Әне арнайы пәндерді оқытудың әдістемесі / сала бойынша”


КЕШЕГІ, БҮГІНГІ ЖӘНЕ ЕРТЕҢГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ



бет5/8
Дата06.07.2018
өлшемі0,72 Mb.
#48140
1   2   3   4   5   6   7   8

КЕШЕГІ, БҮГІНГІ ЖӘНЕ ЕРТЕҢГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ


Ш. Амонашвилидің « Мұғалім өз сабағын сүймесе, оған өзі сүйсіне білмесе, ол шәкірт бойына да сүйіспеншілік дарыта алмайды. Тек көркем шығарманы өзі жан-тәнімен сүйген, қабылдай білген,оның сиқырлы сырына қанық, адамды өзіне баурап, тәңірісін таныған ұстаз ғана оқушыларын көркем сөз өнеріне ынталандыра, құлшындыра алады. Шығарма мәтінінің тереңіне, астарлы бейнелі ойына, жан сүйсіндірер, ынтықтырар сәттеріне толғана ой жүгірткен, сондай жерлерін таңдап таба білген мұғалім шәкіртті шығарма оқуға қызықтыра, ынтықтыра алмақ» деген пікірінен жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқытуда мұғалімге қойылатын талаптың маңыздылығын анық байқауға болады дегендей ұстаз өз ісінің шебері болуы керек. «Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» өз бетімен ала алатын және алған білімін өмірдің түрлі жағдайларында қолдана білетін жеке тұлғаның қалыптасуына қамтамасыз ететін оқытудың жаңарған технологияларына көшу талабын қойып отыр. Қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге сай оқытудың сапасын арттыру мәселесі жаңа оқыту технологияларын өз дәрежесіне сай қолдануға да тікелей байланысты.

Мұны Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасындағы мынадай жолдар « ... білім беруді дамыту үшін оқытудың озық жүйелері мен технологияларын әзірлеу мен енгізу» талап етіп отыр.

Мектепте, жоғары оқу орнында сапалы оқу бағытын айқындайтын жаңа жолдардың бірі-пәндерді модулдік технология арқылы оқыту екендігі теориялық және тәжірибелік жағынан дәлелденуде. Бұл мәселені ғалымдар Дж. Рассель, П.Юцявичене, М. Жанпейісова т.б дәлелдеп келеді. Модул ұғымының этимологиялық мәні білімді қолданысқа, меңгеруге ыңғайлы етіп жүйелеу, шоғырландыру, жинақтау болып табылады. Модулдік технологиялармен қатар жаңа технологиялардың бірнеше түрін сабақ жүйесінде қолдануға болады.Қазіргі уақытта сабақ жүйесінде компьютерлік технология көп қолданылып жүр.

Компьютерлік графика мен визуалды білім мүмкіндіктерімен байланысты еңбектер дамытылды. Оқыту бағдарламасында компьютерлік графиканы қолдану шығармашылық жеке адамды тәрбиелеуді жүзеге асырады,себебі,оң жарты шармен ойлауды синтетикалық, бейнелі,интуитивті жағдай бойынша қамтамасыз етеді.Бұл вербалды-логикалық сол жарты шармен ойлауды дамыту мен тарихи байланысты дәстүлі оқытудың бір осал нүктесін жеңуге мүмкіндік береді.

Мультимедиалық технолгиялар мультимедиа өнімдерінің жасалу үрдісімен байланысты яғни, электрондық кітаптар, мүмкіндігінше энциклопедиялар, компьютерлік фильмдер . Бұл өнімдердің өзіндік ерекшеліктері мәтіндік, графикалық, аудио-бейне, ақпараттық анимацияның бірігуі болып табылады. Мультимедиа технологиясы компьютерді тең дәрежедегі әңгіме-дүкен құрушыға айналдырып қана қойған жоқ, оқушыға сыныптан үйден шықпай-ақ үлкен ғалымдар мен педагогтердің дәрістеріне қатысуына, өткен және қазіргі тарихи оқиғаларға куә болуына, әлемнің ең белгілі мұражайлары мен мәдени орталықтарына, жер шарының ең алыс және қызық түкпірлеріне сапар шегуіне мүмкіндік жасады.
Әдебиет: Басты: Т.А.Ильиена. Педагогика. «Мектеп»1977ж./440бет.
12 семинар.

Тақырып: Мектептегі оқытудың ұйымдастыру формалары. Оқытуды ұйымдастырудың формалары – белгілі бір тәртіпте және режимде жүзеге асырылатын, мұғалім мен оқушылардың келісілген іс-әрекетінің сыртқы көрінісі. Олар әлеуметтік шартталған, дидактикалық жүйелердің дамуымен байланысты пайда болады және жетілдіріледі.

Оқытудың ұйымдастыру формалары әр түрлі өлшемдер бойынша классификацияланады:



  • оқушылардың санына қарай: бұқаралық, ұжымдық, топтық, шағын топтық, жекелік;

  • оқу орнына қарай: мектептік және мектептен тыс формалар;

  • мектептік оқыту формалары: сабақтар, шеберханада, мектеп жанындағы тәжірибе участкісінде, лабораториядағы т.б. жұмыс;

  • оқыту уақытының ұзақтығына қарай; сыныптағы сабақ /45 минут/, қосарланған сабақ /90 минут/, әр түрлі ұзақтықтағы сабақтар.

Мектептік даму тарихында әр түрлі оқыту жүйесінде бір басым оқыту формасы қолданылды: жекелік-топтық /орта ғасыр мектептерінде/, өзара оқыту /Англиядағы белланкастер жүйесі/, оқушылардың қабілетіне қарай саралап оқыту /мангеймдік жүйе/, бригадалық оқыту /совет мектебінің 20-шы жылдары/, американдық «Трамп жоспары», онда уақыттың 40% үлкен топтарда /100-150 адам/, 20% - кіші топтарда, және 40% дербес оқуға бөлінді.

Дүние жүзінде ең көп тараған оқытудың сыныптық-сабақтық жүйе болды, ХҮІІғ. пайда болып, міне үш ғасыр бойы дамып келе жатыр. Оның контурын неміс педагогы И.Штурм /1537-1582/ жасады ал, Я.А.Коменский /1592-1670/ оның теориялық негізін салып, практикалық технологиясын жүзеге асырды.

Оқыту жұмысын ұйымдастырудың қосымша формалары бар:


  • лекция;

  • семинар;

  • пәндік үйірмелер;

  • топсеруен;

  • факультативтер;

  • кеңес;

  • қосымша сабақтар;

  • үй тапсырмасы;

- оқытудың жекелік формасы.

Әдебиет: Басты: Т.А.Ильиена. Педагогика. «Мектеп»1977ж./440бет.

13 семинар.



Тақырып: Сабақты ұйымдастырудың басқа формалары. Сабақтың құрылымы – оқу міндеттерін орындауға септігін тигізетін сабақтың бөліктерінің, кезеңдерінің өткізілуінің арақатынасы және бірізділігі. Оқу сабағының типіне қарай оның белгілі бір құрылымы жасақталды.

Сабақтың негізгі элементтері:

Сабақтың басталуын ұйымдастыру бір минуттан бірнеше минутқа созылды және оның дербес бөлігіндей өткізіледі. Сабақтың басында іскер және дұрыс талап қою бүкіл сабақтың сәтті өтуіне септігін тигізеді. Ұйымдастырушылық бөлімінде бәрі маңызды: мұғалім сабаққа қалай кіреді, өзіне деген сенімі, сөйлеуі, өзін ұстау қалпы, талаптарды орынды қоюы және оқушыларға деген шынайы ықыласы, сыйлаушылығы.

Оқыған материалдың меңгеруін тексеру /әдетте үй тапсырмасы/, оның мәні тексеру және қадағалауда, сонымен бірге жаңа материалды меңгеруге даярлауда болып табылады. Мұғалім үй тапсырмасын орындауға негіз болған басты идеяларды, ережелерді т.б. оқушылардың зейінін аударады. Үй тапсырмасын бәрі орындаған, орындамағанын анықтайды, қандай қиыншылықтар кездескенін біледі.

Сабақтың мақсаттарын және міндеттерін қою. Сабақтың нақты міндеттерін және оны жүзеге асырудың жолдарын ұғыну мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетін анықтығын, жүйелілігін және бірізділігін қамтамасыз етеді. Мақсат пен міндетті қою әдетте көп уақыт алмайды, бірақ ол оқу іс-әрекетіне бағытталғандық береді және үлкен тәрбиелік әсері болады.

Түсіндіру – оқу материалының мазмұнын ғылыми баяндау. Оқушыларға жаңа материал түсінікті болу үшін мұғалім ғылыми дәлелдерді, оқушыларда бар білімге сүйенуді, анық және түсінікті баяндауды жүзеге асыруы керек. Бекіту жаңа материалды түсіндіріп болғаннан кейін жаттығулардың, дербес жұмыстардың, арнайы тапсырмалардың жүйесі арқылы оқылған материалдың бастысына, сүйенетін буындарына оқушылардың назарын аудартады, теориялық қағидаларды оқу іс-әрекетінің практикасымен байланыстырады. Бекіту арқылы мұғалім оқушылардың материалды меңгергені туралы ақпарат алады.

Қайталау. Оқу материалын тақырып, бөлімдер, курс бойынша жүйелеу, жалпылау, қайта айту. Бұл бөлімдегі күрделісі негізгі идеяларды бөліп шығару және жаттығулар мен тапсырмаларды таңдау болады.

Сабақтың нәтижесін шығару, қорытындылау. Сабақтың өтілу барысына, оқушылардың жұмысына қысқаша баға беру, оқығанның басты идеясын еске салу.

Үй тапсырмасы. Мұғалім үй тапсырмасын хабарлайды, қысқаша орындалу жолын түсіндіреді. Үй тапсырмасын орындау туралы нұсқау анық, қысқа, бірізділікпен берілуі қажет.

Оқу міндетіне және мазмұнына қарай сабақтың бөліктерінің ара-қатынасы ауысып отырады. Сабақтардың әртүрлі типтерінің құрылуында ерекшеліктер пайда болады.

Жаңа білімді меңгеру сабақтарының құрылымы мынадай элементтерден тұрады: сабақтың басталуын ұйымдастыру; сабақтың мақсаттары және міндеттері; жаңаны түсіндіруге даярлық жұмыс /үй тапсырмасын тексеру, бұрыннан оқығанды қайтадан айту, т.б./; түсіндіру; сабақты қорытындылау және үй тапсырмасы. Басты бөлімі – түсіндіру, бекіту қосымша роль атқарады және диагностикалық мақсатта өткізеді. Мұғалім оқушылардың жаңа білімді қалай меңгергені туралы ақпарат алады.

Бекіту сабағының құрылымы: сабақтың бастауын ұйымдастыру; сабақтың мақсатын және міндеттерін қою; бекіту; қорытындылау және үй тапсырмасы. Сабақтың басында әрбір оқушының жұмысқа даярлығын тексеру керек. Мақсатты қою барысында мұғалім негізгі қағидалар мен ережелерді еске салады, себебі олар практикалық оқу іс-әрекетіне негіз болады. Үй тапсырмасын тексеруді бекітумен байланыстырған дұрыс. Сабақтың негізгі бөлімі – практикалық тапсырмалар, проблемдік жағдаяттар мен сұрақтарды шешу, жаттығуларды орындау, дербес жұмыстар. Жаттығуларды дұрыс таңдау үлкен роль атқарады, олардың қиындығы бағдарламаның, стандарттың талабына сай болғаны абзал.

Жалпылау немесе қайталау сабағының құрылымы: сабақтың басталуын ұйымдастыру; сабақтың мақсатын және міндетін қою; оқу материалын жалпылау және жүйелеу; сабақтың қорытындысы және үйге тапсырма. Бұл сабақтың ерекшелігі және күрделілігі мынада: оқу материалының шеңберін дәл анықтау, негізгі ұғымды, ережені, идеяны, шебер бөлу, сәйкесті жаттығуларды таңдау. Қайталауда сабақтың тәрбиелеушілік жағына үлкен мән беріледі. Мұнда оқу материалы көп дәрежеде қызықты фактілермен, оқиғалармен, сезімдермен тығыз байланысты. Бұл сабақтың ерекшелігі мұғалім аз түсіндіреді де көбіне оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқарады.

Аралас сабақтың құрылымы: сабақтың басталуын ұйымдастыру; үй тапсырмасын тексеру; сабақтың мақсатын және міндеттерін қою; жаңа материалды түсіндіру, бекіту, қайталау, сабақты қорытындылау және үй тапсырмасын беру.

Сабақтың бұл типі бүкіл элементтердің бүкіл комбинациясын құрайды. Әрбір бөлімі басқалардың арасында тең бағалы мәні бар. Сабақтың осы типі бастауыш мектепте жиі қолданылады.

Қадағалау сабағының құрылымы: тексерудің мақсатын түсіндіру және жұмысты ұйымдастырудың нұсқауын беру; бақылау тапсырмасының мазмұнымен және оны орындаудың тәсілімен таныстыру; оқушылардың дербес жұмысы; сабақтың нәтижесін бастапқы қорытындылау. Сабақтың басы нұсқаудан және оқушылардың жұмысқа даярлығын тексеруден басталады. Бірден бақылау жұмысының сипатын айтып, қандай білімдер, қандай тақырыптар тексерілетіні хабарланады. Мұғалім оқушыларға ойлау іс-әрекетінің жолдарын көрсетеді: теориялық талдауды қалай қолдануға болатындығын, теорияны практикалық жұмыспен байланыстыруды, өзін-өзі қадағалаудың тәсілдері т.б. Әдетте үй тапсырмалары берілмейді. Бірақ әдебиет тізімін, іздеушілік сипаттағы тапсырмаларды беруге болады.



Әдебиет: Басты: Т.А.Ильиена. Педагогика. «Мектеп»1977ж./440бет.
14 семинар.

Тақырып: Оқу процесін программалық оқыту құралдарын пайдалана отырып ұйымдастыру.

Программаланған жаттығу жинақтары үйде де, класта да барынша әр түрлі жұмыстарды ұйымдастырудың жақсы құралы ретінде қызмет атқара алады.

Класта бұл — машиналармен немесе перфокарталармен өз бетінше істелетін жұмыс болуы мүмкін. Перфокарталармен жұмыс үстінде оқушылар класта елеулі мөлшердегі жаттығуларды орындайтын болса, онда олардың өздері тапсырманы дұрыс немесе бұрыс орындағаны жөніндегі ииформацияны тезірек алуы үшін мұғалім дұрыс жауаптардың номерлерін тез ғана оқып шығуына болады.

Жоғарыда айтылған жұмыс сигнал карточкаларымен өте қызықты өтеді. Мүғалім оқушылардың тапсырманы дұрыс немесе бұрыс орындағанын бірден көреді және кейбір оқушылар теріс жауапты карточкалар көрсеткен жағдайда қиындық туғызған сұрақтарға әдеттегідей қосымша түсініктер береді. Бұл жұмыс, әдетте, сабақ үстінде алғаш берілген материалды бекіту көзделгенде ұйымдастырылады.

Егер жеке сұрақтар немесе курс бөлімдері бойынша оқушылардың білімін баға қоймастан жеке-жеке емес, фронталды тексеруді өткізу кезделсе, бақылау тапсырмаларымен де жоғарыдағыдай жұмыс жүргізуге болады.

Алайда, бақылау тапсырмаларын, әдетте қалыптасканындай оқушылармен жұмысты бақылау жұмысы түрінде, немесе мұғалімге, болмаса машинаға тапсыратын жеке зачет түрінде өткізе отырып, олардың білімдерін жеке-жеке тереңірек тексеруге қолдану тиімді.

Класта сынақ қабылдайтын машиналардың саны аз болған жағдайда (мысалы 2—3), оқушылардың білімін тексеру аралас сұрау түрінде өткізіле алады: оқушылардың бір бөлігі сынақ тапсыру үшін кезекпен машинаға келсе, кейбір оқушыларды мүғалім жеке сұрау үшін тактаға шақыра алады, қалған оқушылар бұл кезде жауап беруге әзірлене алады немесе мұғалім шақырған оқушының жеке жауабына (оларға түзету енгізіп, мұғалімнің айтуымен қосымша сұрақтар беріп т. б.) қатыса алады.

Практикадаи келтірілген осы бірнеше мысалдардың өзі де программалық оқытудың жаңа құралдары материалды жеткізудің мазмүны және түрімен ғана емес, сонымен бірге осы жаңа құралдармен сабақ үстінде жұмыс істеу методтарымен де оқушылардың ынтасын туғызып, сабақты қызықты ете алатынын көрсетеді. Бұл құралдармен оқушылар үйде де қызыға жұмыс істейді.

Баспа негіздегі дәптерлерді енгізу оқушылардың белсенділігін шұғыл көтереді. Әдетте өздеріне жеңіл көрінетін, қажет жауапты жазу жөніндегі тапсырманы орындамайтын оқушы болмайды. Жауаптарды жазатын орын дәл көрсетілген бұл дәптерлердің формасының өзі оқушыларға қандай да болмасын тапсырманы қалдырып кетуге мүмкіндік бермейді.

Оқушылар бұл жұмысты қызыға және ынталана орындап қана қоймайды, сонымен бірге едәуір үлкен көлемдегі тапсырмаларды да орындап шығады. Таңдалған жауаптарға арналған жаттығулар жинақтарымен жұмыс істегенде тапсырмалар көлемін тағы да ұлғайта түсуге болады. Рас, мұнда да оқушыларға жауаптарды крест немесе әріп түрінде жазу шынында да оңай болғанымен бұдан ой жұмысының азаймайтынын ескерген жөн.

Осының бәрі программалық оқыту идеясы тудырған жаңа типтегі құралдарда мұғалімнің де, оқушының да оқу ісіндегі еңбегін неғүрлым тиімдірек ұйымдастырудың потенциалды үлкен мүмкіндіктері жасырынып жатқанын көрсетеді. Қазір оқушылардың әлі де өте жетілмеген программаларды және машиналарды қолданатын сабақтардың өзіне де,— олармен жұмыс істеу методикасы жасалу кезеңі үстінде екеніне қарамастан,— белсенділігі мен ынтасы арта түскені байқалады. Неғұрлым жетілдірілген программаланған оқу құралдары мен программалық оқытудың арзан, бірақ пайдалы техникалық құралдары болған жағдайда бұл тиімділік бұдан да айқынырақ сезіле түседі деп санауға барлық негіз бар екені күмәнсыз.

Алайда, программалық оқытудың идеясында, принциптері мен ме-тодикасында жасырынып жаткан барлық потенцналды мүмкіндіктерді тек қана программалық оқытудың, педагогика мен психологияның теориясының ғылыми негіздерін және сондай-ақ педагогикалық эксперимент методикасын білуге негізделген тиянақты ғылыми экслеримент арқылы ғана толық жүзеге асыруға болады.

Программалық оқытуды мектептер мен жоғарғы оқу орындарына жаппай енгізуге асығуға болмайды, бірақ оның потенциалды мүмкіндіктерін өте мұқият зерттеу, программалық оқытудың негізгі құралдарын жасау техникасы мен методикасын жетілдіру, эксперименталды тексерулерді мұқияттырақ және тиянактырақ жүргізу қажет.

Программалык оқыту, оған педагогикалық және мемлекеттік тұрғыдан дұрыс қараған жағдайда, совет мектебіне пайда келтіре алатыны және бүкіл оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттыруға көмектесетіні күмәнсыз.

Алайда программалық оқыту бұл процестің тиімділігін арттырудың көптеген құралдарының бірі ғана екенін есте ұстаған жөн және программалық оқыту проблемалары еліміздегі бүкіл халық ағарту ісін жақсарту мақсатында шешілу үстіндегі көптеген өзге. проблемалармен тығыз байланыста қарастырылуға тиіс.

Әдебиет: Басты: Т.А.Ильиена. Педагогика. «Мектеп»1977ж./440бет.
15 семинар.

Тақырып: Класс жетекші және мектептегі оқушылар коллективі. Коллектив пен жеке адам проблемасы осы заманғы ең өткір әлеуметтік проблемалардың және педагогика ғылымының аса маңызды проблемаларының бірі болып табылады.

Коллективизм рухында тәрбиелеу – біздің еліміздегі жастарға тәрбие берудің бүкіл жүйесінің ең алдыңғы қатарлы принциптерінің бірі.



I. Коллектив тәрбие берудің аса маңызды құралы.

1. Балаларды жас күнінен олар бірігіп өмір сүре және жұмыс істей алатындай етіп тәрбиелеу қажет деп санаған Н. К. Крупская әрдайым балаларды коллектившілдік рухта тәрбиелеуді жақтады. Өз мақалаларының бірінде ол: «Осы заманғы тәрбиенің осы заманғы міндеттерінің бірі – балаларды коллективті түрде жұмыс істеуге және өмір сүруге үйрету.

2. Бұл принципті тәрбие жұмысының практикасына аса талантты педагок А.С. Макаренко неғұрлым толық және табысты қолдана білді. Ол бұл принцип шын мәнінде тәрбиенің жетекші және аса жемісті принципі болып табылатынын іс жүзінде дәлелдеп қана қойған жоқ, сонымен бірге өзінің аса үлкен тәжірибесін қорытындылаған және балалар коллективін топтастырудың, жеке адамды коллективте тәрбиелеудің және оны Отан мүддесі үшін колллективті еңбек етуге әзірлеудің методикасын жасаған теориялық және әдеби бай мұра қалдырды.

3. Оқу тәрбие жұмысының бүкіл тәжірибесі мектептер мен жеке сыныптарды колллективке ұйымдастыра алған, мектептегі және сыныптағы барлық жұмыстарды оқушылар коллективті түрде әрекет етуге, коллектив еркіне бағынуға, өзінің іс әрекеттері үшін коллектив алдындағы жауапкершілігін сезінуге іс жүзінде үйренетіндей етіп құра алған мектептер мен мұғалімдер оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді ұймдастыруда ең жақсы табыстарға жеткендігін көрсетті. Бұл мектептер мен сыныптарда үлгерім мен тәртіп неғұрлым жоғары, қызықты жүргізіледі, өскелең ұрпаққа тәрбие берудің жалпы міндеттері жақсырақ және толығырақ орындалады. Сонымен де коллектив тәрбие берудің өте күшті факторы екені іс жүзінде дәлелденеді.

4. Мұғалімнің оқушылар коллективін құрудағы жұмысы үшін «коллектив» деген сөздің не екені, қандай коллектив шын мәнінде оқушыларға тәрбие беру құралы қызметін атқара алатын және дамуы жөнінен әр түрлі деңгейдегі оқушылар коллективімен мұғалім жұмысының ерекшелігі неде екені жөнінде дұрыс түсінігі болуының үлкен мәні бар.

Педагогикалық әдебиет пен ауызекі әңгімеде «коллектившілдік», «коллективтік», «коллектив» сөздерін жиі кездестіруге болады.

5. Бұдан тысқары , коллектившілдік сөзі коллектившілдікті, коллективтікті коммунистік мораль сипаттарының бірі ретінде бөліп көрсететін коллективтік сөзінің синонимі ретінде жиі қолданылады. Осылай түсінгенде коллектившілдік сөзі өзінің жеке мүддесі қоғам мүдесімен және сондай-ақ коллективте және коллектив үшін өмір сүріп, әрі жұмыс істей алатын, тәрбие алған адамның адамгершілік қасиетін көрсетеді. Бұл мектеп әр оқушының қоғамның болашақ құрылысшысының бойына дарытуға тиісті адамгершілік қасиет.

6. Коллектив адамдарды белгілі бір мақсатты іс әрекет негізінде біріктірудің ұйымдық формасы. А.C. Mакаренко коллективтің анықтамасын тұжырымдай келе коллектив адамдарды тек ортақ мақсат пен ортақ еңбекте ғана емес сондай ақ сол еңбекті жалпы ұйымдастыруда да біріктіретінін атап көрсетті. Басқаша сөзбен айтқанда коллективте жетекшілер болуы және коллективтің әр мүшесінің белгілі міндеттері болуға тиіс.

Әрбір мектеп коллкетиві барлық оқушыларды ең алдымен оқу ісіне біріктіреді, ұйымдастыру формасы да осыған бағындырылған. Оқытудың мектебінде қабылданған кластық сабақтың жүйесіне орай, бір жастағы және білімдері бір деңгейдегі барлық оқушылар өздеріне лайықты кластарға біріктілген.

Әдебиет: Басты: Т.А.Ильиена. Педагогика. «Мектеп»1977ж./440бет.

ОЖСӨЖ мазмұны:

ОЖСӨЖ №1

ОЖСӨЖ мазмұны: Мектептегі сабақтың типтері.

Сабақты классификациялаудың негізіне оқу мақсаты, оны өткізудің әдісі немесе оқыту процесінің құрамдас буындары жатады. Осыған қарай сабақтың әр түрлі типтері ажыратылады.

Танымдық іс-әрекеттің кезеңдеріне қарай сабақтың типтері:


  • кіріспе сабақтар

  • материалмен бастапқы таныстырудың сабақтары

  • ұғымдарды қалыптастырудың, заңдарды орнатудың сабақтары

  • алған білімді практикада қолдану сабақтары

  • дағдылар сабағы

  • жалпылау және қорытындылау сабақтары

  • бақылау сабақтары

  • аралас сабақ

Оқыту әдістеріне қарай сабақтардың типтері:

  • сабақ-әңгіме

  • сабақ-лекция

  • кино сабағы

  • лабораториялық сабақ

  • іс-әрекеттің түр-түрімен сабақ

Дидактикалық міндеттеріне қарай сабақтың типтері:

  • оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы

  • іскерлікті және дағдыны қалыптастыру сабағы

  • білімді жалпылау және жүйелік сабағы

  • қайталау, бекіту немесе білімді, іскерлікті, дағдыны кешенді қолдану сабағы

  • бақылау-тексеру сабағы

  • аралас сабақ

Мектеп тәжірибесінде бір типті сабақтар болмайды. Сондықтан оқыту жұмысын жүйелі әрі нәтижелі жүргізу үшін, оны топтастырудың мәні орасан зор. Сол себептен әрбір мұғалімнің сабақ классификациясын ойдағыдай білу шарт. Дидактикада сабақ классификациясын анықтауға айрықша маңыз береді. Қоғам дамыған сайын оқу жүйесінің қайта құрылатындығы және соған орай оқытудың мазмұны, әдіс-тәсілдерінің де өзгеріп, жаңарып отыруы сөзсіз.

ОЖСӨЖ №2

ОЖСӨЖ мазмұны: Бастауыш мектеп жасындағы оқушылар. жастары бірдей әр түрлі оқушының өсіп-жетілуі бір қалыпты болып өтпейді. Олардың біреулері — ұзын бойлы, шегедей мықты, дендері сау, енді біреулері — нәзік, ілмиген арық, аласа бойлы. Біреулері материалдың мазмұнын сәтте қағып алса, басқа біреулері,— материал тіпті алғашқысы үшін де, соңғысы үшін де бірдей үлгірілетін бола тұрса да,— соңғысының ойланып-толғануына және үлгіруіне біраз уақыт керек. Басқаша айтқанда, оқушылардың, жастары бірдейлігіне қарамастан, елеулі дара айырмашылықтары жиі кездесіп тұрады.

Оқушылардың осындай жеке-дара айырмашылықтары өте байқалғыш. Олар оқушылардың, тек өз тұрғысында не олардың сабақта аңға-рымдылығында ғана емес, сондай-ақ әр түрлі реакцияның балаларға тиетін барлық сыртқы ықпалдарының бүтіндей жиынтығында да көрінеді.

Бұл айырмашылықтардың шығатын көзі тіпті әр қилы: мұнда тұқым қуалаушылықтың да, жоғары нерв қызметінің ерекшеліктерінің де және барлық психикалық процестердің де ықпалы бар. Керек десе, орта мен тәрбиенің ықпалының бірдейлігі де түрлі оқушыға әр түрлі әсер етеді, өйткені ол оларға іштей ортақ ықпалын түрліше жүргізеді.

Жастары бірдей ер балалар мен қыздардың денелері мен ақыл-ойларының өсіп-жетілу ауқымдарының айырмашылықтары кейде тіпті ала-бөтен көрініп тұрады. Сондықтан да тек ер балаларға немесе қыздарға тән өсіп-жетілу мен қылықтардың белгілі айырмашылықтарын даралап көрсетіп отыруға тура келеді.

Кішкентай балалардың ортақ жас ерекшеліктері ерен көрініп тұратыны атап айтылуға тиіс.

Баланың өсуі мен дамып, жетілу барысына қарай, оның көбінесе дара басының сыр-сипат белгілері білініп, ерекшелене бастайды. Ол ерекшелік барлық бірден жастағылар тобын емес, тек сол сәбиді, сол баланы немесе қыз баланы сипаттайды. Бірақ, солай бола тұрғанымен, үлкенірек жастағы балалар мен қыздар тобынан жалпы жастық ерекшеліктерін тауып, даралап көрсетуге болады.



ОЖСӨЖ № 3

ОЖСӨЖ мазмұны: Сабақтың құрылымы

Сабақтың құрылымы – оқу міндеттерін орындауға септігін тигізетін сабақтың бөліктерінің, кезеңдерінің өткізілуінің арақатынасы және бірізділігі. Оқу сабағының типіне қарай оның белгілі бір құрылымы жасақталды.

Сабақтың негізгі элементтері:

Сабақтың басталуын ұйымдастыру бір минуттан бірнеше минутқа созылды және оның дербес бөлігіндей өткізіледі. Сабақтың басында іскер және дұрыс талап қою бүкіл сабақтың сәтті өтуіне септігін тигізеді. Ұйымдастырушылық бөлімінде бәрі маңызды: мұғалім сабаққа қалай кіреді, өзіне деген сенімі, сөйлеуі, өзін ұстау қалпы, талаптарды орынды қоюы және оқушыларға деген шынайы ықыласы, сыйлаушылығы.

Оқыған материалдың меңгеруін тексеру /әдетте үй тапсырмасы/, оның мәні тексеру және қадағалауда, сонымен бірге жаңа материалды меңгеруге даярлауда болып табылады. Мұғалім үй тапсырмасын орындауға негіз болған басты идеяларды, ережелерді т.б. оқушылардың зейінін аударады. Үй тапсырмасын бәрі орындаған, орындамағанын анықтайды, қандай қиыншылықтар кездескенін біледі.

Сабақтың мақсаттарын және міндеттерін қою. Сабақтың нақты міндеттерін және оны жүзеге асырудың жолдарын ұғыну мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетін анықтығын, жүйелілігін және бірізділігін қамтамасыз етеді. Мақсат пен міндетті қою әдетте көп уақыт алмайды, бірақ ол оқу іс-әрекетіне бағытталғандық береді және үлкен тәрбиелік әсері болады.

Түсіндіру – оқу материалының мазмұнын ғылыми баяндау. Оқушыларға жаңа материал түсінікті болу үшін мұғалім ғылыми дәлелдерді, оқушыларда бар білімге сүйенуді, анық және түсінікті баяндауды жүзеге асыруы керек. Бекіту жаңа материалды түсіндіріп болғаннан кейін жаттығулардың, дербес жұмыстардың, арнайы тапсырмалардың жүйесі арқылы оқылған материалдың бастысына, сүйенетін буындарына оқушылардың назарын аудартады, теориялық қағидаларды оқу іс-әрекетінің практикасымен байланыстырады. Бекіту арқылы мұғалім оқушылардың материалды меңгергені туралы ақпарат алады.

Қайталау. Оқу материалын тақырып, бөлімдер, курс бойынша жүйелеу, жалпылау, қайта айту. Бұл бөлімдегі күрделісі негізгі идеяларды бөліп шығару және жаттығулар мен тапсырмаларды таңдау болады.

Сабақтың нәтижесін шығару, қорытындылау. Сабақтың өтілу барысына, оқушылардың жұмысына қысқаша баға беру, оқығанның басты идеясын еске салу.

Үй тапсырмасы. Мұғалім үй тапсырмасын хабарлайды, қысқаша орындалу жолын түсіндіреді. Үй тапсырмасын орындау туралы нұсқау анық, қысқа, бірізділікпен берілуі қажет.

Оқу міндетіне және мазмұнына қарай сабақтың бөліктерінің ара-қатынасы ауысып отырады. Сабақтардың әртүрлі типтерінің құрылуында ерекшеліктер пайда болады.

Жаңа білімді меңгеру сабақтарының құрылымы мынадай элементтерден тұрады: сабақтың басталуын ұйымдастыру; сабақтың мақсаттары және міндеттері; жаңаны түсіндіруге даярлық жұмыс /үй тапсырмасын тексеру, бұрыннан оқығанды қайтадан айту, т.б./; түсіндіру; сабақты қорытындылау және үй тапсырмасы. Басты бөлімі – түсіндіру, бекіту қосымша роль атқарады және диагностикалық мақсатта өткізеді. Мұғалім оқушылардың жаңа білімді қалай меңгергені туралы ақпарат алады.

Бекіту сабағының құрылымы: сабақтың бастауын ұйымдастыру; сабақтың мақсатын және міндеттерін қою; бекіту; қорытындылау және үй тапсырмасы. Сабақтың басында әрбір оқушының жұмысқа даярлығын тексеру керек. Мақсатты қою барысында мұғалім негізгі қағидалар мен ережелерді еске салады, себебі олар практикалық оқу іс-әрекетіне негіз болады. Үй тапсырмасын тексеруді бекітумен байланыстырған дұрыс. Сабақтың негізгі бөлімі – практикалық тапсырмалар, проблемдік жағдаяттар мен сұрақтарды шешу, жаттығуларды орындау, дербес жұмыстар. Жаттығуларды дұрыс таңдау үлкен роль атқарады, олардың қиындығы бағдарламаның, стандарттың талабына сай болғаны абзал.

Жалпылау немесе қайталау сабағының құрылымы: сабақтың басталуын ұйымдастыру; сабақтың мақсатын және міндетін қою; оқу материалын жалпылау және жүйелеу; сабақтың қорытындысы және үйге тапсырма. Бұл сабақтың ерекшелігі және күрделілігі мынада: оқу материалының шеңберін дәл анықтау, негізгі ұғымды, ережені, идеяны, шебер бөлу, сәйкесті жаттығуларды таңдау. Қайталауда сабақтың тәрбиелеушілік жағына үлкен мән беріледі. Мұнда оқу материалы көп дәрежеде қызықты фактілермен, оқиғалармен, сезімдермен тығыз байланысты. Бұл сабақтың ерекшелігі мұғалім аз түсіндіреді де көбіне оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқарады.

Аралас сабақтың құрылымы: сабақтың басталуын ұйымдастыру; үй тапсырмасын тексеру; сабақтың мақсатын және міндеттерін қою; жаңа материалды түсіндіру, бекіту, қайталау, сабақты қорытындылау және үй тапсырмасын беру.

Сабақтың бұл типі бүкіл элементтердің бүкіл комбинациясын құрайды. Әрбір бөлімі басқалардың арасында тең бағалы мәні бар. Сабақтың осы типі бастауыш мектепте жиі қолданылады.

Қадағалау сабағының құрылымы: тексерудің мақсатын түсіндіру және жұмысты ұйымдастырудың нұсқауын беру; бақылау тапсырмасының мазмұнымен және оны орындаудың тәсілімен таныстыру; оқушылардың дербес жұмысы; сабақтың нәтижесін бастапқы қорытындылау. Сабақтың басы нұсқаудан және оқушылардың жұмысқа даярлығын тексеруден басталады. Бірден бақылау жұмысының сипатын айтып, қандай білімдер, қандай тақырыптар тексерілетіні хабарланады. Мұғалім оқушыларға ойлау іс-әрекетінің жолдарын көрсетеді: теориялық талдауды қалай қолдануға болатындығын, теорияны практикалық жұмыспен байланыстыруды, өзін-өзі қадағалаудың тәсілдері т.б. Әдетте үй тапсырмалары берілмейді. Бірақ әдебиет тізімін, іздеушілік сипаттағы тапсырмаларды беруге болады.

Жоспар-конспектіні жасағаннан кейін пән мұғалімдері мен әдіскерлерден кеңес алу.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет