Ереже модульдік білім беру бағдарламаларының жасалымы туралы


Модульденген жұмыс оқу жоспарын қалыптастыру ерекшеліктері



бет3/4
Дата13.02.2017
өлшемі0,97 Mb.
#9103
1   2   3   4

5.4 Модульденген жұмыс оқу жоспарын қалыптастыру ерекшеліктері

5.4.1 Модульдік тәртіппен жасалған оқу жоспары: ЖББП, БП, ПП кезеңдерінің пәндерінде қалыптасатын, жалпы мамандықтардан, қосымша және пәнаралық модульдерден, қосымша оқыту модульдерінен тұратын білім беру мазмұнының моделін көрсетеді және міндетті компонент пен таңдау бойынша компонент пәндерін қамтиды.

5.4.2 Білім беру бағдарламаларының модульдері нақты салалар немесе пәндер бойынша оқыту бағдарламаларының логикалық өзара байланыстағы компоненттерін білдіреді.

5.4.3 Модульдер мынадай түрлерге бөлінеді:

1) жалпы модульдер – мамандығымен, сондай-ақ әлеуметтік-этикалық, мәдени құзыреттілікпен (тұлғааралық, мәдениетаралық, азаматтық), экономикалық (кәсіпкерлік) және ұйымдастыру-басқару құзыреттілігіне тікелей байланысы жоқ жалпы білім беретін құзыреттіліктерді қалыптастыратын жалпы білім пәндері (бұдан әрі – ЖБП) және базалық пәндер (бұдан әрі – БП) кезеңдерінің пәндерін қамтиды;

2) мамандық модульдері – мамандықтың негізін құрайтын және нақты жалпы білім беру бағдарламасының, сондай-ақ жалпы құзыреттіліктердің (сын тұрғысынан ойлау, креативті, шығармашылық), белсенді өмірлік ұстаным, инновациялылық) шеңберінде жалпы кәсіптік және арнайы құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған БП және кәсіптік пәндер (бұдан әрі – ПП) кезеңдерінің пәндерін қамтиды;

3) оқытудың(маманданудың) белгілі траекториясы үшін таңдау компоненті бойынша модульдер - жекелей кәсібилендіру бойынша мамандану шеңберіндегі мүмкін құзіреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған пәндер циклын қамтиды;

4) біліктілік шеңберінен шығатын қосымша модульдер – мамандығына қатысы жоқ және қосымша құзыреттіліктерді (ақпараттық технологиялар, шетел тілдері және т.б.) қалыптастыруға бағытталған пәндер кезеңдерін қамтиды;

5.4.4. Білім беру бағдарламасының әрбір модулі оқытудың белгілі нәтижелеріне, яғни құзыреттілікке қол жеткізуге бағытталған. Бұл ретте модульдер пәндердің мазмұндық бірлігі негізінде «көлденең» немесе «тік» сызба бойынша құрастырылуы мүмкін.

5.4.5 «Көлденең» модульде барлық құрамдас пәндер параллель оқытылуы мүмкін білім беру нәтижелеріне тең дәрежеде және біршама тәуелсіз қызмет етеді.

«Тік» модуль іргелі және жалпы кәсіби деңгейден арнайы тар қолданбалы деңгейге дейін белгілі бір білім беру нәтижесіне қол жеткізуге бағытталған бірінен кейін бірі (ретімен) оқытылатын пәндерді қамтиды.

5.4.6 Білім беру бағдарламаларының модульдері нақты салалар немесе пәндер бойынша оқыту бағдарламаларының логикалық өзара байланыстағы компоненттерін білдіреді.

5.4.7 Бір модульдің көлемі 5 және одан да көп қазақстандық кредитті немесе 8 және одан да көп ECTS кредиттерін құрайды және екі немесе одан да көп оқу пәндерін қамтиды.

5.4.8 Кәсіптік практикалардың түрлері, дипломдық жұмыстар және магистрлік/докторлық диссертациялар өзара байланысына және оқу пәндерімен мақсаттарының бірлігіне қарай білім беру бағдарламаларының тиісті модуліне қосылады. Сонымен қатар, кәсіптік практиканың әрбір түрі әртүрлі модульдерге жатуы мүмкін.

5.4.9 Модульдің құрамында кредиттегі әрбір құрамдас компоненттің модульдің жалпы еңбек көлеміндегі оның тікелей пропорционалдық үлесі анықталады.

5.4.10 Бір модульдің ұзақтығы бір академиялық кезеңді құрайды. Көлемі бойынша үлкен модульдер бір оқу жылына созылуы мүмкін, бірақ одан көп емес.

5.4.11 Егер модуль бірнеше бір-бірімен өзара байланысты, біреуі басқасының пререквизиті болатындай компоненттерді біріктіретін болса, онда оқып үйрену реттілікпен болу керек, яғни мұндай жағдайда бұл компоненттер әр семестрде оқытылады.

5.4.12 Егер модуль сыбайлас пәндерден тұратын жағдайда, құрама компоненттер басқадай құрама компоненттердің пререквизиті болып табылмаса, онда пәндерді параллельді оқыту мүмкін.

5.4.13 Модульді зерделеп аяқтаған соң қорытынды бақылау модуль бойынша кешенді емтихан нысанында не әрбір компонент – оқу пәні бойынша өзіндік емтихан нысанында өткізіледі.

Егер кешенді емтихан өткізілген жағдайда қорытынды бақылау бағдарламасына негізгі компонент бойынша сұрақтар кіреді, ал басқа компоненттер бойынша қорытынды бақылау нысаны реферат, эссе немесе курстық жұмыс (жоба) болып табылады.

Кешенді емтихан кезінде баға тұтас модуль бойынша да, оның әрбір компоненті – оқу пәні бойынша да жеке қойылады.

5.4.14 Модуль бойынша кредиттер алудың шарты әрбір компоненттегі жұмыстың барлық түрлерін орындау және қорытынды бақылау бойынша оң баға болып табылады.

Егер тұтас бір модуль бойынша қорытынды бақылаудан қанағаттанарлықсыз деген баға алған жағдайда, білім алушылардың оның жеке компоненттері – оқу пәндері бойынша оң бағасы, онда олар қайта есептеледі. Келесіде білім алушылар бұл пәнді оқымайды.

5.4.15 Бітіретін кафедралар жыл сайын ақпанда жаңа оқу жылына жоғары деңгейде жетілдірілген модульдік ОЖЖ қалыптастыру үшін ЭПК толықтырады және әзірлейді, мұндай жағдайда білім беру бағдарламаларына тән ерекшелікке тәуелді модуль сипаттамасына толықтыруды енгізуге рұқсат етіледі.

5.4.16 Бітіретін кафедра жыл сайын 30 наурызға дейін модульді анықтама мен білім беру бағдарламасының ақпараттық пакетті жасайды және толықтырады.

5.5 Оқу жұмыс жоспары мазмұны және құрылымы

5.5.1 Модульдік оқу жұмыс жоспарының нысаны мен құрылымы оқудың нақтылы нысандары үшін бірдей болып табылады

5.5.2 ОЖЖ негізгі мазмұны үш циклды қамтитын теориялық оқу болып табылады

- жалпыға міндетті пәндер циклы (ЖМП) – интеллектуальді, жеке тұлға және әлеуметтік дамыған маман даярлауды іске асыру;

- базалық пәндер циклы (БП) – болашақ мамандардың сәйкес мамандығы бойынша негізгі білімін қалыптастыруға бағытталған;

- кәсіптік пәндер циклы (КП) – кәсіби іс-әрекеттің нақты саласында қолдануға арнайы білім, білік, дағды және құзіреттіліктер қатарын анықтайды.

5.5.3ОЖЖ қамтуы тиіс:


  1. Вариативті бөлім траекториясының негізгі бөлімінде ТОЖ сәйкес оқу пәндерінің атауы мен тізімі;

  2. Қазақстандық және ECTS кредиттерімен белгіленген әрбір циклдың жалпы еңбек сыйымдылығы, сонымен бірге академиялық сағатта оқытудың БОӨЖ күндізгі бөлім үшін және БӨЖ сырттай бөлім үшін аудиториялық жүктеменің(дәріс, практикалық сабақ, зертханалық жұмыс) бөлінуі;

  3. барлық цикл бойынша теориялық оқудың жалпы еңбексыйымдылығы және KZ/ECTS кредиттерінде қорытынды мемлекеттік аттестация мен оқытудың қосымша түрі ескерілген жалпы еңбексыйымдылығы;

  4. ОЖЖ негізгі және вариативті бөлімінде сабақ түрі көрсетіледі, KZ және ECTS кредиттері, модуль атауы мен коды, әрбір компоненттің бақылау түрі;

  5. негізгі бөлімде – міндетті компоненттер( ТОЖ –ғы пәндер) модулінің тізімі, оқытудың қосымша түрлерінің тізімі( дене шынықтыру, ақпараттық мәдениет негіздері, іс-тәжірибенің барлық түрі, мемлекеттік емтиханның барлық пәндер атауы көрсетілген қорытынды мемлекеттік аттестация және дипломдық жұмысты қорғау).

  6. вариативті бөлімде – екі траекториядан(мамандану) кем емес элективті компоненттер(таңдау бойынша пәндер) модулінің тізімінен тұруы тиіс. Осындай модульдерді(пәндер) оқып үйрену семестрі мен оларға бөлінген кредиттер саны барлық траекторияларда бірдей болуы тиіс.

5.6 Кешкі оқу түрі бойынша оқу жұмыс бағдарламасын жасау ерекшеліктері

5.6.1 Кешкі оқу түрі бойынша мамандарды даярлау орта білім базасы бойынша жүргізіледі және ҚР БҒМ бұйрығымен бекітілген қысқартылған білім беру бағдарламасына сәйкес рұқсат етілген кәсіптер мен мамандықтар тізімі бойынша жүргізіледі.

5.6.2 Орта білім базасында ОЖЖ кредиттердің жалпы санымен теориялық оқуына 129 кредитпен 5жыл мерзімге жасалынады. Кәсіптік (ТжКО)және техникалық білім беру базасында ОЖЖ кредиттердің жалпы санымен теориялық оқуына 90 кредитпен 3жыл мерзімге жасалынады. Жоғары білім базасында ОЖЖ кредиттердің жалпы санымен теориялық оқуына 60 кредитпен 2жыл мерзімге жасалынады.

5.6.3 Оқытудың кешкі түрі үшін ОЖЖ құрылымы, негізгі және вариативті бөліміндегі модульдер тізімі, олардың блоктар бойынша бөлінуі сол мамандықтың күндізгі оқу түрі ОЖЖ сәйкес болуы тиіс.

5.6.4 Семестр түрінде ұйымдастырылған бір академиялық кезең ішінде кешкі оқыту нысанының студенті 12-15 кредит игеруі тиіс. Мұнда, бітіретін курстағы соңғы семестр оқу семестрі және оқу емтихан сессиясымен аяқталады(орта білім базасындағы кешкі оқу түрі ОЖЖ жасауды алып тастағанда)

5.6.5 Пәннің коды, нөмірі мен модуль атауы сол мамандықтың күндізгі оқу бөлімі ОЖЖ сәйкес болуы тиіс.

5.6.6 ОЖЖ жасау кезінде модульге енетін компоненттер санын азайтуға рұқсат етілмейді. Модуль толық сақталуы немесе құзіреттілікті қамтамасыз ету тәуелділік шартынан толық шығарылуы тиіс.

5.7 Сырттай оқу түрі бойынша оқу жұмыс бағдарламасын жасау ерекшеліктері

5.7.1 Сырттай оқу түрі бойынша мамандарды даярлау ҚР БҒМ бұйрығымен бекітілген қысқартылған білім беру бағдарламасына сәйкес рұқсат етілген кәсіптер мен мамандықтар тізімі бойынша жүргізіледі.

5.7.2 Кәсіптік(ТжКО) және техникалық білім беру базасында ОЖЖ кредиттердің жалпы санымен теориялық оқуына 72 кредитпен 3жыл мерзімге жасалынады. Жоғары білім базасында ОЖЖ кредиттердің жалпы санымен теориялық оқуына 48 кредитпен 2жыл мерзімге жасалынады

5.7.3 Оқытудың сырттай түрі үшін ОЖЖ құрылымы, негізгі және вариативті бөліміндегі модульдер тізімі, олардың блоктар бойынша бөлінуі сол мамандықтың күндізгі оқу түрі ОЖЖ сәйкес болуы тиіс.

5.7.4 Семестр түрінде ұйымдастырылған бір академиялық кезең ішінде сырттай оқыту нысанының студенті 9-12 кредит игеруі тиіс. Мұнда, бітіретін курстағы соңғы семестр оқу семестрі және оқу емтихан сессиясымен аяқталады.

5.7.5 Пәннің коды, нөмірі мен модуль атауы сол мамандықтың күндізгі оқу бөлімі ОЖЖ сәйкес болуы тиіс.

5.7.6 ОЖЖ жасау кезінде модульге енетін компоненттер санын азайтуға рұқсат етілмейді. Модуль толық сақталуы немесе құзіреттілікті қамтамасыз ету шартына тәуелділіктен толық шығуы тиіс.
5.8 Магистратура және докторантура бойынша жұмыс оқу жоспарын жасау талаптары

5.8.1 Магистратура және докторантура бойынша оқу жұмыс жоспарларын жасау да, модульдік принцип бойынша бакалавриаттағы сияқты, МЖМБС магистратура мен докторантура негізгі ережелері және ТОЖ негізінде жасалынады.

5.8.2 Магистратура мамандықтары бойынша ОЖЖ жасау білім беру бағдарламаларының мазмұнына және бағдарлама бойынша ғылыми-педагогикалық магистратура мен кәсіби магистратураның бұдан бұрынғы даярлығын ескеріп, оқу мерзіміне тәуелді жасалынады.

5.8.3 ОЖЖ әзірлеу барысында практиканың ұзақтығын ескеру керек.

Ғылыми және педагогикалық магистратура жүйесінде (оқу мерзімі 2 жыл) 1 кредит:

- педагогикалық практика үшін – 30 сағатқа, немесе 1 апта;

- зерттеу практика үшін – 120 сағатқа, немесе 4 апта;

- магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы – 120 сағатқа , немесе 2,2 аптаға тең.

Кәсіби магистратура жүйесінде (оқу мерзімі 1 немесе 1,5 жыл) 1 кредит тең:

- өндірістік практика үшін – 75 сағатқа, немесе 2,5 апта;

- магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысы – 120 сағатқа, немесе 2,2 апта.

Докторантура жүйесінде1 кредит:

- педагогикалық практика үшін – 30 сағатқа, немесе 1апта;

- зерттеу практика үшін – 120 сағатқа, немесе 4апта;

- докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы – 120 сағатқа, немесе 2,2аптаға тең.

5.8.3 Докторантура мамандықтары бойынша ОЖЖ білім беру бағдарламасының мазмұнына тәуелді жасалынады.



5.9 Оқу жұмыс жоспарын әзірлеу және бекіту тәртібі

5.9.1 ОЖЖ жасаушылар бітіруші кафедралар болып табылады.

5.9.2 ОЖЖ автоматтандырылған ақпараттық жүйеде бекітілген үлгіге сай, жеке әрбір мамандық үшін үш тілде (мемлекеттік, орыс және ағылшын) жасалады.

5.9.3 ОҮҰжББ ОЖЖ білім беру деңгейіне сай ҚР МЖМБС талаптарына сәйкестілігін тексереді, оқу үрдісін ұйымдастыру көзқарасында жасалған жоспардың оңтайлылығын, сонымен бірге, факультет және университет шеңберінде жоспарды үйлестіру талдауын толықтай жүргізеді. ҚР МЖМБС осы немесе басқа, құзіреттілік пен үйлестіру талаптарының орындалмағаны белгілі болғанда, жоспар, бітіруші кафедраға ары қарай жөндеу үшін қайтарылады.

5.9.4 ОҮҰжББ ОЖЖ өткен тексеріске бітіруші кафедралардың меңгерушілерімен, факультет деканымен, АСжБББД директорымен және ОӘЖ жөніндегі проректормен келісім ұйымдастырады.

5.9.5 Құрылымдық бөлімшелерге қатысты жетекшілерімен қол қойылған, келісілген және басып шығарылған ОЖЖ университетің Ғылыми кеңесінде қарауға ұсынылады және 2-5 курс білім алушылары үшін ағымдағы оқу жылының аяғында(маусым айынан кеш емес), ал 1 курстың білім алушылары үшін оқу жылының басында( қыркүйек айынан кеш емес) ректормен бекітіледі.

5.9.6 Бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша ОЖЖ түпнұсқасы ОҮҰжББ сақталады, көшірмелері оқу үрдісін ұйымдастыру үшін тіркеу бөлімі мен кафедраларға жіберіледі.

5.9.7 Университет жыл сайын ОЖЖ маңыздылығына көңіл бөледі. (ғылым, техника, мәдениет, экономика, технология және әлеуметтік сала дамуын ескере отырып, пәндер құрамы бөліміне). Сондай-ақ, ОЖЖ өзгерістер ҚР БҒМ ұсынылымы негізінде енгізілуі мүмкін. ОЖЖ өзгеріс енгізу бойынша кафедралар ОЖЖ вариативті бөлімін(траекториясын) ауыстыруға ғана құқығы бар.

5.9.8 Қайта қабылданған ОЖЖ бойынша оқу 1курстан басталады. Қалған курстың студенттерін оқыту бұрын бекітілген ОЖЖ жүргізіледі.

5.9.9 Бекітілген ОЖЖ мамандық бойынша студенттің бүкіл оқу мерзімі бойында өзгеріссіз қызмет ететін жоо ішілік негізгі нормативті құжат болып табылады. Бекітілген ОЖЖ өзгеріс енгізуге, анықтауға, жөндеуге рұқсат етілмейді.



5.10 Академиялық күнтізбе жасау тәртібі

5.10.1 Академиялық күнтізбе жасаудың мақсаты білім алушылардың оқу жылы көлеміндегі біркелкі жүктемесі мен мамандықтың модульденген оқу жұмыс жоспарын орындауы болып табылады

5.10.2 Академиялық күнтізбе негізгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша оқу іс-шаралары жиынтығына регламент белгілеу.

5.10.3 Мамандықтың модульденген оқу жұмыс жоспарымен сәйкес білім беру үрдісін ұйымдастыру мен өткізу үшін, университетте әр оқу жылына оқудың барлық түрі үшін бөлек академиялық күнтізбе жасалынады:



  • бакалавриатта мамандықтар бойынша күндізгі оқу түрі үшін;

  • бакалавриатта мамандықтар бойынша ТжКББ базасында қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша күндізгі оқу түрі үшін;

  • бакалавриатта мамандықтар бойынша орта білім базасында кешкі оқу түрі үшін;

  • бакалавриатта мамандықтар бойынша жоғары кәсіби білім беру базасында қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша кешкі оқу түрі үшін;

  • бакалавриатта мамандықтар бойынша ТжКББ базасында қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша кешкі оқу түрі үшін;

  • бакалавриатта мамандықтар бойынша ТжКББ базасында қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша сырттай оқу түрі үшін;

  • бакалавриатта мамандықтар бойынша жоғары кәсіби білім беру базасында қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша сырттай оқу түрі үшін;

  • магистратура мамандықтары үшін;

  • докторантура мамандықтары үшін.

5.10.4 Бакалавриат, магистратура және докторантураның күндізгі оқу мамандықтары бойынша академиялық күнтізбесінде теориялық оқуды бастау және аяқтаудың нақты күнтізбелік мерзімі, іс-тәжірибенің барлық түрін өткізу, аралық және қорытынды бақылауды өткізу мерзімі(емтихан сессиясы), дипломдық жобаны орындау, магистрлік және докторлық диссертация, қорытынды аттестация өткізу мерзімі және каникулға бөлінген уақыт көрсетіледі.

5.10.5 Күндізгі оқу бөлімі бойынша академиялық күнтізбе оқу жылына жасалынады және 2 міндетті семестр(әрқайсысының ұзақтығы 15 апта академиялық кезең) мен 1 қосымша семестр(жазғы) қосылады. Қарызды жою үшін және оқу бағдарламасындағы айырмашылықтар, сонымен бірге ұзақтығы 6 апта қосымша және тездетілген оқудың(бітіруші курсты алып тастағанда) қажеттілігін қанағаттандыру үшін жазғы семестр қарастырылады.

5.10.6 Әр семестрдің соңында аралық аттестацияны тапсыру үшін емтихан сессиясы белгіленеді, оның ұзақтығы бакалавриат пен магистратура үшін 2 аптадан кем емес, ал докторантура үшін 1аптадан кем болмауы тиіс.

5.10.7 Каникул күндізгі және кешкі оқудың білім алушылары үшін әрбір академиялық кезеңнен кейін беріледі. Мұнда бакалавриат пен магистратурада каникул уақытының ұзақтығы оқу жылында 7 аптадан кем болмауы тиіс(мұның ішінде қысқы уақыттағы 2аптадан кем емес), ал докторантура үшін 5 аптадан кем емес.

5.10.8 Күндізгі оқу түрінің бітіру курсында теориялық оқу үшін бір академиялық кезең (семестр) белгіленеді, ал соңғы семестрде кәсіби іс-тәжірибенің барлық түрі, қорытынды мемлекеттік аттестация жоспарланады. 5.10.9 Бакалавриаттың күндізгі және кешкі оқу түріндегі сессия ұзақтығы 2 аптадан кем болмауы тиіс, ал сырттай бөлімінде 4 аптадан кем емес.

5.10.10 Бакалавриаттың күндізгі оқу түрі үшін сессия ағымдағы оқу жылының қаңтары мен маусымына дейін аяқталуы тиіс.

5.10.11 Магистрлік және докторлық диссертациялар, дипломдық жобаларды(жұмысты) қорғау, қорытынды мемлекеттік аттестациялар білім алушылар аттестация мен іс-тәжірибенің барлық түрінен өтіп, барлық оқу пәндерін оқып үйренуді қоса алғандағы, теориялық оқу аяқталған соң, жүргізіледі.

5.10.12 Қорытынды мемлекеттік аттестация шілде айына дейін аяқталуы тиіс.

5.10.13 Бакалавриатта сырттай оқу түрі бойынша академиялық күнтізбе оқу жылына жасалынады және оқудың барлық курстары үшін 2 сессияны, сонымен қатар, бітіру курсында қорытынды мемлекеттік аттестация үшін сессияны қамтиды. Сырттай оқу түрі бойынша академиялық күнтізбеде бекіту сабағына бөлінген уақыт, академиялық қарызды жою мерзімі, сынақ-емтихан сессиясы, дипломалды іс-тәжірибелер, диплом жұмыстарын орындау мен қорытынды аттестацияны өткізу көрсетіледі.

5.10.14 Бакалавриат мамандықтары бойынша оқудың барлық түрі үшін академиялық күнтізбе тіркеу бөлімімен жасалынып, факультет декандарымен, АСжБББД директорымен және ОӘЖ жөніндегі проректормен келісіледі.

5.10.15 Магистратура мен докторантура мамандықтары үшін академиялық күнтізбе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімімен жасалынып, АСжБББД директорымен және ОӘЖ жөніндегі проректормен келісіледі.

5.10.16 академиялық күнтізбе белгіленген үлгі бойынша жасалынып, маусым айында Университеттің Ғылыми кеңесімен бекітіледі. Академические календари составляются по установленной форме и утверждается Ученым Советом университета в июне месяце.
6 Модульдік білім беру бағдарламаларын құрастыру тәртібі
6.1. Модульдік оқытудың әдіснамалық негізі ретінде модульдік білім беру бағдарламаларын әзірлеу принциптері, әдістемесі және тәртібі саналады.
      Оқыту нәтижелерінің тиімділігіне кешенді тәсілдерді сақтау арқылы қол жеткізуге болады. Модульдік принцип бойынша білім беру бағдарламалары да, оқу жоспарлары мен оқу пәндері де құрастырылады.

6.2. Модульдік оқытудың негізгі принциптері мыналар:


      1) білім беру бағдарламаларын, нақты пәндерді құрастырудың және олардың мазмұнын анықтаудың жүйелі тәсілдері;

2) білімді жеке элементтерге бөлшектеу және білім берушілер мен білім алушылар ынтымақтастығының нақты көрінуі;

3) әр модуль ішінде және олардың арасында оқу сабақтары түрлерінің әдістемелік тұрғыдан дұрыс үйлесуін қамтамасыз ету;

4) модульдік курс пен білім беру бағдарламалары құрылымының икемділігі;

5) білім алушылардың білімін бақылаудың тиімділігі мен бақылау іс-шараларының семестр барысында дұрыс бөлінуі;

6) студенттердің шығармашылық қызметі үшін алғышарттар құрылатын дамыта оқытудың әдістемелік принциптерін іске асыру мүмкіндіктері болып табылады.

6.3. Модульдік білім беру бағдарламалары мамандарды даярлаудың құзыреттілік моделінің контексінде әзірленеді. Бұл жағдайда жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру барысында қалыптастырылатын құзыреттіліктер пән саласына қатысты және әмбебап (жалпы және пәннен тыс) құзыреттіліктерге бөлінеді.

Құзыреттіліктер білім мен түсінікті (академия саласындағы теориялық білім, білу және түсіну қабілеті), қалай әрекет етуді білуді (нақты жағдайларға білім мен дағдыларды практикалық және жедел қолдану) және қалай болатынын білуді (әлеуметтік контексте өзгелермен өмірдің ажырамас бөлігі ретіндегі бағалық аспект) қамтиды.

6.4. Модульді білім беру бағдарламасының құрылымы мыналарды көздейді:
      1) оқу пәндерінен қайталау фрагменттерін алып тастау мақсатында қолданыстағы білім беру бағдарламаларының мазмұнын алдын ала терең пәнаралық тексеру;

2) МББ кіретін оқу модульдерінің тізбесін анықтау;

3) бір МББ аясында ықтимал білім беру траекторияларын белгілеу (бағыттарды, магистрлік бағдарламаларды, элективті пәндер мен қосымша білім беру бағдарламаларын есепке ала отырып);

4) профессорлық-оқытушылық құрамның еңбек шығынын және ЖОО-ның материалдық-техникалық, ақпараттық-кітапханалық және баспа-полиграфиялық базасының сапалы жаңартылуын талап ететін оқу модульдерін іске асыру жүйесін әзірлеу;

5) оқу үдерісінің қазіргі заманға сай жаңаруына жауап беретін жаңа қағидаттарда әкімшілік-басқару қызметін іске асыру.

6.5. Модульдік қағидаттарға сәйкес білім беру бағдарламасын және оқыту пәндерін өзге нұсқалық бөліктерден (міндетті оқыту үшін модельдер) және вариативті, яғни еңбек нарығының, жұмыс берушілердің және студенттердің қажеттілігін есепке алатын ауыспалы модульдерден құрау мақсатты болып табылады.

Сонымен бірге білім беру бағдарламасының оқу пәндері үш топқа бөлінеді:

А тобы - міндетті пәндер, олар қатаң берілген бірізділікпен оқытылады;

В тобы - міндетті пәндер, олар еркін бірізділікпен оқытылады;

С тобы таңдау бойынша пәндер, кез келген академиялық мерзімде оқытылады.

6.6. Модульді білім беру бағдарламасының құрылымы мынадай компоненттерді қамтиды:

1) білім беру бағдарламасының атауы;

2) білім беру бағдарламасының деңгейі: (бакалавриат/магистратура/PhD докторантура);(Қосымша 4);

3) білім беру бағдарламасының паспорты, сондай-ақ білім беру бағдарламасының бітірушілері меңгеруі тиіс негізгі құзыреттер:

ана тілі саласында;

шет тілдері саласында;

іргелі математикалық, жаратылыстану-ғылыми және техникалық дайындық;

компьютерлік;


оқу;

әлеуметтік (тұлғааралық, мәдениетаралық, азаматтық);

кәсіпкерлік, экономикалық;

мәдени, сондай-ақ қосымша қабілеттер: сын тұрғысынан ойлау, креативті, (шығармашылық), инновациялық өлшем, белсенді өмірлік ұстаным) (Қосымша5.1);

4) әрбір модуль бөлінісінде қалыптасатын құзыреттіліктерді, қазақстандық кредиттердегі және ECTS кредиттердегі көлемін, оқыту кезеңін, модуль компоненттерін (құрамдас модульдің (пәндер, практикалар және т.б.) коды және атауы), пәндер топтамасын (ДБП, БП, ПП), міндетті компонентке немесе таңдау бойынша компонентке тиістілігін, кредиттердің санын және әрбір құрамдас модульге қатысты бақылау формасы) көрсете отырып, модуль түрлерінің шеңберінде білім беру бағдарламасының мазмұны (Қосымша 5.2);

5) білім беру бағдарламасының модульдері бөлінісінде игерілген кредиттердің көлемін көрсететін жиынтық кестесі осы ереженің 9-қосымшасына сәйкес (Қосымша 6).

6) ЭПК (3-тілде);

7) модульдік анықтама (3-тілде) (Қосымша 7);

8) ақпараттық пакет (3-тілде) (Қосымша 8);

9) іс-тәжірибенің оқу бағдарламасы (2 тілде: қазақ және орыс);

10) іс-тәжірибе базаларымен оқу жылы басталғанға дейін 1 ай бұрын жасасқан келісім-шарт көшірмесі;

11) элективті пәндерге жұмыс берушілердің өтінімі.

6.7. При модульном построении учебной дисциплины ее программа структурируется на модули (подмодули, разделы), направленные на приобретение обучающимися необходимых знаний, умений, навыков и компетенций.
      При этом модульная программа учебной дисциплины отражает как аудиторную, так и самостоятельную работу обучающихся и призвана освободить преподавателя от чисто информационных функций.

6.8. Модульдік оқу бағдарламасы мыналарды қамтиды:

1) оқу пәндерінің мақсаты мен міндеттерінің тізбесі;

2) білім алушылардың «түсу алдындағы» және пәндерді меңгергеннен кейінгі (пререквизиттер және постреквизиттер) дағдыларына (құзыреттілігіне) қойылатын талаптар;

3) пәндердің әрбір модуліне сипаттама (модульдік бірліктер тізбесі, яғни олардың қысқаша мазмұны, семинарлық және зертханалық-практикалық сабақтардың жоспарлары, студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптары мен сұрақтары, оның ішінде оқытушының жетекшілігімен, тапсырманы орындау және тапсыру кестесі);

4) қысқаша ұйымдастыру-әдістемелік сипаттама (оқыту мен оқу жетістіктерін бақылаудың негізгі формалары мен әдістері, оқытушының талаптары, курстың саясаты мен рәсімі);

5) білім алушылардың оқу жетістіктері нәтижелерін бағалау жүйесі.

6.9. Білім бағдарламалары жалпы білім беру және қосымша құзыреттіліктер қалыптастыруға бағытталған өзіндік оқыту модульдерінен (кіші модульдер, бөлімдер, тақырыптар) тұратын пәнаралық модульдерді қамтиды. Бұл ретте мақсаттары бір болған жағдайда бірнеше пәндер бір модульге бірігуі мүмкін.

6.10. Модульдік тәртіппен жасалған оқу жоспары: ЖББП, БП, ПП кезеңдерінің пәндерінде қалыптасатын, жалпы мамандықтардан, қосымша және пәнаралық модульдерден, қосымша оқыту модульдерінен тұратын білім беру мазмұнының моделін көрсетеді және міндетті компонент пен таңдау бойынша компонент пәндерін қамтиды.
7 Өзгерістер
7.1 Ережеге өзгерістер мен қосымшалар СБӨ рұқсатымен енгізіледі және оның қолы қойылып, өзгеріс туралы хабарлама түрінде құжатталады. Өзгеріс туралы хабарлау парағы белгіленген үлгіге сәйкес хатталады және осы ереже орналасқан барлық құрылымдық бөлімшелерге беріледі. Түпнұсқаға және есепке алынған жұмыс даналарына өзгерістер мен қосымшалар ҚР ШҚМУ 001-13 талаптарына сәйкес енгізіледі. Сақтауға берілген ережеге өзгерістер енгізу туралы хабарламаны әзірлеуші бөлімше шығарады. Ережеге өзгерістерді ҚБЖ өзгерістерді және қосымшаларды тіркеу парағына белгілей отырып, енгізеді;

7.2 Түпнұсқаға және есепке алынған жұмыс даналарына өзгерістер мен қосымшаларды енгізу үшін СМЖжМББ және ҚБЖ жауапты.

7.3 Ережені тексерулердің мерзімділігін есепке алу парағына міндетте түрде белгілей отырып, ҚБЖ үш жылда кем дегенде бір рет қайта қарайды.

7.4 Ережеге өзгерістер мен қосымшаларды енгізу үшін мыналар негіз бола алады:



  • заң күші бар нормативтік-құқықтық актілерге жаңадан енгізілген өзгерістер мен қосымшалар;

  • ректордың бұйрықтары;

  • құрылымдық бөлімшелер арасында міндеттерді қайта бөлу;

  • құрылымдық бөлімшелерді қайта құру;

  • СБӨ рұқсатымен енгізілген өзгерістердің себебі көрсетілген ҚБЖ қызметтік жазбасы.

7.5 Ұйымның немесе құрылымдық бөлімшенің атауы өзгертілген кезде ереже ауыстырылуы керек.

7.6 Ауыстырылған жағдайда ереженің күшін жоғалтқан университеттегі барлық даналар алынып, жаңасымен ауыстырылуы тиіс.

Ескірген ережені алу және ауыстыру үшін ҚБЖ және СМЖжМББ жауапты.

7.7 Ескірген ережеде «Жойылды» деген белгі, жою негіздемесі, күні және «Жойылды» деген белгіні қойған тұлғаның қолы қойылып, мұрағатқа жіберіледі. Мұрағаттық құжаттар жұмысқа пайдаланылмайды.



8 Келісу, сақтау және тарату
8.1 Ережені Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келісуді ҚБЖ жүзеге асырады.

8.2 Ережені ҚБЖ әзірлейді.

Ережені мыналар келіседі:

- СБӨ;


- оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры;

- академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаменті бастығы;

- СМЖжМББ бастығы;

- құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бастығы;

- заңгер-кеңесші;

8.3 Ережені ректор бекітеді және жойылғанға дейін әрекет етеді.

8.4 Ереженің түпнұсқасы құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінде сақталады және оның сақталуы үшін құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бастығы жауапты болады.

8.5 Құрылымдық бөлімшенің барлық жұмысшыларының ереженің мазмұнымен жеке танысуы үшін ҚБЖ, кадрлар бөлімінің бастығы және құқықтық қолдау жауапты.

8.6 Ереженің есепке алыныған жұмыс даналарын құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі таратады.

8.7 Ереженің есепке алынған жұмыс данасының бөлімшеде сақталуы үшін ҚБЖ жауапты.


Қосымша1
ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ЕУРОПАЛЫҚ БІЛІКТІЛІК ШЕҢБЕРІ



(«ДУБЛИНДІК ДЕСКРИПТОРЛАР»)


Оқу нәтижелері

Оқудың бірінші циклы (бакалавриат)

Оқудың екінші циклы (магистратура)

Оқудың үшінші циклы (докторантураPhD)

1. Білім мен түсіну


оқып үйрену аясында неғұрлым озық біліммен байланысты анықталған аспектілерді өзіне қоса отырып, озық оқулықтарды қолдайтын, жалпы орта білім беру негізінде тұжырымдалған, ережедегідей деңгейге сәйкес, меңгеру аясында білім мен түсінікті демонстрациялау

үнемі зерттеу контекст шеңберінде, идеяларды қолдану мен жасау кезінде өзгеше байқалыну мүмкіндігі мен негізді жасайтын, әдетте бакалавр деңгейінде орайластырылып, тереңдетілген білім мен түсінік немесе негізделген шеңберден шығатын білім мен түсінікті демонстрациялау

Оқып үйрену саласында жүйелі түсіну мен білімді игеру және белгілі салада зертеу әдістерін демонстрациялау


2. Практикада білім мен түсінгенін қолдану

еңбек ету әрекетіне кәсіби жолын дәлелдейтіндей немесе құзіреттілікке ие болатындай кәсіпке өз білімі мен түсіну амалын қолдану қабілеті, әдетте тұжырымдама мен негіздеме дәлелі және оқып үйрену аясы шеңберінде мәселені шешу көмегімен демонстрацияланады

өз білімі мен білігін қолдану қабілеті және оқып үйрену аясымен байланысты кең көлемдегі (пәнаралық)контекст шеңберінде және жаңа немесе таныс емес контексте мәселені шешу қабілеті


ғылыми мақсаттағы зерттеудің қажет үрдісін, өзіндік зерттеудің көмегімен үлес қосып тудыру, жетілдіру және бейімдеу қабілеті, ұлттық немесе халықаралық төрелік етуші басылымдарда біршама аспектілері көрсетіліп, қолданылу білім шеңберін кеңейтуді маңызды еңбек жолымен туғызу

3. Пікірін талқыға салу, ойды бағалау және қорытындыларды тұжырымдау қабілеті

әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттар жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру қабілеті

Білімін интеграциялау қабілеті және күрделі сұрақтарды орындай білу, оның білімі мен пікірін қолданумен байланысты әлеуметтік және этикалық жауапкершілікті болжалдау есебі, толық емес немесе шектеулі ақпараттар негізінде өз пікірін тұжырымдау қабілеті

Жаңа және күрделі идеяларды бағалау және синтездеу, сыни талдауларға қабілеті

4. Қарым-қатынас аясындағы іскерлік

ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейтін іскерлігі

өз қорытындылары мен оны тұжырымдау үшін қолданылған білімін және мамандар мен маман еместерге дәл және қарсылық жасамай негіздеуден хабардар ету икемділігі

Статусы бойынша тең өз саласындағы тақырып бойынша, кеңейтілген ғылыми қауыммен және қоғаммен қатынаста болу икемділігі

5. оқу дағдылары немесе оқуға деген қабілеттілік

оқуды жоғары автономиялы дәрежеде жалғастыру үшін оқу саласында осындай іскерліктің бар болуы қажетті

оқуды айтарлықтай шамада өзбетінше және автономды жалғастыруға мүмкіндік беретін оқу саласында икемділікке ие болу

академиялық және кәсіби контексте, білімге негізделген, қоғамның технологиялық, әлеуметтік немесе мәдени дамуын қалыптастыру мүддесіне көмектесу қабілеті


Қосымша 2
БІЛІМ БЕРУ МАҚСАТЫНДА БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫ

Дағды

Анықтама

Түйінді сөздер

Білім

Ақпаратты еске түсіру

анықтау, сипаттау, табу, белгілеу, атау, айрықша баса айту, елестету, еске алу, таңдау, констатациялау-белгілеу, болып табылу, шығару, ұйымдастыру, айтып беру, жазу, біліп алу, өлшеу, қайталау, арақатынасты белгілеу, талапқа сай болу / жол табу

Түсіну

Мағынаны түсіну, негізгі ойын өзгертіп айту

түсіндіріп беру, аудару, бағалай білу, түсіндіру, қамту, қорғау, айыра білу, кеңейту, қарым-қатынаста болу, көркемдеу, мысалдар келтіру, өз сөзімен айтып беру, алдын-ала айту, жазу, қорытынды шығару / қорыту, пікірлесу / талдау, болып табылу, жасау, тарту ету, растау, көрсету, табу, таңдау, түсіндіріп беру, атау, тұжырымдау, жасау, қарсы қоя білу , аудару, жүйелеу, білдіру, салыстыра білу

қолдану

Жаңа жағдайда ақпаратты немесе концепцияны қолдану

қолдану, шешу, құру, демонстрация жасау, есептей білу, өзгерту, ашу, басқару, өзгерту-түрлендіру, пайдалану, сүйеніп іс қылу, алдын ала айту, дайындай білу, шығару, айтып беру,көрсету, қолдану, мысалдар келтіру, ұғындыру, жасау, таңдау, солай түсіндіру, табу, бағалау, қолдану, көркемдеу,тексеру, растау

Талдау

Ақпаратты немесе концепцияны өте жақсы түсіну үшін бөліктерге бөлу

сұрастыру-білу, ажырата білу, бағалау, талдай білу, айыра білу, қалай бейнелеу, қорытынды шығара білу, бөлініп шығарылу, байланыс орнату, таңдау, бөліп алу, бөлу / бөлшектеу, салыстыру, қарсы қоя білу, растау, шешу, арнау, қорытынды жасау, сынау, сұрақ қою, диагностикалау, тиянақтау/ жүйелеу, көрсету, ұғындырып беру

Синтез

Жаңа бір нәрсе тудыру үшін идеяларды біріктіру

ұсыну, болып көріну, құрылымдау, бүтінді жасау / интегралдау, тұжырымдау, оқу, дамыту, үйлесімді ету, жинау, тудыру, ойлап шығару, жаңалық ашу, жобалау, түсіндіру, шығару, түрлендіру, ұйымдастыра білу, жоспарлау, қайта жаңғырту, қайта қою, айтып беру, қайта ұйымдастыру, қайта қарау, жазу, қоса білу, хабарлау, өзгерту / қайта жасау, дәлелдеу, тәртіпке келтіру, таңдап алу, басқару, жалпылау, шығару, жасасу, тұрғызу, шақыру, синтез жасау, салыстыра білу, ұсыну, ұлғайту /кеңейту

Баға

Бағалауға қатысты пікірін жасау

қарастыру / мінеу-пікір айту, баға қою, бағалай білу, салыстыру, қарсы қоя білу, сипаттай білу, сынау, ажырата білу, түсіндіру, қорғау, есептеу / есептен алу, анықтау, таңдау, баға беру, сұрақ қою

Қосымша 3


КУРСТАР ИЕРАРХИЯСЫ (ПӘНДЕРДІҢ)

Қосымша 4



Каталог: sites -> default -> files -> files -> education
files -> «Дидахмет Әшімханұлы және қазіргі әдебиеттану ғылымы» атты республикалық ғылыми-теориялық конференциясының Қарары
education -> С. Аманжолов Атындағы шҚму кафедра поқ ашық сабақтар мен өзара сабаққа қатысуды жүргізу және жоспарлау туралы
education -> 1. 2 Байқау туралы ереже, қазылар алқасы, жүлделі қор мөлшері анықталып, ректордың бұйрығымен бекітіледі
education -> Модульдік білім беру бағдарламаларының жасалымы туралы е шқму 011-15 Бірінші басылым
education -> «Пәннің үздік оқу әдістемелік кешені» байқауы
education -> Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
education -> Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011 2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын (I кезең) бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет