Ән жанрлары мен мектептері



бет3/9
Дата15.12.2021
өлшемі51 Kb.
#101303
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
s 9
Ойын-оқыту әдісі. Оқыту әдістерін таңдау., Жоба, s 9, s 9, s 9, s 9, s 9, s 9, s 9, s 9, s 9, s 9
1. Романс тектес әндер –«Ақбақай», «Жиырма бес», «Япурай», «Ғайни» т.б.

2. Сатиралық-юморлық әндер –«Он алты қыз», «Ағашаяқ», «Құлбай бай» т.б.

3. Қара өлеңге құрылған әндер –«Сәулем-ай», «Еркем-ай», «Қамажай», «Жеті арал жерім-ай» т.б.

4. Қыз-келіншектер әндері –«Майра», «Дудар-ай», «Әупілдек» т.б.

5. Желдірме әндер –термелер, арнау, насихат әндер т.б.

6.Эпостық мазмұндағы әндер–жырлардың кейіпкерлерінің атынан айтылатын әндер –«Жігіттің падишасы - Әмір Темір», «Қос мүйізді Ескендір» т.б.

7. Авторлық-арнау әндер. Молдабайдың әні, Ғазиздің әні, «Бүркітбай», «Шашубай», «Теміртас» т.б.

Әндерді бұлай бөлу арқылы олардың формасын анықтауға болады, романс тектес әндердің диопозоны кең, вокалдық қайырымы мол болады. Ал, сатиралық-юморлық әндерде керісінше, мұндағы ән ырғағы шапшаңырақ, мәтіні мен мелодиясы үнемі қайталанып отырады, вокалдық дамуы шектеулі.

Қара өлеңдерді көбінесе халық әндері деп атайды, бұлардың да қалыптасқан қайырымы бар, көбінесе он бір буындық өлеңге құрылады. Мелодиясы пентатоникалық сарынға бейім, сондықтан әннің өте көне түрі деп айтуға негіз бар. Қыз-келіншектер әндерінде вокал иірімдері мол кездеседі, мұны бөле атаудағы себеп –диопозоны мен ән мәтіні әйел дауысының табиғатына лайықталған. Желдірме әндердің ырғағы ширақ, аты айтып тұрғандай салтанатты әрі жүрдек шырқалады. Эпостық мазмұндағы әндер кәдімгі қара өлеңге ұқсас, бірақ әннің аты немесе мазмұны эпостық кейіпкердің атына құрылады.Авторлық-арнау әндердің сарыны айтыс мақамдарын еске түсіреді, мұнда әуелі «Ал», «Ахау», «Оу» деген сияқты қаратпа айқай айтылады, қайырмасы қара өлеңге құралады, кейде өзге әндердегі мәтіндер қолданыла береді, ал, шумақта міндетті түрде автордың өзін немесе ата-бабасын мадақтаған өлеңі болады.

Халық әндері аймақтық мектептерге бөлінгенмен негізгі сарыны жалпы қазақы әнге ортақ сазға құрылады, сондықтан бір өлкенің әнін басқа өлкенің әншісі қиналмай айта береді, яғни қазақ әнінің біртұтастығы аймақтық әншілік мектептеріне қанша жіктегенмен бұзылмайды. Ғарифолланың Арқа әндерін тамылжыта шырқағаны, Жүсіпбектің Мұхит әндерін тебірене айтқаны соған дәлел бола алады.

Халықтық ән дәстүрінде орындаушылық ерекшеліктеріне қарай аймақтық мектептерге бөле оқыту тәжірибесі қалыптасқан. Жалпылай айтқанда, шартты түрде Арқа мектебі, Жетісу мектебі, Батыс Қазақстан (Мұхит Мералиев) мектебі деп бөлінеді.

1. Арқа мектебі –қазақы әншіліктің мейлінше дамыған саласы болып табылады. Арқа мектебінің өкілдері деп –Біржан, Ақан, Балуан Шолақ, Майра Уәлиқызы, Шашубай, Тайжан т.б. саңлақтарды атауға болады. Арқа әндері біркелкі еркін ырғақпен айтылады, диапозоны мейлінше кең болады. Арқа әндерінің кәсіби мектебін жасағандар – Ж.Елебекеов, Ж.Кәрменов, Қ.Байбосыновтар, бұлардан өзге, ән өнерінде ерекше із қалдырған Қ.Байжанов, Ә.Қашаубаев, Қ.Бабақов, Қ.Лекеров, Б.Жылқыбаев, М.Ержанов, Ж.Омарова, Р.Есімжанова, Р. Қойшыбаева, М.Көшкінбаев, И.Әлібаев, Ж.Қартабаева, Л.Сүйіндікова, М.Ешекеевтердің атын атай аламыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет