Ән жанрлары мен мектептері



бет4/9
Дата15.12.2021
өлшемі51 Kb.
#101303
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
s 9
Ойын-оқыту әдісі. Оқыту әдістерін таңдау., Жоба, s 9, s 9, s 9, s 9, s 9, s 9, s 9, s 9, s 9, s 9
2. Жетісу мектебіқазақтың көне әндерінің, әсіресе халықтық әуендердің мол сақталған әншілік өнер шоғыры саналады, орындалуы мен домбырада сүйемелденуі Арқа әндеріне өте ұқсас, сондықтан бұл мектептің өкілдерінің репертуарында Арқа сазгерлерінің әндері де кең орын алады. Жетісу әншілігінің көрнекті өкілдері ретінде Жамбыл, Кенен, Қапез, Пішан, Дәнеш Рақышевтарды атай аламыз. Жетісу ән мектебінің кәсіби тұғырын қалаған –Ж.Кәрменов, оның ізін жалғастырушы шәкірті – Е.Қосбармақов.

3. Батыс Қазақстандық әншілік мектеп – еліміздің батыс өлкесінде дамыған әншілік өнер. Бұрынғы Бөкей Ордасының жерінде шырқалған төкпелі жыр негізінде синтезделген желдірмелі ән Мұхит арқылы жаңа белеске көтерілді.

Мұхит әндері Атырау, Ақтау, Орал, Ақтөбе жерінен бастау алып Сыр мен Арқаға дейін қанатын жайған. Бұл мектептің басында Ғарифолла Құрманғалиев тұр, Ғарифолла Құрманғалиевпен үзеңгілес өнерпаз ретінде Әли Құрмановтын есімін құрметпен атай аламыз. Ғ.Құрманғалиев осы мектептің жеке арнаға айналып үлкен өнер саласы болуына көп тер төкті. Ғарифолла мектебінен шыққан оның шәкірттері – Қ.Бекбосынов,Қ.Орашева, Қ.Рахимова, А.Дәрібаева, Ж.Сәрсенғалиев. Қ Ақтаев. М.Төрешов, Қ.Бердіғалиев, Ә.Еңкебаев, Қ.Құлышева, С.Таутаева, С.Рахметжанов, С.Әбдірахманов, С.Жанпейісова, С.Мырзабаева, А.Қосанова, Қ.Кәкімовтар.

Бұл әдістемелік құралда Арқа әншілік мектебі зерттеу көзі болғанмен, жалпы қазаққа ортақ әншілік өнерге қатысты оқыту жұмыстарының методикасын келтіруді мақсат етіп отырмыз. Себебі, әншінің алғашқы дауыс қою дайындығы, домбырамен сүйемелдеуі, репертуар таңдауы, сахналық шеберлігі, дәстүрлі иірімдерді меңгеруі – барлық ән мектептеріне ортақ мәселе.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет