Этникалық топтар арасындағы өзара байланыс



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата17.11.2023
өлшемі8,15 Mb.
#191826
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Шакирқызы Б. Вс 14-45 Социология
биология 7 сынып зертхана


ЭТНИКАЛЫҚ ТОПТАР
ЭТНИКАЛЫҚ ТОПТАР
АРАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА
АРАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА
БАЙЛАНЫС
БАЙЛАНЫС
Орындаған: Шакирқызы Балнұр


ЖОСПАР
Нәсілдік және этностық теңсіздіктерді түсіну;
Нәсілдік және этностық теңсіздіктерге теориялық көзқарастар;
Нәсілдік және этностық теңсіздіктің орнауы;
Дискриминация;
Сегрегация;
АҚШ-тағы нәсілдік және этностық теңсіздіктің болашағы;
Қорытынды.


НӘСІЛДІК ЖӘНЕ ЭТНОСТЫҚ
ТЕҢСІЗДІКТЕРДІ ТҮСІНУ
Нәсіл - физикалық ерекшеліктері бойынша жіктелген әлеуметтік мацызы бар адамдар санаты.
Этностық топ - шығу тегі бірдей, мәдениеті ортақ адамдардан түзілген қауым.
Нәсіл мен этностық топтың әлеуметтік қүрылымы - мәдениет арқылы (биологиялық фактілерден гөрі
қоғамдық көзқарасқа негізделген) нәсілдік немесе этностық топтың ерекшеліктерін анықтау процесі.
.Жер бетінде жаңа этностық топтардың пайда болуы ұлттық шека- ралардың өзгеруіне байланысты. Мәселен,
XXғасырдан бері сицилия- лықтар, неаполитандықтар, миландықтар және тағы басқалар бірігіп ортақ италия
тілін, мәдениетін және этностық ерекшелігін дамыта бастады. Керісінше, Кеңес Одағы ыдырағаннан бері
литвалықтар, лат- виялықтар, қазақтар, абхаздар және басқалары кеңестік кезеңде қаға- жу көріп, шеттетіліп
қалған немесе ұмытыла бастаған үлттық ұста- нымдары мен мәдени салт-дәстүрлерін қайта жаңғыртуда.
Осындай мысалдар нәсілдік және этностық мәртебелердің құбылмалы болаты- нын көрсетеді. Уақыт өте келе
адамдар өздерінің нәсілдік және этнос- тық ерекшеліктерін өзгерте алады. Осыған орай қоғам да танылған
мәртебелерді өзгертуі мүмкін.


Көпшілік топ деп мәдени, экономикалық және саяси тұрғыдан үстем, адам саны көп топты атайды.
Азшылық топ - мәдени, экономикалық, саяси тұрғыдан төмен деңгейдегі, адам саны аз топ.
Азшылық топтардың саны көпшілік топтарынан кем болады десек те, үнемі олай емес. Мысалы,
XXғасырдың соңында ақ нәсілді- лердің саны Оңтүстік Африка халқының 15 пайызын ғана қүраған.
Алайда ақ нәсілділер 1994 жылға дейін, яғни апартеид (заңды сег регация) жойылғанша, барлық
негізгі саяси және әлеуметтік инсти- туттарды өз қолдарында ұстап басқарған. Әлеуметтану
тұрғысынан апартеид кезеңіндегі көпшілік топты ақ нәсілділер қүрған. Сондай-ақ кейбір ғалымдар
әйелдерді азшылық топ ретінде қарастырады. Өйткені жыныстық айырмашылықтар негізінде олар
экономикалық, саяси және мәдени түрғыдан ерлерге бағынады. 
Өзара әрекетке түсу үлгілері
Нәсілдік және этностық топтардың арасындағы қарым-қатынас мынадай үш негізгі форманың бір
түрі арқылы жүзеге асады: олар - плю рализм, ассимиляция, конфликт.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет