Есэдо го (версия 23. 0) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп


Шағын және орта бизнесті дамыту, салық жүктемесін төмендету



бет12/18
Дата27.02.2020
өлшемі3,04 Mb.
#58698
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18

4. Шағын және орта бизнесті дамыту, салық жүктемесін төмендету


- Микро- және шағын бизнес компанияларын үш жыл мерзімге табыс салығынан босату бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Микро- және шағын бизнес компанияларын үш жыл мерзімге табыс салығынан босатудың заңнамалық негізін әзірлеу бойынша тапсырманы орындау үшін:

1) 2020 жылға арналған бюджет шығыны есептелді. КТС – 127 млрд. теңге, ЖТС – 68 млрд. теңге. Қортындысы - 195 млрд. теңге.

2) шектеулер белгілеу арқылы шығындарды азайту мәселесі зерттелуде:

- тек «айқын» – онлайн БКМ, пос-терминалы, электрондық шот фактура көшірмесі барларды ғана босату;

- сауда, акциздік өнім өндірісі саласында жұмыс істейтін салық төлеушілерді, жер қойнауын пайдаланушыларды, СЭҚ қатысушыларын (импорттаушылар), пайдалы қазба трейдерлерін қоспағанда;



- микро және шағын бизнес өлшемдерін қатаңдату:


Кәсіпкерлік санаттары

Жұмыс істейтін

Ұсынылатын

Нысан

Жұмыс іст. саны, адам

Жылдық табыс,АЕК

Нысан

Жұмыс іст. саны, адам

Жылдық табыс,АЕК

Микро

ЖК

15

30 000

ЖК

0

3 528

(76 млн. теңге)

8,9 млн. теңге

Шағын

ЖК және ЗТ

100

300 000

ЖК

30

48 076

(758 млн. теңге)

121 млн. теңге

Орта

ЖК және ЗТ

250

3 000 000

ЖК және ЗТ

250

3 000 000

(7,58 млрд. теңге)

(7,58 млрд. теңге)

Ірі

ЖК және ЗТ

250-ден аса

3 000 000-нан аса

ЖК және ЗТ

250-ден аса

3 000 000-нан аса

(7, 58 млрд. теңгеден аса)

(7, 58 млрд. теңгеден аса)

3) бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту бойынша ұсыныстар:

- ҚҚС бойынша шекті 30 000 АЕК-тен 15 000 АЕК-ке (75,8 млн. теңгеден 37,9 млн. теңгеге дейін) азайту.

- бензин акцизінің мөлшерлемесін 20 теңгеге ұлғайту. 104 млрд. теңге қосымша қосымша түсімдер күтілуде.

- ЖТС бойынша прогрессивтік шкала енгізу. Қосымша түсімдер мынадай: 500 мың теге еңбекақы бойынша 15% мөлшерлеме - 18,5 млрд. теңге, 750 мың теңге бойынша - 8,2 млрд. теңге, 1 млн. теңге бойынша– 3,8 млрд. теңге. 500 мың теңгеге дейінгі шкала бойынша - 10%, 500-ден 1 млн. теңгеге дейін – 15%,1 млн. теңгеден жоғары – 20%, қосымша 22,3 млрд. теңгетүседі.

- ҚҚС қайтарымының жіктелуі.



  • Қарапайым заттар экономикасы

«Қарапйым заттар экономикасы» деп Қазақстанның азаматтары күнделікті пайдаланатын тамақ өнімдері мен өнеркәсіп тауарлары өндірісін дамытуды айтады.

Бүгінгі таңда өнеркәсіп тауарларының 82% (киім, жиһаз, құрылыс материалдары және т.б.), тамақ өнімдерінің 35% (ет, ұн, қант және т.б.), ауыл шаруашылығы өнімдерінің 23% (жеміс-жидектер мен көкөністер, мақта және т.б.) импортталады. Халоықтың сұранысын қамтамасыз ету және әлеуметтік-маңызды азық-түлік тауарлары импортын алмастыру мақсатында бәсекегеқабілетті өндіріс құру қажет.

Осыған байлайнысты, «қарапайым заттар экономикасын» дамыту мақсатында Үкіметтің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы №820 «қолжетімді несиелендіру міндеттерін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» қаулысы қабылданды, онда Басымдық жобаларды несиелендіру механизмі бекітілген.

Механизм жекеше кәсіпкерлік субъектілерін қолдау үшін келесі салаларда 600 млрд. теңге бөлуді көздейді:

- АӨК-дегі өңдеу – 100 млрд. теңге;

- АӨК-дегі өнліріс – 100 млрд. теңге;

- Өңдеу өнеркәсібі және қызмет көрсетулер – 400 млрд. теңге.

Несиелендіру бойынша басымдық жобаларды іріктеудің негізгі критерийі Механизм бекіткен шығарылымдағы ЭҚТЖК бойынша тауарлар тізбесі болып табылады.

Механизм шеңберінде 9 екінші деңгейдегі банк (ЕДБ) қатысады.



Анықтама:«Қазақстанның Халық банкі» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Jysan Bank» АҚ, «АТФ Банк» АҚ, «Еуразиялық Банк» АҚ, «Нұрбанк» АҚ, «Сбербанк» АҚ ЕБ, «Forte Bank» АҚ, «Bank RBK» АҚ.

А.ж, қыркүйектегі жағдай бойынша ЕДБ 91 млрд. теңгне сомасындағы 208 жобаны мақұлдады. Несиелендірілген жобалар негізінен тамақ, жеңіл, жиһаз, химия, машинажасау сияқты өнеркәсіп салаларын, сондай-ақ АӨК саласы мен қызмет көрсетулерді қамтиды.



Анықтама:салалар бойынша мақұлданған жобалар:

- жеңіл өнеркәсіп 15 жоба – 2,9 млрд. теңге;

- жиһаз өнеркәсібі 8 жоба – 884 млн. теңге;

- құрлыс саласы 6 жоба – 9,9 млрд. теңге;

- химияөнеркәсібі 10 жоба – 28 млрд.теңге;

- машинажасау 4 жоба – 4,3 млрд. теңге;

- қызмет көрсетулер (демалыс орындарын ұйымдастыру (туризм), мектептер, бала бақшалар) 32 жоба – 20 млрд. теңге;

- тамақ өнеркәсібі 50 жоба – 13,7 млрд.теңге;

- АӨК (ет, шикі сүт, жұмыртқа, ірі қара мал, жылқы, жеміс-жидектер) 77 жоба – 10 млрд.теңге.

Аталған юобаларды іске асыруға 5700 жаңа жұмыс орны ашылатын болады, салық төлемдері 40 млрд. теңгені құрайды.

ЕДБ қарауында 321 млрд. теңгеге 306 жоба бар.

«Қарапайым заттар экономикасы» шеңберінде бөлінген қаражатты екінші деңгейдлегі банктерідің игеруін арттыру мақсатында Бағдарламаға мына бөліктерінде өзгерістер енгізілді:

- айналымдағы қаражатты толтыруға лимитті несие сомасының 30%-нан 50%-на дейін арттыру;

- бизнес үшін пайыздық ставканы 8%дан6%-ға дейін төмендету;

- кепілдік базасының жетіспейтін бөлігі бойынша мемлекеттің несиеге кепілдік беру құралын енгізу;

- несиелендірудің жеңілдік мерзімін енгізу (төлемдер бойынша мерзімді кейінге ұзарту);

- жеңілдікпен несиелендіруге арналған тауарлар тізбесін ұлғайту (400-ден астам жаңа тауар);

- Бағдарламаға агроөнеркәсіп кешені жобаларына қатысты ниеттес кепілдік саясат қолданатын «Аграрлық несиелік корпорация» АҚ-ын енгізу.

Қаражатты игеруді одан әрі арттыру мақсатында Үкімет келесі мәселелерді пысықтауды жалғастыруда:

- басымдық жобалар үшін тауарлар тізбесін ұлғайту;

- инвестициялық мақсаттарға арналған неасиелендіру мерзімін 7 жылдан 10 жылға дейін арттыру;

- айналымдағы қаражатты толықтыру мақсатына несиелендіру үлесін жобаларды іріктеу критерийлерін және қарыз алушылар тарапынан ыңғайласпа міндеттемелер белгілей отырып 50%-дан 100%-ға дейін көбейту;

- Бағдарлама механизміне инвестициялық мақсаттарға арналған займдарды қайта қаржыландыру құралын жобаларды іріктеу критерийлерін және қарыз алушылар тарапынан ыңғайласпа міндеттемелер белгілей отырып енгізу.

Сонымен бірге, тек қана кәсіпорындарды қаржыландырудың халық үшін қажетті тауарлар өндірісін өсіруге кепілдік бере алмайтыны ескерілген. Тауарөндірушілер бетпе-кет келетін түрлі проблемалар мен шектеулер бар.

Осыған байланысты жиһаз, жеңіл өнеркәсіп мен құрылыс материалдарын өндіруді дамыту Жол карталары әзірленіп, бекітілген, өйткені «қарапайым заттар экономикасы» тауарларының негізгі бөлігі осы салаларға жатады.

Жол карталарының іс-шаралары жүйелі кедергілерді шешуді көздейді және қосымлған құнның толыққанды тізбегін құруға және өндіріс көлемін өсіруге бағытталған.

Жалпы Жол карталарында 127 іс-шараны іске асыру көзделген. Жол карталарының негізгі бағыттары: жұмыс істеп тұрған өндірістерді шикізатпен қамтамасыз ету, тауарлардың заңсыз айналымымен күрес, мемлекеттік сатып алулар саласындағы шаралар және қазақстандық мазмұнның үлесін көтеру, техникалық реттеу шаралары, экономикалық ынталандыру шаралары, жүйелі қолдау шаралары, саланы білікті кадрлық ресурстармен қамтамасыз ету, отандық тауарөндірушілердің өнімдерін ішкі нарқықта ілгерілету, жұмыс істеп тұроған өндірістерді ұлғайту және жаңаларын іске асыру, инвестициялық жобаларды іске асыру.

- бизнес қызметінің, әсіресе санитарлық-эпидемологиялық салада өзін-өзі реттеу және қоғамдық бақылау құралдары кешенін қалыптастыру

Бүгінде нарықта 37 өзін-өзі реттейтін ұйым бар,оның 7 міндетті ӨРҰ – бағалау қызметі саласында (4 ӨРҰ), заң көмегінде (3 ӨРҰ) және 30 ерікті ӨРҰ.



Анықтама:Ерікті ӨРҰ букмекерлік қызметте – 2, экологиялық аудитте – 3, денсаулық сақтауда – 8, өнеркәсіпте – 2, ЖД билеттер сату бойынша кассалық агенттіктердің мүддесін көрсетуде -1, салық консультанттары – 5, в өрт қауіпсіздігі саласында – 3, ведомстводан тыс құрылыс жобаларын кешенді сараптауда – 5, көлік жүргізушілерін дайындауда – 1.

ӨРҰ институтын жетілдіру жұмыстары жүргізілуде,жоспарланған жұмыстар шеңберінде міндетті өзін өзі реттеуге жататын салалар анықталды: нотариалдық, адвокаттық, аудиторлық қзымет, экологиялық аудит қызметі.

Сонымен қатар, оңалту және банкроттық саласында ӨРҰ енгізу мәселесіпысықталуда.

- микро- және шағын бизнес субъектілеріне тексеру жүргізуге үш жылға мораторий енгізу

Кәсіпкерлік кодекстің 3-бабы 1 тармағына сәйкес, кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттік субъектілердің өзара іс-қимылы кәсіпкерлік пен қоғамды дамытуға қолайлы жағдай туғызуға, Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыруға бағытталған.

Осыған орай, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап, Микро- және шағын бизнес субъектілерін тексеруге үш жыл мерзімге мораторий енгізуді тапсырды.

Бұл ретте мораторийдіңкүші СЭҚ, өрт қауіпсіздігі, атом энергиясын пайдалану секілді (салықтық тексерулерді қоспағанда) салалардағы ерекше тәртіппен жүргізілетін және азаматтардың құқығы мен заңдық мүддесін олардың шағымы бойынша қорғауға арналған жоспардан тыс тексерулерге жүрмейді.

Өйткені кәсіпкерлік субъектілерінің өмірлік маңызды салалардағы қызметін бақылау мен қадағалаусыз қалдыру мемлекет үшін кері салдарларға алып келуі мүмкін.

Анықтама: 2014 жылдың 2 сәуірінен бастап 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін ҚР Президенті н. Назарбаев шағын және орта бизнес субъектілеріне тексеру жүргізуге мораторий жариялады. Бұл мораторий мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты қаржы ұйымдары мен кәсіпорындарға қатысты емес. Сондай-ақ атом энергетикасы, қару, есірткі, у, жарылғыш заттар айналымы саласындағы субъектілердің мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты қызметін тексеруге мораторий кезеңінде орталық мемлекеттік органның шешімі бойынша және Бас прокуратурамен келісе отырып ғана жүзеге асырылды.

Жалпы шағын және шағын кәсіпкерлерді тексеруге мораторий енгізу кәсіпкерлік субъектілерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптар мен міндеттерді орындауға, сондай-ақ оларға заң бойынша берілген құқықтарды адал жүзеге асыруға ынталандыратын болады.



- «Бизнестң жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа жобаларға басымдық беруді, бизнесті қолдаудың жаңа нысандарын енгізуді, әлеуметтік аспектілерге – бірінші кезекте көп балалы және аз қамтылған отбасылар үшін отбасылық бизнес құруға екпін беруді көздей отырып 2020-2022 жылдарға 250 млрд. теңге бөлу

«Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына жолдауын іске асыру шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 12 қазандағы №772 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауыніске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында «Бизнестің жол картасы – 2025» (бұдан әрі – Бағдарлама) бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жобасы әзірленді.

Бағдарламада айналым қаражатын кредиттеуді 60-тан 360 млн теңгеге арттыру, франшиза мен қайта қаржыландыру кредиттерінің нысаналы мақсаттарын кеңейту, грант көлемін 3 млн.-нан 5 млн.теңгеге арттыру көзделуде.

Бұдан басқа, Жеңілдікпен кредит беру механизміне ШОБ үшін проценттік мөлшерлемені 6%-ға дейін азайтуды, ЭҚТЖС тізбесін кеңейтуді, кепілдендіру құралын енгізуді, сондай-ақ айналым қаражатын кредиттеуді 50%-ға дейін толтыруды көздейтін бірқатар түзетулер енгізілді.

Осыған байланысты, Бағдарлама бюджеті ұлғайтылды:

- 2020 жылы 87,9 млрд. теңгеге дейін

- 2021 жвылы 92,9 млрд. теңгеге дейін

- 2022 жылға дейін 86,9 млрд. теңгеге дейін. Қортынды: 267,7 млрд. теңге.


Анықтама:

Құралдар

2020

2021

2022

Субсидиялау

66,6

71,6

69,3

Кепілдендіру

3,3

3,3

3,3

Гранттар

1,3

1,3

0,7

Инфрақұрылым

13,1

13,1

10,0

Қаржылық қолдау

3,6

3,6

3,6

БАРЛЫҒЫ

87,9

92,9

86,9

2020-2022 жылдарға арналған Бағдарлама шеңберінде мынадай қаржылық қолдау жоспарлануда:



2020 жылы:

субсидиялау – 1 228 жоба;

кепілдендіру – 1 575 жоба;

2021 жылы:

субсидиялау – 1 259 жоба;

кепілдендіру – 1 654 жоба;

2022 жылы:

субсидиялау – 1 280 жоба;

кепілдендіру – 1 707 жоба.
Бағдарламадағы маңызды бағыт кәсіпкерлік әлеуетті күшейту. Бұл бағытты қолдау бизнес жүргізу негіздеріне оқыту мен келешек және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді консультациялық сүйемелдеу құралдарының кешенінен тұрады.

Мәселен, 2020-2022 жылдары 23 880 жаңа және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерді кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарлануда, «Бизнес мектеп» құралы бойынша 22 500 ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер бизнес-тренингтен өткізіледі. ШОБ топ-менеджментін оқытуға 1260 кәсіпорын басшысы қатысып, «Іскерлік байланыс» жобасы бойынша Германия кәсіпорындарында 120 адам салалық оқытудан өткізіледі.

Бұдан басқа, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету шаралары бойынша 420 мың консультация беріліп, 90 мың сервистік қызмет көрсетілді.

Анықтама: А.ж. қыркүйекте «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігімен келісу жоспарлануда. Мемлекеттік бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметіне а.ж. қазанда енгізіледі.

Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың әлеуметтік аспектілеріне, оның ішінде тұрғындардың әлеуметтік осал тобына жататын азаматтарға (оның ішінде, көп балалы отбасылар) қатысты:

«Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жобасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде экономиканың басты салаларында ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға қайтарылмайтын мемлекеттік гранттар беріледі.

Бұл мақсатта мемлекеттік бағдарламада әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтар үшін (оның ішінде көп балалы отбасыларға) гранттық қаражат көзделеді. Бағдарлама шеңберінде бөлінген қаражаттың 10%-тен кем емес мөлшері халықтың әлеуметтік әлсіз тобына жататын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне арналған мемлекеттік гранттар беріледі.

Бұл ретте, әлеуметтік әлсіз тобына жататын тұрғындарға арналған мемлекеттік гранттар беру шеңберінде бизнес-идеялардың жаңашылдығы және кәсіпкерлерге берілген мемлекеттік гранттар көлемінің 10%-і бойынша ортақ қаржыландыру бойынша талаптар алынып тасталады.

Анықтама: халықтың әлеуметтік әлсіз тобы – көп балалы аналар, мүмкіндігі шектеулі бала асырушы аналар, жалғыз асырушысынан айрылу себепті, бала тәрбиелеп отырған отбасылар, оның ішінде жалғызбасты аналар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет