Этникалық топтар арасындағы өзара байланыс


ЭТНОСТЫҚ ТОПТАРДЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ТҮРЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата17.11.2023
өлшемі8,15 Mb.
#191826
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Шакирқызы Б. Вс 14-45 Социология
биология 7 сынып зертхана
ЭТНОСТЫҚ ТОПТАРДЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ТҮРЛЕРІ
Әрқайсысының өз дара мәдениеті бар екі немесе бірнеше топтың бір
қоғамда теңдік сақтап, бейбіт қатар өмір сүруін плюрализм деп
атаймыз. Шынайы плюралистік қоғамда алуан түрлі мәдениеттер- дің
әрқайсысы бағаланады. Әрбірінің тең дәрежеде дәріптелетін салт-
дәстүрлері бар. Айырмашылықтарына қарамастан, бір-бірінің
мәдениетін танып, біліп, ықпалдасу адамдардың әлеуметтік тұрғысы
на кері әсерін тигізбейді. Сонымен бірге қоғам мүшелерінің барлығы
бірлік пен ынтымақтастықты мақтан түтады. 
Плюрализм
Ассимиляция - азшылық топ мүшелері көп- шіліктің мәдениетін, салт-дәстүрін
меңгеру барысында өзінің мәдени, рухани ерекшеліктерін жоғалту процесі.
Ассимиляция нәтижесінде азшылық топтар біржола жоғалуы мүмкін. Мысалы,
көптеген «ақ» америкалықтар өздерінің түп атасы бөтен ұлттың өкілі болғанына
сенімді. Демек, олар ата-бабасының мәдениетінен бейхабар.Тарихи тұрғыдан
алғанда, АҚШ-қа қоныс аударғандардың көбі өздерінің ұлттық киімдерін киюден
бас тартып, тез арада ағылшын тілін үйрене бастайды. Көшіп келген балалардың
көпшілігі ана тілін- де сөйлемей, ағылшын тілінде сөйлескенді үнатады; сөйтіп,
амери- калық әдет-ғұрыптар олардың санасына тез сіңеді. 
Ассимиляция
Азшылық пен көпшілік топтар арасындағы қарым-қатынастар кон фликте айналып кетуі жиі кездеседі. АҚШ-
та XXғасырда туындаған нәсілдік және ұлтаралық шиеленістердің себебі - азшылық топтардың әлеуметтік,
саяси және экономикалық істерге қатысуына шектеу қоятын заңдардың қабылдануы. Басқа уақытта, басқа
жерде болған нәсілдік және ұлтаралық қақтығыстар зардабынан құлиеленушілік пайда болған, ұлттық
азшылық топтар концентрациялық лагерьлерге мәжбүрлеп жөнелтілген, өз елінен күштеп
көшірілген.Конфликт шектен тыс асқынған кезде геноцид, яғни халықты жаппай қырып-жоюға бағытталған
әрекет жасалуы мүмкін (Jones, 2006). Тарихта геноцидтер болғаны мәлім. Қазір де Ауғанстанда, Пәкістанда,
Дарфурда және басқа жерлерде геноцид- тік шабуылдар жасалып тұрады. 
Конфликт


Нәсілдік және этностық ңатынастарды зерттейтін қүрылымдықфункциялық
теория ғалымдары қоғамдағы теңсіздікті бәсеңдегу жолдарын анықтап,
жағдайды өзгертіп, сол арқылы азаматтық соғыс сияқты конфликтілерге
жол бермей (Winant, 2000), қарекетті жалғастыру мүмкіндіктерін
қарастырады. Нәсілдік және этностық қаты- настар тұрғысынан
ассимиляция процесіне баса назар аударылады. Құрылымдық-функциялық
теорияшылар әртүрлі этностық және нә- сілдік топтардың америкалық
мәдениетке сіңуін (ассимиляция) және кейбір топтардың сіңуіне тосқауыл
болтан (мысалы, әділетсіз заңдар) себептерді зерттейді.
Нәсілдік теңсіздік - Америкаға ғана тән мәселе емес. Азшылық топтарына тең қүқықтар
мен мүмкіндіктерді беруден бас тартатын басқа елдер де бар. Дарфурдағы геноцид -
соның мысалы (Hagan & Rymond-Richmond, 2008). Дарфурда үлтаралық қақтыгыс- гарды
тудыратын саяси процесс осы бірегейлігімен ерекшеленуі мүмкін Дарфурдағы үлтаралық
қақтығыстар ды туындатқан саяси процесс сол ко там үшін қалыпты жағдай болғанымен,
үлтаралық қақтығыстар зардабынан экономикалық процестер өзгеріске үшырайтынын
тарихтан білеміз. Экономикалық ресурстарға қауіп төнген жагдайда және экономиканы
жаулап алу көзделгенде улт немесе этностар арасында қарулы қақтығыстар шығады.
Дарфур - Африканың ең үлкен елі. Жалпы алғанда, 2 миллионнан астам судан түрғыны
қаза тапты, 4 миллион адам баспанасынан айрыл- ды (АҚІІІ Мемлекеттік департаменті.
2011). 2010 жылдың ақпан айында екі тарап ресми түрде қақтығыстан бас тартты. Ал 2011
жылы шілде айында Оңтүстік Судан тәуелсіздігін жария- лады. Бірақ Жанжаид пен
Суданның әскерлері шабуылдарын жалғастырып отыр (Human Rights Watch, 2011).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет