Ғалымдардың бойкот жариялаушылар және Сүннетті жақтайтын мұсылмандарды бидғаттарда айыптайтындар туралы айтқан сөздері мен пәтуалары


Кемел адам - бұл қателіктерін санауға болатын адам



бет3/10
Дата04.10.2020
өлшемі225 Kb.
#63999
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Кемел адам - бұл қателіктерін санауға болатын адам

Саид әл-Мусаййиб (Аллаһ Тағала оны рахым етсін) былай деген: «Кемшіліктері жоқ болған ғалым да, салиқалы әрі қадірлі адам да жоқ. Алайда адамдардың арасында олардың қателіктері туралы айту қажет емес адамдар бар. Егер адамда жақсы жақтары кемшіліктеріне қарағанда көбірек болса, оның жақсы жақтары оның кемшіліктерін жояды». Ибн ‘Абдуль-Барр «Әт-Тамхид» (11/170).

Имам әз-Захаби (Аллаһ Тағала оны рахым етсін) былай деген: «Егер ірі білгірдің және дін имамының дұрыс нәрселері көбірек болса, оның өзі ақиқатқа және білімін кеңейтуге деген ұмтылысымен танымал болса, ақыл-парасаттылығы айқын көрінсе, ол салиқалылығымен, тақуалығымен және (Сүннетке) ілесушілігімен ерекшеленсе, онда Аллаһ оның күнәларын кешіреді. Біз мұндай ғалымды адасушылықта айыптамаймыз, одан бас тартпаймыз әрі оның жақсы жақтарын ұмытпаймыз. Иә, біз оның бидғаты мен қателігіне ермейміз, әрі ол олар үшін тәубе етеді деп үміттенеміз» «Сияр аъләм ән-нубалә» (5/271).

Имам әз-Захаби (Аллаһ оны рахым етсін) сондай-ақ былай деді: «Кемелдік – жиі кездесетін нәрсе. Ақиқатында, ғалымды оның жақсы жақтарынан құралған жетістіктері үшін мақтайды, әрі жақсылықтар оның істеген ұнамсыз нәрсесі себепті көміліп тасталмайды, өйткені ол одан бас тартқан болуы да мүмкін ғой. Ол ақиқатты іздеуде үлкен күш сарп еткендігі үшін кешірілді. Әрі Аллаһтың көмегінсіз күш жоқ!» Қз.: «Сияр аъләм ән-нубалә» (16/285).

Ал әл-Хаким оны өз заманының имамы деп атаған, Яхья әт-Таймиден, Исхақ ибн Рахавайхтан, Ибн Шәйбадан тағы да басқалардан хадистер тыңдаған имам, хафиз Мухаммад ибн Наср әл-Маруази туралы айтар болсақ, ол «Құранды ауызбен айту жаратылған болып табылады ма?» деген мәседеле және иманның анықтамасы мәселесінде өрескел қателесетін.

Әз-Захаби (Аллаһ оны рахым етсін) былай деген: «“Егер қандай да бір имам жеке мәселелерде ижтихад жасап, шешім шығарғанында кешірілуге тиісті қателіктермен қателескен әрбір жағдайда біз оған қарсы шығып, бидғатта айыптап және онымен қатынасты үзетін болғанымызда, онда бізден Ибн Наср да, Ибн Мандах та, олардан жоғары болғандар да құтыла алмас еді. Аллаһ жаратылыстарын ақиқатқа алып келеді, Ол – рахымдылардың ең Рахымдысы, әрі біз Аллаһқа құмарлықтар мен өрескел қателерден пана іздеп сиынамыз». Қз.: «Сияр аъләм ән-нубалә» (14/40).

Имам әз-Захаби имам ән-Насаи туралы не деп айтқанына қараңыз: «Үш ғасырдың бастапқы кезеңінде ән-Насаидей жадқа (еске) ие ешкім жоқ еді. Ол хадистерге, олардың жасырын кемшіліктеріне және баяндаушыларына қатысты Муслимнен де, Абу Даудтен де және Абу Исадан да (әт-Тирмизи) көбірек біледі. Осы салада ол әл-Бухари мен Абу Зур’аға көршілес тұрады. Алайда оның бойында, Аллаһ оны кешірсін, имам Алидің, мысалы, Муауиямен және Амрмен (ибн әл-Ас) пікірталастары мәселесінде аздап шиғалығы және ауытқулары бар. Сондай-ақ имам әт-Тахауи өзінің «әл-Ақида әт-Тахауия» еңбегінде бірқатар өрескел қателер жіберген, мысалы, нақты айтқанда: «Ол (Аллаһ) шекаралар мен шектерге, мүшелер мен бөліктерге ие болудан Жоғары...», - деп, т.с.с. нәрселерді айтқан (Аллаһтың сипаттарын осындай теріске шығарулар арқылы бекіту салиқалы саләфтардың әдісіне сәйкес келмейді және олардың жолымен ұйқаспайды. Бұдан қалса олар Аллаһқа қатысты мұндай пайымдарды сөгетін). Сондай-ақ әт-Тахауи иржа мәселесінде де өрескел қателескен. Алайда, осындай қателіктерге қарамастан, оның ақида бойынша жазған кітабын осы тақырып бойынша жазылған ең үздік кітаптардың қатарында деп есептеуге, ол туралы мақтап айтуға және оны білім орындарында оқуға оқып-үйренуге кедергі болған жоқ». Қз.: «Сияр аъләм ән-нубалә» (14/133).

Имам Ибн ‘Абдуль-Баррды еске алыңыздар. Ол: «Бұл хадисте пайғамбарлар мен ізгі адамдардың орындары арқылы, олардың болған және өмір сүрген орындары арқылы береке тілеуге нұсқау бар, әрі Абдуллаһ ибн Умар осы хадисті баяндаған кезде дәл осыны меңзеген еді, алайда Аллаһ бұл туралы жақсырақ біледі», - деп айтып, игілік тілеу (табаррук) мәселесінде өте үлкен қателік жіберді. «әт-Тамхид» (13/67).

Тура осы санаттағы сөздерге Ибн ‘Абдуль-Баррдың (Аллаһ оны рахым етсін) мына айтқан сөздері де жатады: «Оның (яғни Пайғамбардың) (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Аллаһ жымияды», - деген сөздеріне келер болсақ5, олар Аллаһ өз құлына рахым етеді және оны рахымымен, қуанышпен, аяушылықпен және жан ашушылықпен қабыл етеді дегенді білдіреді. Бұл сөздің астарында метафора түсініледі». Қз.: «Сияр аъләм ән-нубалә» (18/245).

«Ақида әт-Тахауияның» түсіндірмесінің авторы, Аллаһ Тағала оны рахым етсін, былай деген: «Біз осындай қателіктерге ғалымдардың көптеген топтары, солардың қатарында білім мен дін имамдары да түскеніне сенімдіміз. Оларда жәхмилердің, муржилердің, қадарилердің, шиғалардың немесе хауариждердің айтқандарына ұқсас кейбір сөздері бар. Алайда діннің имамдары осы барлық бидғаттарды тұтас ұстанбаған. Жоқ, сөз тармақтардағы тармақтар туралы ғана болуда. Сондықтан да осы бидғаттардың жақтаушылары осындай көзқарастарды атақты саләфтардың топтарына өтіріктен жапсырып (теліп) қойды». «Шарх әт-Тахауия» (439).

Осы себептен де Сүннетті жақтаушылардың көрнекті имамы - имам Ахмад адамдарды Сүннеттен шығаруға қауіптенетін, тек егер адам бидғаттың жақтаушыларымен діннің негіздері бойынша келіспейтін болса.

Әл-Халләлдың6 «Китаб әс-Суннасында» (513) мына дерек келтіріледі. Абу Жа’фар былай деп жеткізген: «Мен: «Уа, Абу ‘Абдуллаһ! Абу Бакр мен Умарға тіл тигізетіндерді сен Сүннетті жақтаушылардан деп есептейсің бе?», - деп сұрадым. Ол: «Маған мұндай сұрақ қоюдың қажеті жоқ! Сонда біз Куфа тұрғындарымен не істемекпіз?», - деп жауап берді. Одан маған Абу Сарийй ‘Абдус ибн ‘Абдуль-Уахид жеткізген Абу Жа’фар: «Адамдарды Сүннеттен шығару – өте салмақты іс», - деді».




Каталог: books
books -> Г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев Әлем әдебиеті г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев
books -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева Қазіргі әдеби процесс
books -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
books -> Хрестоматия ежелгі дәуір әдебиеті ббк 84(0)3 е 33 «Қазақ әдебиетінің тарихы»
books -> Ш. юлдошева, А. Нисанбаева
books -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
books -> Антон Первушин Астронавты Гитлера


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет