Ергали Сериктин аудармасы бабылдык бай



Pdf көрінісі
бет13/40
Дата08.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#103539
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   40
Байланысты:
[pdf] Жорж С.Клейсон — Байлық кілті (1)
10 удивительных жилищ разных народов
əрбір теңгені
өрістегі қаптаған малдай, өзіндейлерді өндіретіндей етіп, əмиянға
байлық ағынын бағыттайтындай жұмысқа салыңдар.


ТӨРТІНШІ ДАУА
Жинақты жойылудан сақта
Алтынның жарқылы қайғы тартады.Əмияндағы алтынды жоғалудан
сақтаған жөн.Сондықтан да, данагөй адам Жаратқанның бұйрығымен ірі
салым қолға түскенше, əуелі аз ғана соманы іске салып, соны сақтауды
үйренеді, - деп бастады дəрісін Арқат төртінші күні,- Əрбір алтыны бар
адам, сенімді көрінген іске үлкен қаржысын салғысы келіп, қыпылдайды да
тұрады. Ол көбіне достары мен туыстарының жолын қуып, солай істейді
де.
Қаржы салудың бірінші əрі басты ұстанымы – негізгі дəулеттің
сақталуын қамту. Басты жинағың жойылса, ол істен пайда іздеудің қандай
мəні бар? Менің айтатыным – жоқ! Ондай тəуекелдің төлемі барыңнан
айырылу болуы мүмкін. Іске салар қорыңмен қоштаспай тұрып, оның
қайтып ораларына көз жеткізіп, зерделеген жөн. Тезірек баюды көксеген
өзіңнің желбуаз тілегіңді басшылыққа алмағайсың.
Жинаған қорыңды біреуге өткізер бұрын, ол кісінің қайтарым қабылеті
мен абыройының дұрыстығын тексерген дұрыс, əйтпесе, ебіл-себіл болып
жинаған қорыңды оған өз қолыңмен сыйға тартқандай күй кешуің
ықтимал.
Ақшаңды əлдебір іске салар бұрын, оның ықтимал қаупін ойластырып
алған абзал.
Менің де алғашқы ақша салымым уайымға душар етті. Бір жыл бойғы
жыйған-тергенімді Азмұр есімді кірпішшіге бердім де жібердім, ал ол
маған Тир қаласындағы финекейліктерден сирек асыл тас сатып əкелуге
тиіс болатын. Ол келгесін тастарды сатып, пайданы тең бөлуге келіскенбіз.
Оған алаяқ финекейліктер жолығып, тастың орнына түрлі түсті шөлмек
беріп жіберіпті.Сөйтіп, менің жинағым құрдымға кетті. Енді бүгінде мен
кірпішшіге асыл тас саудасын тапсыру ақымақтық екенін білем.
Сондықтан сендерге өз тəжірибемді жеткіземін: алтыныңды тəуекел


етіп, өз ақылыңа сенбе. Онан да, алтынмен істеуді меңгерген білікті
адамнан кеңес алған дұрыс.Ондай кеңесті тегін алуға болар, бірақ құны сен
іске салар алтынның құнымен парапар.Ол шынында да солай, егер сол
кеңестің арқасында жинағың жойылудан аман қалса.
Қабысқан əмиян үшін төртінші дауа мынау: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   40




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет