Этникалық топтар арасындағы өзара байланыс


ТЕҢСІЗДІКТІ ЖЕҢУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет7/7
Дата17.11.2023
өлшемі8,15 Mb.
#191826
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Шакирқызы Б. Вс 14-45 Социология
биология 7 сынып зертхана
ТЕҢСІЗДІКТІ ЖЕҢУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ
АҚШ-та нәсілдік және этностық теңсіздікті жоюдың басты сгратегиясы -
дискриминацияға қарсы күрес жүргізу және заңды іс-шаралар қолдану. 1964
жылдан бастап АҚШ ресми түрде нәсіліне, түсіне, дініне, жынысына және
шыққан тегіне байланысты дискриминацияға қарсы заңдар қабылдап келеді.
Мүндай заңдар маңызды рөл атқара- ды. Мемлекет әртүрлі нәсілдер мен ұлттар
арасындағы некені заңды деп мойындап, афроамерикалықтарға дауыс беру
және мемлекеттік мектептерде білім алу құқығын берді. Сонымен қатар газет
беттерін- де жүмысқа ақ нәсілділерді ғана қабылдау туралы хабарландырулар
беруге тыйым салынды.
Дискриминациям қарсы қабылданган заңдар кемсітуді заңсыз деп жариялады.
Бұл заңдар жұмыс берушілерден, мектептерден және тағы басқа белсенді
қызмет атқаратын топ өкілдерінен дискриминацияға душар болған тұлғаларга
көмек көрсегуін талап етеді. Бірақ тең мүмкіндіктер саясатын іске асыру заң
шығару секілді оңай болмай тұр.


ҚОРЫТЫНДЫ
 
Нәсілшілдік және ұлтаралық қақтығыстар әлемдік мәселеге айналған. Бұл
мәселе кез келген мектеп ауласында, көше бұрыштарында және сот
орындарында белең алуда. Бірақ бұл ондай қақтығыстарды азайту не месе
мүлдем жою мүмкін емес деген сөз емес. Қазіргі уақытта, XIX ғасырдағыдай,
ирландтарды жұмысқа алудан ешкім бас тартпайды. 1960 жылға дейін
болғандай, еврейлерге бөлек аудандарда тұруға немесе ар- найы клуб мүшесі
болуға тыйым салынбайды. Нәсілдер мен этностар туралы пайымдар - қоғам
дамыған сайын өзгеріп отыратын әлеуметтік түзілім. Дискриминация мен
бұрмаланған пікірге қарсы күресте біз жасырын және заңдастырылған
нәсілшілдікпен күресуіміз қажет. Сонымен қатар нәсілшілдік пен этностық
теңсіздікке түрткі болатын әлеуметтік таитар арасындағы теңсіздік мәселесін
шешумен айналысуымыз керек. АҚШ-та экономикалық дағдарыс жалғаса берсе,
бұл жұмысты іске асыру қиынға соғады, солай бола тұра мұның маңызы зор.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С: Әлеуметтану негіздері
221-251бет.
Г. О Әбдікереева: Әлеуметтану;
Н.Ж. Жұмабек: Әлеуметтану; 
А.И.Икенов: Әлеуметтану негіздері;
Ш.Қ. Қарабаев: Әлеуметтану негіздері. 
1.
2.
3.
4.
5.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет