Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, А. Қ. Рауандина, Р. С. Рахметова, А. Н. Юсуп



бет20/43
Дата04.11.2019
өлшемі1,06 Mb.
#51088
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   43
Байланысты:
мұғалім кітабы 5 сынып


5-тақырып. Су — тіршілік көзі


Сабақта қолданылатын материалдар:


Интерактивті тақта, слайдтар, тақырыпқа қатысты суреттер, А4 парағы мен маркерлер, смайлик- тер, түрлі -түсті қарындаштар мен фломастерлер.



Оқыту әдістері:

Әңгімелеу, сұрақ-жауап, «Көңіл-күйді анықтау» тренингі, кластер, постер, диалог, жұптық жұмыс, сергіту жаттығуы, «Атаулар туралы үш сұрақ» тәсілі, «Жеке әңгіме» техникасы .

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік, «Балалар энциклопедиясы», 3-том. Алма- ты: «Қазақ энциклопедиясы», 2011.


Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психоло- гиялық ахуал туғызу

Мұғалім «Көңіл-күйді анықтау» тренингінің негізінде сабақ басында оқушыларға А4 парағы мен маркерлер таратады.

Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл-күйін сипаттайтын сурет (смай- лик) (күліп немесе езу тартып тұрған, қабағы түюлі, бейтарап, т.б.) салады.

Өткен сабақты тексеру

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойын- ша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты дайындаған слайдтарды көрсетеді. «Балалар энциклопедиясынан» («Балалар энциклопедиясы»,

3-том. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011.-103 бет) судың пайдасына қатысты мәліметтерді оқиды, оқушылармен бірге талдайды.

... Су — табиғатта ең көп таралған құбылыс. Бүкіл гидросфера судан тұрады. Судың тіршілік үшін маңызы зор. Су– иіссіз, дәмсіз, түссіз сұйықтық. Атмосферада су бу, тұман, бұлт, тамшы және қар кристалдары түрінде

кездеседі...



Слайдтарды сипаттайды, судың пайдасына қатысты мәліметтерді талдайды.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, мұғаліммен бірге оқиды. Айтылым. Жаңа сөздердің дұрыс ай- тылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.




2. Мәтіналды жұмыс.

А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабыл-

дауға машықтандыру үшін 1-тапсырманы орындатады.


Айтылым. Кластер толтырады.




Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 2-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Шағын мәтін құрайды.




3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәнерлеп, дұрыс оқуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтан- дыру үшін 3-тапсырманы орындатады.

Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, түсініп оқиды, түсінгенін баяндайды.




Ә) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабыл- дауға машықтандыру үшін 4-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Сөздерді мағынасына қарай сәйкестендіреді, сөйлем құрап айтады.




Б) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 5-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Жақшадағы сөздердің дұрыс нұсқасын таңдап жазады.




4. Сергіту сәті. Мұғалім оқушыларға А4 парағы мен түрлі түсті қарындаштар мен фломастерлер таратады.

«Судың пайдасы» тақырыбында постер (8-тапсырма)



жасатады.

А4 парағына судың пайдасы туралы сурет салады, постер жасайды.


73

5-сынып. Мұғалім кітабы






Мәтінсоңы жұмыс. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 5-тапсырманы орындатады.

Оқылым. Мәтінді оқиды, сан есім- дерді табады, қандай сұраққа жауап беретінін айтады.

ІІІ. Ой толғаныс

Жұптық жұмыс. Оқулықтағы 9-тапсырманы орындата- ды.

Айтылым. Диалог құрады.

IV. Бекіту

Мұғалім оқушыларға «Атаулар туралы үш сұрақ» тәсілін қолданып, жаңа сөздерге қатысты тапсырманы орындауын сұрайды.

Тақырып бойынша берілген сөз не сөз тіркесінен біреуін таңдап алады. Сұрақтарға ауызша жауап береді. Мысалы, «су» сөзін алайық.

1.Бұл сөзді қай кезде кездестірдіңіз? (үнемі).



  1. Бұл сөзді қалай қолданасыз? (жиі).

  2. Болашақта бұл сөздер қандай қолданыста болады? (үнемі

қолданамын).

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.

«Жеке әңгіме» техникасы бойынша бағаланады.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 6-тапсырманы орындау.




VII. Рефлексия

Мұғалім тақтаға бүгінгі сабақтың өтілу барысын сипат- тайтын суреттер іледі.

Оқушылар өзіне ұнаған суреттің тұсына желімқағаздарды жапсырады.

7-8-сабақ




Сабақ тақырыбы:

Қазақстан көлдері

Білімділік:

Қазақ тіліндегі нақты айтылған шағын хабарламаларды қолдану арқылы Қазақстан көлдері жайлы ақпарат беру.

Дамытушылық:

Сабақ барысында интербелсенді әдістерді қолдану арқылы ақпараттық-танымдық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:

Тілдік коммуникация барысында сөйлеу және жазу мәдениетін қалыптастыру.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерий- лері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақ тілінде Қазақстан көлдерін атайды, мәлімет береді.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тіліндегі қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы Қазақстан көлдері жайлы айтады, сипаттайды.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): сыныптастарымен қазақша тілдесе алады, қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы сұхбаттасады.

Жаңа сөздер:

Алғашқы дәуір, көне, бұғаз, бастау, балшық, айқын.

Сабақта қолданы- латын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, тақырыпқа қатысты суреттер, А4 парағы мен маркерлер, парақшалар, түрлі- түсті қарындаштар мен фломастерлер, карточкалар.

Оқыту әдістері:

Әңгімелеу, сұрақ-жауап, «Ыстық алақан» тренингі, ассоциаграмма, фотоколлаж, «Атаулар кестесі» тәсілі, сергіту жаттығуы, диаграмма , «Шағын шолу» тәсілі.

74



5-тақырып. Су — тіршілік көзі


Дереккөздері:


Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік, «Балалар энциклопедиясы», 2-том. Алматы:

«Қазақ энциклопедиясы», 2011.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   43




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет