Erasmus+ темпус


нәтижелерінің тұрақтылығына



бет8/11
Дата15.09.2017
өлшемі2,35 Mb.
#33873
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
нәтижелерінің тұрақтылығына да байланысты. Айта кететін жайт, елімізде 90 жылдардың аяғы мен 2000 жылдардың басында жүзеге асырылған ІІ Темпус алғашқы жобалары бүгінгі күнге дейін тұрақтылығын жойған жоқ.

Олардың ішінде «Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде инженерлік білімнің жаңа құрылымын жасау», Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің «KAZTOUR», әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «AL FARABI NOVA: автоматизация негізіндегі жаңа ұйым», Қазақ мемлекеттік заң университетінің “ESCALADE” т.б. жобалары бар. Бұл жобалардың әсер етуінен кәсіпорындардың талаптарына сай келетін жаңа бағдарламалар құрастырылды, жаңа мамандықтар ашылды, университтердегі оқу процестері өзгерді, унивеситет бітірушілерінің жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, студенттер мен оқытушылардың шет тілдерді меңгеруге ынталары артты.
Жобалар отандық оқытушылардың деңгейін, мартериалдық базаның жағдайын, Қазақстандағы және серіктес елдердегі жоғары білім беру үрдістерінің ұйымдастырылуы деңгейін көрсетті және оқыту мазмұны мен әдістемелерінің еуропалық үлгілермен үйлесуінің жолдарын анықтады. Тәжірибелі оқытуға бағытталған оқытудың кеңінен енгізілуі, оқыту әдістемесінің өзгеруі, ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану, академиялық бостандықты жетілдіру, студенттермен ара қатынас, бітірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру – мұның бәрі жобалардың жақсы әсер етуінің көріністері.

Оқытудың жаңа мазмұнын құрастыру, оқу орындарының материалдық базасын нығайту, университетті басқару құрылымын өзгерту қажеттілігі болса да, жобалардың «материалдық емес» нәтижесінің маңыздылығы да ескеріледі. Бұл – адами потенциалдарды арттыру, кәсіби көкжиекті кеңейту, еуропалық тәжірибе мен ақпарат алуға мүмкіндік, өзге елдердегі әріптестермен тәжірибе алмасу және кәсіби байланыстар орнату. Дәл осы аспект барлық жобаларда маңызды болып табылады.


АҚПАРАТТЫҚ СЕССИЯЛАР


Ақпараттық сессиялардың мақсаты – Қазақстандық оқу орындары мен басқа да қызығушылық танытқан ұйымдарға кезекті IV Темпус конкурсының талаптары мен өзгерістері, іріктеу тәртібі, ұлттық және аймақтық приоритеттер туралы ақпарат беру және Темпус, ІІ Эразмус мундус бағдарламаларына қатысуға үміткерлерге практикалық кеңестер беру.




Аймақтардағы Ақпараттық күн.

Сол жақта – 2010 жыл, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде.

Оң жақта - Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінде.

ЖОБАЛАР МОНИТОРИНГІ

ТҰК жобалар консорциумымен әрдайым байланыс жасап отырады және оларды жүзеге асыру барысында Атқарушы Агенттікке есеп берумен мониторинг жүргізеді.

Негізгі міндеті – жобаның өз уақытында және табысты жүзеге асуына ықпал ету.

Әр жоба орташа есеппен жобалық цикл кезеңінде екі рет мониторингілеуден өтеді.

Барлық жобалардың 100% - жүзеге аса бастағаннан бастап (профилактикалық, превентивтік мониторинг), барлық жобалардың 70% - Аралық есепті өткізгеннен кейін (ұсынылатын мониторинг), 30% – жобаның жүзеге асуының үшінші жылында (қорытынды мониторинг).

Мониторинг нәтижесінде төмендегі критерилер негізінде жобаның қазіргі жағдайына баға берілед:

• өзектілігі,

• нәтижелілігі,

тиімділігі,

• әсері,

• нәтиже тұрақтылығы,


Сондай-ақ нәтижелерді тарату және жобаны басқару мәселелері де қарастырылады.

Каталог: attachments -> article
article -> ҚазақТҰтынуодағЫ
article -> История финансовой науки и ее развитие в России
article -> Ұлы баба есімі дәріптелді  Жаңа кітап баспадан шықты  Кітап тұсаукесеріне әзірлік
article -> Програма за развитие на читалищната дейност в община пещера за 2016 година
article -> ҚазақТҰтынуодағЫ
article -> «мемлекеттік қызмет этикасы» пәні бойынша
article -> Абыз тұЛҒА, АҢыз тұЛҒа кетбұҚа жауапты редакторы
article -> «Мемлекеттік қызмет этикасы» пәні бойынша
article -> Элективті пәндердің каталогы Мамандық 5В090500 «Әлеуметтік жұмыс» (оқу мерзімі – 4 жыл, оқу тілі – қазақ) Қарағанды – 2014-2015


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет