Ғалымдардың бойкот жариялаушылар және Сүннетті жақтайтын мұсылмандарды бидғаттарда айыптайтындар туралы айтқан сөздері мен пәтуалары


«Егер Аллаһ сен арқылы хақ жолға бір адамды болса да шығарса, бұл сен үшін қызыл түйелерден жақсырақ болады»



бет5/10
Дата04.10.2020
өлшемі225 Kb.
#63999
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Сенімді хадисте былай деп айтылған: «Егер Аллаһ сен арқылы хақ жолға бір адамды болса да шығарса, бұл сен үшін қызыл түйелерден жақсырақ болады»17, - яғни осы жарық дүниенің барлығынан жақсырақ. Әрі ол арқылы бір адам болса да адасушылыққа түсетін адам да тура сол сияқты өзінің мойнына ұлы күнәні жүктеп алады. Аллаһ Тағала Адамның баласының өз бауыры тарапынан өлтірілгенін еске салып, былай деді: «Соның салдарынан Исраил ұрпақтарына: кім кісі өлтірмеген немесе жер жүзінде бұзақылық қылмаған біреуді өлтірсе, сонда шынайы түрде барлық адамды өлтіргенмен тең және кім оны тірілтсе (өлімнен құтқарса), барлық адамды тірілткенмен тең деп жаздық» («әл-Маида» сүресі, 32-аят).

Ал адамды діни адасушылықта айыптау оны өлтіргеннен едәуір ұлырақ. Әңгіме дін мәселелеріне қатысты болған кезде, ол Аллаһтың Кітабынан және Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетінен алынған дәлелдерге негізделуі, әңгімелесудің мақсаты Аллаһтың жүзіне ұмтылу болуы, әңгімелесуден келер пайда зияннан басым болуы, ал оның себебі көре алмаушылықтан немесе құмарлықтарға ілесуден туындамаған болуы қажет».

Шейх Салих әл-Фаузан (Аллаһ оған есендік берсін) былай деген: «Бөлінудің жаман салдарына сондай-ақ мұсылмандардың бытырап кетуі де жатады, өйткені олар тек бір-бірінің (намысын) қорлаумен және келемеждеумен ғана айналысады. Әрқайсысы өзімен айналысудың орнына қарсыласының (оппонентінің) үстінен жеңіске жетуді қалайды. Ал мұны пайдалы білім алу арқылы ғана түзетуге болады. Алайда, бізге мәлім болғанындай, ислам білімдерін талап етіп жүрген көптеген студенттердің басты қамы адамдар туралы олардың намысына тиетін әңгімелер болды. Осы туралы олар өздерінің мәжілістерінде және бас қосуларында сыпсыңдайды; біреуді қателік жасады деп айыптайды, екіншісінікін дұрыс деп шешеді, үшіншісін мақтайды, төртіншісін адасушылықта айыптайды. Әрі олардың адамдарды талқылаудан басқа айналысатын нәрсесі жоқ!» Шейх әл-Фаузан «Мухадарат фи әл-ақида уа уд-да`уа» («Ақида және ислам дағуаты туралы лекциялар») (3/69).

Шейхқа мынандай сұрақ қойылды: «Кітаптар мен аудиотаспаларда ғалымдар бір-біріне шабуыл жасайтын жағдайлар туралы не ойлайсыз? Сіз «егер олар келіссөздер жүргізу үшін бас қосып отырса, бұл жақсырақ болатын еді» деп ойламайсыз ба? Өйткені, бәлкім, олардың осылай істеуі Ислам тұрғысынан олардың істерінің ең жаманы болуы да мүмкін ғой?»

Шейх әл-Фаузан былай деп жауап берді: «Сұрақта аталған нәрселердің біреуі де ғалымдардың арасында орын алып жатқан жоқ18. Мүмкін, бұл кейбір оқушылар мен энтузиазмға шалдыққан жастар арасында орын алып жатқан шығар. Біз Аллаһтан бізді және оларды ақиқат жолына салуын және осыда көмек беруін сұраймыз.



Біз оларды осы ұятты істі тастауға, бір-бірімен ізгілік пен тақуалыққа негізделген бауырластық қатынастар орнатуға және оларда қиындық туғызған мәселелер бойынша ғалымдарға, оларға ғалымдар ақиқатты және тура жолды түсіндіріп беруі үшін, жүгінуге шақырамыз. Олар ақиқат жолынан бет бұрып, ауыру қылатын және күдікті ойлардың ықпалына түспеуге тиіс. Алайда менің сөздерімнен кейбір кітаптардағы қателіктер мен ауытқуларды теріске шығарудан мүлде бас тарту керек деп түсінуге болмайды, өйткені бұл жерде мұсылман қауымына игі насихаттар беру қажет екендігі туралы ұстаным күшке ие». Шейх әл-Фаузан «Мухадарат фи әл-ақида уа уд-да`уа» («Ақида және ислам дағуаты туралы лекциялар») (3/57).

Соңында шейхқа «Сіз шариғи білімдер талап етуді және Аллаһқа шақыруды қалдырып, ғалымдардың арасындағы келіспеушіліктер туралы көп пікір айта бастаған, әрі осы орайда осынысында білімге де, көрегендікке сүйенбейтін жас кісіге қандай насихат бебер едіңіз?» деген сұрақ қойылды.

Шейх былай деп жауап берді: «Мен барлық бауырларыма, әсіресе жастарға және шариғи білім талап етушілерге, олар мешіттерде болсын, медреселерде болсын, институттар мен униветситеттердің факультеттерінде болсын шынайы білім талап етумен айналысуларын өсиет етемін. Олар өздерінің оқуымен және өздерінің істерімен айналысулары қажет және осы мәселелер туралы әңгімелерді тастау керек, өйткені мұндай әңгімелер игілік алып келмейді, оларға тереңдеудің ешқандай пайдасы жоқ, олармен айналысу уақытты босқа кетіру болып табылады және ой-пікірді тәртіпсіздікке келтіреді. Мұндай әңгімелер игі істерге кедергі жасайды, адамдардың намысына тиеді және мұсылмандардың арасында араздық отын жағады. Жалпы мұсылмандарға да, нақты шариғат білімдерін талап етушілерге де осы істерді тастау қажет және бар күш-жігерімен табысуға ұмтылу қажет, өйткені Аллаһ Тағала: «Ақиқатында, мүміндер – бауырлар. Сондықтан бауырларды жарастырыңдар да, Аллаһтан қорқыңдар! Мүмкін рахым етілесіңдер» («Хужжурат» сүресі, 10-аят), - деп айтты ғой.

Егер сендер қателік жасап қойған біреуді көрсеңдер, оған игі кеңес беруге, қателігін өзара түсіндіруге және оны ақиқатқа қайтуға шақыруға тиіссіңдер, ал мұның барлығы насихатты талап етеді». Шейх әл-Фаузан «Мухадарат фи әл-ақида уа уд-да`уа» («Ақида және ислам дағуаты туралы лекциялар») (3/332).

Өзінің «Діни бидғаттарда, бұзықтықта және күпірлікте айыптау құбылысы» атты лекциясында шейх әл-Фаузан (Аллаһ оған есендік берсін) былай деді: «Сондықтан да мұсылман жастары және студенттер пайдалы ислам білімдерін түпкі дереккөздерінен осы білімдердің иелерінен оқып-үйренулері қажет. Кейін олар адамдармен сөйлесу және тиісті үкімдер шығару әдебін үйренулері керек, өйткені әһлю-Сунна уәл-жама’аның бұрынғылары да, қазіргілері де тілдерін ұстайтын және тек білімнің негізінде ғана сөйлейтін». Шейх әл-Фаузан «Мухадарат фи әл-ақида уа уд-да`уа» («Ақида және ислам дағуаты туралы лекциялар») (3/391).



Шейх Насир әл-Ақль (Аллаһ оған есендік берсін) былай деген: «Барлық мүміндер Рахымдыға жақын адамдар (әулийя әр-Рахман) болып табылады. Әрбір мүмін Аллаһқа өзінің иманының күштілігіне сәйкес жақын және керісінше. Ал барлық кәпірлер шайтанның жақындары болып табылады, әрі оларға еш уақытта достық қатынас танытпау қажет. Алайда мүміндерден болған күнәхарды оның күнәсінің мөлшеріне сәйкес жатсыну қажет, тура сол сияқты мұсылмандардың ішіндегі бидғат жасаушыны да оның бидғатының мөлшеріне сәйкес жатсыну қажет. Ал осындай адамға деген достық қатынасты оның иманына сәйкес таныту қажет. Осыған негізделіп, кәпірге қатысты достық қатынас пен алшақтау бірге қосылмайтынын, ал (күнәхар) мүмінге қатысты, керісінше, олар бірге қосылатынын білу керек.

Мүмін, егер ол ықыласты мүмін болса, яғни Сүннет жолына мығым түрде ілесетіндерден болса, ең толық достық қатынас пен сүйіспеншілік танытуға лайықты. Егер оның қандай да бір күнәсі немесе бидғаты байқалса, онда оған қатысты екі нәрсе қосылады: біз онда игілік пен иман болғандығы себепті оған достық пиғыл танытамыз әрі ондағы күнә мен бидғатты жек көреміз. Мүміндердің басым бөлігі Исламнан шығармайтын күнәлар мен діни бидғаттар жасайтынын қоса айту қажет. Олардың көбіне, мен күнәлар мен кіші-гірім бидғаттар жасайтындардың әрбіріне деп те айтар едім, иманына және игі амалдарына сәйкес сүйіспеншілік, әрі сонымен бірге олардың күнәлары мен діни бидғаттарына сәйкес жатсыну және бас тарту таныту керек.

Бұл ереже көптеген білімі аз, діндегі түсінігі төмен және салиқалы саләфтардың мазхабы туралы сауатсыз адамдар тарапынан бұзылады. Тіпті кейбір саләфи уағыздаушылары да осы мәселеде қателік жасаған. Бұл адамдар діни бидғат жасаушыларға толық өшпенділік танытады, алайда адамды Исламнан шығармайтын бидғаттар бар ғой, адамның бойында жартылай ғана болатын және оның бойында басым болмайтындары да бар. Тура сол сияқты бұл адамдар күнәлар, салғырттықтар немесе қателіктер жасайтындарға да қатысты толық өшпенділік танытады.


Каталог: books
books -> Г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев Әлем әдебиеті г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев
books -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева Қазіргі әдеби процесс
books -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
books -> Хрестоматия ежелгі дәуір әдебиеті ббк 84(0)3 е 33 «Қазақ әдебиетінің тарихы»
books -> Ш. юлдошева, А. Нисанбаева
books -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
books -> Антон Первушин Астронавты Гитлера


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет