«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы



Pdf көрінісі
бет4/35
Дата07.02.2022
өлшемі0,93 Mb.
#90083
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
169339.pptx, 169339.pptx, 7
INULA BRITANNICA L.
ӨСІМДІГІНЕН БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ 
КЕШЕН АЛУ 
 
Аманбек А.М., Темирбаева А.Т. 
Ғылыми жетекшісі: х.ғ.к.,доцент Ескалиева Б.К. 
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
aknur08.1997@mail.ru
 
Қазақстан флорасы 6000-нан астам өсімдік түрлерін, оның ішінде 500-ге 
жуық эндема түрлерін қамтиды. Бірақ бұл өсімдіктердің аз зерттелуі 
нәтижесінде дәрілік препараттар ретінде санаулы түрі ғана қолданылады. 
Сондықтан биологиялық белсенді кешен негізіндегі сапалы отандық 
препараттардың үлесін арттыру 

Қазақстанның фармацевтика саласының 
алдында тұрған басты мәселе. Бұл мәселені шешу Қазақстанның бай өсімдік 
ресурстарынан ең жаңа дәрілік өсімдіктер түрлерін тауып, зерттеуді талап етеді. 
Біздің зерттеу нысанымыз құрамы биологиялық белсенді кешенге бай, 
Қазақстандағы жазық және таулы жерлерде, ормандарда, шалғынды алқаптарда, 
өзен-көл жағасында өсетін 
InulabritannicaL. 

Asteraceae
тұқымдасына жататын 
екіжылдық шөптесін өсімдік. 
Бұл жұмыстың мақсаты
− 
Inula britannica L.
өсімдігінен биологиялық 
белсенді кешенді бөлудің технологиясын ұсыну. Ол үшін алдымен фармокопея 
негізінде өсімдік шикізатының шынайылығы анықталды. Ал өсімдік 
шикізатының шынайылығына: ылғалдылығы, күлділігі, экстрактивті заттар 
мөлшері жатады. Ылғалдылық мөлшері 7,4%-ды, күлділігі 18,12%-ды, 
экстрактивті заттар мөлшері 70%-ды сулы-спирт ерітіндісінде 34,49% 
шамасында болды. Фитохимиялық сараптау негізіндеөсімдік шикізатының
сандық құрамы анықталды. Зерттеу нәтижелері: сапониндер – 5,2%,алкалоидтар 
– 8,43%, флавоноидтар – 0,44%, тері илегіш заттар – 0,65%, бос органикалық 
қышқылдар – 0,65%, көмірсулар – 5%. Сонымен қатар GC/MS – газды-масс-
спектрометрия әдісі арқылы май және амин қышқылдарының сандық мөлшері 
анықталды. Ең көп мөлшерде олеин 

53,4%, пальметин 

12,9%, линол – 22% 
май қышқылдары, глютамат – 25,96%, аспаратат – 16,4%, аланин – 8,9% амин 
қышқылдары бар екендігі анықталды. 
Зерттеу барысында бір және екі жүйелі қағазды хроматография көмегімен 
өсімдік шикізатының сапалық құрамы зерттелді. Нәтижесінде өсімдік құрамында 
көмірсулар, амин қышқылдары, флаваноидтар бар екендігі анықталды.
InulabritannicaL.
өсімдігі күлініңминералды құрамын атомды-адсорбционды 
спектрометр көмегімен зерттеу кезінде Zn, Cu, Pb, Cd, Fe, Ni, Mn, K, Na, Ca, Mg 
элементтерінің 
сандық 
мөлшері 
анықталды. 
Осы 
элементтердің 
ішіндегімакроэлементтерден калий – 17,594%, кальций – 9,609%, ал 
микроэлементтерден темір – 1,461% мөлшері көп екендігі белгілі болды. 
InulabritannicaL.
өсімдігінен анықталған ББК әрі қарай медициналық және 
фармакологиялық зерттеулер ауқымын кеңейтуге септігін тигізеді. 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы 
252 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет