңдану негізінде тұқым түзілу,тұқым таралу жолдары (өздігінен, жел, су, жануарлар, адамдар арқылы таралу),жоғары және төменгі сатыдағы өсімдіктер, өсімдіктерді қорғау жолдары, өз өлкесінің жануарлары, бунақденелердің тіршілік циклі (жұмыртқа, дернәсіл, қуыршақ, ересек бунақденелі), жануарлардың қоректену ерекшеліктері,өсімдікқоректі және жыртқыш жануарлар, симбиоздық байланыстар, қоректік тізбек құрылымы, тіршілік ортасына байланысты қоректік тізбек модельдері,жойылу шегінде тұрған жануарлар, Қазақстанның Қызыл кітабы, Ұлттық саябақтар мен қорықтарды құру мақсаты, Қазақстанның ұлттық саябақтары мен қорықтары; адам, зәр шығару жүйесі мен оның рөлі, жүйке жүйесі, оның адам ағзасындағы рөлі;
3) «Заттар және олардың қасиеттері»: заттардың қасиеттері, заттарды қасиеттеріне байланысты қолдану, құрастырылған эксперимент жоспарына сәйкес жаңа зат алу, адам тіршілігінің түрлі салаларында ауаны қолдану,ауаның ластануы, ауаның ластануының табиғи және жасанды көздері, ауа тазалығын сақтау, ауаны тазарту жолдары, ауаның орын ауыстыруы, желдің пайдасы мен зияны, табиғаттағы су айналымы, атмосферада жауын-шашынның түзілуі, судың ластану көздері (тұрмыстық, өндірістік, ауылшаруашылық),судың ластануының түрлі ағзаларға әсерін түсіндіру, түрлі заттардың судағы ерігіштігі, пайдалы қазбалар (бор, тұз, әктас, саз, мұнай, гранит, көмір, табиғи газ), пайдалы қазбаларды қолдану, Қазақстанның негізгі пайдалы қазбаларыөндірілетін кен орындары, пайдалы қазбаларды қорғау және үнемді қолдану;
4) «Жер мен ғарыш»: жер бетінің ірі элементтері, ғарыш денелері (астероидтар, кометалар, метеориттер, жұлдыздар, галактикалар), жердегі
тіршілікке ғарыштың әсері, жердің орбита бойынша қозғалысы, жыл мезгілдерінің ауысуы, жыл мезгілдерінің сипаттамасы;
5) «Табиғат физикасы»: Архимед күші, Архимед күшін болжау, Архимед күшінің судағы заттарға әсері, көлеңкенің кедергі өлшеміне және жарық көзінен кедергіге дейінгі қашықтыққа тәуелділігі, жарықтың қасиеттері,шағылу, жұтылу, белгілі бір кедергілердің дыбыстың қаттылығы мен таралуына әсері, түрлі материалдардың жылуөткізгіштігі, түрлі материалдардың электрөткізгіштігі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет