Erasmus+ темпус



бет6/11
Дата15.09.2017
өлшемі2,35 Mb.
#33873
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Негізгі міндеттер Еуропалық жоғары білім аймағын құру үшін және Еуропалық білім беру жүйесін әлемге таратудағы ең басты міндеттер болып табылады:

•    Үш деңгейлі жоғары білім жүйесі;

•    ECTS академиялық кредиттері;

•    Студенттердің, оқытушылар мен оқу орындарының административтік қызметкерлерінің академиялық ұтқырлықтары (мобилділіктері);


•    Еуропалық диплом қосымшалары;

•    Жоғары білім беру сапасын бақылау;

•    Бірыңғай еуропалық зерттеу кеңістігін құру.

Ұсынылатын параметрлер ұсыныс сипатында болады және Болон үдерісінің ұстанымдарын жүзеге асыруға қажет:

•    Бірыңғай еуропалық бағалау;

•    Студенттерді белсенді түрде тарту;

•    Жағдайы төмен студенттерге әлеуметтік қолдау көрсету;



•    Өмір бойы білім алу.

Факультативтік параметрлер жұмыс берушілер мен қоғамның сұраныстарына сай оқу процесін жоспарлау мен ұйымдастыруда маңызды рөл атқарады:
•    Дайындық бағыттары бойынша білім беру мазмұнының үйлесімділігі;
•    Студенттердің түзу емес траекторияда білім алуы, таңдау крстары;
•    Модульдық жүйе;
•    Қашықтықтан оқыту, электронды курстар;
•    Студенттер мен оқытушылардың академиялық рейтингтері. 2011-2020 жж. арналған ҚР Білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстанда 2012 жылы Болон үдерісі және академиялық ұтқырлық (мобильділік) Орталығы құрылды. (www.naric-kazakhstan.kz)

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТЕМПУС БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ КЕҢСЕСІ

Қазақстандағы Темпус бағдарламасының Ұлттық кеңсесі 2005 жылы шілде айында құрылды. Осыған дейін Қазақстанда Темпус бағдарламасының жұмысын үйлестіруді ҚР Білім және ғылым министрлігі жүзеге асырды. Темпус Ұлттық кеңсесінің негізгі міндеттері:

        • Қазақстандық оқу орындарын Темпус бағдарламасына қатысу бойынша ақпараттандыру, кеңес беру;

  • Жобаларды құрастыру мен жүзеге асыруға серіктес ұйымдар табуға ықпал ету;

  • Қолданыстағы жобаларды мониторингілеу;

  • Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесі мен оның стратегиялық приоритеттері туралы ақпарат дайындау;

  • Темпус әрекет етуші жобалары мен олардың нәтижелерінің таратылуы арасында серіктестік байланыстарды орнату бойынша іс-шаралар.

ҚР ТҰК туралы толығырақ ақпарат: www.tempuskaz.kz, ҚР ЭҰК туралы ақпарат: www.erasmusplus.kz


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ РЕФОРМАЛАУ БОЙЫНША ЭКСПЕРТТЕР ҰЛТТЫҚ КОМАНДАСЫ (ЖБРЭ ҰК)

Еуропалық Комиссияның Мәдениет, аудиобейнеқұралдар және білім беру бойынша Атқарушы Агенттігінің қолдауымен(ЕАСЕА) және серіктес елдердің Білім министрліктерінің келісімімен Жоғары білім беруді реформалау бойынша эксперттер Ұлттық командалары құрылды (ЖБРЭ ҰК). Қазақстанда команда 2007 жылдан бастап әрекет етеді.

Команда миссиясы – серіктес елдердегі жоғары білім беру жүйесін жаңарту, Болон үдерісіне сәйкес Еуропалық Одақтың жоғары білім беруді дамыту тенденцияларына жақындату. Атқарушы Агенттік Еуропада да, серіктес елдерде де халықаралық және аймақтық конференциялар, семинарлар мен кездесулер арқылы эксперттердің біліктілігін арттыруға бағытталған шаралар жүргізіп отырады.

Міндеттері:


  • Ұлттық және институционалдық деңгейде білім беруді модернизациялаудың отандық және халықаралық жақсы тәжірибелерін жинақтау, концептуализациялау, олардың Қазақстанда қолданылуына ықпал ету;

  • Жоғары білім беру саласындағы реформалар саясатын құрастыру мен олардың алға жылжуына белсенді қатысу.

Қазақстандық команданың жаңартылған құрамы (11 адам) 2012 жылы қыркүйек айында ҚР Білім және ғылым министрлігімен, Қазақстандағы Еуропалық Одақ өкілдігімен келісіліп, ЕАСЕА тарапынан бекітілді.

Эксперттер Болон үдерісіне сәйкес жоғары білімді реформалау бойынша ұсыныстар мен аналитикалық ақпараттары бар 5 басылым жариялады, 15 оқу іс-шараларын өткізді. Атап айтсақ, Жаздық мектептер, Алматы, Астана, Көкшетау, Қостанай, Қарағанды, Петропавл, Ақтөбе, Орал, Атырау, Шымкент, Ақтау қалаларында өткізілген аймақтық семинарлар. Оқу орындарының басшылығының шақыртуымен Команда мүшелері басқа университеттердегі әріптестеріне консультация жүргізіп отырады. Бірқатар эксперттер білім беруді реформалаудың түрлі аспектілері бойынша Білім және ғылым министрлігінің Жұмыс топтарының құрамына енген. Олар сессия модераторлары ретінде Еуропадағы, Қазақстандағы, Өзбекстандағы, Ливандағы халықаралық эксперттер командасына да шақырылды.

Эксперттер жоспарлы түрде Еуропада, елімізде оқу іс-шараларына қатысып тұарды. Олардың ішінде, ТҰК Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетімен бірігіп өткізген "Университетерді стратегиялық басқару" тақырыб«ндағы семинар да бар. Бұл семинарға осы саладағы танымал Еуропалық эксперттер шақырылды, еліміздегі алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты1.

Эксперттердің ЕАСЕА тарапынан оқытылуына басты назар аударылады. 2008 жылдан бері Еуропада және басқа да елдерде ЕАСЕА тапсырмасымен UNICA (Еуропа астаналарындағы университеттер желісі) 20-дан астам оқу іс-шараларын ұйымдастырды. Атап айтсақ:

• «Темпус елдеріндегі жоғары білім беруді реформалауға көмек» - Брюссель, Бельгия - сәуір 2008ж., Загреб, Хорватия - маусым 2008ж., Мадрид, Испания - шілде 2008ж.;

• “Ұтқырлықты (мобилділікті) шынайылыққа айналдырамыз “ - Рим, Италия - наурыз 2009ж.;

• “Болашаққа арналған құзіреттілік” - Варшава, Польша - қазан 2009ж.;

• “Жоғары білім беруді мойындату: қалай дұрыс жүзеге асыруға болады” - Таллинн, Эстония - маусым 2010ж.;

• “Академиялық ұтқырлыққа ықпал ету” - Брюссель, Бельгия - наурыз 2011ж.;

• “Білім беру бағдарламаларын модернизациялау” - Осло, Норвегия - маусым 2011ж.;

• “Интернационализация арқылы сапаны арттыру” - Лиссабон, Португалия - қазан 2011ж.;



  • “Бухарест идеяларын тәжірибеде қолдану – эксперттер рөлі” - Вильнюс, Литва – маусым 2012ж.;

  • “Білім беру негізіндегі зерттеу: стратегиясы және жүзеге асуы” - Будапешт, Венгрия – қараша 2012ж.;

  • “Студенттерді қолдау қызметтері” - Лондон, Ұлыбритания – қаңтар 2013ж.;

  • “Докторлық бағдарламалар профилі және ұйымдастыру ” - Каслик, Ливан – наурыз 2013ж.;

  • “Трансшекаралық білім” - Мадрид, Испания –сәуір 2013ж.;

  • “Ағылшын тілінде бағдарламаларды құрастыру: Интернационализция кілті ме?” - Берлин, Германия – мамыр 2013ж.;

  • “Университеттегі стратегиялық басқару және автономия, қаржыландыру диверсификациясы” - Бішкек, Қырғызстан – қыркүйек 2013ж.;

  • “Сапаны қамтамасыз ету” - Загреб, Хорватия - маусым 2014ж.



ЖБРЭ ҰК АРНАЛҒАН ОҚУ СЕМИНАРЛАРЫ



Каталог: attachments -> article
article -> ҚазақТҰтынуодағЫ
article -> История финансовой науки и ее развитие в России
article -> Ұлы баба есімі дәріптелді  Жаңа кітап баспадан шықты  Кітап тұсаукесеріне әзірлік
article -> Програма за развитие на читалищната дейност в община пещера за 2016 година
article -> ҚазақТҰтынуодағЫ
article -> «мемлекеттік қызмет этикасы» пәні бойынша
article -> Абыз тұЛҒА, АҢыз тұЛҒа кетбұҚа жауапты редакторы
article -> «Мемлекеттік қызмет этикасы» пәні бойынша
article -> Элективті пәндердің каталогы Мамандық 5В090500 «Әлеуметтік жұмыс» (оқу мерзімі – 4 жыл, оқу тілі – қазақ) Қарағанды – 2014-2015


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет